- •Физика сабағының түрлерi
- •Физика сабақтарын жоспарлау
- •Физика пәнi, оның мазмұнының құрылымы
- •Физика пәнi мазмұнының құрылымы
- •Физика пәнiнiң мазмұнын анықтаудың актуальды мәселелерi
- •Оқыту әдiстерiнiң ғылыми негiздерi
- •Физиканы оқыту әдiстерiнiң түрлерi
- •Информациялық-репродуктивтi әдiс
- •Iздену- эвристика әдiсi
- •Физиканы оқытуды жандандыру әдiстерi
- •Бiлiмдi бағалаудың ғылыми негiздерi
- •Бiлiмдi бағалайтын көп сатылы сүлбенiң негiзгi қағидалары
- •Тест әдiсi
- •Механика курсының негiзгi ұғымдарын қалыптастыру әдiстемесi. Кинематика ұғымдары
- •Механика курсының негiзгi ұғымдарын қалыптастыру әдiстемесi. Динамика ұғымдары
- •Сақталу заңдары
- •Молекулалық физика курсының әдiстемелiк мәселелерi
- •Молекулалық физика курсының әдiстемелiк мәселелерi
- •Электрдинамика ұғымдарын қалыптастыру мәселелерi
- •Тербеліс пен толқындар теориясының әдістемелік сұрақтары
- •Атом ядросы және элементар бөлшектер физикасы бөлiмiнiң мазмұнына әдiстемелiк талдау
- •Астрономияның негізгі бөлемдерін оқыту ерекшіліктері
Физиканы оқыту әдiстерiнiң түрлерi
Физиканы оқыту әдiстемесiнiң түрлерi: информациялық- репродуктивтiк, iздену - эвристикалық, зерттеу әдiстерi. Оқытуды жандандыру әдiстерi: тiрек белгiлер, қайшылық кезеңдер, құрылымдық-логикалық жүйелер, нысаналық оқыту.
Оқыту тәжiрибесiн талдап, төменгiдей әдiстердi бөлiп алуымызға болады. ғылыми-әдiстемелiк, оқыту әдiстерiнiң әдебиеттерде әр түрлi атаулары көп, бiрақ бiз оларды негiзгi үш топқа бөлiп қарастырамыз.
Информациялық-репродуктивтi әдiс
Аталуы бойынша бұл әдiс оқытушы жеткiзген мағлұматты (информацияны) оқушының қайталауын көздейдi. Бүл әдiстiң iске асуы көп жағдайда ауызша, көрнектiлiк арқылы түсiндiру формасында болады. Оқушы ауызша айтылған, сурет, схема, белгiлер, тәжiрибе т.б. көрнектiлiк арқылы түсiндiрiлген жаңа фактiлердi қайталап (репродукциялап) айтуы, жазуы тиiс.
Iздену- эвристика әдiсi
Бiлiм алу процесi тек тiкелей белгiлi фактiлермен танысу емес, түсiнiксiз, белгiсiз мәселелердi өзбетiмен игерудi талап етедi. Бұл әдiстiң жүзеге асу формалары: әңгiмелесу, сұраққа жауап беру, өз бетiнше оқу, типтiк есептер шығару, лабораториялық жұмыстар жасау, қосымша тапсырма орындау т.с.с.
Оқу-зерттеу әдiсi
Бұл мақсатты iске асыру формалары - күрделi есептер шығару, арнаулы лабораториялық тапсырмаларды орындау, реферат жазу, компьютерлiк модельдеу, шағын зерттеу жұмыстарын орындау т.с.с. Оқу-зерттеу әдiсi көп жағдайда жоғарғы оқу орындарында , мектептiң жоғары сыныптарында қолдануы мүмкiн. Әрбiр әдiстiң өзiне тән ұтымдылық ерекшелiктерi бар. Бiр әдiспен шектелiп қалуға болмайды. Оқытушының мiндетi әрбiр жағдайға тиiмдi әдiстi таңдап алу. Бүл әдiстердiң әрқайсысының жиiрек қоданылатын кезеңдерi бар. Мысалы : көп жағдайда информациялық-репродуктивтi әдiс төменгi сынып оқушыларына, жоғарғы оқу орындарындағы студенттерге пайдаланылады. Бiрақ бұдан бiржақты терiс қортынды шықпау керек. Информациялық-репродуктивтi әдiстi студенттерге де, аспиранттарға да, магистранттарға да керек кезiнде қолдануымызға болады.
Оқу әдiстерiмен қатар оқыту тәсiлдерi туралы да айтуға болады. Тәсiлдiң әдiстемеден айырмашылығы - ол әдiстеменiң iске асу кезеңдерiн, құрамдарын бiлдiредi. Мысалы, оқытушы физикадан демонстрациялық тәжiрибе көрсетiп тұр делiк. Бүл информациялық - репродуктивтi әдiске жатады, яғни информация берiлiп тұр. Осы әдiстi iске асыру үшiн әртүрлi тәсiл қолданылады. Алдымен демонстрацияның мақсатын, нәтижесiн түсiндiрiп, содан кейiн тәжiрибенi көрсетуге болады. Бүл бiрiншi тәсiл. Немесе, тәжiрибе көрсетiп тұрып, физикалық құбылыстың мәнiн түсiндiруге болады. Бүл екiншi тәсiл. Әр әдiстi қолданудың сан-алуан түрлерi бар.
Физиканы оқытуды жандандыру әдiстерi
Жоғарыда қарастырған оқу әдiстерiн практикада қолданудың қалыптасқан ұтымды формалары бар. Оқытудың ұтымдылығы деп берiлген мағлұматтарды (информацияны) оқушының мейлiнше аз уақытта жан-жақты, терең игеруiн қамтамасыз етудi түсiнуге болады. Осы бағыттағы көптеген педагогикалық тәжiрибе нәтижелерiн жүйеге келтiрiп, топтастыруға болады.
Тiрек белгiлерге жаңа сабақ барысында қолданылатын қысқаша белгiлер, символдар, сүлбелер, суреттер, формулалар т.б. жатады. Мүндағы мақсат - күрделi нәрсенi абстракциялау, оның басты қасиеттерiн, мазмұнын ашып түсiндiру, оңай есте қалу жолдарын iздеу. Тiрек белгiлердi пайдаланып оқушы мұғалiмнiң түсiнiктемесi бойынша шағын конспект жазады.
Қайшылық кезеңдер - жаңа сабақ барысында оқушыға таныс, белгiлi мазмұн (бағдарлама) бойынша тiкелей түсiндiрiлмейтiн, белгiлi фактiлерге қарсы келетiн iшкi қайшылығы бар сұрақтар арқылы пайда болады. Танымдылық, бiлiм алу процесi неге, қалай сияқты сұрақтарға жауап iздеудi бiлдiредi. Мүндай сұрақтар, әдетте, оқушы өзбетiмен жаңа тақырыпты игергенде, есеп шығарғанда туады. Жалпы жағдайда ой тудыратын, iзденiске бағыттайтын сұрақтар қайшылық (проблемалық) кезеңдерде туады.
Қүрылымдық-логикалық сүлбелер оқып үйренетiн тақырыптың, бөлiмнiң негiзгi түсiнiктерiнiң қалыптасу ретiн, даму заңдылығын, олардың өзара байланысын көрсетедi. Мүндай жүйелер бiлiмдi, фактiлердi ретке келтiредi, қорытындының, заңдылықтың себебiн ашады, жаттанды емес, логикалық негiзделген бiлiм алуға үйретедi.
Мысал. “Электр өрiсi” тақырыбын баяндауда мына реттiлiк пайдалы: алдымен заряд түсiнiгi енгiзiледi, одан соң зарядтардың әсерлесу күшi, өрiс кернеулiгi, потенциал енгiзiледi. Бүл түсiнiктер нүктелiк сипаттамалар, оларға сәйкес интегралдық (ұзындық, бет, аудан, көлемге сай) сипаттамалар толық заряд, кернеулiк ағыны, сиымдылық енгiзiледi және олардың бiр-бiрiмен байланысы көрсетiледi. Осы айтылған ойды төмендегi сүлбе (4-сурет) қысқаша сипаттайды.
Қүрылымдық логикалық сүлбе ұтымды болу үшiн оның формасы симметриялы болуы қажет. Ең қарапайым симметриялы сүлбелер: бифуркациялық (қосарланған) сүлбе (5-сурет), центрлiк сүлбе (6-сурет).
Қүрылымдық логикалық сүлбелер бiлiм, ғылым, өнер саласында, қоғамдық, өндiрiстiк тәжiрибеде көп қолданылады.
МЫСАЛДАР
Лекция 6
