Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ZhMF_zhauaptar.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
249.63 Кб
Скачать

3. Дисперсиялық талдау.

Дисперсиялық талдаудың негізгі логикасы орташалар арасындағы айқын ауқымдылықты анықтау. Бұл тексеру квадраттардың сомасын бөлшектерге бөлу арқылы анықталады, бір бөлшек кездейсоқ қатемен байланысты, ал екіншісі орташалар арасындағы айырмашылыққа байланысты. Соңғы дисперсияның бөлшегі орташа шамалар арасындағы айырмашылықты талдауға қолданылады. Егер айырмашылығы айқын болса, нөлдік жорамал жоққа шығарылады, сол себептен альтернативтік жорамал қабылданады.

Дисперсиялық талдауда айқын ауқымдылығын зерттеу, дисперсия компоненттерін салыстыруға негізделген. Дисперсия екі компененттен құралады: топ арасындағы (MSэф) төмендегі (MSош). ( Бұл терминдер бірінші рет 1885 жылы Edqtworfh еңбегінде қолданылған). Егер нөлдік жорамал дұрыс болса, онда екі таңдаманың арасында айтарлықтай айырмашылық болады. Сол себептен топ ішіндегі дисперсияны Ғ – критерийімен салыстыруға болады.

Зерттейтін факторға қарай бір факторлық және көп факторлық болады. Бір факторлық дисперсия - А фактордың, < деген деңгейі бар, қалыпты таралу Х шамасына әсерін зерттейді. Бір факторлық дисперсиялық талдау негізіне екі топтық орташалардың (Х) тығыз байланысты, және екі дисперсия түрлері арасындағы қарым-қатынас жатады.

Екі дисперсия түрлері – векторлық қалдық. Факторлық дисперсия А фактордың Х шамасына әсерін сипаттайды. Қалдық дисперсия- кездейсоқ себептердің әсерін зерттейді.

Екі факторлы дисперсиялық талдау екі фактордың бір уақытта, қалыпты таралу кездейсоқ Х шамасына әсерін зерттейді.

49 билет

  1. Жалпы, факторлық және қалдық дисперсия.

Бақылау нәтижесі бойынша бірдей дисперсиялары бар, бірнеше қалыпты таралған жиынтықтардың бас орташаларын салыстыру үшін дисперсиялық талдауды қолданады. Дисперсиялық талдау қалыпты таралған жиынтықтарға, бірнеше деңгейлері бар, факторлардың әсерін зерттеу үшін қолданылады.

Зерттейтін факторлардың санына байланысты бірфакторлық және көпфакторлық дисперсиялық талдау түрлері бар.

Бірфакторлық дисперсиялық талдау – қалыпты таралған кездейсоқ шамаға (Х) L тұрақты деңгейлері бар қайбір А фактордың әсерін зерттейді.

Бірфакторлық дисперсиялық талдаудың негізі болып топтық орташаның (Х) арасындағы айырмашылық және қалдық пен факторлық дисперсияларының арақатынасы болып табылады.

Факторлық дисперсия (Х) кездейсоқ шамаға (А) факторының әсерін сипаттайды, ал қалдық дисперсия (Х) кездейсоқ шамаға кездейсоқ факторының әсерін сипаттайды. Қалыпты таралған кездейсоқ шамаға (Х), екі фактор (А және В) әсерлерін зерттейді.

  1. Медицина – биологиялық экспериментін кезендері.

Эксперименттің негізгі мақсаты - дерттердің туу заңдылығын және оның даму механизімінің дамуын анықтау; Емдеу мен сақтандырудың жаңа әдістерін даярлау және тексеру.

Медицина – биологиялық эксперименттің негізгі функциялары:

  • Жаңа ғылыми мәліметтерді алу жолы болып табылады

  • Бір-біріне ұқсас мәліметтер тобынан, жалпы ұқсастығын көрсететін әдіс болады

  • Жорамалдарды және теорияларды олардың шындық критерийімен тексеру жолы болып табылады

  • Тәжірибелік клиникада дерттерді емдеу және анықтау жаңа әдістерін қолданылуына салыстырмалы кепілдік береді

Эксперименттердің түрлері:

  • Кенет эксперименті

  • Созылмалы эксперименті

Медицина- биологиялық эксперименттің кезеңдері

І кезең – жұмыс жорамалдарын құрастыру

ІІ кезең зерттеудің мақсатын және жоспарын анықтау

ІІІ кезең – нақты әдісті таңдау

ІҮ кезең - тікелей экспериментті өткізу

Ү кезең – экспериментті тіркеу және мәліметтерді талдау

ҮІ кезең – талдау және қортынды