
- •Оқытуды ұйымдастырудың әдістері туралы ұғым
- •Колледждерде экономика пәнін оқыту барысында үрдісінде практикалық әдістерін қолдану ерекшеліктері
- •I .Оқытуды ұйымдастырудың әдістері туралы ұғым
- •Оқытуды ұйымдастырудың әдістері туралы түсінік
- •1.2 Оқытуды ұйымдастырудың практикалық әдістерінің ерекшеліктері
- •2. Колледждерде экономика пәнін оқыту барысында үрдісінде практикалық әдістерін қолдану ерекшеліктері
- •2.1 Экономика пәнін оқытуда Жаттығу практикалық оқыту әдісі ретінде
- •2. «Экономикалық цикл. Жұмыссыздық пен инфляция.» сабағын жүргізу әдістемесі
- •Жаңа тақырыпты баяндау
- •Қолданылған әдебиеттер: пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •3. Инфляция түсінігі . Инфляция түрлері. Инфляцияға қарсы саясат.
- •VII. Жаңа тақырыпты пысықтау.
- •VIII.Сабақты қорытындылау.
- •IX.Оқушыларды бағалау.
2. «Экономикалық цикл. Жұмыссыздық пен инфляция.» сабағын жүргізу әдістемесі
Мұғалімнің сабаққа дайындығы 2 бөлімнен тұрады – пәнді оқытуға жалпы дайындық және әрбір сабаққа дайындық. Пәнді оқытуға жалпы дайындық оқу жоспарын, бағдарламасын оқып-үйреніп, күнпарақтық-тақырыптық жоспар жасаудан және сабақтың материалдық-техникалық базасын – оқу бөлмесін, көрнекі құралдар, ОТҚ, құрал-саймандарды, приборларды т.б. реттеуден тұрады (құралады). Бұл дайындық, әрине, оқу жылы басталмай тұрып жасалады.
Мұғалімнің әрбір сабаққа дайындығы күрделі де жауапты жұмыс. Оқу материалының мазмұнын ойластыру дайындықтың алғашқы бөлігі болып табылады. Мұғалім бағдарламаның өткен, алдағы және одан кейінгі сабақтарға қатысты бөлігін, олардың арасындағы байланыс пен дәйектілікті орнату үшін талдау керек. Осы сабақта алдына қойып отырған нақты педагогикалық міндеттер мен мақсаттарды жақсылап ойластыру – сабаққа дайындықтың өте маңызды бөлігі болып табылады. Содан кейін оқулықтағы (немесе бірнеше) оқу материалының жазылуын – қандай тезистер мен негіздемелер берілгенін, материалдың оқушыларға түсінікті болуын, мысалдардың тақырыпқа сай болуын, тақырыптардың жүйелілігін мұқият оқып-үйрену қажет. Сұрақтар мен тапсырмалардың оқушыларға түсініктілігін, олардың орындалу жүйелілігін, маңызын талдау қажет. Еске түсерлік сұрақтарды танымдық сұрақтармен, үйреншікті тапсырмаларды ізденісті қажет ететін, келелі тапсырмаларға алмастыру қажет. Жеке және ұжымдық ойлану қызметін ұйымдастыруға ықпал ететін іскер ойынның элементтерін (немесе толығымен сценарийін), өндірістік жағдайлардан мысал келтіре отырып, сүйеніш білімнің белсенділігін арттыратын сұрақтарды ерекше ойланып, дайындауы қажет. Мұғалім сабақ үстінде оқушылардың дүниетанымының, білімге құштарлығының, қисынды ойлауларының азаматтық тұрғыдан қалыптасуы – тәрбиелеуге өте көп көңіл бөлуі қажет.
Сабақтын мазмұны бойынша Экономикалық цикл , жұмыссыздық пен инфляция түсінігі мен зардаптарын оқытуда, оқушылармен әңгімелесу және түсіндіре отырып экономикалық цикл мен жұмыссыздықтын зардаптарын ашылады. Сабаұты әңгімелесу, түртіп алу және түсіндіру әдісімен жүргізіледі. Сабақты жүргізу барысында бұл әдістің алыну себебі, сабақтың типі аралас болғандықтан таңдалынып алынды. Жалпылама оқушыларға мәлімет беріледі де, оқушылардың түсінбеген жерлерін мұгалім түсіндіреді және де өздеріне жазып алады. Сонда сабақ нақтылана түседі.
Мұғалімнің сабаққа дайындалу нәтижесі сабақ жоспары болып табылады. “Экономикалық цикл.Жұмыссыздық пен инфляция” сабақ жоспары қосымшада қөрсетілген. Аталған сабақтың басты үш масаты бар:
Білімділік:Оқушылардың Экономикалық цикл және жұмыссыздық пен инфляция туралы білімдерін дамыта отырып, негізгі олардын түрлерін бағалаудың әдістеріне тоқталып, білімдерін жетілдіру. Тәрбиелік:Өзара құрмет сезімін тудыру. Басқаның пікірін сыйлауға, сөзін бөлмеуге тәрбиелеу, болашақ мамандығын құрметтеуге, патриоттық сезімге баулу. Дамытушылық: Оқушылардың қызығушылықтарын ояту, оқушылардың танымдық шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Оқушылардың экономикалық цикл және жұмыссыздық пен инфляция туралы білімдерін дамыта отырып, экономикалық цикл, жұмыссыздық түрлеріне, олардын тигізетін зардаптарына тоқтала отырып ,өзара құрмет сезімін тудыру, басқаның пікірін сыйлауға, сөзін бөлмеуге тәрбиелеу, болашақ мамандығын құрметтеуге, патриоттық сезімге баулу, оқушылардың қызығушылықтарын ояту, оқушылардың танымдық шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында сабақ өткізідм.
“Экономикалық цикл.Жұмыссыздық пен инфляция” сабақын өткізу үшін аралас сабақ типі таңдалып алынды. Аралас сабақ мұғалімге қатаң талап қояды. Сабақтың элементтерін, жұмыс формаларын іріктеумен қатар әр элементке бөлінген уақытқа мұқият қарау керек. 20-25 минут сабақ сұрап, 15 минут сабақ түсіндіруге болмайды. Аралас сабақтың кезеңдері:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқу еңбегінің жақсы жүруіне жағдай жасау үшін сабақты алдын ала ұйымдастыру қажет, себебі сабақтың жақсы өтуі алғашқы минуттарға байланысты. Ұйымдастыру бөлімі — күрделі кезең. Оның міндеті оқушыларды сабаққа психологиялық жағынан әзірлеу . Бұл өте маңызды және жауапты кезең, оны жүзеге асыру сабақтың дамуы мен нәтижесіне ықпал етеді. Кейбір мұғалімдердің ұйымдастыру бөлімі тез өтеді, Бұл мұғалімнің алдыңғы сабақтардағы ұйымдастыру талаптарын орындауға балаларды үйретуінің нәтижесі. Бұл кезең тәрбиелейді. Бұл кезеңде мұғалім мен оқушының өзара қатынасының негізі қаланады. Кезеңнің мазмұны: 1. Амандасу
2. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу.
3. Оқушылардың сабақ дайындығын тексеру. 5. Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру. Оларды үзіліс кезіндегі психикалық жағдайдан саналы, тез жұмыс істеп кетуге тәрбиелеу керек. Мұғалімнің сыныпқа кіріп келген кездегі психологиялық жағдайы оқушыларға беріледі. Сондықтан дауыс көтеру, зекіру ынтымақты бұзады.
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі Кезеңнің оқу-тәрбиелік міндеті - барлық оқушылардың үй тапсырмасын толық, дұрыс, саналы орындағанын тексеру, жекелеген оқушылардың тапсырманы орындамау себептерін анықтау, тексеру барысында білім, іскерлік, дағдыларда байқалған кемшіліктерді жою, соңғыларын одан әрі жетілдіруді жүзеге асыру.
Кезең мазмұны: 1. Барлық оқушылардың үй тапсырмасын қалай орындағанын анықтау. 2. Жекелеген оқушылардың үй тапсырмаларын орындамау себептерін міндетті түрде анықтау және оны келесі күнге дейін орындататын шара алу. 3. Білімдегі типтік қателіктерді анықтау және олардың пайда болу себептерін білу 4. Үй жұмысында оқушылар жіберген қателер олардың есінде сақталып қалмау үшін оны түзету. 5. Пән бойынша кеңесшілерді, кезекшілерді үй жұмысын тексеруге тарту. 6. Оқушылардың өзара көмегін және өзін-өзі бақылауын қолдану. 7. Мұғалімнің өзінің өткен сабақтағы жұмысын талдауы.
Оқушыларға алдын ала берілген үй тапсырмасын тексеру мақсатында оқушыларға жеке тапсырмалар таратылады. Экономикалық жүйе кешенің жұмыс істеуі мен дамуына ықпал ететін нышандарды схема түрінде жазу.
мемлекеттік басқару жүйесіндегі бюрократтану және сыбайлас жемқорлықтың деңгейі;
адами капитал ;
елдің адами капиталының оқшауландырылған бөлігі ретіндегі кәсіпкерлік әлеует;
өндірістің басқа факторларының жай-күйі олардың іске қосылу дәрежесі;
әлемдік экономика, оның жай-күйі, даму келешегі, елдің