Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Рубежка.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
139.37 Кб
Скачать

58)Науқастың төсегін дайындау.

Науқастың төсегін әзірлеу:

Әзірлеңіз:

кереуетті, матрасты, матрастың тысын;

жайманы, жастықты, жастықтың тысын;

көрпе, зарарсыздандыру ерітіндісі, шүберек, орамал, клеенка

Іс -әрекеттер:

Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Зарарсыздандыру ерітіндісіне батырылған шүберекті алып, кереуетті 2 рет /арасына 15минут үзіліс салып/ сүртіңіз.

Матрастың тысын кигізіңіз.

Оны кереуеттің торының үстіне салып, ұзына бойы клеенка төсеңіз.

Оның үстіне жайма жайып, оны матрастың астына салып, бекітіп тегістеңіз.

Жастықпен көрпеге тысын кигізіңіз

59.Науқастың төсегін ауыстыру Науқастың жай - күйіне қарай төсек-орын жапқыштарын ауыстырудың түрлі тәсілдері болады.  Егер науқас жүріп-тұратын жағдайда болса, онда ол кіші мейірбике көмегімен төсек-орын жапқыштарын өзі ауыстырады. Егер науқастың басын көтеруіне рұқсат етілсе, кіші мейірбике оны орындыққа отырғызып, ақ жаймасын өзі ауыстырады. Төсек тартып жатқан науқастардың ақ жаймасын ауыстыру анағұрлым қиын. Науқастың төсек-орын жапқыштарын әдетте екі адам науқасқа көп күш түсірмей отырып ауыстырады. Ол үшін ақ жайманы бас пен аяқ жағынан шиыршықтап бүктеп, бел тұсынан /сегізкөз/ орап алады. Екі жағынан ораған таза ақ жайманы жайлап науқастың сегізкөзіне жақындатып салады. Содан кейін басы мен аяғына қарай түзетеді  Төсек-орындарын ауыстырудың І тәсілі Қажетті заттар :

  • таза төсек жиынтығы;

  • лас төсеніштер үшін кленка қап. Іс- әрекеттер:

  • Науқастың жастығын алыңыз. 

  • Лас ақ жайманы бас жағынан орап, белдемеге /сегізкөзге/ дейін әкеліңіз және аяқ жағынан орап, белдемеге дейін әкеліңіз.

  • Науқастың жамбас сүйегін көмекші мейірбикемен бірге көтеріп, ақ жайманы шығарып алыңыз.

  • Екі жағынан ортасына дейін оралған ақ жайманы жамбас сүйегінің астына ақырын салыңыз.

  • Бас жағын тегістеп, сосын аяқ жағын тегістеп жайыңыз.

  • Басына тысы ауыстырылған жастықты қойыңыз.Тысы ауыстырылған көрпені үстіне жабыңыз.Науқастың төсенішін басқа да тәсілмен ауыстыруға болады. Науқасты төсектің шетіне қарай жылжытып, кір жапқышты ұзына бойына бинт тәрізді орайды да, оның орнына тазасын төсейді, содан кейін науқасты қарама-қарсы жағына жылжытып, екінші жағынан кір жапқышты шығарып алып, тазасын жаяды.  Төсек тәртібінде жатқан науқасты бір қырымен жатуға рұқсат етілген жағдайда пайдаланылады.  Төсек-орынын ауыстырудың ІІ тәсілі Қажет заттар:  - таза төсек жиынтығы;

  • лас төсеніштер үшін клеенка қап. Іс - әрекеттер:

  • Таза жайманы ұзына бойы жартысына дейін орап дайындап алыңыз.

  • Науқастың басын көтеріп, жастықты алыңыз.

  • Науқасты абайлап, төсектің шетіне жылжытып, бір бүйіріне аударыңыз.

  • Кірлеген жайманы науқасқа қарай ұзынынан ораңыз.

  • Орнына таза ақ жайманы төсеңіз.

  • Абайлап науқасты жатқызып, келесі бүйіріне аударыңыз, енді ол таза ақ жайманың үстінде болуы тиіс.

  • Босаған жақтан жайманы алып тастаңыз, таза ақ жайманы матрастың астына қайырыңыз. 

  • Науқасты арқасына жатқызып, жастықтың тысын ауыстырып, басына жастаңыз.

  • Көрпесінің тысын ауыстырып, науқастың үстіне жабыңыз. 60.Науқастардың киімдерін ауыстыру Ауыр науқастар үшін, мысалы миокардтың инфарктысына арналған арнайы көйлектер тез киіліп шешіледі.

  • Мейірбике науқастың киімін шешіндіру үшін науқастың жамбасының астына қолын тығып, көйлектің етегін ақырындап, бас жағына қарай көтереді. Содан кейін науқастың екі қолын жоғары көтеріп, көйлектен әуелі басын, сосын қолын шығарады.

  • Егер науқастың қолы жарақаттанған болса, киімін алдымен сау қолынан, содан кейін жарақаттанған қолынан шешеді.

Киіндіруді орындау тәртібі керісінше жүреді.

  • Екі жеңін кигізіңіз, егер қолда жарақат болса, алдымен жарақат қолын, содан кейін сау қолын кигізіңіз.

  • Көйлекті басынан кигізіп, етегін төмен қарай жазып, түсіріңіз.

61. Көз күтүмі. Көзден аққан іріңді алу үшін науқастың көздерін резеңке баллоннан немесе дәке тампонымен бор кышқылының 3% ерітіндісімен және риванол ерітіндісімен немесе риванолдың әлсіз ерітіндісімен немесе калий перманганатының әлсіз ерітіндісімен жуады. Аққан сұйықтықты жинау үшін шағын леген қолданылады, оны науқас иегінің астына ұстап тұрады. Көздердің қабыну ауруларында дәрі тамызылады немесе көз майлары жағылады. Сол қолмен төменгі қабақты жайлап тартып тұрып, науқасқа жоғары қарауын өтінеді де пипеткамен алдымен бір тамшы содан кейін екінші тамшыны көздің танауға жақын түбіне қүдды. Қабақтары жабысқанда аққан тамшылардың артығын домаланған мақтамен сорғызып алады. Пипетканы шаяды да көз тамызғышка салып кояды. Көз майын қабақтын ішіне шыны таяқшамен жағады. Таяқшаның ұшымен майды алады да астыңғы қабақты төмен тартып тұрып, оны төменгі өтпелі сызыққа тигізеді. Таяқшаны абайлап шекеге карай көлденең ұстал алып шығады.

62. Ауыз қуысының күтімі Әр адамға ауыз қуысы күтімінің карапайым ережелерін сақтаған жөн: әрбір тамақ ішкеннен кейін ауыз қуысын сумен шаю, түнде және таңертең тісті тазалау, ейткені түні бойы ауыздың шырышты қабығы мен тістер эпителий клеткаларынан, шырыштан және микроағзадардан тұратын жұмсақ жұқа қабатпен жабылады. Қатты тағамдарды шайнағанда және тамақты жұтқанда ауыз қуысы өздігінен тазартылып отырады. Науқастарда жұқа қабатпен жабылу күшеюі мүмкін, өйткені ауыздың шырышты қабығы арқылы зат алмасу бұзылуның өнімдері шығарыла бастайды: бүйрек жетіспеушілігі кезінде азотты заттар, қант диабетінде -қант, сынап - сынапты улануда және т.б. Бұл заттар шырышты қабатты ластайды және микроағзалардың қарқынды дамуына әкеледі. Сондықтан ауыр науқастардың ауыз қуысынын күтімі өте мұқият, мейірбикемен жүргізілуі қажет.

Ауызды шаю. Әрбір тамақ ішкеннен соң науқасқа аузын шаю үшін натрий гидрокарбонатының 0,5% ерітіндісі (сода) немесе натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісі (физиологиялық ерітінді) беріледі. Содан кейін тілді сүртеді. Бұл үшін тілдің ұшын стерильді дәке сальфеткасымен орап, сыртқа шығарып және сол қолмен ұстап тұру керек, ал оң қолдағы пинцетке қыстырылған дымқыл домалақтанған мақтамен тілдің үстіндегі жұқа қабатты алып, тілді сүртеді және оған глицерин жағады.

Жағдай ауыр науқастың ауыз қуысыны тазалау жиілігін көрсетіңіз

  • 1 реткүніне

  • таңертең

- әр бір тамақтанған соң

  • 3 рет күніне

  • кешке

63. Мұрын кутімі. Егер науқас өздігінен мұрын жолдарын тазалай алмаса, мейірбике қатқан қабықты алып тастауға тиіс. Бұл үшін науқастың басын шалқайтып, металл зондқа вазелин майына матырылған мақтаны орайды да оны мұрын қуысына кіргізеді, содан кейін айналдыра сүртіп, қатқан қабықтарды алып тастайды. Қабыршақтарды кұрғақ мақтамен алуға болмайды, өйткені қанатып алу мүмкін.

64. Кұлақ күтімі. Қулық қатып қалмас үшін науқастың кұлақтарын аптасына 2-3 рет тазалайды. Құлық кесек немесе ұнтақ түрінде болады. Олар есту жолында жиналып, оны бітеп қалуы мүмкін, сөйтіп естуді нашарлатуы ықтимал. Мұндай кезде есту жолдарын жуады. Сыйымдылығы 100 - 200 мл Және шприціне 36 - 37°С температурадағы суды толтырады. Науқасты жарық кұлаққа түсетіндей етіп, өзінің алдына қырымен отырғызады. Науқастың қолына шағын астаушаны құлақ жарғағының астына келтіре мойнына тіреп ұстатқызады. Сол қолмен құлақ жарғағын жоғары және артқа қарай тартып тұрып, шприцтін ұшын сыртқы есту жолына кіргізеді. Сұйықтықты есту жолының жоғарғы артқы қабырғасымен соққылап айдайды. Жуып болғаннан кейін есту жолын мақтамен құрғатады. Егер құлақ алынбаса, оны сода-глицеринді тамшылармен жібітеді. Жылытылған 7-8 тамшыдан 2-3 күн бойы күніне 2-3 рет құяды. Тамшыларды құйғаннан кейін біраз уақыт естудің нашарлауы мүмкін екендігі туралы науқасты ескертеді. Құлаққа тамшыларды пипеткамен тамызады. Науқастың басын сау жағына қарай қисайтады. Құлақтың сырғалығын сол колмен тартып тұрып, оң қолдағы пипеткамен есту жолына тамшыларды құяды. Сұйықтық құлақтан ағып кетпес үшін науқас осы қалпында 15-20 минут отырады. Содан кейін құлақты стерильді домалақтанған мақтамен сүртеді

65. Тері күітімі Сырқатты, әсіресе ауыр науқастарды күтуде тері кү тімі маңызды орын алады. Оның тазалығы мен тұтасты-ғы аса маңызды шарт болып саналады. Терінің жүмсақ-тығы мен серпінділігін сақтау үшін май және тері безде-рі функциясының маңызы зор. Алайда май мен тер терінің бетіне жинальш, оны кірлетеді. Маймен, термен бірге теріге шаң, микроорганизмдер де жиналады. Тері кірлеуінен ол қышиды, одан сызылған (терінің тырнал-ған жері), қасылған жерлер пайда болады, яғни терінің түтастығы бұзылады. Бұл, өз кезегінде, терінің үстіңгі қабатындағы микробтардың тереңірек бойлауына кө-мектеседі. Осыған байланысты мейіркеш сырқаттың же-ке басының ережелерін сақтауын қадағалайды және оларға теріні таза сақтау жөніндегі қажетті әрекеттерді орындауға көмектеседі. Мейіркеш өз аяғымен жүрген сырқаттың төсек-ор-нын, жапқыштары мен іш киімдерін ауыстыра отырып, гигиеналық ванна алу графигін жасап орындауы тиіс. Төсек тартып жатқаң сырқаттарды камфора-спирті бар ерітіндімен дезинфекциялап күнделікті сүрту қажет, ері-тіндіні қолдану алдында қыздыру керек. Ерітіндісі бар ыдысты ағып жатқан ыстық судың немесе орталық жы-лу беру батареясына қояды. Егер белімшеде мұндай ері-тінді болмаса, оны өздері жасауына болады: 0,5 л жылы суға 1—2 ас қасық сірке суын, иіс су немесе спирт қоса-ды. Егер бөлмеде бұл да табылмаса, теріні жылы сумен сүртуге де болады. Сырқаттың терісін сүрту үшін сүлгінің бір шетін де-зинфекциялайтын ерітіндіге малып, жайлап қысады да онымен мойынын, құлағының сыртын, арқасын, кәкірек клеткасының алдыңғы жағын және қолтық астын сүрте бастайды. Әсіресе емшек бездері астындағы қыртыска ерекше назар аударған жөн, себебі толық және өте тер-легіш әйелдердің сол жерлері иістенуі мүмкін. Содан кейін теріні осы тәртіппен құрғата түседі. Легенді төсек-ке қойып сырқатты аптасына 1—2 рет жуады, содан ке-йін қажетіне қарай тырнағын алады. Күтімі нашар болып, организм күрт әлсірегеңде де-ненің қысым түскен жері ойылады.

66. Науқасты жуындыру Жылы су кұйылған леген, сүлгі дайындап алу керек. Іс-әрекет реті: 1. Қолдарынызды жуып, колғап киіңіз. 2. Сүлгіні суға матырып алыңыз. 3. Дымқыл сүлгімен науқастың бетін, содан кейі кұлактарын, мойнын, қолдарын сүртіңіз. 4. Екінші сүлгімен кұрғатыңыз. 5. Қолғапты шешіп, қолдарыңызды жуыңыз. Сыртқы жыныс мүшелері мен шап аралығының терісі жиырылған жер күнделікті жууды қажет етеді. Өздігінен қозғалатын науқастар бұл үшін бидені пайдаланады. Ауыр халдегі науқастарды әр дәретке отырған сайын, ал нәжісі мен зәрі тоқтамайтындарды - шап қыртысы терісінің сызылуын және қабынуын болдырмау үшін күніне бірнеше рет шайып жуу керек. Әйелдерді жиірек жуып шаяды.

Науқасты санитарлық тазалаудан өткізу үшін гигиеналық ваннаны әзірлеу және жүргізу Әзірлеңіз: Сабын, жөке, 1 % хлорамин ерітіндісі, су термометрі, сүлгі. Іс- әрекеттер:

  • Қолғапты киіңіз.

  • Науқастан шешінуін сұраңыз.

  • Науқастың киімдерін қабылдау үшін екі дана «Қабылдау квитанциясын» толтырыңыз.

  • Таза ваннаны 35-37˚С температурадағы сумен толтырыңыз.

  • Науқастың ваннада ыңғайлы жатуына көмектесіңіз. Ваннадағы су науқастың семсер тәрізді өсіндісіне дейін жетуі керек, ал аяғы тіреліп тұру үшін ағаш тіреуіш қойыңыз.

  • Науқастың жуынуына көмектесіңіз. Әуелі басын, үстін, қолын, аяғын, шат аралығын жуады. Ваннаға түсіру уақыты 20-25 минут болады.

  • Науқастың жағдайын /тамыр соғуын, жүрек соғуын, тері жамылғысының түсін/ бақылап тұру керек.

  • Науқасқа ваннадан шығуына, денесін құрғақ сүлгімен сүртінуіне көмектесіңіз.

  • Қолданылған жөке мен сүлгіні лас киім немесе қолданылған жөкелер деген белгісі бар ыдысқа салыңыз.

  • Таза ауруханалық киім киюіне көмектесіңіз.

  • Ваннаны зарарсыздандырып, ыстық сумен шайып қойыңыз.

Гигиеналық су сепкішті (душ) қабылдау 1. Су сепкіш кабинасына орындық қойып, науқасты отырғызыңыз. 2. Жуынуына көмектесіңіз. 3. Науқастың жалпы жағдайын қадағалаңыз. 4. Науқастың сүртінуіне, киінуіне көмектесіңіз. 5. Қолданылған заттарды «қолданылған жөкелер» деген белгісі бар ыдысқа салыңыз.  67.Ауыр халдегі науқас әйелдің астын жуып шаю Жуып шаюға қажетті ыдысты (25-30°С жылы су құйылған Эсмарх кружкасын немесе басқа ыдысты), домалактанған мақталарды, дәрет ыдысын, клленка, шымылдық, қолғап, корнцанг дайындау. Іс-әрекеттің реті: 1. Қолдарыңызды жуып, кептіріп, колғап киіңіз. 2. Науқасқа ісшараның жүргізілу ретін түсіндіріңіз. 3. Шымылдық кұрыңыз. 4. Науқастың астына клеенка төсеп, дәрет ыдысын қойыңыз. 5. Дайындалған қажетті заттарды науқастың төсегінің жанына әкеліңіз. 6. Наукаска аяктарын тізесінен бүгіп, арасьш ашуын өтініңіз. 7. Шап үстін, сан аймаған, шап кыртысын мақтаны ауыстыра отырып жуыңыз.

8. Үлкен жыныс еріндерін ашып, тері қыртысын мақтаны ауыстыра отырып, жоғарыдан төмен қарай абайлап жуыңыз. 9. Кіші жыныс еріндерін ашып, мақтаны ауыстыра отырып, жоғарыдан төмен қарай абайлап жуыңыз. 10. Жылы сумен шап аралығын жоғарыдан төмен қарай шайыңыз.  11.Сүлгімен мұқият құрғатыңыз. 12. Мақтаны ауыстыра отырып, тік ішек тесігін жуыңыз. 13. Оны құрғатыңыз. 14. Дәрет ыдысын алып тастаныз. 15. Қолғапты шешіп, зарарсыздандырғыш ерітіндісі бар салыңыз. 16. Науқасқа ыңғайлы жатуына көмектесіңіз. 17. Науқастың төсегін реттеңіз. 18. Қолданылған заттарды өңдеңіз. 19. Қолдарыңызды өңдеңіз. 68.Дәрет ыдысын беру Төсек тартып жатқан науқастарға ішегін және қуығын (әйелдер) босату үшін дәрет ыдысын беру қажет. Қалыпты жағдайда адам үлкен дәретке тәулігіне 1 рет, ал кіші дәретке тәулігіне 5-6 рет отырады. Дәрет ыдысы резеңке, эмалданған, пластмасс болады

69.Ойылу туралы түсінік, даму механизмдері. Ауыр науқастарда ойылулар (decbitus) - тұрақты жаншылудың, жергілікті қан айналымы мен жүйке трофикасының бұзылуының салдарынан тері мен тері асты шел қабатының және басқа жұмсақ тіндердің семуі (некрозы) болуы мумкін. Ойылулар көбінесе сегізкөзде, жауырын, өкше, шынтақ, мықын, тізе және т.б. аймақтарда болады. Ойылудың даму кезеңдері І кезең: Циркуляторлы бұзылулар кезеңі Белгілі бір тері аймағының бозаруымен соңынан венозды гиперемиямен және шекаралары анық болмаған көгерумен сипатталады; ұлпалар ісіңкі; ұстағанда мұздай болады. ІІ кезең: Некротикалық өзгерістер және іріңдеу кезеңі Некротикалық процестердің дамуымен сипатталады. Терімен қоса тері асты май қабатында, бұлшық еттерде, сүйектерде некроздың дамуы байқалады.  ІІІ кезең: Жазылу кезеңі Репаративті процестердің басым болуымен грануляция, тыртықтану және дефекттің жартылай немесе толық эпителизациясымен сипатталады.  70.Ойылуларға алып келетін жағдайлар

Ойылып қалуға әкелетін факторлар: қысым мен үйкелу Адамның денесіне қысым түсу себебінен тіндер мен сүйектердің шығып тұрған ұштары қысылып қалады, төсек орын, онсыз да әлжуаз тіндерді одан сайын қысады. Адамдардың сыртқы киімдері, аяқ киімінің байланған жерлері де адам денесін қысады. Осы әсерлердің бірде-бірі күнделікті өмірде тіндердің ойылып қалуына апара қоймайды. Бірақ қозғалыс жасамаған кезде немесе сезімталдықтан айырылғанда, бұл әсерлердің тіндерді зақымдану қауіпі туады.  Үйкелу терінің ажырауына себепкер болады, бет жағының жолақтануына әкеледі. Үйкелу ылғалданғанда болатын нәрсе. Адамдар оған кіші дәрет ұстамағанда, тер шыққанда, ылғалды және ылғалды сіңірмейтін іш киім кигенде душар болады.  Ойылуды болдырмау үшін оның алдын алу шараларын дұрыс жасау қажет. Оның негізгі қағидалары:  Күнде науқастың ойылу мүмкін болған жерлерін қарау керек: сегізкөз, тобық, жауырын, шынтағын, самай аймағын. Бозарған және қызарған тері аймақтары анықталған жағдайда дәрігерді шақырту қажет және алддын алу және емдеу шараларын бастау қажет:

  • Егер пациенттің жағдайы жараса, оның дене қалпын күніне бірнеше рет өзгерту керек.

  • Құнарлы тамақтану және жеке бас тазалығын сақтау.

  • Тері тітіркендіргіштерін жою.

  • Тері тазалығын сақтау.

  • Тері ылғалдылығын төмендету.

  • Науқастың төсегін күніне бірнеше рет сілкіп кайта салу керек.

  • Төсек жапқыш пен іш киімінің бүктеліп қалмауын қадағалау керек

  • Терісін жылы сумен жуу, зарарсыздандыру ерітіндісінің біреуімен сүрту: камфора қоспасы, камфора спирті, одан кейін құрғатып сүрту керек.

  • Астына төселетін ақ жайманың тігісі болмауы керек.

  • Терінің гиперемиясы (қызаруы) болған кезде, белгілі бір жердің қан айналысын жақсарту үшін теріні құрғақ сүлгімен сүрту немесе кварцтау керек.

  • Терінің суланып тұрған жерін суық сумен сабындап жуып, спиртпен сүртіп, ұнтақ себу керек.

71. Ойылудың даму дәрежелері. Трофикалық бұзылыстар деңгейіне қарай ойылудың жіктелуі Ойылу – тері асты шел қабатының және жұмсақ тіндердің ұзақ қысылуынан, жергілікті қан айналымының бұзылуынан пайда болатын терідегі дистрофикалық, жаралы некротикалық өзгерістер. Ойықтар - ауыр халдегі науқастарды нашар күтуінен, дымқыл, ластанған іш киімдерден, төсектегі бүктемелерден және қалдықтардан, кірлеген теріден пайда болады. 

1-ші кезеңнің белгілері: терісі қызарып, ісіп, қабыршақтанады. Эпидермис пен тері қабаттары зақымданады. Тұрақты гиперемия қызыл-көкшіл дақтармен сипатталады. Гиперемия қысым тоқтағаннан соң кетпейді. Осы кезде жүргізілетін шаралар: теріні антисептикалық ерітіндімен өндеу (камфора спиртінің 10% ерітіндісі, 70% спирт пен жартысы су, опа себу, ультракүлгін сәулелендіруді жүргізу, астына резеңке дөңгелек салу. 2-ші кезеңде күлбір пайда болады. Тері жамылғыларының беткей бұзылулары, бұзылыстар тері асты май қабатына дейін барады. Қызыл-көкшіл дақтармен тұрақты гиперемия сақталады. Эпидермис ажырайды. Ол кезде бриллиант көгінің 1-2 % спирттелген ерітіндісін жағады, айналасын антисептик ерітіндісімен өңдейді, құрғақ таңғыш байлайды.  3-ші кезеңде күлбір жарылып, жара пайда болады. Бұлшық ет қабатына дейін барлық қабаттарының зақымдануы байқалады. Зақымдану бұлшық етке дейін енеді. Ол кезде ультракүлгін сәулелендіру қолданылады, майлы таңғыш (1% синтомицин эмульсиясы, Вишневский майы, облепиха майы), арасына дөңгелек резеңке салу қолданылады. 4-ші кезеңде терінің, тері асты торшасы мен басқа да жұмсақ тіндердің некрозы дамиды. Осы кезде жүргізілетін шаралар: некроз тоқтағаннан кейін, өлген тіндерді алып тастайды, жараға 0,5% калий перманганатының ерітіндісін немесе фурациллин ерітіндісі бар таңғыш салады. Таңғышты күніне 2-3 рет ауыстырады. Ірің болған жағдайда антисептиктер ерітіндісімен шаяды. Жараны толығымен тазалап, майлы таңғыштар қояды. Жараның жазылуына көмектесетін майлар қолданылады..

72. Ойылулардан сақтандыру шаралары: 1. Науқастың төсектегі қалпын әр 2 сағатта ауыстыру. 2. Үнемі төсек-орын, іш-киім жағдайын бақылап отыру, төсек орын жапқыштарын тегістеу, дымқыл және кір іш киімді дереу ауыстыру. 3. Терісін күніне 2-3 рет сабынды суық сумен жуып отыру, камфор спиртіне немесе одеколонга матырылған сүлгімен сүрту, ұнтақ себу. 4. Резеңке шеңберлер қолдану. 5. Науқастарды уақытында жуындыру және әр дәретке отырғаннан кейін астын шайып жуу. Алдымен бозару, содан кейін тері қызарып, ауырсыну, ісігу пайда болады, содан соң сүйек қабығының қамтылуымен жаралар жәнее емдеу дамиды. Зақымданған тері арқылы инфекция тусуі мумкін, бұл ірінге және қанның кағындысына (сепсис) әкелуі мүмкін.