- •3.Емдік сақтандыру режимі туралы түсінік
- •8.Аіи туралы түсінік.
- •9.Аіи көздері және таралу жолдары
- •10.Аіи таралу жолдары
- •15.Санитарлық-эпидемиялық қарсы режимді жүргізу әдістері
- •17.Дезинфекция туралы түсінік
- •18. Дезинфекциялаудың түрлері,сақтандыру және ошақты олардың мақсаты мен міндеттері
- •20. Дезинфекциялаудың физикалық әдісі және оған қолданатын заттар.
- •21. Дезинфекциялаудың химиялық әдісі және химиялық заттарға сипаттама.
- •23. Дезинфекциялаудың қосалқы әдісі.
- •25. Дезинфекция сапасын бақылау әдісі.
- •26. Қабылдау бөлімінің құрылысы.
- •27. Науқастың ауруханаға түсу жолдары.
- •29. Қабылдау бөлімшесі мейірбикесінің негізгі қызметтері.
- •30. Қабылдау бөлімшесінің негізгі медициналық құжаттары.
- •34. Педикулезге қарсы тазалық жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары.
- •36. Науқасты тасымалдау кезінде мейірбикенің жұмысын дұрыс ұйымдастыру.
- •37. Ауыр көтергендегі дене биомеханикасының дұрыстылығы.
- •38. Науқасты ұстау, қозғалту, жатқызу ережелері. Науқасты қолмен ұстау (Раутек) әдісі
- •39)Науқасты каталка және кресло-каталкамен тасымалдау?
- •40)Науқасты тасымалдау кезінде жарақаттануды болдырмау?
- •42)Тасымалдауға болмайтын науқас туралы тусінік?
- •43)Науқастың төсектегі жағдайының түрлер; Симс, Фаулер, арқасында ішімен жату.
- •44)Науқасты каталкадан төсекке және керісінше дене биомеханикасын сақтай отырып жатқызу?
- •49)Пульс туралы түсінік.Пульсті анықтайтын орындар және техникасы.
- •50)Пулсьтің қасиеті, оны бағалау, мумкін болатын озгерістер.
- •51)Аққ туралы түсінік, оның жасқа қарай ерекшеліктері.
- •54)Тыныс қозғалысының жиілігін санау, нәтижені бағалау.
- •56)Науқастың жеке басына қойылатын талаптар.
- •57)Функционалды төсектің құрылысы.
- •58)Науқастың төсегін дайындау.
- •74. Терморегуляцияи термометрия
- •75.Температуралық реакцияның жасқа қарай ерекшелігі:
- •82. Диеталық тамақтану режимі:
- •88. Үлестік талаптың түрлері, оны құрастыру:
- •90. Науқасты жасанды тамақтандырудың түрлері, көрсеткіштері:
- •101. Науқастарды тасымалдау мен орнынан ауыстыру
- •109. Науқасты көтергенде, қозғалтқанда келесі әдістерді қолдануға болады:
- •109. Медициналық құрал- саймандарды залалсыздандыру алдындағы тазалығын тексеру (көзге көрінбейтін қанды жуғыш ерітінділерді, дәрі – дәрмектерді, тат басқанды)
- •110. Науқасты кушеткадан каталкаға және каталкадан кушеткаға ауыстырудағы ережелер
88. Үлестік талаптың түрлері, оны құрастыру:
89. Халі ауыр науқасты тамақтандыру: Ауыр науқастарды күту мейірбикеден сабырлылықты, шеберлікті және мейірімділікті талап етеді. Әдетте ауыр науқастар ренжігіш, талап қойғыш, шыдамсыз болып келеді. Науқастың мұндай тәртібі оның өзінен емес, оның ауруының психикасына әсер етуінен болады. Мұны аурудың әсері деп қабылдау керек. Мұндай науқастар көбіне тамақ ішуден бас тартады. Мұндай тынышсыз науқасты тамақтандыру көптеген әдіс-тәсілді талап етеді. Бөлмені желдетіп, науқастың қолын жуғызу керек. Бұл кезде мейірбикеге кіші мейіркештің көмегі қажет. Науқастың жағдайы келсе, оның отырғызып не басын биіктеткен жөн. Науқастың отыруға жағдайы болмаса, науқасты бір қырымен жатқызу керек. Ауыр науқасты тамақтандыру үшін алдына кішкене стол орнатылған арнайы төсектер қолданылады. Ал мұндай арнайы төсек болмаса, оның орнына тумба қоюға болады. Тағам жартылай сұйық және жылы болуы шарт. Науқасты қасықпен не арнайы сусындатқышпен (поильник) тамақтандырады. Асықпай науқастың тағамды дұрыс қабылдауына жағдай жасау керек. Тағамды аз - аздап беріп тұру қажет. Тағам әр түрлі және тәбет ашатындай болуы қажет.
Ас қабылдағаннан кейін тағам қалдығын және ыдысты жинап алу керек. Науқастың ауыз қуысын қайнаған сумен шайғызады.
Халі ауыр пациенттерді тамақтандыру іс- әрекеттері
Мейірбике науқасты тамақтандыруға дейін, барлық емдеу жұмыстарын бітіріп, палаталарды желдетіп, төсекте жатқан науқастарды дәретке отырғызып тамақ қабылдауға дайындайды.
Дайындау қажет:
Жылы тамақты;
Табақты, ішінде суы бар ыдысты, орамалды, салфетканы, кереуеттің жанына қоятын столда таза қасықты, тамақты, су ішкізетін ыдысты (поильник).
Іс- әрекеттер:
1. Қолыңызды жуыңыз.
2. Пациентке қолын жууға көмектесіңіз.
3. Пациенттің жағдайының мүмкіншілігіне қарай, оны жоғары көтеріп
жатқызыңыз.
4. Пациенттің кеудесіне салфетка жайыңыз.
5. Тамақтың ыстықтығын тексеріңіз.
6. Тамақтандыру кезінде сөйлеуге рұқсат етілмейді, шашалып тамақ
тыныс жолдарына кетіп қалуы мүмкін.
6. Пациентті қасықпен асықпай тамақтандырыңыз.
7. Сусынды су ішкізетін ыдыспен (поильникпен) беріңіз.
8. Тамақтандырып болғаннан кейін пациенттің аузын шайдырып, сүртіңіз.
Аурухана мекемелері үшін 4 рет тамақтандыру, науқастардың кейбір топтарын /жүрек, ішкі жара ауруларын/ 5-6 рет тамақтандыру белгіленген. Науқастың тамақ қабылдау санына және сол мекеменің күн режиміне қарай тамақтану уақыты анықталады. Тамақты дер кезінде ішу науқастың тамақ қабылдау уақытына шартты рефлексін дағдыландырып, тәбеті мен ас қорытуын жақсартуға көмектеседі.
90. Науқасты жасанды тамақтандырудың түрлері, көрсеткіштері:
Ауыз, мұрын арқылы немесе гастростома арқылы енгізілген зонд көмегімен;
Клизма көмегімен қоректік ерітінділерді енгізу;
Қоректік ерітінділерді парентералді (күре тамырға тамшылатып) жолмен енгізу.
Клизма көмегімен тік ішек арқылы 300-500 мл жылы (37-38˚С) глюкоза ерітіндісі, натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісі, аминоқышқылдар ерітінділері енгізіледі.
Парентералді тамақтану ас қорыту жолдарының өткізгіштігі бұзылғанда, қалыпты тамақтану мүмкін болмаған жағдайларда (ісіктер) және асқазан, өңешке операция жасалғаннан соң тағайындалады. Парентералді тамақтану үшін аминоқышқылдар ерітінділері, 5% глюкоза ерітіндісі қолданылады. Сонымен қатар электролит ерітінділері, В тобы витаминдері, аскорбин қышқылы енгізіледі. Оларды енгізуден алдын су моншасында дене температурасына дейін жылытылады, күре тамырға тамшылатып жіберіледі. Ерітінділерді жіберу жылдамдығын қатаң бақылау қажет.
91. Науқасты асқазан зонды арқылы тамақтандыру: Қажетті заттар: залалсыздандырылған жіңішке зонд (мұрын катетері), вазелин, воронка немесе Жане шприцы, 600-800 мл сұйытылған тағам.
Іс -әрекеттер:
Залалсыздандырылған асқазан зондын алыңыз.
Зондты (мұрын жолы арқылы енгізгенде) вазелинмен майлаймыз.
Зондты төменгі мұрын, мұрын-жұтқыншақ қуысы арқылы енгізу керек
Сол қолдың саусағымен зондтың мұрын-көмей жолындағы жатысын
саусақпен баса отырып, көмейге дұрыс келуін қадағалау керек.
Зондтың бос бөлігін воронкамен жалғастырамыз, ақырындап
воронкаға дайын тамақты құямыз. Әзірлеген сұйық тамақты
Жане шприцімен сорып алып, ауасын шығарып беруге де болады.
Қоректік заттарды енгізіп болған соң, ондағы тағамның қалдықтарын
жуу үшін зондқа таза су құяды, кейін воронканы алып тастаймыз.
Зондтың ұшын науқастың бетіне лейкопластырмен оған кедергі
жасамайтындай етіп бекіту керек.
Кейбір жағдайларда зондты науқастың жағдайына байланысты 2-3
тәулікте ауыстырып тұру керек.
Есіңізде болсын! Зонд өңешке немесе асқазанға түссе пациенттің хал жағдайы өзгермейді. Ал егер зонд кеңірдекке түссе пациент көгеріп, жөтеліп қақалады. Бұл жағдайда зондты тез шығарып алып, пациентті дем алдырыңыз.
92. Науқасты гастростома арқылы тамақтандыру: Асқазан тесігін жасап, ол арқылы тамақтандыру өңештен тамақ өтпейтіндіктен, қарын қалтқысының тарылуынан болады. Жылытылған тағамды шағындап /150-200мл/ күніне 5-6 рет құяды. Құятын тамақты біртіндеп 250-500мл дейін көбейтеді, бірақ жіберуді күніне 3-4 ретке дейін азайтады. Воронка арқылы ұнтақталған қатты тағамдарды, сұйық тағамдарды беруге болады. Воронкаға көп тамақ құюға болмайды, себебі қарын немесе ішек бұлшық еті тарылып, тамақ тесік арқылы сыртқа шығуы мүмкін.
Пациентті асқазан тесігі /гастростома / арқылы тамақтандыру
Қажетті заттар: Жуан асқазан зондын, залалсыздандырылған домалақ (түйме) зондты, воронканы, вазелин майын. 250-500мл 30-35°С дейін қыздырылған сұйық тамақтарды (дәрігердің тағайындағанына байланысты).
Іс- әрекеттер:
Қолыңызды тазалап жуыңыз.
Зондтың домалақ басына вазелин майын жағыңыз.
Асқазанның тесігіне орнатылған домалақ (түйме) зонд арқылы асқазанға зондты жіберіңіз.
Зондтың екінші жағына воронканы (оймышты) жалғастырыңыз.
Асқазанға әзірлеген сұйық тамақты (көлемі дәрігердің тағайындауы бойынша) зонд арқылы жіберіңіз.
Зондты асқазанда қалдыру керек болған жағдайда оны тамақтың қалдығынан тазарту үшін 20-40 мл қайнаған жылы сумен жуыңыз.
Қарын тесігінің (гастростоманы) айналасындағы теріні калий перманганатының әлсіз ерітіндісімен жуып, Лассар пастасымен майлаңыз.
Асқазан және домалақ (түйме) зондты судың ағынымен жуып, қайнатып, ауызы жабық ыдыста сақтаңыз.
93. Науқасты тік ішек арқылы тамақтандыруды ңерекшеліктері: Егер науқастың өңешінен ас өтпей қалса, өңешке немесе өңештің асқазанға құяр жеріне операция жасалса, қоректік заттарды клизма арқылы тік ішекке жібереді. Тік ішек арқылы қоректік заттар жіберу үшін бір сағат бұрын тазалау клизмасын жасау қажет.
Клизма арқылы жіберетін қоректік заттар: 5% глюкоза, 0,9% натрий хлорид ерітіндісін, амин қышқылы ерітіндісін 37-38°С жылытып, 300-500мл мөлшерде резеңке грушаның көмегімен жасайды. Осы тәртіппен тәулігіне 3 -4 рет жібереді. Қоректендіру клизмасын жиі пайдалануға болмайды, себебі одан тік ішек сфинктері тітіркеніп, жара пайда болуы мүмкін. Осындай асқынулар болмау үшін тік ішекті ұқыпты жуып тұру керек.
94. Науқасты парентеральді тамақтандырудың ерекшеліктері: Асқазанға жасалған операциядан кейін, ісік болғанда ас қорыту жүйесіндегі аурулар кезінде парентералдық тамақтандыруды белгілейді. Бұл үшін 5% глюкоза ерітіндісі, белокты препараттарды, дәрумендерді, минеральды тұздарды, жүйе /система/ арқылы тамшы күйінде жібереді. Қоректік заттарды қанға құяр алдында 37-38˚C –қа дейін жылыту керек. Қоректік ерітінділерді қанға тамшылатып жібергенде оның тамшылар жылдамдығына мұқият қараған жөн. Мысалы, гидролизин, гидролизат казеин ақуызы, фибринсол, полиаминдерді алғашқы 30 минут ішінде минутына 10-20 тамшы жылдамдықпен тамызу керек, осы аралықта науқас тарапынан ешқандай өзгеріс байқалмаса, онда минутына 40-60 тамшы жылдамдықпен тамызуға болады.
Полиамин ерітіндісін алғашқы 30 мин ішінде минутына 10-20 тамшы, содан соң 1 минутта 25-35 тамшыдан тамызады. Липофундин S /10% ерітінді/ алғашқы 10-15 минут ішінде минутына 15-20 тамшыдан тамызылады, ал науқас тарапынан ешқандай өзгеріс болмаса, бірте-бірте тамшы жылдамдығын көбейтеміз, минутына 60 тамшыға дейін жіберуге болады. Мысалы, 500мл ерітіндіні құю 3-5 сағатқа созылады.
Ақуызды препараттар қанға жылдам кетсе, онда науқастың екі беті қызарып, денесі ысып, тынысы тарылады. Сол себепті қоректік заттарды қан тамыры арқылы жібергенде өте мұқият болған жөн.
95. Науқас семьясымен қатынаста коммуникативті дағдыларды қолдану: Дәрігердің коммуникативтік дағдылары, оның адамгершілік, психологиялық қасиеттеріне байланысты болады. Дәрігердің бұл қасиеті хирургиялық мамандықтарда, төтенше және жедел жәрдем көрсетуде маңызы өте зор. Мұнда дәрігердің жайлы мінез-құлқы, көңіл-күйі, шыдамдылығы, өркөкіректігі, жеңілтек мінезділігі оның әріптестерімен қарым-қатынас құруына, медициналық ұжымда қалыпты қызмет атқаруына талай қиыншылықтар тудырады және бұл жағдай жұмыс нәтижесін жоққа шығарады.
Дәрігер жұмыс бабы бойынша орта және кіші буынды медициналық қызметкерлерімен де тығыз қатынаста болады. Олармен дұрыс қарым-қатынас құруы, тіл табысуы, міндеттерін бір бағытта атқаруы емдеудің нәтижесіне оң әсер беретіні ақиқат.
Диагностикалық зерттеулер және ем шараларын жүргізуде мейірбике дәрігерге көмек көрсетіп, ол ауруға күтім шараларын жүргізіп, науқастың бақылауын тікелей өзі іске асырады. Егер, дәрігер мен мейірбикенің арасында дұрыс қарым-қатынас орнамаса, тағайындалған ем шараларын мейірбике тиісті дәрежеде орындамаса, емнің нәтижелі болуы екіталай.
Науқас пен дәрігер арасындағы қарым-қатынас дәрігер жұмысында өте маңызды орын алады. Дәрігер мен науқас және оның туысқандары бір-біріне сенім тудыратын қатынас жасағанда ғана ем нәтижелі болуын күмән тумайды. Ал дәрігер мен науқас арасында дұрыс қатынас болмаған жағдайда, ем нәтижелігіне науқас күмәнданып, басқа дәрігер таңдауға мәжбүр болады. Науқас дәрігерге сенім білдірсе, қарапайым емге де күмәнсіз қарайды. Сондықтан, әр дәрігер және де басқада медицина қызметкерлері науқаспен және оның жақын туыстарымен дұрыс, тиісті дәрежеде олардың сенімділігін тудыратын қарым-қатынас құруы керек. Аурухана не емханада әңгімелесіп отырған науқастар пікірлесе отырып өздерінің сенімін ақтамаған дәрігер туралы негативті мәліметті таратып жібере алады. Бұл дәрігердің, бөлімшенің, медициналық мекеме мен ондағы дәрігерлер ұжымының беделін жоққа шығаруы мүмкін.
Сонымен, дәрігер өз жұмыс атқаруда көптеген адамдармен қарым-қатынас орнатады, және бұл қатынастардың дәрігер үшін, оның жұмысының нәтижелігі үшін маңызы зор. Сондықтан да, дәрігер коммуникативті дағдыларды жоғары дәрежеде жүргізе алуы керек.
Дәрігер өз міндетін атқару барысында, басқа адамдармен түрлі қарым қатынас, байланыс, сұқбат жасауға мәжбүр болады: оның ішінде – науқаспен, оның туысқандарымен, басқа медициналық қызметкерлерімен, т.б. дәрігер мен сырқат адамның қатынасының жоғары дәрежеде болуы, маманның кәсіби дамуына үздіксіз әсер етеді.
Қарым-қатынас – адамдардың жанасуы негізінде ақпаратпен алмасуы, бір бірін қабылдауы және әрекеттесуі. Дәрігер жұмысының нәтижелілігі мен дәңгейі, дәрежесі, оның білімділігі мен біліктілігіне ғана емес, қарым-қатынас дағдыларына да байланысты екені анық.
Коммуникативтік дағдылар – дәрігердің жұмыс барысына байланысты басқа субьектілермен (адамдармен, науқаспен, оның жақындары және туысқандарымен, әріптестерімен, т.б) тиісті дәрежеде қарым-қатынас жасай отырып, медициналық жәрдем шараларының тиімділігі мен нәтижесін арттыру.
Қатынасуда субьектілер сөз, мимика және дене қимылы арқылы, бір-біріне мәлімет тасымалдап, әрекеттеседі. Вербальды коммуникация – адамдардың қатынасу үшін белгі жүйесі ретінде сөзді қолдануы. Вербальды емес коммуникация – қатынасу үшін тілден басқа белгілерді қосымша пайдалану(жест, мимика, дауыс ырғағы, көзбен жанасу). өзара мәлімет алмасу арқылы қарым-қатынасқа түскен адамдар сұқпаттаса келе, бірін бірі түсініп, танысады.
96. Науқаста күтім жүргізгенде коммуникативті дағдыларды қолдану: Дәрігердің коммуникативті дағдыларды жүргізе алу дәрежесі дәрігердің науқаспен, әріптестерімен жақсы қарым-қатынас құра алуына оң әсерін тигізері сөзсіз. Емхана дәрігері коммуникативті дағдыларды жоғары дәрежеде жүргізе алса, бұл емхананың да, дәрігердің де беделін асырады. Сол себепті, дәрігер басқа дәрігердің де, өзінің де коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесін бағалай алуы тиіс. Коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесін бағалау арқылы, дәрежені одан ары арттыруға мүмкіндік аламыз. Дәрігердің коммуникативті дағдыларды жүргізуі
97. Ерекше стерильді зона туралы түсінік: Ерекше стерильді аймақ дегеніміз қатал асептиканы қажет ететін аймақ.Мұндай аймаққа операция бөлмесін,таңу бөлмесін,процедура бөлмесін және қан компоненттерін дайындайтын бөлмені жатқызады.
Қан компоненттерін дайындауға арналған үй-жайлар қатаң түрде мақсатына байланысты пайдаланылуы тиіс. Осы үй-жайларға кіру персонал үшін шектеледі.
Өндірістік және зертханалық үй-жайлар басқа үй-жайлардан бөлек орналастырылады, тек арналған мақсаты үшін пайдаланылады және санкцияланған рұқсаты болады.
Қанды және қанның компоненттерін сақтау және тасымалдау үшін мынадай «салқын тізбек» шарты сақталады:
1) қан өнімдерін сақтау және жеткізу шарттарына сәйкестігін қамтамасыз ететін тоңазыту жабдығы – термоконтейнерлер немесе авторефрижераторлар;
2) тиісті температураны сақтауға, өнімді физикалық зақымданудан және микробиологиялық ластанудан сақтауға мүмкіндігі бар қаптама;
3) барлық кезеңдерде температуралық режимнің сақталуын тұрақты бақылау.
стерильді аймақ (стерильді материалдың стерилизаторлардан түсуі және оны сақтау).
98. Стационармен емханадағы карантин режимі: Карантин — ауру ошағын толық оңашалау және ондағы ауруды толық жоюды қарастыратын шаралар жүйесі
Емхана мен ауруханаларда карантин жариялау тәртібіне келетін болсақ ол кезде аурухана немесе емхана ішінде науқастардың , медициналық персоналдың, қосымша емдеу мекемесінің жұмысшыларының толық қатаң түрде қозғалысына, араласуына тиым салынады.
Жүктер немесе тағы да басқа пайдалану, тұтыну құралдары мен заттарын карантиндік зонадан шығаруға, кіргізуге қатаң тәртіпте тиым салынады
Ауруы бар деген науқастарды белсенді түрде анықтау, егер оларда ауру симптомдары анықталса оларды міндетті түрде қоғамнан изоляциялау.
Жұқпалы ауру анықталған коллективтің және онымен қарым-қатынасқа түскен адамдардың барлығын да анықтап, оларды медициналық қатаң бақылауға алу керек. 99.Дене биомеханикасы
Мейірбике науқасты көтеру, тасу, қолдап жүру, ауыстыру сияқты шаралар барысында сырқат жарақат алуы мүмкін. Сондықтан науқастардың бір жерін ауыртып алмау мақсатында және сондай жағдайды болдырмау үшін керекті дағдыларды білу керек. Науқастарды отырған немесе жатқан жерінен тұрғызып, болмаса көтеріп, орнын ауыстыруға тура келеді.
Медицина қызметкері өз күштерін дұрыс бағаламай, дененің биомеханикалық заңдылықтарын ескермей, денесіне ауыр салмақ түсіріп, омыртқаларын және де басқа қозғалыс аппараттарын зақымдап алуы мүмкін.
Мейірбике өзіне де науқастарға да зиян келтірмеу үшін келесі ережелерді есте сақтау керек:
- егер ол сізден жеңіл болмаса немесе қозғалтуға басқа ешкім көмек бере
алмаса өзі қозғала алмайтын, көмек бере алмайтын науқасты көтермеу керек;
- науқастарды көтергенде немесе күтімге байланысты басқа жұмыстарды
орындағанда мүмкіндігінше дененің арқасын, омыртқа жотасын түзу ұстау керек;
- алға созылған қолдармен науқасты көтеруге немесе қозғалтуға болмайды;
- егер науқас қозғала алмаса, механикалық құрылғылар көмегін пайдалануға
Дене биомеханикасының негізгі принциптері:
1. Ауыр көтерген кезде аяқтың арасы ашық, әрі дене тірегі мықты болуы
керек.
2. Көтеру кезінде салған күшін көбейту үшін аяқтардың ара қашықты
кеңейту керек.
3. Ауыр салмақты көтерер алдында бел мен іштің бұлшық етін тырыстыру
керек.
4. Көмек көрсету кезінде науқастың денесі мен бетін өзімізге бұрып тұру
керек.
5. Заттарды тізеден бүгілген аяқтың бұлшықетінің көмегімен көтеру керек.
6. Өзінің денесінен ауыр заттарды көтергенде және қозғалтқанда қосымша
ретінде күшті қолдану керек.
7. Ауыр затты итеру арқылы қозғалтқанда, жұмсаған күштің тең жартысы
жойылады. Сол себептен ол затты тартып қозғалтқан дұрыс.
100.
Тұтас (генеральный) жинау ерекшеліктері
Емдеу бөлімшесінің палаталары кең, жарық, көп дегенде 6 адамға есептелген болуы керек.
Қабырға майлы бояумен боялып, еденге линолеум төселінеді, палаталар ең қажетті жабдықтармен (төсек, үстел, тумба, орындықтармен) жабдықталады. Төсектер ыңғайлы болуы тиіс. Ауруханалық жиһаздардың беті жұмсақ, жеңіл жуылатын болу керек.
1-2 адамдық палаталарға бірінші кезекте ауыр науқасты емделушілер жатқызылады.
25-30 емделушіге бекітілген мейірбикелік бекет болады.
Бекет орнында дәрі-дәрмек құралдарына арналған шкаф, үстел, орындық, күту жабдықтарына арналған шкаф, тез бүлінетін дәрі-дәрмек құралдарына арналған мұздатқыш, дәрі-дәрмек құралдары тарататын жылжымалы үстелше, әртүрлі манипуляциялар дайындайтын үстелше, шүмекті раковина болу керек. Мейірбикелер бекетінен барлық палаталар көрініп тұруы қажет. Бекет орны ауыр науқасты емделушілермен байланысты болу керек. Бекетте барлық ауруханалық бөлімшелердің телефон тізімінің болғаны дұрыс.
Емдеу бөлмелерін (палаталар, дәліз, дәретхана, жуынатын бөлме) жинастырудың ерекшеліктері:
Бөлмені ағынды жинастырудан өткізу мақсаты: санитарлық-гигиеналық талапты сақтау, ауруханаішілік жұқпаның алдын алу. Емдеу сауықтыру мекемелерінде ағынды жинастыру 2 рет ылғалды әдіспен, кей жағдайларда жиірек жүргізіледі. Ол үшін қажетті заттар: шелек, швабра, шара, еден жуу үшін шүберек, таза шүберек (шаң сүртуге), зарарсыздандыру ерітіндісі, халат, орамал, алжапқыш, резеңке биялай, өлшемі бар ыдыстар.
Іс-әрекеттер: Орамалды тағып, халатты, алжапқышты киіп, резеңке биялайды киіңіз. Зарасыздандыру ерітінділерінің бірін әзірлеңіз. Бөлмеге ылғалды жинастыру жүргізіңіз: таза шүберекті ерітінділердің біріне малып, жиһаздарды, терезенің алдын сүртіңіз. Еденді мынандай тәртіппен жуу қажет: қабырғалардан ортаға жинаңыз, содан соң төрден төмен қарай жуамыз. Ылғалды жинастырудан соң бактерицидты шамды 30 минутқа қосыңыз, терезе есікті 10-15 минутқа ашып желдету. Коридор (дәліз) жинастырудың өзіндік ерекшеліктері бар. Себебі бұл барлық жатқан науқастар, науқастардың туыстары, медицина қызметкерлерінің және көрінуге келген науқастардың бәрі жүретін жер. Күніге 2 рет ылғалды жинау және ластануына қарай тазалау керек. Бактериоцидты шамды 30 минутқа қолданады. Оның өзінің шелегі, швабрасы, шаңдарды сүртуге (терезе есік) арналған шүберегі, еденді жууға арналған шүберегі болады және бәрінде белгісі болуы керек. Аптасына 1 рет қорытынды жуу, бактерицидты шамды 1 сағатқа қою.
Дәретхана – аурухананың әр бөлімшесінде бірнешеуі болуы керек, себебі: медицина қызметкерлеріне арналған, ер адамдарға және әйел адамдарға арналған болады. Бөлімшенің санитарлы - гигиеналық бөлмесіне жақын жерде орналасқан болуы керек. Әжетхана ішінде дезинфекциялық ерітіндісі бар үлкен ыдыс болуы керек, оған дәрет ыдыстарын 1 сағатқа салып қою қажет және терезесі ашылатын желорай болуы шарт. Әрі су жақсы ағатын, қағаз салатын шелек, өзінің еденін жуу үшін шелек, шүберек, швабрасы оның өзінің белгісі (маркировка) болуы керек, күніне бір неше рет жуылады және ластануына қарай сүртіледі.
Жуынатын бөлмені тазарту ерекшеліктері бар: бір айда бір рет қорытынды жуу, күніне екі рет ылғалды жуу. Аяқтың астына ағаштан жасалынған тор таяқша немесе резеңке төселінеуі керек. Терезесі ашылатын, жарық әрі әйнектерден адам бойы көрінбейтіндей етіп бояу жағылуы керек. Бөлме термометрі, су термометрі және жеке сабын, жеке жөке, жеке сүлгі және жеке сыртқы киімдеріне арналған шкаф болуы қажет. Дезинфекциялық ерітінділермен толтырылған ыдыс, арнайы су құйғыш болуы керек. Медициналық шкафта қайшы, стакан, станок тағы да басқа керекті заттар әр науқасқа бір біреуден болуы керек.
