Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kursovoy_adisteme.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
97.52 Кб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе

  1. Оқытуды ұйымдастырудың әдістері туралы ұғым

    1. Оқыту әдістері туралы түсінік

1.2 Оқытуды ұйымдастырудың практикалық әдістері

  1. Колледждерде экономика пәнін оқыту барысында үрдісінде практикалық әдістерін қолдану ерекшеліктері

2.1 Жыттығу практикалық оқыту әдісі ретінде

2.2 «Экономикалық цикл. Жұмыссыздық пен инфляция.» сабағын жүргізу әдістемесі

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: «Білім туралы» Заңда (8-бап) білім беру жүйесінің басты міндеті «... ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» делінген, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында оқу бітіруші түлектердің біліміне қойылатын талаптар темендегідей:

- әлеуметтік-гуманитарлық ғылым саласында негізгі оқу мазмұнын білу, әлеуметтік жағынан қажетті білгірліктер мен үрдістерді ғылыми тұрғыдан талдай білу, ғылыми әдістерді кәсіптік және әлеуметтік қызметтің әр алуан саласында қолдана білу;

- адамның адамға, қоршаған ортаға қарым-қатынасын реттейтін этикалық және құқықтық нормаларды білу, оларды экологиялық және әлеуметтік іс жобаларын әзірлеуде ескере білу;

- өзініә алдына кәсіптік міндеттерін жүзеге асыруға байланысты мақсат қойып, оларды шешу үшін өзі оқып-үйренген ғылымның әдіс-тәсілдерін пайдалана білу;

- өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыра білу, кәсіптік қызметі саласында қажет ақпаратты жинау, сақтау мен сұрыптаудың компьютерлік әдістерін меңгеру;

- өзінің кәсіптік қызметінің түрі мен сипатының өзгеруіне пәнаралық жобалармен жұмыс істеуге әдістік және психологиялық жағынан дайын болу.[2]

Елімізде болып жатқан саяси-әлеуметтік, мәдени-этникалық, экономикалық өзгерістер халыққа білім беру мен тәрбие ісінің мазмұнын түбегейлі өзгертуде.

Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі парадигмасы білім беруде нәтижеге бағдарлану, оқытуды студенттің жеке тұлғасына бағыттау, ал оқыту әдістерін тұлғааралық қарым-қатынастарға бейімдеу болып отыр. Демек, оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы, танымдық «жаңалық» ашуы шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әр түрлі өнімдер жасауы тиіс. Нәтижесінде студенттің дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасуы керек. Осыдан келіп, еліміздің білім беру жүйесін қайта құру, жоғары оқу орны реформасын жасау, оқуды өмірмен байланыстыру, студенттерді білімді өз бетімен ізденуге үйрету және білім негіздерін демократиялық интеграциялық ұстанымдарға орайлас білім беру, тәрбиелеу талап етілуде.[2]

Қазақстанда оқыту әдістерін зерттеу мәселелерімен Р.Лемберг, Қ.Бержанов, А.Бейсенбаева т.б. айналысты. Оқыту әдістері белгілі бір негіз бойынша топтарға бөлінеді. XIX ғасырдың 20-30 жылдарында Б.Е.Райков, К.П.Ягодовский түсіндіру, тәжірибелік, зерттеу, зертханалық әдістерін жетілдірді. Сол кезеңде Н.М.Верзилин, Е.Я. Голант сөздік, тәжірибелік, көрнекілік әдістерін ұсынды. М.А.Данилов (1899-1973), Б.П.Есипов (1899-1967) дидактикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын әдістерді топтастырды. Олар: білім, білік және дағдыларды қалыптастыру, білімді қолдану, шығармашылық іс-әрекет, бекіту, білім, іскерлік, дағдыларды тексеру. Аталған авторлардың пікірлері бойынша оқыту әдісі - дидактикалық мақсатқа жету үшін студенттердің іс-әрекетін реттеп, ұйымдастыру тәсілдері. Бұл саралауда әдістер оқытудың алдында тұрған міндеттермен сәйкестендірілген

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығыда –мектеп,колледждер. Орта мектептер мен колледждердің білім деңгейін көтеру және онда оқыту әдістері мен құралдарды пайдалану арқылы оқу – тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, ұстаздардың, басшылардың, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз. Оқыту әдістерін,соның ішінде сөздік әдістерді қолдану негізінде оқу орындарынды экономика бағытының пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады. Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында : «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез – келген білім беру саласында мультимедиалық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланылады.

Әрбір оқушының еркін дамып, оның ішкі даралық және дарындылық мүмкіндіктерінің ашылуын және педагогтарының шығармашылықпен нәтижелі жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін мектепті басқару жүйесінің демократиялық пен ізгілік негізде құрылуының маңызы зор.

Қазіргі қоғам дамуының объективтік процестерін талдау мынаны білдіреді: қазіргі экономикалық құрылыс-аралас экономиканы сипаттайды, ол бұрынғының қойнауында туған қоғамдық шаруашылықты жүргізудің жаңа түрі. Тек сыртқы көрініс түрі тауарлы ұжымдық қатынастардың бар екенін көрсетті, сөйтіп экономист ғалымдарды аралас экономика туралы айтуға мәжбүр етті, содан кейін теория жасауға кірісті. Қоғамдық шаруашылықты жүргізудің екі түрі, аралас экономиканың тарихи алғы шарттары еді. Сондықтан аралас экономикашын өмірдегі қатынастардың бер жағын емес, ең терендігішын нақты қатынастарды айқындайды. Аралас экономика өзінің бойына мемлекет пен кәсіпкерлердің арасындағы  қатынастарды емес, тіпті формациялар мен өндіріс арасындағы қатынастарды емес, ол бір қоғамдық өндіріс түрінің екіншісімен ауысу қатынастарын жинақтайды. Аралас экономикада ешкімді, ештеңені ешқандай қыстау, қинау, шындау жок.

Курстық жұмыстың мақсаты: Оқушылардың оқыту процесінде практикалық оқыту әдістерін жасау.

Курстық жұмыстың міндеттері:

- Оқытуды ұйымдастырудың әдістерінің түрлерімен танысу;

- Оқыту әдістері туралы түсіні

- Оқытуды ұйымдастырудың практикалық әдістерінің ерекшеліктерімен танысу;

- Колледждерде экономика пәнін оқыту барысында үрдісінде практикалық әдістерін қолдану ерекшеліктері

- Жыттығу практикалық оқыту әдісі ретінде

- «Экономикалық цикл. Жұмыссыздық пен инфляция.» сабағын жүргізу әдістемесіy құру;

Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: Колледждерде экономика пәнінің үдерісі.

Курстық жұмыстың зерттеу пәні: Колледждерде экономика пінін оқытуда практикалық әдістерді пайдалану.

Курстық жұмыстың зерттеу әдістері: берілген мақсаттарды іске асыру мақсатында практикалық оқыту әдістеріy қолданылады.

Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден және қосымшадан тұрады.

Кіріспе бөлімінде оқушылардың білім беру процесі, курстық жұмыстын мақсаттаре мен міндеттеріне тоқталған .

Бірінші бөлімде - оқытуды ұйымдастырудың әдістері мен практикалық оқыту әдісі айқын жазылған.

Екінші бөлімде - Оқыту барысында жаттығу практикалық оқыту әдісі толық көрсетілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]