Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Рубежка.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
139.37 Кб
Скачать

39)Науқасты каталка және кресло-каталкамен тасымалдау?

Кресло - каталкамен тасымалдау

1. Кресло-каталкадағы аяқ қоятын тіреуішті еденге тигенше еңкейтеді.

2. Науқастан аяқ тіреуішке аяғын салуын сұрап, содан кейін оны қолтықтап

кресло-каталкаға отырғызады.

3. Кресло – каталканың артындағы рамкасын реттеп, науқасты жартылай

отырғызатын немесе жатқызатын қалыпқа келтіреді.

4. Науқасты алып жүргенде шынтақ қойғыштың шетінен оның қолдарының

шығып кетпеуін қадағалайды.

5. Науқастың кереуетке отырып жатуына көмектеседі.

6. Кресло-каталканы зарарсыздандырады.

7. Медицина қызметкері қолын жуып, құрғатады.

Науқас ұзақ уақыт төсек тартып жатып қалуына байланысты оның жататын орнының ыңғайлы әрі таза болуының маңызы зор. Емдеу мекемелерінде науқастарға арналған қарапайым және функционалды кереуеттер қолданылады. Қарапайым кереуетте жартылай отыру қалпын, пациенттің басын бірнеше жастықтар қою арқылы көтеріп жасауға болады.

көтеру, тасу, қолдап жүру, ауыстыру сияқты шаралар барысында сырқат жарақат

40)Науқасты тасымалдау кезінде жарақаттануды болдырмау?

Мейірбике науқасты алуы мүмкін. Сондықтан науқастардың бір жерін ауыртып алмау мақсатында және сондай жағдайды болдырмау үшін керекті дағдыларды білу керек. Науқастарды отырған немесе жатқан жерінен тұрғызып, болмаса көтеріп, орнын ауыстыруға тура келеді.

Медицина қызметкері өз күштерін дұрыс бағаламай, дененің биомеханикалық заңдылықтарын ескермей, денесіне ауыр салмақ түсіріп, омыртқаларын және де басқа қозғалыс аппараттарын зақымдап алуы мүмкін.

Мейірбике өзіне де науқастарға да зиян келтірмеу үшін келесі ережелерді есте сақтау керек:

- егер ол сізден жеңіл болмаса немесе қозғалтуға басқа ешкім көмек бере

алмаса өзі қозғала алмайтын, көмек бере алмайтын науқасты көтермеу керек;

науқастарды көтергенде немесе күтімге байланысты басқа жұмыстарды

орындағанда мүмкіндігінше дененің арқасын, омыртқа жотасын түзу ұстау керек;

- алға созылған қолдармен науқасты көтеруге немесе қозғалтуға болмайды;

- егер науқас қозғала алмаса, механикалық құрылғылар көмегін пайдалануға

болады.

41)Науқасты қолда бар құралдар көмегімен тасымалдау; одеялмен,жайма орындықтар,зембілмен? Зембілмен тасымалдау

Медицина қызметкерлері зембілмен тасымалдағанда мына ережелерді сақтауы керек.

1. Науқасты көтеріп салғанда бір қалыппен және бір кезде көлденең

ұстап жатқызып салады.

Тасушылар зембілді шайқалтпай, тербелітпей, бұрылыстарда ақырын

бұрылып, аяқтарын бірдей алып жүрулері керек.

Баспалдақпен көтерілгенде аяқ жағын көтеріп және тегістікте зембілдің бас жағымен алға жүреді, ал баспалдақпен төмен түскенде аяқ жағымен алға және аяқ жағын көтеріп жүреді.

4. Арт жағында келе жатқан медицина қызметкері науқастың жағдайын

бақылайды.

5. Егер тасушылардың біреуі шаршаса, ол жөнінде міндетті түрде айтуы

керек.

6. Зембілге науқасты салғанда немесе төсекке ауыстырғанда үш

адамның болғаны дұрыс.

42)Тасымалдауға болмайтын науқас туралы тусінік?

Қозғалуға болмайтын ауыр науқастарды, зембілден төсекке абайлап, ережелерді сақтай отырып, жылжытып жатқызады: зембілдің аяқ жақ шетін кереуеттің бас жағына қою қажет. Егер палата тар болса, зембілді кереуетке паралель етіп қояды да, медициналық қызметкерлер зембілмен кереует арасында ауруға бетін беріп тұрады. Ыңғайсыз артық қимылдар жасамау үшін зембілді кереуетке қалай дұрыс келтіру керегін алдын ала ойластырған жөн.