- •Оқытуды ұйымдастырудың әдістері туралы ұғым
- •Колледждерде экономика пәнін оқыту барысында үрдісінде практикалық әдістерін қолдану ерекшеліктері
- •I .Оқытуды ұйымдастырудың әдістері туралы ұғым
- •Оқытуды ұйымдастырудың әдістері туралы түсінік
- •1.2 Оқытуды ұйымдастырудың практикалық әдістерінің ерекшеліктері
- •2. Колледждерде экономика пәнін оқыту барысында үрдісінде практикалық әдістерін қолдану ерекшеліктері
- •2.1 Экономика пәнін оқытуда Жаттығу практикалық оқыту әдісі ретінде
- •2. «Экономикалық цикл. Жұмыссыздық пен инфляция.» сабағын жүргізу әдістемесі
- •Жаңа тақырыпты баяндау
- •Қолданылған әдебиеттер: пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •3. Инфляция түсінігі . Инфляция түрлері. Инфляцияға қарсы саясат.
- •VII. Жаңа тақырыпты пысықтау.
- •VIII.Сабақты қорытындылау.
- •IX.Оқушыларды бағалау.
Жаңа тақырыпты баяндау
Оқу-тәрбиелік міндеттері. Факт, құбылыс ереже, принцип, заңдар туралы нақты түсінік беріп, қорытындыға әкелген тәсілдерді, жолдарды, құралдарды оқушыларға үйретіп, білім негізінде, оған сәйкес келетін іскерлік және дағдыларға машықтандыру.
Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша келесі білімдер меңгеріледі:
Сабақта оқушылар экономикалық цикл және оның кезеңдері дегеніміз не екндігін, , оның мәні мен маңызын анықтап, айқындап түсінеді.
Жұмыссыздықтың мәні мен түрлерімен танысады.
Инфляция түсінігі . Инфляция түрлері. Инфляцияға қарсы саясат түсініктерімен танысады
Лекция материялдары оқушыларға таратылады. «Түртіп алу» әдісі бойынша балалар оқып түсінген жеріне «+»,түсінбеген жеріне «-» белгісін қойып шығады.
ІV. Оқушыларға үй тапсырмасын және оны орындау жөнінде нұсқаулар беру Оқу-тәрбиелік міндеттері: үй тапсырмасын оқушыларға хабарлау, оны орындау әдістемесін, орындаудың қажеттілігін, міндеттілігін оқушыларға түсіндіру. Сабақты қорытындылау. Үй тапсырмасы оқушыларға тәрбие береді, дамытады. Үй тапсырмалары - оқушылардың оқуға қызығушылығын дамытудың, адамгершілік сапаларын, дүниетанымын қалыптастырудың құралы. Мұғалімнің үй тапсырмаларын дұрыс орындатуы үйдегі оқу жұмысының, сабақтың сапасын жақсартады.
Экономикалық цикл , жұмыссыздық пен инфляция түсінігі мен зардаптарын оқытуда түсіндіру жасалып болғаннан соң, сабақты қорытындылап, оқушыларға осы берілген мәліметтерді оқып келу және инфляцияға қарсы саясатты қарастырып келу берілді.Үй жұмысын орындау үшін сыныпты екі топқа бөліп:
1-ші топқа : терминдерді жазып келу және жұмыссыздық түрлеріне кесте құру.
2-ші топқа : “Инфляцияға қарсы саясат” тақырыбына слайд дайындау.Слайдта міндетті түрде сызбалар мен кестелер болуы керек деп тапсырма берілді.
Сабақтын соңында оқушылар білімін бағалауға көшемін. Баға білімді есепке алу ғана емес, ол тәрбиелік құрал. Сондықтан, оқушы білімін бағалауда немқұрай-лылыққа салынуға болмайды. Баға ''балл'' есебінде көрсетіледі. Келесі кезекте баға және оның өлшемі қандай, соған тоқталамыз. Қазіргі кезде білім беру саласының барлық құрылымында оқу-таным әрекетінің сапасын анықтайтын дәстүрлі ''5'' балдық жүйелер қолданылады. ''5'' бағасы - оқу материалын толық, дәл логикалық, бірізділікпен айтылған жауапқа қойылады; ''4'' бағасы - оқу материалын толық біледі, бірақ болар-болмас кемшілігі бар жауапқа қойылады; ''3'' бағасы - жауабы негізінен дұрыс, бірақ толық емес, білімінде кейбір проблемалар еске алынбаған жауапқа қойылады;
''2'' бағасы - оқушы жауабында қателер, білімінде елеулі кемшіліктер бар жауапқа қойылады; Оқушылардың білімін бағалау үшін дәстүрлі ''5'' балдық жүйелер қолданылды. Сабаққа белсене араласып отырған, сұрақ – жауапқа жақсы жауап берген оқушыларды ескере отырылып бағаланады.
Қорытынды
Қазақтың кең-байтақ өлкесінде білім ісінің пайда болып, даму тарихы да өзінің ілкі бастауларын сонау ерте замандардан алады. Қазақстан жерінде, әсіресе, оның отырықшы аудандарында орта ғасырдық ерте дәуірінде-ақ (ҮІІ-ҮІП ғ.ғ.) көптеген мектептер (мұсылманша бастауыш оқу орны) мен медреселер, діни білім беретін ортадан жоғары оқу орындары жұмыс істей бастағаны тарихтан белгілі.
Тұлғаны барлық жағынан дамытып тәрбиелеу, жас ұрпақты қоғам құрылысына белсене қатысуға әзірлеу міндеттері мектеп арқылы жүзеге асырылады. Мектепте білім және тәрбие алу барысында жас түлектердің ақыл-ойы дамиды, адамгершілік қасиеттері қалыптасады, ой еңбегіне төселеді, рухани өмір байлығын меңгереді, эстетикалық сезім, талғамы артады... Соған сәкес мектеп тәрбие беру ісін бірыңғай мақсатты жүйелі түрде ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді.
Қазіргі заман мұғалімнің жана проблемаларды жүйелі түрде оқуын және зерттеу талап етеді. Сондықтан әрбір педагогтың оқу, білім беру, тәрбие және ұжымды басқару теорияларымен, педагогикалық-психологиялық мәселелерімен, шетел психологтары және педагогтарының теорияларымен үнемі қаруланып отыруы. Мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіруде екі жағдайды ескеру керек: олардың бірі - мұғалімнің жеке жоспарына сәйкес өз бетімен білім алу жолы, екінші - әртүрлі ұжымдық мамандықты көтеру.
Оқыту әдістерін жетілдіру бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр. Оқыту әдістерінің тиімділігін арттырып, оқытудың жаңа нысандары мен тәсілдерін меңгеру қажеттігіне педагогикалық зерттеулерде айрықша маңыз беріледі. Алайда, оқыту әдісін таңдау - күрделі процестің бірі. Кейбір әдістерді қолдануда біржақты асыра сілтеушілікке жол бермеу керек. Әр тақырып оқытудың ерекше тәсілдері мен жолдарын талап етеді. Соңдықтан, оқытуда әр түрлі әдістерді қолдану қажет. Сабақтың тақырыбы мен мақсатына, оқу материалының мазмұны мен көлеміне, оқушылардың дайындық дәрежесіне сәйкес, сабақтың құрылысы мен оқу әдісін ұдайы толықтырып отыруды мұғалім өзі белгілеп, өзі таңдап алады.
Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білімнің, іскерліктің болуын қамтиды. Шебер ұстаз дегенді шығармашыл ұстаз деп те атар едім. Шығармашыл ұстаз күнделікті әрбір сабағын түрлендіріп өткізуге тырысады. Оқушының білімін көтерудің ең басты шарты-оның пәнге деген қызығушылығын арттыру. Пәнге деген қызығушылығы болса ғана, бала оған көңіл қойып тыңдап, тереңдете оқып үйрене бастайды. Пәнге қызыққан оқушының білім сапасының жоғары болатыны белгілі. Шебер мұғалім үнемі оқушының ойлау белсенділігін арттырып, білімге қызығушылығын тудырғанда ғана ұстаз мақсатына жетеді.
Оқыту – қазіргі заманның талаптарын ескере отырып, оқушылар тұлғасын, білім, іскерлік және дағдыларды меңгерте отырьш, мақсатты қалыптастыру мен дамыту процесі. Оқыту -қоғамдық құбылыс түріндегі ересектердің мақсатты бағдарланған жүйелі ұйымдастырылған қоғамдық қатынастар тежірибесі, қоғамдық сананың даму нәтижесі, еңбек өндірісінің мәдениеті, қоршаған ортаны қорғау мен оны белсенді қайта өзгерту туралы, білімдерді аға ұрпақтың өскелең ұрпаққа үйретіп, оны олардың меңгеруі. Оқыту ұрпақ сабақтастығын, қоғамның толық құндылықты қызмет атқаруын және тұлғаның соған сәйкес дамуына мүмкіндік жасайды. Оның қоғамдағы объективті міндетгерінің мәні осында.
Оқыту әдістерін жетілдіру бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр. Оқыту әдістерінің тиімділігін арттырып, оқытудың жаңа нысандары мен тәсілдерін меңгеру қажеттігіне педагогикалық зерттеулерде айрықша маңыз беріледі. Алайда, оқыту әдісін таңдау - күрделі процестің бірі. Кейбір әдістерді қолдануда біржақты асыра сілтеушілікке жол бермеу керек. Әр тақырып оқытудың ерекше тәсілдері мен жолдарын талап етеді. Соңдықтан, оқытуда әр түрлі әдістерді қолдану қажет. Сабақтың тақырыбы мен мақсатына, оқу материалының мазмұны мен көлеміне, оқушылардың дайындық дәрежесіне сәйкес, сабақтың құрылысы мен оқу әдісін ұдайы толықтырып отыруды мұғалім өзі белгілеп, өзі таңдап алады. Оқыту әдісін таңдауға ықпал ететін шарттар: 1. Оқыту әдістерін оның мақсат-міндеттеріне, оқушылардың жас және таным әрекетінің ерекшеліктеріне сай қолдану; 2. Мектептің материалдық - техникалық негізін ескеру; 3. Мектептің орналасқан жерін ескеру. Мысалы, қала мектептерінде оқушыларды өндіріс орындарына экскурсияға, ауыл мектептерінде мектеп жанындағы учаскелерге, табиғатқа, ауылшаруашылық өндірісіне апару; 4. Мұғалімнің шығармашылығы және шеберлігі. Оқытудың нәтижелі өтуіне негіз болатын сабақ мақсатының айқындығы. Себебі оқу материалын баяндауда негізгі идеясын немесе оқушылардың іс-әрекетін анықтап алмай, оқыту мақсатына жету мүмкін емес.
Оқыту, білім беру деген сөзден «нені қалай оқыту керек?» деген сұрақ туады. Осы сұраққа алдымен Абай тілімен жауап беріп көрейік. Абай білімді меңгерту, қабылдау, тану жайында педагогикалық теорияға үйлесімді даналық пікірлерді дәл ұсынған: қабылдау, ұғыну, ойлану, пайымдау, игеру, бекіту, жүзеге асыру, қолдану, іздену.
