Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции_ФАОТӘ_астроном.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.23 Mб
Скачать

Оқыту әдiстерiнiң ғылыми негiздерi

Физиканы оқытуда логиканың, ғылымның жалпы заңдылықтарын пайдалану. Педагогикалық зерттеулердiң ғылыми негiздерi. Педагогикалық заңдылықтардың статистикалық сипаты. Дидактикалық принциптер.

Ғылым әдiстерiн оқытуда қолдану

Жеке пәндердi оқыту тәжрибелерiнен көптеген заңдылықтар шығады. Олар универсалды, барлық пәндердi оқытуға қатысы бар. Бүл заңдылықтардың логикалық, ғылыми негiздерi бар. Солардың ең жалпы, қарапайым түрлерiн қарастырайық.

1. Индукция (ой салу, жалпылау) - жеке фактiлердi жалпылап жалпы заңдылықтар тағайындау әдiсi. Бiлiм қоры жекеленген тәжiрибенi ескеру, түсiну, бақылау арқылы пайда болады. Бiз индукция арқылы заттар, көрiнiстер, құбылыстар арасындағы байланысты белгiлеймiз. Осы тұжырымдарды ескеру арқылы бақыланбаған, көрмеген белгiсiз объектiлер, құбылыстар туралы болжам жасауға болады. Мысалы электр өрiсiнiң, магнит өрiсiнiң, заряд ағысының заңдылықтары жалпыланып электрмагниттiк өрiстiң Максвелл теңдеулерi жазылды. Индукция әдiсi физиканың бастапқы жаңа бөлiмдерiн оқыту үшiн қолдануға тиiмдi.

2. Дедукция (қорытып шығару) - жалпы қағидалардан, заңдылықтардан жеке фактiлердi түсiндiру, нақты жағдайға қатысты заңдылықтарды табу. Дедукцияны пайдаланып, негiзгi теориялық заң бойынша көптеген жеке құбылыстарды сипаттауға болады. Мысалы: бастапқы және жиектiк шарттарды пайдаланып Ньютонның екiншi заңы арқылы әртүрлi нақты қозғалыстың траекториясын анықтауға болады. Сан-алуан физикалық құбылыстар осы заңмен түсiндiрiледi. Дедукция әдiсi физиканың қалыптасқан теориялық бөлiмдерiн оқытуға қолданылады.

3. Аналогия - күрделi құбылыстың орнына оған ұқсастығы бар басқа қарапайым құбылысты зерттеу арқылы қорытынды жасау әдiсi. Аналогия ғылыми зерттеулерде кез-келген пәннiң күрделi ұғымдарын түсiндiргенде көп қолданылады. Мысалы: құйынды қозғалыс күрделi құбылыс. Мүны бұдан гөрi оңай зерттелетiн тогы бар өткiзгiштiң айналасындағы магнит өрiсiнiң заңдылықтарымен сипаттауға болады. Био -Савар заңымен анықталатын кезкелген нүктедегi магниттiк индукция сұйықтың жылдамдығына пропорционал.

4. Модельдеу - бұл күрделi объектi, құбылысты тек негiзгi факторларды ескерiп зерттеу. Математикалық, физикалық және сандық модельдеудi бөлiп қарастыруға болады. Математикалық модельдеу құбылысты теңдеулер арқылы аналитикалық түрде зерттеудi бiлдiредi. Физикалық модельдеу - объектi, күрделi құбылысты арнаулы қондырғы арқылы тәжрибе жөнiнде зерттеу. Сандық модельдеу - әрi теориялық, әрi тәжрибелiк зерттеудiң әдiстерiн қамтиды. Зерттелетiн құбылыстың математикалық теңдеулерi сандық түрде компьютер арқылы шешiледi. Қазiргi кезде сандық модельдеу аса күрделi құбылыстарды ( ядролық реактор жұмысын, ракетаның ұшуын басқару т.с.с.) зерттеуге қолданылады. Модельдеудiң үш түрiнiң әрқайсысының ұтымды жақтары бар.

Барлық жеке пәндердi оқытуға қатысты негiзгi дидактикалық принциптердiң физиканы оқытуға да қатысы бар. Бүл принциптердi былай топтауға болады.

Оқыту, оқу, тәрбие, дамыту функцияларының бiрлiгi. Физика пәнiн оқытқанда бiлiм берумен қатар еңбекқорлыққа, шыншылдыққа үйретемiз, оқушының ойлау қабiлетiн дамытамыз.

Ғылыми, жүйелi түрде оқыту. Физиканың ғылыми негiздерiмен дәлелденген, тексерiлген ең iргелi, түбегейлi заңдылықтармен, фактiлермен таныстыру керек, жүйелi түрде тәжiрибемен қарапайымнан күрделiге оқыту қажет. Ал, ғылыммен негiзделмеген оқуды схоластика деп атайды. Дiни ұғымдарды оқыту көп жағдайда схоластикалық түрде iске асырылады. Мiне, осы жерде дiн мен ғылымның айырмашылығы анық көрiнедi.

Оқытудың саналылық, қызығушылық, творчестволық принципi. Бүл принциптiң мағынасы мынада : оқушы, студент физиканы саналы түрде қызығып оқуына жағдай жасау керек. Тек сонда ғана тұрақты бiлiм берiледi. Қанша көп сағат оқытқанымызбен қызығушылық болмаса күшпен нәтиже болмайды. Оқу құралдарын оқуға, қосымша әдебиет оқуға, өзбетiмен еңбектенуге үйрету қажет.

Көрнектiлiк, түсiнiктiлiк принципi. Сабақ оқытқанда техникалық көрнектi құралдарды қолдану керек, ойды қарапайым, түсiнiктi тiлмен жеткiзу қажет.

Бiлiм тиянақтылығының принципi. Бүл да қажеттi принцип. Оқыту нәтижесiнде бiлiм, бiлiктiлiк, дағды қалыптасуы қажет. Оқу еңбегiнiң нәтижесi жүйелi түрде тексерiлуi керек, өмiрде қолданылатын деңгейде болуы қажет.

Лекция 5

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]