- •3.Емдік сақтандыру режимі туралы түсінік
- •8.Аіи туралы түсінік.
- •9.Аіи көздері және таралу жолдары
- •10.Аіи таралу жолдары
- •15.Санитарлық-эпидемиялық қарсы режимді жүргізу әдістері
- •17.Дезинфекция туралы түсінік
- •18. Дезинфекциялаудың түрлері,сақтандыру және ошақты олардың мақсаты мен міндеттері
- •20. Дезинфекциялаудың физикалық әдісі және оған қолданатын заттар.
- •21. Дезинфекциялаудың химиялық әдісі және химиялық заттарға сипаттама.
- •23. Дезинфекциялаудың қосалқы әдісі.
- •25. Дезинфекция сапасын бақылау әдісі.
- •26. Қабылдау бөлімінің құрылысы.
- •27. Науқастың ауруханаға түсу жолдары.
- •29. Қабылдау бөлімшесі мейірбикесінің негізгі қызметтері.
- •30. Қабылдау бөлімшесінің негізгі медициналық құжаттары.
- •34. Педикулезге қарсы тазалық жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары.
- •36. Науқасты тасымалдау кезінде мейірбикенің жұмысын дұрыс ұйымдастыру.
- •37. Ауыр көтергендегі дене биомеханикасының дұрыстылығы.
- •38. Науқасты ұстау, қозғалту, жатқызу ережелері. Науқасты қолмен ұстау (Раутек) әдісі
- •39)Науқасты каталка және кресло-каталкамен тасымалдау?
- •40)Науқасты тасымалдау кезінде жарақаттануды болдырмау?
- •42)Тасымалдауға болмайтын науқас туралы тусінік?
- •43)Науқастың төсектегі жағдайының түрлер; Симс, Фаулер, арқасында ішімен жату.
- •44)Науқасты каталкадан төсекке және керісінше дене биомеханикасын сақтай отырып жатқызу?
- •49)Пульс туралы түсінік.Пульсті анықтайтын орындар және техникасы.
- •50)Пулсьтің қасиеті, оны бағалау, мумкін болатын озгерістер.
- •51)Аққ туралы түсінік, оның жасқа қарай ерекшеліктері.
- •54)Тыныс қозғалысының жиілігін санау, нәтижені бағалау.
- •56)Науқастың жеке басына қойылатын талаптар.
- •57)Функционалды төсектің құрылысы.
- •58)Науқастың төсегін дайындау.
- •74. Терморегуляцияи термометрия
- •75.Температуралық реакцияның жасқа қарай ерекшелігі:
- •82. Диеталық тамақтану режимі:
- •88. Үлестік талаптың түрлері, оны құрастыру:
- •90. Науқасты жасанды тамақтандырудың түрлері, көрсеткіштері:
- •101. Науқастарды тасымалдау мен орнынан ауыстыру
- •109. Науқасты көтергенде, қозғалтқанда келесі әдістерді қолдануға болады:
- •109. Медициналық құрал- саймандарды залалсыздандыру алдындағы тазалығын тексеру (көзге көрінбейтін қанды жуғыш ерітінділерді, дәрі – дәрмектерді, тат басқанды)
- •110. Науқасты кушеткадан каталкаға және каталкадан кушеткаға ауыстырудағы ережелер
34. Педикулезге қарсы тазалық жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары.
35. Емдеу сақтандыру мекемелерінде науқасты тасымалдаудың түрлері мен әдістері. Науқастарды тасымалдау түрін тек қана дәрігер анықтайды.
1. Аурудың халі орташа болса-мейірбке ертіп апарады.
2. Орындық-қоларбамен (кресло-каталка)
3. Жағдайы мүшкіл науқасты зембілмен тасиды
4. Қоларба (каталка)
36. Науқасты тасымалдау кезінде мейірбикенің жұмысын дұрыс ұйымдастыру.
Мейірбике өзіне де науқастарға да зиян келтірмеу үшін келесі ережелерді есте сақтау керек: - егер ол сізден жеңіл болмаса немесе қозғалтуға басқа ешкім көмек бере алмаса өзі қозғала алмайтын, көмек бере алмайтын науқасты көтермеу керек; -науқастарды көтергенде немесе күтімге байланысты басқа жұмыстарды орындағанда мүмкіндігінше дененің арқасын, омыртқа жотасын түзу ұстау керек; - алға созылған қолдармен науқасты көтеруге немесе қозғалтуға болмайды; - егер науқас қозғала алмаса, механикалық құрылғылар көмегін пайдалануға болады. Ауыр салмақты түрлі заттарды көтергенде, науқастарға көмектескенде дененің биомеханикалық ережелерін қолдану керек.
37. Ауыр көтергендегі дене биомеханикасының дұрыстылығы.
1. Ауыр көтерген кезде аяқтың арасы ашық, әрі дене тірегі мықты болуы керек.
2. Көтеру кезінде салған күшін көбейту үшін аяқтардың ара қашықты кеңейту керек.
3. Ауыр салмақты көтерер алдында бел мен іштің бұлшық етін тырыстыру керек.
4. Көмек көрсету кезінде науқастың денесі мен бетін өзімізге бұрып тұру керек.
5. Заттарды тізеден бүгілген аяқтың бұлшықетінің көмегімен көтеру керек.
6. Өзінің денесінен ауыр заттарды көтергенде және қозғалтқанда қосымша ретінде күшті қолдану керек.
7. Ауыр затты итеру арқылы қозғалтқанда, жұмсаған күштің тең жартысы жойылады. Сол себептен ол затты тартып қозғалтқан дұрыс.
38. Науқасты ұстау, қозғалту, жатқызу ережелері. Науқасты қолмен ұстау (Раутек) әдісі
Көрсетпе: көмек бере алатын науқасты артқа қарай қозғалту
1. Науқастың жағдайын, айналасын бағалаңыз (еденнің ылғалдылығы, бөтен заттардың болуы т.б.).
2. Науқасқа қажетті қимылдың мақсатын түсіндіріңіз.
3. Науқастан өз қолдарын шынтақтан бүгіп, біреуін білегінен денесіне қысып ұстап, бір қолымен екінші білегін ұстауды сұраңыз. Егер бір қолы әлсіз болса, оны екінші қолымен ұстау керек.
4. Медицина қызметкері науқастың артынан келіп, оның қолтықтарының арасынан қолдарын өткізіп, екі білегінен ұстайды.
5. Қажетті жеріне осы қалыпта ұстап, жеткізіп орналастырады.
6. Болғаннан соң медицина қызметкері қолын жуып, құрғатады.
«Қолтық астынан ұстау» әдісі
Көрсетпе: көмек бере алатын науқасты артқа қарай қозғалту.
1. Отырған науқастың бір жағына тұрыңыз.
2. Бір аяғыңызды қасыңызға, екіншісін науқастың аяғының алдына қойып, оның тізелерін бекітіңіз.
3. Бір қолыңызды науқастың қолтық астына жіберіп, екінші қолыңызды артынан және алдына қарай жіберіңіз (үлкен саусақ қолдың асты аймағы сыртында орналасады.
4.Ыңғайлы тұрғаныңызға, денеңіздің салмағын бір аяғыңыздан екіншісіне жеңіл қозғалту мүмкіндігіне көз жеткізіңіз.
5.Науқасқа еңкеюін сұраңыз (оған көмек беріңіз), оның сізге жақын орналасқан иығы денеңізге тақалуы керек.
“Иықты көтеру” әдісімен науқасты кереуеттен орындыққа (кресло-каталкаға) отырғызу
Отырғызу 2 және одан көп мейірбике көмегімен орындалады.
Көрсетпе: науқас отыруы мүмкін, бірақ аяқтарымен өзі жүре алмайды.
Қарсы көрсетпе: иықтың жарақаттануы, көкіректің және дене арқасының жоғары аймағының ауырсынуы.
1. Орындықты (кресло-каталканы) кереуетке жақындатып қойыңыз, кереуеттің және кресло-каталканың тормозға қойылғанына көз жеткізіңіз.
2. Науқасты төсегіне отырғызыңыз.
3. Науқастың екі жағынан тұру керек.
4. Науқасқа жақын тұрған қолыңызды оның санының астына жіберіңіз (екі мейірбике бір-бірінің қолдарын ұстайды).
5. Қолдарды науқастың жанбасына қарай жақындатып науқасы ұстау қажет.
6. Иығыңызды науқастың қолтық асты аймағына жіберіңіз, науқасқа қолдарын мейірбикелердің арқасына қоюды сұраңыз.
7. Бос қолыңызды шынтақта бүгіп, тірек ретінде қолданып, науқастың жамбасы артындағы кереуетке тіреңіз (аяқтарыңыз арасы ашық, тізелер бүгілген).
8. Қимыл-әрекеттер синхронды болуы үшін мейірбикелердің біреуі бұйырады, «3» дегенде тізе және шынтақты жайып, тік тұру керек.
9. Бос қолмен науқастың арқасынан ұстап кресло-каталка немесе орындыққа отырғызыңыз.
10.Ұстап тұрған қолыңызды тірек ретінде орындыққа қойыңыз.
11.Тізе мен шынтақты бүгіп, науқасты орындыққа (кресло-каталкаға) жайғастырыңыз.
12. Науқастың ыңғайлы отырғанына көз жеткізіңіз.
