
- •Физика сабағының түрлерi
- •Физика сабақтарын жоспарлау
- •Физика пәнi, оның мазмұнының құрылымы
- •Физика пәнi мазмұнының құрылымы
- •Физика пәнiнiң мазмұнын анықтаудың актуальды мәселелерi
- •Оқыту әдiстерiнiң ғылыми негiздерi
- •Физиканы оқыту әдiстерiнiң түрлерi
- •Информациялық-репродуктивтi әдiс
- •Iздену- эвристика әдiсi
- •Физиканы оқытуды жандандыру әдiстерi
- •Бiлiмдi бағалаудың ғылыми негiздерi
- •Бiлiмдi бағалайтын көп сатылы сүлбенiң негiзгi қағидалары
- •Тест әдiсi
- •Механика курсының негiзгi ұғымдарын қалыптастыру әдiстемесi. Кинематика ұғымдары
- •Механика курсының негiзгi ұғымдарын қалыптастыру әдiстемесi. Динамика ұғымдары
- •Сақталу заңдары
- •Молекулалық физика курсының әдiстемелiк мәселелерi
- •Молекулалық физика курсының әдiстемелiк мәселелерi
- •Электрдинамика ұғымдарын қалыптастыру мәселелерi
- •Тербеліс пен толқындар теориясының әдістемелік сұрақтары
- •Атом ядросы және элементар бөлшектер физикасы бөлiмiнiң мазмұнына әдiстемелiк талдау
- •Астрономияның негізгі бөлемдерін оқыту ерекшіліктері
Астрономияның негізгі бөлемдерін оқыту ерекшіліктері
Астрономия – Ғалам туралы ғылым. Астрономиялық зерттеудің мақсаты мен есептеріне, астрономиялық бақылау әдістер мен аспаптарын және қосымша құралдарын қолдану ерекшіліктеріне байланысты астрономияда бірнеше үлкен тарауларды бөліктейді, әр тарау өздігінен жаратылыс-математикалық ғылым.
Белгілі бір шарттылықпен астрономияны «классикалық» және «қазіргі» деп бөлуге болады. Классикалық астрономия өзіне бірнеше тарауларды біріктіреді, негізгілері, түсініктері мен математикалық аппаратын қоса ХХ ғасырдан бұрын салынған, бірақ астрометрия (сфералық астрономия, тәжірибелі астрономия, іргелі астрономия) және аспан механикасы өзінің теориялық және тәжірибелік маңыздығын қазіргі кезге дейін жоғалтпаған. Қазіргі астрономия - астрофизика, жұлдыз статистикасы, космогония мен космология негізгі тараулары болып саналатын, дәуірлеу сатысында.
Барлық оқулықпен бағдарламалардың материалды оқуының бірнеше уақыт бойы өзгерместен бірдей тәртіп мен реттілігі сақталған, олар тарихи және оқушының түсінігіне жетімділігіне негізделген, негізгі тараулар және де бүкіл ғылымның даму этаптарына және оның негізгісінде жатқан ғылыми теорияның күрделіктің үдеуіне сәйкес.
Астрономияны оқу келесі тараулар бойынша жүргізіледі:
Сфералық астрономия ғарыш денелердің орнын, көрінетін және өз қозғалысын зерттейді және аспан сферасындағы шырақтардың орнын анықтау, жұлдыз каталог пен карталарды құрастыру, уақыт есептеу теориялық негіздерімен байланысты есептерді шығаруға арналған.
Іргелі астрометрия іргелі астрономиялық тұрақтыларды анықтау және іргелі астрономиялық каталогтарды құрастыру теориялық дәлелдеу бойынша жұмыс атқарады.
Тәжірибелік астрономия уақыт пен географиялық координаттарды анықтаумен айналысады, Уақыт Қызметін қамтамасыз етеді, күнтізбе мен географиялық және топографты карталарды есептеу мен құрастыру; астрономиялық бағыттау әдістері теңіз жүзу, авиация және космонавтикада кең таралған.
Аспан механикасы тартылыс күш әсерінен ғарыш денелердің қозғалысын зерттейді. Аспан объектілердің қозғалысын зерттеу қозғалыстың жалпы заңдылықтарын ескереді және талдалған координаттар жүйесіне қарағанда зерттелетін объектінің орны мен жылдамдығын кез-келген уақытта анықтайды. Астрометрия берілгендеріне, классикалық механиканың заңдары мен зерттеудің математикалық әдістері сүйеніп аспан механикасы ғарыш денелер мен олардың жүйелерінің траекториясы мен қозғалыс сипаттарын анықтайды, космонавтиканың теориялық негіз қызметін атқарады.
Астрофизика ғарыш объектілер, ғарыштық процесс және ғарыштық құбылыстардың негізгі физикалық қасиеттері мен сипаттамаларын (қозғалыс, құрылым, құрам және т.б.) қарастырады, бірнеше баптарға бөлініп: теориялық астрофизика; тәжірибелік астрофизика; планета және олардың серіктерінің (планетология және планетография) физикасы; Күн физикасы; жұлдыздар физикасы; сыртқығаламды астрофизика және т.б.
Космогония ғарыш объектілер мен олардың жүйелерінің пайда болуы мен дамуын зерттейді.
Космология Ғаламның пайда болуын, негізгі физикалық сипаттамаларын, қасиеттерін және эволюциясын зерттейді. Оның теориялық негізі қазіргі кездегі физикалық теориялар және астрофизика мен сыртқығаламды астрономияның берілгендері болып табылады.
Одан әрі астрономияның негізгі даму этаптарымен оның басқа гылымдармен байланысы туралы материалдарды беру керек. Осымен қатар оқытушы астрономия адамның тәжірибелік қажеттілігіне (адамның астрономиялық білімді әр ғасырда қолдану мысалымен ашылады) байланысты дамығанына және әлемдік мәдениеттің елеулі ажырамас бөлігі екенін үнемі оқушылардың назарына елеп тұру керек.
Астрономиялық білім жүйесін қалыптастырғанда негізгі қиыншылықтарының бірі тараудан тарауға дейін белгілі астрономиялық материалдың түсіндіру негізінде жатқан едәуір физикалық заңдармен теориялардың, осы заңдар мен теорияны түсіндіргенде қолданылатын математикалық аппараттың күрделенуі, және де астрономия, физика, математика курсында осы материалдар берілетін уақыты көбінесе сәйкес келмейді (қалып қалады, немесе озып кетеді); жиі қажетті физикалық және математикалық материал мектепте жеткіліксіз көлемде оқылады немесе мүлдем қарастырылмайды. Басқа қиыншылығы уақыттың созылмалы тапшылығы.