
- •8) Көшбасшылықты дамыту стратегиялары
- •9) Сыныпта өзгерістерді іске асыру
- •11)Ғалымдарды олардың зияткерлікке берген анықтамаларына сәйкестендіріңіз.
- •14. Маслоудың қажеттіліктер иерархиясы:
- •15. Мен тұжырымдамасының компоненттері:
- •16 . Өзіндік тиімділікті қалыптастыруға ықпал ететін 4 фактор:
- •17. Оқу қай жерде өтетіне қарамастан, жалпы белгілері болады:
- •19. Сын тұрғысынан ойлау дағдыларының негізгі тізбесіне:
- •20. Сын тұрғысынан ойлау проблемаларымен белсенді айналысатын адамдар, топтар төмендегі теориялық құрылғыларға лайықты көңіл бөледі:
- •21. Бастапқы деңгейде сын тұрғысынан ойлау үдерісі:
- •22 Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауының негізгі ерекшеліктері:
- •23.Ұғымдар мен деферинциялар арасындағы сәйкестік
- •24. Оқытудың түрлері
- •37. Ренцулли(1978) дарындылықты адами қасиеттердің үш негізгі тобының өзара әрекеттестігі негізінде анықтады:
- •38. Зияттың 8 түрі – Гарднер(2006):
- •39. Ең үздік оқушыларды анықтайтын сенімді өлшемдер(Фриман) :
- •40. Дарынды және талантты балалрды анықтауға көмектесетін 5 тапсырма(ақш кеңесі):
- •42. Дарынды және талантты оқушылардың білімін жетілдіру кезеңдері (Ренцулли мен Райс, 1985)
- •43. Жас ерекшеліктері тұрғысынан оқу үдерісінң тарихы
- •44 Сөйлеу оқушылардың жас ерекшелігі тұрғысынан:
- •45 Ой жүгірту оқушылардың жас ерекшелігінен:
- •5 Кезең. Әлеуметтік шарт және жеке құқықтар.
- •47. Өздігінен реттелетін оқудың үш элементі маңызды (Перри 2002)
- •48.Оқушы үні жобасының мақсаттары:
- •49.Сыныптағы оқу үдерісінің тиімділігін анықтайтын факторлар:
- •51.Оқушылардың алған ақпаратты сақтауының орташа пайызы:
- •55. Ынтымақтастық оқу тәсілдерінің саны жеткілікті, бірақ та бірлескен оқу үдерісінің негізгі сипаттамалары мынадай:
- •59. Тәжірибелі көмекшінің моделі(Еган, 1998), үш сатылы құрылым:
- •60. Тәлімгер тәлімгерлік үдерісіне өзінің тәжірибесін қоса отырып, бірқатар міндеттерді орындайды:
- •61. Білім беру үдерісінің өзара үйлеспейтін екі функциясы бар:
- •64. «Ғылым қалай әрекет етеді» тұжырымдамасы:
Cәйкестендіру
1)Мұғалімнің өз бойында төмендегідей дағдылардың қалыптасқандығын көрсетуін қамтамасыз ету:
Бағдарламаның негізгі идеялары туралы рефлексивті ойлау
Іс-әрекетті зерттеуді жоспарлау және жүргізу
Мұғалімдер тобын оқытуды басқарудағы коучинг және тәлімгерлік
Бағдарламаның жеті модулі ықпалдастырылған тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау және жүзеге асыру үдерісіндегі тәлімгерлік
Өзінің педагогикалық тәжірибесі туралы ойлану
2) Е.д.б бағдарламасы бойынша сұрақты қою реті:
Неліктен оқыту тәсілдерімізді өзгертуге тиіспіз?
Біз мұны қалай істейміз?
Біз сыныпта не істеуіміз керек?
3) Ұлыбританияда жүргізілген Үздіксіз кәсіби дамудың Оппер мен Педдер(2010) мұғалімдердің кәсіби оқуына септігін тигізетін және оқушылардың нәтижелерін арттыратын алты фактор:
1. Шынайы жағдайға барабар әрекет - 2. оқу кезеңінің ұзақтығы
3. Бастама – 4. арнайы мәтін
5. Әріптестермен ынтымақтастық – 6. нақты сыныптағы тәжірибелік жұмыс
4) Макбеттің(2004) көшбасшылықтың табысты болуының алты факторы:
1. Жай бөлініс: олар үшін белгіленген рөлдер\лауазымдық нұсқаулар шегінде жұмыс істеуінен күтілетін нәтижені меңзейді. Жай бөлініс үдерісінің барлық қызметкерлер үшін жоғары дәрежелі қауіпсіздікті қамтамасыз етуде артықшылығы мол. Маңайдағылар өздерінің қайда екенін біледі. Жай бөлініс батыл, түбегейлі өзгеріс енгізу үшін қажетті талап болуы мүмкін
2. Прагматикалық бөлініс: Болып жатқан оқиғаларға сәйкес әрекет етуді білдіреді және де мектепке сырттан жасалатын, күн сайын күшейіп жатқан қысымға байланысты өзгеріп тұратын жұмыс жүктемесін қамтиды
3. Стратегиялық бөлініс: мектепті жетілдіруге бағытталған нақты мақсатқа бағытталушылық-стратегиялық бөліністің өзіндік ерекшелігі болып табылады. Бұл бөліністі мұқият ойластырылған кадрлық тағайындаулардан көре аламыз
4 Кезеңдік бөлініс:прагматикалық жағдаятпенқоса, кәсіби дамуға бағдарланған стратегиялық сипатқа ие. Өздеріне көшбасшылық тәне екендігін көрсете алған мұғалімдерге жауапкершілік те көп жүктеледі. Мұғалімдер өздерін көшбасшылыққа қабілетті екенін қаншалықты дәлелелдей алса, оларға жүктелетін жауапкершіліктің мөлшері де соншалықты арта бермек
5 Бастамашылық бөлініс:көшбасшыны тағайындамайды, көшбасшылық мұғалімдерге бөлініп берілмейді, мұғалімдер өздері қабылдайды, көшбасылық қабілеттері бар мұғалімдер өз еріктерімен белгілі бір үдерісті жүргізу жауапкершілігін өз мойындарына алады, өздері ықпал ететін аймақ ауқымын кеңейтеді, кейде бұл үдеріс басшылықтың қатысуынсыз жүреді
6 Бөлініс мәдениеті: Бұл жағдайда кім дегеннен кім дегеннен гөрі, не дегенге баса назар аударылады. Көшбасшылық белгілі бір рөлді орындауда емес, нақты қызмет саласында және жекелеген адамдардың бастамасы бойынша жүргізіледі. Мұғалімдер әріпетестерімен бірлесе отырып, бастама білдіреді, оларда ешқандай басшы, жетекші деген болмайды. Бұл адам рухының қайратының көрінісі, мектептің орныққан дәстүрлері, оның жалпы мәдениетінің көрсеткіші.
Көшбасшылықты бөлудің бұл түрі өзара қарым-қатынастың төрт түріне байланысты:
Құрметтеу (басқаның пікірін тыңдау және бағалау)
Жеке қарым-қатынас (кәсіби өзара қарым-қатынасты қолдайтын орнықты жеке қарым-қатынас)
Құзіреттілік (басқалармен өзара қарым-қатынас барысында күтілетін нәтижеге қол жеткізе білу)
Адалдық (өзара сенімді және шынайы қарым-қатынас)
6)Мұғалім көшбасшылығының дамыту жұмысының жеті кезеңі:
1. Құндылықтарды анықтау
2. Кәсіби міндеттерді анықтау
3. Дамыту бағдарламасын құруға арналған келісім мен кеңестер
4. Атқарылатын жұмыстардың жоспарын құру
Атқарылатын жұмыстардың жоспарын құруға арналған келісім мен кеңестер
зерттеуге негізделген көшбасшылықты дамыту бойынша жұмыс
7 Кәсіби білімдердің дамуына жәрдемдесуге ықпал ететін желілік қоғамдастықтағы жұмыс
7)Lesson study 4 түрлі кезеңнен тұрады
1. Әріптестеріннің немесе тәжірибелі мұғалімдердің кеңесіне сүйеніп, жеке немесе бірлесіп, топпен сабақтың мақсатын анықтау және оны дайындау
2. өткізу және қатысушылардың оны бақылауы
3. қатысушылардың барлығы: табысты тұстарды, сондай ақ жетілдірілуге тиісті жерлерді талқылауы
4. Талқылауды жалғастыру, л.с жақсарту жөніндегі дамыту жолдарын анықтау үшін бейресми кездесу өткізу
8) Көшбасшылықты дамыту стратегиялары
-
Оқыту cаласындағы грант
А,В
2. Мұғалімдерге арналған зерттеушілік семинар
С,Д
Зерттеуші мектеп
(қалғаны)
А) ғалымдар өз жұмыстарын жұртшылыққа жария етеді
В) тәжірибеде қолдану үшін басқаларға таратылады
С) мұғалімдер мен мектептерге шешу қажет болатын проблемалар мен мәселелерді анықтайды
Д) мұғалімнің де, мектептің де әлеуетін дамыту мақсатында мұғалімдердің мектепте ортақ білім базасын құруына септігін тигізеді
1) оқу сапасын арттыру және қолдау көрсету арқылы оқу үлгерімін арттыру.
2)Мектептің өзін-өзі бағалау үдерісіне қолдау көрсету
3)оқушылардың білімдегі жеке қажеттіліктерін түсіну және шешу арқылы оқуды жетілдіру т.б.
4)Жастарға олардың білім алу мәселелері бойынша кеңес беру, ғылыми зерттеулерге тарту
5)Рөлі мен мәртебесіне қарамастан барлық қызметкерлердің мектеп реф –на ат салысу
6) мектеп проблемаларын шешу үшін өзінің әлеуетін дамыту
9) Сыныпта өзгерістерді іске асыру
1. Ойлау жолдары: сын тұрғысынан ойлау, қалай оқу керектігін үйрену, біздің қалай оқитынымызды білу.
2. Әдістер мен тәсілдер: бірлескен оқу, диалогтық оқу, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқытуды басқару мен көшбасшылық, Lesson study, коучинг және тәлімгерлік, іс-әрекеттегі зерттеу
3. Жұмыс құралдары: оқыту мен оқуда АКТ қолдану, әріптестердің өзін-өзі және өзара бағалауы, ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлау
10) Оқу нәтижелерінің 5 түрі:
1 Оқу білімнің сандық ұлғаюы ретінде –алынған ақпарат, көп білу
2 Оқу есте сақтау ретінде – нәтиже қайта өндіруге болатын есте сақталған көлемді ақпарат
3 Оқу ақпарат жинау ретінде – нәтиже есте сақталып, қажет болған жағдайда қолдануға да болатын дерек, дағды және әдістердің айтарлықтай мөлшердегі жиынтығы
Оқу мағынаны ұғыну және оның мәнін анықтау ретінде. Бұның нәтижесі оқушының пәннің құраушы бөліктері мен шынайы өмір арасындағы өзара байланыстарды анықтай алуы
Оқу шынайылықты өзгеше түсіну және түсіндіру ретінде. Нәтижесі – әлемді өзгеше қырынан қарастыру арқылытанып-білу
11)Ғалымдарды олардың зияткерлікке берген анықтамаларына сәйкестендіріңіз.
1) Пиаже |
Зияткерлік – барлық жеке тұлғаларда бірдей дамитын бірыңғай жалпы қабілет |
2) Гарднер |
Субьектілер көп қырлы зиятқа ие(КҚЗ) Лингвистикалық, математикалық, кинестетикалық және кеңістікте бейімделу сияқты өзара әлсіз қарым-қатынаста болатын көптеген қабілеттер жиынтығы |
3) Стернберг |
Жеке тұлға өміріне қатысты шынайы ортаны бейімдеуге, іріктеуге және құруға бағытталған ой-әрекеті |
12. Нейровизуалдандыру әдістері:
FMRI функциональдық магнитрезонананстық томография: Нақты тапсырманы орындау кезінде ми қызметінің орналасуын көруге мүмкіндік береді PET –позитронды эмиссиялық томография: радиоактивті изотоптарды енгізгеннен кейін мидың әртүрлі бөліктеріндегі қан ағысы өлшенеді. Қан ағысы қарқынды болған сайын белсенділік арта береді. ERP – мидың түрткі салған әлеуеті. Мидағы электр белсенділікті сондай-ақ белгіленген стимулдарға қатысты электр реакциясының жылдамдығын және амплитудасын өлшейді
Мидың артқы бөлігі – визуалды бейнелерді қабылдау мен жадыда сақтауға жауап береді
Самай бөліктері – ауызша және тұжырымдамалық білімдердің сақталуына жауап береді
Маңдай бөлігінің артындағы мидың жоғарғы бөлігіндегі соматосенсор аймағы- қол және дене рецепторлары
Жүйке талшықтары – ми орталықтарының әрқайсысында естелік түрінде сақталатын ақпаратқа қол жетімдік пен оны өңдеуді бақылау қызметін жүзеге асырады.
13. Жады : қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді
Ұзақ мерзімді жады – қажет кезеңінде алып пайдалану үшін ұзақ мерзімді сақтауға жіберілген ақпарат, тіпті өмір бойы сақталуы мүмкін
Механикалық – Джон Саймонс
Нақтылайтын өңдеу ( Хельга Нойс, 2006) актерлер өздерінің рөлдерін сценарийдің сөздеріне емес, сөздердің мағынасына және кейіпкердің жағдайына мән беріп жаттайтындығын анықтады
Мнемоника (Локи әдісі орын әдісі) – есте сақтағың келетін ақпаратты танымал жерлермен байланыстырып елестетуге негізделген
Алып шығу тәжірибесі (Эндель Тульвинг)
Стандартты – (жаттау, тест, жаттау, тест)
Қайта жаттау – (жаттау, жаттау, жаттау, тест)
Қайта тестілеу – ( жаттау, тест, тест,тест)
Тулвинг (1895) ұзақ мерзімді 3 компонент |
Рәсімдік жады – әрекеттерді қалай орындау керек екендігі туралы, мысалы, қасықпен тамақ ішу, түйме тағу, секіру, велосипедпен жүру, қарындашпен жазу, доп лақтыру сияқтыіс-қимылдар арқылы дамитын біздің білімімізді сақтайтын «қойма». Бұл іс-әрекеттерді қалай іске асыру керектігі туралы білім енжар сақталады және саналы түрде вербалдануға жатпайды. |
Эпизодтық жады дегеніміз біздің тәжірибеміздің толық тізімі алғашқы болып сақталатын жүйе. Көзбен шолу аса маңызды болғанына қарамастан, эпизодтық жадыға басқа ақпараттар – сезім мүшелерінен келетін ақпараттар да кіреді. Бірақ, бекітілген және суреттік жадының мәнінің эпизодтық жадыда шектеулері болуына қарамастан ол адамның ұзақ мерзімді жадысының маңызды аспектісі болып табылады. |
Семантикалық жады – ұзақ мерзімді жадының ең соңғы және теңмәнді емес аспектісі, себебі біздің дамуымызда және сөйлеуімізде аса жиі көрінетін біздің символдар жасау қабілетімізге байланысты. Бұл біздің естеліктеріміздің бір бөлігі, онда біз эпизодтарды немесе оқиғаларды, біздің белгілі бір тәжірибемізден шығаратын ойларымызды, идеяларымызды, жалпы қағидаларды, қағидаттарды, тұжырымдамаларды есте сақтаймыз. |