Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции_ФАОТӘ_астроном.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.23 Mб
Скачать

Физика пәнi мазмұнының құрылымы

Физика негiздерi жалпы бiлiм беретiн орта мектепте және арнаулы орта техникалық оқу орындарында оқытылады. Пәннiң мазмұны қазiргi өмiр талаптарына сәйкес және игерiмдi болуы қажет. Физика пәнiнiң мазмұнына қойылатын негiзгi талаптар - ғылыми түсiнiктердi қалыптастыруды, физиканың негiзгi заңдарын және теориялық негiздерiн оқып бiлудi, физиканың эксперименттiк және теориялық әдiстерiн түсiнудi және игерудi, оқушыларға техникалық бағдар, дайындық берудi қамтамасыз ету.

Физика курсын оқыту көлемi мен оның мазмұнын анықтайтын негiзгi құжат оқу бағдарламасы болып табылады. Бағдарламада оқушыларға (студенттерге) берiлетiн бiлiм шеңберi мен деңгейi көрсетiледi.

Физика ғылымының даму деңгейiне байланысты физиканы оқыту бағдарламасы өзгертiлiп, толықтырылып отырады. Осыған сәйкес оқыту әдiстемесi де жаңартылып, өңделiп отырады, әдiстеменiң жаңа ұтымды формалары қалыптасады.

Мектеп оқушылары үшiн мазмұнды, оқушылар деңгейiне сәйкес келетiн, жүйелi түрде жазылған оқулықтар таңдап алынады.

Пәннiң мазмұны белгiлi болғанмен оны баяндау, оқып үйрену реттiлiгi әртүрлi болуы мүмкiн. Пән мазмұнын баяндау реттiлiгiнiң, яғни пән мазмұнының құрылымының үш түрi бар: радиалдық, концентрлi, сатылы.

Радиалдық құрылымда физиканың әрбiр бөлiмi басынан бастап соңғы жетiстiктерiне дейiн баяндалады да келесi басқа бөлiм басталады. Алдыңғы бөлiм материалдары қайталанбайды.

Әрине, материалдардың қайталанбауынан уақыт, оқу сағаты үнемделедi, әрбiр жаңа бөлiмге, оқушы қызығушылық танытады. Бiрақ, бұл құрылымның елеулi кемшiлiгi бар: оқушының жас ерекшелiгi ескерiлмейдi. Мысалы, 6-шы сыныпта (класта) механика бөлiмi оқытылады. Механика бөлiмiнiң тереңдетiлген тақырыптарын, күрделi заңдарын төменгi сыныптың оқушысы игере алмайды және механиканың соңғы жаңалықтарын 6-сынып бағдарламасы негiзiнде баяндау мүмкiн емес.

Радиалдық әдiстi жоғары мектепте арнаулы курстарды (магистратурада, аспирантурада), ғылыми жетiстiктердi оқытқанда қолдануға болады.

Бұл әдiстi мына сүлбе түрiнде бейнелеуге болады (1-сурет).

Концентрлiк құрылымның ұтымды ерекшелiгi оқушының бiлiм қабылдау мүмкiндiктерi мен жас ерекшелiгiнiң ескерiлуi болып табылады. Физиканың әрбiр бөлiмi мектепте кемiнде екi рет қайталанады. Яғни, оқыту материалдары екi шеңбермен шектелiнедi. Бiрiншi шеңбер бойынша барлық физика бөлiмдерiнiң элементар түсiнiктерi оқытылады, ал екiншi шеңбер бойынша физика курсы толығырақ оқытылады: физикалық теорияларға және математикалық әдiстердiң қолданылуларына терең көңiл бөлiнедi.

Концентрлiк құрылымның артықшылығы – физиканы игерудегi қиындықтар оқушының мүмкiндiгiне қарай бiртiндеп туындайды, ал кемшiлiгi – материалдар қайталанады, оған артық уақыт кетедi. Психологиялық тұрғыдан да кемшiлiк бар: материалға оқушы қызықпайды, ынталанбайды.

Концентрлiк құрылымның сүлбесi төменгi 2-суретке сәйкес келедi.

Сатылы құрылым (3-сурет) - радиалды және концентрлi құрылымдардың тиiмдi жақтарынан тұрады. Бұл құрылым арқылы физика пәнiнiң кейбiр тақырыптары радиалды түрде, кейбiр тақырыптары концентрлi түрде оқытылады. Сатылы құрылым оқушылардың жас ерекшелiктерiн, мүмкiндiктерiн ескерiп, физиканы жүйелi түрде оқытуға мүмкiндiк бередi. Қазiргi кездегi мектеп оқулықтарының мазмұны сатылы құрылымға сәйкес таңдалған.

Сатылы құрылымды пайдалану мысалдарын келтiрейiк. Қазiргi мектеп курсында Паскаль, Архимед заңдары 6 – 7 сыныптарға арналған оқулықта ғана баядалады. Ал Ом заңы алдымен 8 сыныпта (тiзбек бөлiгi үшiн) одан соң 10 – сыныпта (толық тiзбек үшiн) оқытылады.

2-сурет. Концентрлік құрылым

3-сурет. Сатылы құрылым

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]