- •8) Көшбасшылықты дамыту стратегиялары
- •9) Сыныпта өзгерістерді іске асыру
- •11)Ғалымдарды олардың зияткерлікке берген анықтамаларына сәйкестендіріңіз.
- •14. Маслоудың қажеттіліктер иерархиясы:
- •15. Мен тұжырымдамасының компоненттері:
- •16 . Өзіндік тиімділікті қалыптастыруға ықпал ететін 4 фактор:
- •17. Оқу қай жерде өтетіне қарамастан, жалпы белгілері болады:
- •19. Сын тұрғысынан ойлау дағдыларының негізгі тізбесіне:
- •20. Сын тұрғысынан ойлау проблемаларымен белсенді айналысатын адамдар, топтар төмендегі теориялық құрылғыларға лайықты көңіл бөледі:
- •21. Бастапқы деңгейде сын тұрғысынан ойлау үдерісі:
- •22 Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауының негізгі ерекшеліктері:
- •23.Ұғымдар мен деферинциялар арасындағы сәйкестік
- •24. Оқытудың түрлері
- •37. Ренцулли(1978) дарындылықты адами қасиеттердің үш негізгі тобының өзара әрекеттестігі негізінде анықтады:
- •38. Зияттың 8 түрі – Гарднер(2006):
- •39. Ең үздік оқушыларды анықтайтын сенімді өлшемдер(Фриман) :
- •40. Дарынды және талантты балалрды анықтауға көмектесетін 5 тапсырма(ақш кеңесі):
- •42. Дарынды және талантты оқушылардың білімін жетілдіру кезеңдері (Ренцулли мен Райс, 1985)
- •43. Жас ерекшеліктері тұрғысынан оқу үдерісінң тарихы
- •44 Сөйлеу оқушылардың жас ерекшелігі тұрғысынан:
- •45 Ой жүгірту оқушылардың жас ерекшелігінен:
- •5 Кезең. Әлеуметтік шарт және жеке құқықтар.
- •47. Өздігінен реттелетін оқудың үш элементі маңызды (Перри 2002)
- •48.Оқушы үні жобасының мақсаттары:
- •49.Сыныптағы оқу үдерісінің тиімділігін анықтайтын факторлар:
- •51.Оқушылардың алған ақпаратты сақтауының орташа пайызы:
- •55. Ынтымақтастық оқу тәсілдерінің саны жеткілікті, бірақ та бірлескен оқу үдерісінің негізгі сипаттамалары мынадай:
- •59. Тәжірибелі көмекшінің моделі(Еган, 1998), үш сатылы құрылым:
- •60. Тәлімгер тәлімгерлік үдерісіне өзінің тәжірибесін қоса отырып, бірқатар міндеттерді орындайды:
- •61. Білім беру үдерісінің өзара үйлеспейтін екі функциясы бар:
- •64. «Ғылым қалай әрекет етеді» тұжырымдамасы:
37. Ренцулли(1978) дарындылықты адами қасиеттердің үш негізгі тобының өзара әрекеттестігі негізінде анықтады:
Қабілеттері ортадан жоғары
Тапсырманы жоғары деңгейде беріліп орындау
Жоғары деңгейлі шығармашылық
38. Зияттың 8 түрі – Гарднер(2006):
Логикалық-математикалық
Лингвистикалық
Кинестикалық
Кеңістік
Музыкалық
Тұлғааралық
Тереңдетілген
Табиғи
39. Ең үздік оқушыларды анықтайтын сенімді өлшемдер(Фриман) :
Есте сақтау және білім: олардың есте сақтау қабілеттері өте жоғары, олар ақпаратты біліп қана қоймай оны пайдалана алады
Өз білімін жетілдіру: олар оқыту үдерісінің қалай жүретінін басқалардан гөрі жақсы біліп, өздерінің оқуын реттей алады
Ойлау қабілетінің жылдамдығы: олар жоспарлауға көп уақыт жұмсауы мүмкін, бірақ жоспарды тез жүзеге асырады
Мәселені шешу:олар ақпаратты толықтырып, олардың қайшылықтарын анықтап, мәніне тезірек жетеді
Икемділік: басқаларға қарағанда олардың ойлау қабілеттері жақсы ұйымдастырылған, дегенмен олар оқуда және проблемаларды шешуде балама шешімдерді көріп, қабылдай алады
Күрделілікке деген сүйіспеншілік: қызығушылығын арттыру үшін олар күрделі ойын мен тапсырмаға ұмтылады
Шоғырлану : ерте жасынан бастап ерекше қабілеттерін ұзақ уақытқа шоғырлау қабілеттері бар
Ерте символдық белсенділік: олар ерте жасынан сөйлей, оқи жаза бастайды
40. Дарынды және талантты балалрды анықтауға көмектесетін 5 тапсырма(ақш кеңесі):
Талантты оқушылардың әртүрлі қабілеттерінің өрісін белгілеу
Мәдени және басқа наным-сенімдерге қарамастан барлық оқушыларға бірдей мүмкіндіктерді қамтамасыз ету
Оқушылардың тек көрсетіп жүрген ғана емес, сонымен бірге көрсетуі мүмкін әлеуетті жетістіктерін анықтау
Ерекше қабілетті оқушыларды анықтау үшін бағалаудың түрлі жүйелерін пайдалану
Ынталандыруды оқушылардың жетістігі үшін түйінді маңызы бар әрекеттік және эмоцианалдық тұрғыдан бағалау
42. Дарынды және талантты оқушылардың білімін жетілдіру кезеңдері (Ренцулли мен Райс, 1985)
Бірінші кезең – жалпы зерттеу қызметі(жетілдіру, байыту). Мұнда оқушыларға әртүрлі тақырыптағы көптеген тапсырмалар мен қызмет түрлерін ұсынады. Баспа материалдарын, БАҚ, саяхат т.б қамтитын кез келген сабақ түрінде өткізілуі мүмкін. Осы кезең балаларды стандартты оқу бағдарламаларынан тыс оқушылар үшін тартымды және қызықты салаларда дамытуға ықпал етеді
Екінші кезең – топтық тренингтік жұмыс(үдеріс). оқушыларда зерттеу жүргізуге және бірқатар эмоциялық әрі зияткерлік үдерістерді жүзеге асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру мақсатында әзірленген. Шығармашылық ойлаудың, проблемаларды шешу қабілетінің, сын тұрғысынан ойлаудың болуын, шешім қабылдауға және аффектік үдерістерге дайын болуды, зерттеушілік дағдының, қарым қатынас жасау дағдысының, қалай оқу керектігін үйрену дағдысының болуын көздейді
Үшінші кезең – нақты проблемаларды жеке және шағын топтарда зерттеу(нәтижелілік)
43. Жас ерекшеліктері тұрғысынан оқу үдерісінң тарихы
Оқытудағы бихевиористикалық тәсіл |
Ортамен өзара байланысты мінез құлықты зерделеу үшін эксперименттік рәсімдерді пайдалануды қарастырады (Уотсон) |
Оқытудағы танымдық тәсіл |
Гештальд теориясының ізбасарлары Тұлғаның ақыл ой үдерістеріне сүйенген. Іс-қимыл немесе оқу үдерісі ретінде сана орады ерекше қызықтырған |
Оқытудағы гуманистік тәсіл |
Адамның өсуіне (Маслоу мен Роджерс) |
Оқытудағы әлеуметтік жағдаяттық тәсіл |
Оқушылар әлемді түсіну үшін құрылымдар мен модельдерді игеріп қана қоймай, өз құрылымы бар ортаға қатысады. |
