- •3.Емдік сақтандыру режимі туралы түсінік
- •8.Аіи туралы түсінік.
- •9.Аіи көздері және таралу жолдары
- •10.Аіи таралу жолдары
- •15.Санитарлық-эпидемиялық қарсы режимді жүргізу әдістері
- •17.Дезинфекция туралы түсінік
- •18. Дезинфекциялаудың түрлері,сақтандыру және ошақты олардың мақсаты мен міндеттері
- •20. Дезинфекциялаудың физикалық әдісі және оған қолданатын заттар.
- •21. Дезинфекциялаудың химиялық әдісі және химиялық заттарға сипаттама.
- •23. Дезинфекциялаудың қосалқы әдісі.
- •25. Дезинфекция сапасын бақылау әдісі.
- •26. Қабылдау бөлімінің құрылысы.
- •27. Науқастың ауруханаға түсу жолдары.
- •29. Қабылдау бөлімшесі мейірбикесінің негізгі қызметтері.
- •30. Қабылдау бөлімшесінің негізгі медициналық құжаттары.
- •34. Педикулезге қарсы тазалық жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары.
- •36. Науқасты тасымалдау кезінде мейірбикенің жұмысын дұрыс ұйымдастыру.
- •37. Ауыр көтергендегі дене биомеханикасының дұрыстылығы.
- •38. Науқасты ұстау, қозғалту, жатқызу ережелері. Науқасты қолмен ұстау (Раутек) әдісі
- •39)Науқасты каталка және кресло-каталкамен тасымалдау?
- •40)Науқасты тасымалдау кезінде жарақаттануды болдырмау?
- •42)Тасымалдауға болмайтын науқас туралы тусінік?
- •43)Науқастың төсектегі жағдайының түрлер; Симс, Фаулер, арқасында ішімен жату.
- •44)Науқасты каталкадан төсекке және керісінше дене биомеханикасын сақтай отырып жатқызу?
- •49)Пульс туралы түсінік.Пульсті анықтайтын орындар және техникасы.
- •50)Пулсьтің қасиеті, оны бағалау, мумкін болатын озгерістер.
- •51)Аққ туралы түсінік, оның жасқа қарай ерекшеліктері.
- •54)Тыныс қозғалысының жиілігін санау, нәтижені бағалау.
- •56)Науқастың жеке басына қойылатын талаптар.
- •57)Функционалды төсектің құрылысы.
- •58)Науқастың төсегін дайындау.
- •74. Терморегуляцияи термометрия
- •75.Температуралық реакцияның жасқа қарай ерекшелігі:
- •82. Диеталық тамақтану режимі:
- •88. Үлестік талаптың түрлері, оны құрастыру:
- •90. Науқасты жасанды тамақтандырудың түрлері, көрсеткіштері:
- •101. Науқастарды тасымалдау мен орнынан ауыстыру
- •109. Науқасты көтергенде, қозғалтқанда келесі әдістерді қолдануға болады:
- •109. Медициналық құрал- саймандарды залалсыздандыру алдындағы тазалығын тексеру (көзге көрінбейтін қанды жуғыш ерітінділерді, дәрі – дәрмектерді, тат басқанды)
- •110. Науқасты кушеткадан каталкаға және каталкадан кушеткаға ауыстырудағы ережелер
29. Қабылдау бөлімшесі мейірбикесінің негізгі қызметтері.
1) Жұмыс орнын дайындау, егу бөлмелеріне қажетті барлық заттарды түгелдеу;
2) Науқастың жолдамасымен танысу және кезекші дәрігердің бөлмесіне алып бару;
3) Өзі келіп түскен науқастың шағымдарын тыңдау және кезекші дәрігерге жіберу;0
4) Түскен науқастардың дене қызуын өлшеу (003 формасы);
5) Ауру тарихының төлқұжаттық бөлімін толтыру, науқастарды педикулезге қарау;
6) Дәрігердің тағайындаған нұсқауларын орындау;
7) Процедуралық қарау және таңу бөлмесінде жұмыс жасағанда асептика мен антисептика ережелерін сақтау;
8) Нұсқауларға сәйкес шприцтерді, аспаптарды және материалдарды залалсыздандыру;
9) Жұқпалы аурулар және педикулез жайлы телефонограммаларды, белсенді шақыруларды санитарлық – эпидемиологиялық станцияға уақытында беру;0
10) Жедел және реанимациялық дәрігерге дейінгі көмек көрсете білу керек
30. Қабылдау бөлімшесінің негізгі медициналық құжаттары.
1. Қабылданған және қабылданбаған сырқаттарды тіркеу журналы.
2. ф. №ООЗ/у. Ауруханадағы сырқаттың медициналық картасы
3. ф. №004/у. Дене қызуын белгілейтін қағазы
4. ф. №058/у. Жұқпалы ауруларға жедел хабарлама
5. ф. №089/у. Туберкулез, вен.аурулар, грибоктар, биттеген, қотырмпен түскен сырқаттарды тіркеу журналы.
6. Жедел операция қабылдаған сырқаттарды тіркеу журналы
7. Антирабикалық сарысуды қабылдаған сырқатты тіркеу картасы.
31. Антропометрия туралы түсінік, оны жүргізу техникасы. Антропометрия-бұл адам денесінің морфологиялық ерекшеліктерін тексеру, өлшеу әдістеріне мыналар жатады: дене салмағын анықтау, бойының ұзындығын өлшеу, кеуде аумағын өлшеу.
32. Науқасқа санитарлық-гигиеналық тазалық жүргізудің негізгі түрлері. 1. Толық тазалау (ванна, душ қабылдау); 2. Жартылай тазалау (дененің бөліктерін сүрту). Тазалық сақтау шаралары қабылдау бөлімшесінен басталады. Бұл шаралары санпропусникте жүргізіледі. Қандай санитарлық тазалауды өткізу керектігін тек дәрігер анықтайды. Ваннаны қабылдау ұзақтығы 10-15мин. аспау керек.
33. Педикулез анықталғанда науқасқа санитарлық-гигиеналық тазалық жүргізудің негізгі түрлері. Егер бит немесе сірке табылса, ауруды шешіндірместен кушеткаға отырғызып, қолда бар ерітінділердің бірімен тазалайды, яғни дезинсекция (жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын тасымалдайтын зиянды жәндіктерді жою) жүргізіледі. Педилин, Нитифор, Антибит ертінділерінң бірімен тазалайды.
Іс- әрекеттер:
1. Орамалды байлап, халат пен биялай киіңіз.
2. Науқасты клеенкалы кушеткаға отырғызыңыз.
3.Ерітінді жағылған шашты қалпақтың астында 20мин ұстаңыз
4. 15-20 минуттан кейін жылы сумен жуыңыз
5. Шашты сірке қышқылы ерітіндісімен шайыңыз
6. Шашын майда тарақпен тараңыз 10-15 мин.
7. Науқастың киімін зарарсыздандыру камерасына өткізу үшін қапқа
салыңыз.
8. Медициналық картаның мұқаба бетінің оң жақ бұрышына педикулез
табылған туралы «Р» деген белгі қойыңыз.
9. Науқаспен байланыста болған заттар мен жабдықтарды да жоғарыда
аталған дезинсекциялық ерітіндімен тазалаңыз.
10. Мейірбикенің орамалын, халатын, биялайын, қапқа салып,
зарарсыздандыру камерасына өткізіңіз.
11. Ф-058 «Жұқпалы ауру туралы жедел хабарламаны» қағазын толтырып,
жергілікті санитарлық эпидемиологиялық станцияға жіберіңіз.
