Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kursovoy_adisteme.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
97.52 Кб
Скачать

2. Колледждерде экономика пәнін оқыту барысында үрдісінде практикалық әдістерін қолдану ерекшеліктері

2.1 Экономика пәнін оқытуда Жаттығу практикалық оқыту әдісі ретінде

Тәжірибелік әдістің ішінде жиі қолданылатыны - жаттығу әдісі. Бұл әдісті академик О.Жәутіков еңгізді. Тәжірибе көрсеткеніндей, бұл әдіс оқушыларда біліктер мен дағдыларды қалыптастырады. Оқу барысында техникалық ережелер мен қағидаларды қайта пысықтап, тиянақты меңгеру жаттығу арқылы орындалады. Жаттығу көмегімен ақыл-ой және тәжірибелік іс-әрекет меңгеріледі. Ол барлық пәндерді оқуда, оқу процесінің түрлі кезеңдерінде қолданылады. Оның сипатыжәне әдістемесі оқу пәнінің ерекшелігіне, нақты оқу материалына, оқушылардың жасына байланысты. Жаттығу сипатына қарай ауызша, жазбаша, графикалық және оқу-еңбек деп бөлінеді. Оқушылардың өз бетімен жұмыс істей білу деңгейіне қарай жаттығулар бірнеше түрге бөлінеді: •    белгілі білімдерді еске түсіріп, оны бекіту мақсатындағы жаттығулар; •    білімді жаңа жағдайда қолданып жаттығу. Егер оқушы іс-қимылдарды ауызша айтса, онда оны түсіндіру арқылы жаттығу деп атайды. Мұғалім оқушы іс-әрекетінен қателіктер тауып, оқушылардың іс-әрекетіне түзетулер енгізеді. Жаттығулардың ерекшеліктері: Ауызша жаттығулар логикалық ойды, есті, тілді оқушылардың зейінін дамытуға көмектеседі. Жазбаша жаттығулар білімді бекіту және оны қолдану іскерлігін жасауда қолданылады. Оларды қолдану логикалық ойды дамытуға, жазбаша тіл мәдениетін, өздікті дамытуға көмектеседі. Әрбір оқу пәнінің міндетті бөлігі - ана тілінен шет тіліне аудару, берілген тақырыпқа шығарма жазу, суретпен жұмыс, өз бетімен мысалдар және есептер, кесте құрастыру, диаграмма, баяндама, көрініс әзірлеу. Жаттығуды орындау алдында оқушыларға теориялық материал түсіндіріліп, нұсқау беріледі. Жазбаша жаттығулар: гуманитарлық пәндерде орындалады. Графикалық жаттығулар: кесте, сызба, технологиялық карта, альбом, стенд жасау, экскурсия кезінде салған суреттер. Оқу-еңбек жаттығулары: оқу шеберханаларындағы қағазбен, картонмен, ағашпен, металмен жұмыс істеу, әр түрлі құралдар қолдану, станок, тетіктерді басқару. Жаттығу әдісіне қойылатын талаптар: •    оны орындауға деген оқушылардың саналы көзқарасы; •    жаттығуларды орындаудағы дидактикалық сабақтастық: алдымен оқу материалын түсінуге көмектесетін, содан кейін есте сақтауға, қолдануға, оқылғанды жаңа жағдаяттарда өздігінен, шығармашылықпен қолдануға, жаңа материалды бұрын меңгерген білім, іскерлік және дағдылар жүйесіне қосуға мүмкіндік беретін жаттығуларды орындау.

Жаттығу әдісі педагогикада — оқушының іскерлігі мен дағдысын қалыптастырып, қайрат-жігерін дамытуға бағытталған оқыту әдісі. Бұл әдіс арқылы оқушы алған білімін тәжірибеде қолданып, білімін тереңдетіп, оның шығармашылық қабілеті дамытылады. Оқушы оқу материалдарын сапалы түсініп, игергеннен кейін, әуелі сол материалға байланысты қарапайым, одан кейін бірте-бірте күрделі жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Оқу, үйрену, ұғынғанын тәжірибеде қолдану, іскерлікке дағдылану жүйесі арқылы оқушы білімді толық игереді.

 Ауызша Жаттығу әдісі ( тарихтан атаулы даталарды есте ұстау, тілден сөз бен сөйлемдерді дұрыс айтуға жаттығу), жазбаша Жаттығу әдісі (тіл мен), практикалық Жаттығу әдісі (жаратылыстану бағытындағы пәндерде өлшемдік құралдарды пайдалану дағдыларын қалыптастыру) болып бөлінеді.

Жаттығу әдісі арқылы іскерлік пен дағдыны қалыптастыру бірнеше кезеңнен тұрады:

  • бірінші кезеңде мұғалім оқушының қабылдап, түсінген білімінің негізінде оларға жаттығудың мақсатын, міндетін түсіндіреді;

  • екінші кезеңде мұғалім жаттығудың дұрыс орындалуын көрсетеді;

  • үшінші кезеңде алғашқы игерген білімін оқушы тәжірибеде пайдаланады;

  • төртінші кезеңде оқушылардың алған дағдысын тәжірибеде өз бетімен қолдана білуі іске асады.

Жаттығу әдісін қолданғанда оқушылардың еліктеуін және шығармашылық іс-әрекетін есепке алумен қатар, олардың ой толғанысын, өзіндік шешімін де ескеру қажет. Қазіргі кезде оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері бойынша Жаттығу әдісі бір жүйеге түсіріліп, жоғары тиімділікпен жүргізіледі. Жаттығу әдісі арқылы оқыту теориясын тәжірибемен байланыстыру ұстанымы жүзеге асырылады;[2]

Тәрбие процесіндегі жаттығулар оқудағы сияқты жаттанды болмауы керек, олар саналы түрде орындалуы қажет. Сондықтан жаттығу әдісін түсініктеме мен сендіру әдістерімен бірге қолдану қажет. Жаттығудың нәтижелі болуы оның мақсаттылығы мен жүйелілігіне, түсінікті болуына, мотивациясы мен ынталандыруына, бақылау мен түзетуге, оны жүргізудің орны мен уақытына байланысты. Жаттығу кезінде оқушылардың жеке ерекшеліктері ескеріліп, жаттығулардың жеке дара, топтық және ұжымдық формаларын үйлесімді қолдану қажет. Оқушы өмірдегі теріс жағдайларда тұрақты қасиет таныта алса, жаттығлар оң нәтиже берді деген сөз. Тұрақты әдеттерді қалыптастыру үшін жаттығуларды ертерек, баланың дүниеге келген сәтінен бастау қажет. Жаттығуларды орындау барысында талап ету әдісі қолданылады. Бұл әдіс оқушының белгілі бір іс-әрекетіне дем беріп немесе тежеп, тұлғалық қасиеттерді қалыптастырады. Талап түріне қарай тура және жанама болып бөлінеді. Тура талап етуге бұйрық ету, анықтық, нақтылық тән (балаға түсінікті талаптар). Оқушыларға қойылған талаптар шешімді болуы қажет, онда мұғалімнің оқушының ісі мен тәртібіне деген қатынасы білінеді. Жанама татаптар ақыл-кенес, өтініш, мақұлдау сияқты түрлері арқылы беріледі. Жаттығулар мен талаптар ойын формасында жиі қолданылады (рөлдік, сюжеттік ойындар). Жаттығу мен талап етуді қолданудың басты шарты оның шамасын білу, яғни белгілі бір уақыт аралығында баланың жас ерекшелігіне қарай екі не үш талап қойылады. Жаттығу түрлерінің бірі – үйрету, дағдыландыру әдісі. Бұл интенсивті орындалатын жаттығулар. Белгілі бір әдетті тез және жоғары деңгейде қалыптастыру үшін үйретуді қолданады. Бұл әдісті көбінесе балабақшаларда, бастауыш сыныптарда балаларға мінез-құлық ережелерін үйрету үшін қолданады. Жаттығу әдісі тапсырма беру әдісінің негізін құрайды. Мектептегі тапсырмалар әр түрлі болады: сырқат жолдасының көңілін сұрау, кішкентай балаларға ойыншықтар жасау т.б. Мектепте оқу сипатындағы тапсырмалар кеңінен қолданылады: кеңесшінің, мұғалім көмекшісінің жұмысын атқару. Тапсырманың орындалуын тапсырма берген адам (мұғалім, сынып белсендісі) бақылайды. Тапсырманың орындалу сапасы жөнінде көпшілік пікірге сүйенген дұрыс. Жаттығу мен үйретудің бір түрі – тәрбиелік жағдайлар әдісі. Тәрбие жүйесі педагогикалық жағдайлардан тұрады, ал олар нәтижелі болу үшін мұғалім арнайы жағдайлар құрастырады. Бұл ретте жағдай шындыққа сай болуы қажет. Жағдайдың кез келген түрінде оқушы шешім қабылдай алуы керек. Мұндай жағдайлар жорықтар, экскурсиялар мен ойындар кезінде құрастырылады.

Тәжірибелік әдістің ішінде жиі қолданылатыны - жаттығу әдісі. Бұл әдісті академик О.Жәутіков еңгізді. Тәжірибе көрсеткеніндей, бұл әдіс оқушыларда біліктер мен дағдыларды қалыптастырады. Оқу барысында техникалық ережелер мен қағидаларды қайта пысықтап, тиянақты меңгеру жаттығу арқылы орындалады.

Экономика пінін оқыту барысында ауызша , жазбаша пайданған дұрыс. Ауызша жаттығулар логикалық ойды, есті, тілді оқушылардың зейінін дамытуға көмектеседі. Жазбаша жаттығулар білімді бекіту және оны қолдану іскерлігін жасауда қолданылады. Оларды қолдану логикалық ойды дамытуға, жазбаша тіл мәдениетін, өздікті дамытуға көмектеседі. Экономика пәнінің оқыту барысында қолданылыатын жаттығулардың бірі - графикалық жаттығулар. Сабақта берілген мәліметтерді ққушылардын қаншалықты түсінгенін мұғалімдер кестелер , сызбалар арқылы оқушылар білімін тексереді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]