- •8) Көшбасшылықты дамыту стратегиялары
- •9) Сыныпта өзгерістерді іске асыру
- •11)Ғалымдарды олардың зияткерлікке берген анықтамаларына сәйкестендіріңіз.
- •14. Маслоудың қажеттіліктер иерархиясы:
- •15. Мен тұжырымдамасының компоненттері:
- •16 . Өзіндік тиімділікті қалыптастыруға ықпал ететін 4 фактор:
- •17. Оқу қай жерде өтетіне қарамастан, жалпы белгілері болады:
- •19. Сын тұрғысынан ойлау дағдыларының негізгі тізбесіне:
- •20. Сын тұрғысынан ойлау проблемаларымен белсенді айналысатын адамдар, топтар төмендегі теориялық құрылғыларға лайықты көңіл бөледі:
- •21. Бастапқы деңгейде сын тұрғысынан ойлау үдерісі:
- •22 Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауының негізгі ерекшеліктері:
- •23.Ұғымдар мен деферинциялар арасындағы сәйкестік
- •24. Оқытудың түрлері
- •37. Ренцулли(1978) дарындылықты адами қасиеттердің үш негізгі тобының өзара әрекеттестігі негізінде анықтады:
- •38. Зияттың 8 түрі – Гарднер(2006):
- •39. Ең үздік оқушыларды анықтайтын сенімді өлшемдер(Фриман) :
- •40. Дарынды және талантты балалрды анықтауға көмектесетін 5 тапсырма(ақш кеңесі):
- •42. Дарынды және талантты оқушылардың білімін жетілдіру кезеңдері (Ренцулли мен Райс, 1985)
- •43. Жас ерекшеліктері тұрғысынан оқу үдерісінң тарихы
- •44 Сөйлеу оқушылардың жас ерекшелігі тұрғысынан:
- •45 Ой жүгірту оқушылардың жас ерекшелігінен:
- •5 Кезең. Әлеуметтік шарт және жеке құқықтар.
- •47. Өздігінен реттелетін оқудың үш элементі маңызды (Перри 2002)
- •48.Оқушы үні жобасының мақсаттары:
- •49.Сыныптағы оқу үдерісінің тиімділігін анықтайтын факторлар:
- •51.Оқушылардың алған ақпаратты сақтауының орташа пайызы:
- •55. Ынтымақтастық оқу тәсілдерінің саны жеткілікті, бірақ та бірлескен оқу үдерісінің негізгі сипаттамалары мынадай:
- •59. Тәжірибелі көмекшінің моделі(Еган, 1998), үш сатылы құрылым:
- •60. Тәлімгер тәлімгерлік үдерісіне өзінің тәжірибесін қоса отырып, бірқатар міндеттерді орындайды:
- •61. Білім беру үдерісінің өзара үйлеспейтін екі функциясы бар:
- •64. «Ғылым қалай әрекет етеді» тұжырымдамасы:
44 Сөйлеу оқушылардың жас ерекшелігі тұрғысынан:
4 жасар- 5 сөзден тұратын сөйлемді пайдаланады, 1500 сөзден тұрады сөздік қоры
5 жасар – 6 2000
1 сынып – 6000
Ересектер 25000 сөз пайдаланады және 50000 сөз біледі
45 Ой жүгірту оқушылардың жас ерекшелігінен:
Ұқсастық бойынша ой жүгірту – адамның санасы мен білім алуы үшін маңызды. Проблемалар мен табысты жұмыс істеуге мүмкіндік беретін жоғары деңгейдегі дағдылар, білімді жаңа жағдайларға орайластыру және әртүрлі мәнмәтіннен алынған түрлі ақпаратты пайдалану арқылы оқу қабілеті
Моральдік пайымдау – (өнегелі даму) психология мен білім берудің негізгі тақырыптарының бірі. Кохлберг өнегелі даму – бұл өмір бойы жүретін тұрақты үдерісдеп болжап, әрқайсысы екі кезеңнен тұратын үш деңгейге бөлді
1 деңгей. Нормативтікке дейінгі моральдік пайымдау
1 кезең. Тілалғыштық және жазалау. Өнегелі дамудың ең ерте кезеңі, бастауыш мектеп жасындағы балалар арасында кең тараған. Бұл кезеңде балалар ережелерді абсолютті және мызғымас деп санайды. Ережеге бағыну маңызды, себебі бұл жазаға ұрынбау дегенді білдіреді.
2 кезең. Тұлғалық ерекшелену және өзара әрекеттесу. Өнегелілік дамудың осы кезеңінде балалар дара көзқарастарды ескереді, қылықтар туралы жеке қажеттіліктерге қаншалықты сәйкес келетініне қарай ой білдіреді. ( мысалы Ганс дилеммасы) Өнегелі дамудың бұл сатысында өзара түсіністік болуы үшін ол жеке мүддеге сәйкес келуге тиіс.
2 деңгей. Дәстүрлі моральдік пайымдау
3 кезең. Тұлғааралық қатынастар. Әдетте «жақсы ұл, жақсы қыз» деп қарастырылады. Бұл сатыда даму әлеуметтік тұрғыдан күтілетін нәтиже мен рөлдерге қол жеткізуге шоғырланады.
4 кезең. Әлеуметтік тәртіпті қолдау. Адамдар пайымдау жасағанда қоғамды тұтас қарастырады. Ережелерді орындау және борыш пен өкілеттілікті атқарылу заң мен тәртіпті қолдауға ерекше назар аударылады.
3 деңгей. Нормативтен кейінгі моральдік пайымдау.
5 Кезең. Әлеуметтік шарт және жеке құқықтар.
Адамдар түрлі құндылықтарды, басқа адамдардың пікірі мен көзқарастарынескере бастайды. Заңның қағидалары қоғамды қолдау үшін аса маңызды десекте қоғам мүшелері мұндай стандарттармен келісуге тиіс екені сөзсіз.
кезең. Әмбебап қағидаттар. Этикалық қағидаттарға және абстрактілі пайымдауға негізделеді. Қағидалармен, заңдармен келіспесе де, әділдіктің үйреншікті қағидаттарына сүйенеді
46. Флейвелл(1976) метатануды өлшеудің үш құрылымын сипаттады:
Өзін оқушы деп білу
Мақсаттар мен тапсырмаларды білу, түсіну және бағалау
Тапсырманы орындауға қажетті стратегияларды білу және оның мониторингі
Бірінші өлшем жеке білімге қатысты
Өзін оқушы ретінде тани отырып, өзінің мықты және әлсіз жақтарын сезінеді, оқу үдерісінде не ұнайтынын, не ұнамайтынын түсінеді.
Флейвелл оқушылар өздерінің оқуын саналы түрде дамыған сайын басқа оқушылардың да өз оқуына қатысты таңдауы, күшті және әлсіз жақтары бар екендігі туралы метатанымдық түсінігінің де кеңейтіндігін анықтады
Екінші өлшем тапсырмаға бағытталған
Оқушының өз мақсаты мен тапсырмаларын білу, түсіну мен бағалауды қамтиды. Метатанудың бұл аспектісі оқушының тапсырманы қалай талдайтынын және бағалайтынын немесе күрделілік деңгейін қалай салыстыратынын көрсетеді
Үшінші өлшем тапсырманы орындауға қажетті білімдер мен тәсілдер мониторингі ретінде анықтайды
