Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Cәйкестендіру.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
165.23 Кб
Скачать

55. Ынтымақтастық оқу тәсілдерінің саны жеткілікті, бірақ та бірлескен оқу үдерісінің негізгі сипаттамалары мынадай:

1. Оқу оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады.

2. Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталауды емес, құрдастардың белсенді қатысып, ақпаратты өңдеуін және қорытуын талап етеді.

3. Қатысушылар әр адамның көзқарасымен танысудан пайда алады

4. Оқу оқушылардың әңгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі. Осы зияткерлік жаттығу кезінде оқушылар ой-пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады.

5. Оқудың ынтымақтастық ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами түседі, өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады.

56. Тәлімгер міндеттері(тәлімгерлік үдерісіне өзінің тәжірибесін үлес етіп қоса отырып):

1. тәлім алушыларға мүмкіндіктер мен проблемаларды қарауға мүмкіндік береді

2. стратегиялық деңгейде өзінің ноу-хауымен алмасады

3. тәлім алушыға шынайы мақсат қоюға және оған жету жолдарын жоспарлауға көмектеседі

57. Коучинг пен тәлімгерліктің тиімділігін қамтамасыз ету үдерісі үш негізгі мәселені қамтиды:

1. Мәнмәтін. Бірден пайдалануға мүмкіндік болу үшін коучинг тәжірибесі мәнмәтінде болуы керек.

2. Өзектілік. Ақпарат пен ұсынымдар мұғалім үшін де және олар өткізетін оқу сабақтары үшін барынша өзекті болуы керек.

3. Жүйелі тәлімгерлік. Тәлімгер күнде қолдау көрсетіп отыруы керек. Мұғалімдерге жақында алған дағдыларын бейімдеуде қолдау көрсетіп, олардың табысқа ұмтылуын қамтамасыз етуі қажет.

58. Мектептегі коучинг пен тәлімгерлік негізгі жеті ұстанымға негізделеді:

1. Коучинг пен тәлімгерлік мұғалімдердің дамуы мен көмек көрсетудің айтарлықтай тиімді тәсілі болып табылады.

2. Құзырлы тәлімгер оқыту мен оқудағы тәжірибесінің сапасын арттыруға ықпал етеді.

3. Кәсібилігін жетілдіру мақсатында коуч пен тәлімгерге тренинг қажет

4. Коучті жаттықтыру – тренерлердің басты міндеті

5. Оқыту мен оқу тәжірибесіндегі болмашы қадамдар мен өзгерістер сыныптағы жағдайды айтарлықтай өзгертуге қабілетті

6. Оқыту мен оқу тәжірибесі үшін ұсынылатын жекелеген тәсілдер мен әдістер, бір қарағанда болмашы болып көрінуі мүмкін, бірақ жүйк ішінде жағымды өзгерістерге ықпал ететін қуатты қозғалыс күші

7. Коучингті іске асырудың бір ғана дұрыс жолы жоқ

59. Тәжірибелі көмекшінің моделі(Еган, 1998), үш сатылы құрылым:

Бірінші кезеңі: Үдерістің басында тәлім алушының іс-әрекетін және оның тәжірибені өзгерту үшін не істегісі келетінін анықтауға бағытталған.

Екінші кезең: Тиісті тиімді шешім таңдауды

Үшінші кезең: Өзгерістерді енгізуді мақсат етеді

60. Тәлімгер тәлімгерлік үдерісіне өзінің тәжірибесін қоса отырып, бірқатар міндеттерді орындайды:

  • Тәлім алушыларға мүмкіндіктер мен проблемаларды қарауға мүмкіндік береді;

  • Стратегиялық деңгейде өзінің ноу-хауымен алмасады;

  • Тәлім алушыға шынайы мақсат қоюға және оған жету жолдарын жоспарлауға көмектеседі.

61. Білім беру үдерісінің өзара үйлеспейтін екі функциясы бар:

1. қоғамдық өмірдің қазіргі кезде бар үлгілерін жаңғырту

2. болашақ буыны жылдам өзгеріп жатқан қоғамдық өмірге қатысуға қабілетті болуға дайындау барысында тәжірибенің өзгеруіне кедергі жасауы ықтимал білім беру жүйелерінің консервативті үдерісін жеңе білу

62.Іс-әрекеттегі зерттеу бұл:

  • Әрекеттер мен олардың салдарын жүйелі түрде зерттеумен қоса оқыту мен оқуды жетілдіру мақсатында іс-әрекетті орындау үдерісі

  • Зерттеуге жүргізілу мақсатымен жақсы таныс зерттеуші де белсенділікпен қатысатын қолданбалы зерттеудің түрі

63. Іс-әрекеттегі зерттеуді:

  • Негізінен өз тәжірибесін жетілдіру үшін өзінің жұмыс орнындағы деректерді талдайтын практик-мамандар әзірлеп жүргізеді

  • Ол антропология, әлеуметтану, этногафия саласында қалыптасқан сапалы зерттеулердің бай дәстүрлері тұрғысынан қарастырылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]