Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции_ФАОТӘ_астроном.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.23 Mб
Скачать

Физика сабақтарын жоспарлау

Физика пәнiн оқытуды негiздейтiн басты құжат - оқу бағдарламасы. Жалпы бiлiм беретiн мектептердiң әр түрiне (8 жылдық, 11 жылдық, ғылымның, кәсiптiң саласына бағытталған колледж, гимназия, лицей т.с.с.) арналған бағдарламалар оқу министiрлiгiнде бекiтiлiп, жеке кiтапша түрiнде басылып тұрады, периодты педагогикалық, әдiстемелiк журналдарда (орыс тiлiнде “Физика в школе” журналында, қазақ тiлiнде “Информатика, физика, математика” журналында) жаңартылып жарияланып тұрады. Арнаулы физика-математика мектептерiнiң оқу бағдарламасы бөлек жасалады. Бүл бағдарламалар әрi тақырыптық (календарлық) жоспар болып табылады.

Сонымен , физика пәнiн оқытуда екi жоспар жасалады: тақырыптық (календарлық) жоспар және сабақ жоспары.

Календарлық жоспар - оқу жылына жасалады және мына баптардан тұрады:

1. Тақырыптың (сабақтың) нөмiрi, аты

2. Мезгілі (ай, апта, күн)

3. Оқулықтың аты, бетi, параграф нөмiрi

4. Пән аралық байланыс (өтiлетiн сабаққа қажет басқа пәндерден мағлұмат)

5.Дидактикалық материалдар (демонстрация, таблица, кинофильм т.б.)

6.Есептер нөмiрi, лабораториялық жұмыстардың аты оқулықтың бетi көрсетiледi.

7. Ескертулер (жеке тәсiлдер), қосымша әдебиет.

Сабақ жоспарын әр мұғалiм өзi жасайды, оны мектептiң оқу iсiнiң меңгерушiсi бекiтедi.

Сабақ жоспарының негiзгi баптары:

1. Сабақтың тақырыбы

2. Сабақтың мақсаты (мазмұндық , дидактикалық).

3. Сабақтың барысы:

3.1. Ұйымдастыру кезеңi (хабарландырулар, жақын мезгiлдегi жоспарлар т.б.)

3.2.Үй тапсырмасын тексеру (фронтальды сабақтар, тест тапсырмаларының текстi)

3.3 Жаңа сабақ мазмұны (1-2 бет текст)

3.4. Демонстрация, фронтальды лабораториялық жұмыс сипаттамасы (1 бет текст)

4. Пысықтау сұрақтары, есептер (0,5 бет текст)

5. Үйге тапсырма (оқулық бетi, параграф, есептер нөмiрi, қосымша әдебиет)

Әр бапқа қажет уақыт мөлшерi көрсетiледi, олардың жиынтығы 45 минутке шамалайды. Әр сабақтың жоспары - кемiнде 4-5 беттiк шығармашылық жұмыс. Сабақ жоспарын мұғалiм жыл сайын жетiлдiрiп отырады.

Лекция 3

Физика пәнi, оның мазмұнының құрылымы

Табиғат заңдылықтарын зерттеу, дүниетанымдылық көзқарастар негiздерiн ашу, техникалық прогрестiң даму жолдарын көрсету - физика ғылымының тiкелей мiндеттерi. Сондықтан физика пәнi мектеп курсында, жоғарғы оқу орындарында маңызды орын алады. Жалпы бiлiм беретiн орта мектептерде физика пәнi 6 - 11 сынып аралығында оқытылады. Арнаулы физика-математика мектептерiнде физика сабағы кең көлемде өтiледi. Жоғарғы оқу орындарында физика сабағы техникалық, химиялық, биологиялық, жаратылыстану мамандықтары үшiн, арнаулы физика-математикалық, физика-техникалық, инженерлiк-физикалық мамандықтар үшiн оқытылады. Сонымен қатар физика пәнi философиялық, гуманитарлық, экономикалық, социологиялық мамандықтарға да әлем құрылымы, материя, сана және дiн арасындағы қатынастар, қоғам заңдылықтарының ғылыми негiздерi туралы түсiнiктердi игеру мақсатында оқытылады.

Пәннiң мазмұны ғылымның соңғы жетiстiктерiне байланысты кеңейiп отырады. Оқыту әдiстемесiндегi негiзгi принцип: пәннiң мазмұны әрi ғылыми, түбегейлi, әрi өте қарапайым болу керек. Негiзiнде iргелi, ғылыми мәселенiң өзiн қарапайым түрде айтып, түсiндiруге болады. Физика табиғат туралы, универсальды ғылым болғандықтан оның мазмұны дүниежүзілiк деңгейде болу керек. Физика пәнiнiң мазмұнын жақсарту ғылыми зерттеу жұмыстарына тiкелей байланысты. Сондықтан, сапалы, мазмұнды оқулықтар ғылыми жетiстiгi мол коллективтерде жарық көредi. Мысалы: Москва университетiнде, Москва физика-техникалық институтiнде,Массачусетс технологиялық институтiнде т.с.с. физика пәнiнiң жоғары мектепке арналған кең ауқымды, үлгiлi, түбегейлi оқулықтары жарық көрдi. Осы талаптарға сай жаңа техникалық құралдар, компьютерлiк техника, дыбыс, телевидение техникасы т.б. ғылыми техникалық жетiстiктер физика пәнiнде көптеп қолданылуда.