Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции_ФАОТӘ_астроном.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.23 Mб
Скачать

Бiлiмдi бағалаудың ғылыми негiздерi

Әдебиет

  1. Жанабаев З.Ж. Синергетика знания. – Алматы. Қаз.универ. – 1999. – 37 с.

  2. Жанабаев З.Ж., Мукушев Б.А. Синергетика в педагогике. – Алматы: ИЦОФДМ. 2002. – 150 с.

  3. Кадомцев Б.Б. Динамика и информация. – М. Ред. УФН.-1999. – 400 с.

Оқу процесiн бақылауға және басқаруға соңғы жылдары компьютерлiк техниканың мүмкiндiктерiн қажет ететiн көп сұраққа, көп сатылы бақылауға, көп баллды бақылау жүйелерiне негiзделген статистикалық әдiстер кеңiнен қолдануда. Бүл әдiстердiң негiзгi тиiмдiлiгi - оқушы бiлiмiнiң тиянақтылығын қамтамасыз ететiн жүйелi, күнделiктi бақылау, бақылаудың кездейсоқ нәтижесiн ("қиын", "бақытты" сұрақтардың болмауын) болдырмау.

Бес баллдық бақылау жүйесiнiң ажырату мүмкiндiгi тым төмен. Шын мәнiнде үш-ақ (3, 4, 5 ) баға қойылады, сондықтан практикада амал жоқ "минус үш", "плюс бес" сияқты сапалық бақылау қолданылады. Бiрақ көп баллды бағалау жүйесiн орта, жоғары мектептерде қолдануда көпшiлiк жағдайда дидактикалық, ғылыми тұрғыдан қарағанда байқалатын қателiктер орын алып отыр.

Көп сатылы, көп баллмен бағаланатын бақылау рейтинг жүйесi деп аталады. Жалпы, рейтинг деп кәсiптiк, шығармашылық әрекеттiң салыстырмалы статистикалық көрсеткiшiн айтады.

Оқу процесiндегi көп сатылы бақылау жүйесi мына принциптерге негiзделуi тиiс.

1. Бiлiм - ойлау қабiлетiнiң құрылымдық, интегралдық қасиетi, оны жеке көрсеткiштердiң қарапайым қосындысымен сипаттауға болмайды. Мысалы , "5" деген баға "2" және "3" деген бағалардың қосындысымен анықталмайды. Демек, күнделiктi бақылауда қойылатын баллдарды қосып қорытқы баға қоюға болмайды. Мына жағдай бұл айтылғанды жақсы түсiндiредi. Оқушының физика пәнiнен тоқсандық бағалары 3, 4, 5, 4 болсын. Жылдық баға ретiнде соңғы нәтиже, 4 қойылады. Сонымен, көп баллды рейтинг нәтижесiн шығару үшiн алдымен белгiлi жүйе бойынша баға қою керек, сол бағаларды қосып қорытқы балл шығарылады.

2. Балл түрiнде қойылатын баға (бiлiм деңгейiнiң көрсеткiшi) бақылаудың түрiне сәйкес келу керек. Бiлiм-күрделi жүйенiң сипаттамасы. Кезкелген күрделi жүйенiң сатылы (иерархиялық) деңгейлерi болады. Бiлiм деңгейiнiң төменгi, алғашқы сатысын бақылау да қарапайым формада (ауызша сұрау, күнделiктi бақылау) өтедi. Бақылаудың күрделi формалары(жазбаша бақылау, көп сұрақтан туатын тест) бiлiмнiң жоғары деңгейiн айқындайды. Қарапайым бақылау нәтижiнде аз балл, күрделi бақылау нәтижесiнде көп балл қойылуы тиiс. Бiлiм деңгейiнiң күрделенуiне сәйкес балл санының өсу заңдылығы логиканың, табиғаттың заңдылығына сәйкес сайланып алынады.

3. Әрбiр бақылаудың нәтижесi бойынша, немесе барлық бақылаудың нәтижелерiнiң қосындысы бойынша қойылатын балл(баға, немесе бағалар қосындысы) бiлiмнiң сапалық деңгейiн анықтайды. Бүл үшiн мүмкiн болатын ең үлкен балл санының қанша пайызы “қанағаттанарлық” , “жақсы”, “өте жақсы” деп сипатталатын деңгейлерге сәйкес келетiндiгiн белгiлеу керек. Көп жағдайда бұл түрде сараптау үшiн ғылыми түрде негiзделмеген, әртүрлi коэффициенттер пайдаланылады.

Осы айтылған принциптердi ғылыми негiзде iске асыру жолдарының ең қарапайым, дидактикалық ұтымды түрi мынандай.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]