Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Рубежка.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
139.37 Кб
Скачать

74. Терморегуляцияи термометрия

Адамның дене қызуын өлшеу термометрия деп аталады, ол медициналық сынап термометрімен жүргізіледі. Термометр капиллярі бар шыны түтікшеден тұрады, онда сынап толтырылған резервуар бар. Бұл түтік шкалаға бекітілген, оған 34-тен 42°С дейін бөлімдер жасалынған. Қызған кезде капиллярмен жоғары көтерілген сынап суыса да төмен түспейді. Сынап түсуі үшін термометрді бірнеше рет сілку керек. Медициналық термометрдің шкаласы дене температурасын 34-тсн 42°' дейін өлшеуге арналған, бір белігі 0,1 °С.  Сау адамның қалыпты жағдайда дене қызуы тәулік бойы 37˚С-тан аспайды. Бұл жылу өндіру және жылу беру сияқты күрделі жылу реттеу жолымен қамтамасыз етіледі. Жылу өндіру бұлшық ет және ішкі мүшелердегі тотығу процестері арқасында жүзеге асырылады. Алмасу процестерінің өнімділігі неғұрлым жоғарылаған сайын соғұрлым жылу жасау көбейе түседі. Жылу беру - терідегі бай тамырлар торына байланысты болады. Олар өз сағасын бірден тез өзгерте алады. Жылу беру - жылу тарату, жылу сәулелену және булану жолдарымен жүзеге асырылады. Ағзаның жылу өндіруі жеткіліксіз болса немесе ағза салқындағанда тері тамырлары рефлексті түрде тарылады да, жылу беруі төмендейді. Тері құрғақ, суық болады, кейде қалтырау пайда болады. Ол қаңқа бұлшық еттерінің жылу жасауының жоғарылауына әкеліп соғады. Керісінше, жылу көп болған жағдайда (ағза қызғанда) тері тамырларының рефлекстік түрде кеңеюі байқалады. Терінің қанмен қамтамасыз етілуі жоғарылайды, сондықтан жылу беру, оны өткізу және сәулелендіру жоғарылайды. Егер бұл механизмдер жеткіліксіз болса, тер бөлу кенеттен күшейеді. Тер дене бетінен булана отырып, ағзадағы жылудың өте күшті бөлінуін іске асырады.Сонымен, терморегуляцияның күрделі механизмі ағзаның ішкі ортасындағы температуралық тұрақтылықты қамтамасыз етеді, ол алмасу процестерінің қалыпты жүруі үшін қажетті болып келеді.

75.Температуралық реакцияның жасқа қарай ерекшелігі:

Әртүрлі жағдайларға байланысты дене қызуынын физиологиялық тербелуі мүмкін. Мысалы, тік ішекте, кынапта, шап қыртысында, ауыз қуысында өлшенген қалыпты қызу қолтық астындағы қызуға қарағанда 0,4°С жоғары. Балаларда зат алмасу неғұрлым қарқынды етеді, ал жылу реттеу механизмдері жетілмеген, сондықтан оларда үлкендерге қарағанда дене қызуы неғұрлым жоғары. Әйелдерде дене қызуы етеккірдің фазаларымен анықталады: овуляция (жетілген фолликулдын жарылып, жұмыртқа клеткасының шығуы) кезінде ол 0,6 - 0,8°С - ка көтеріледі. Барлық адамдарда дерлік дене қызуының тәуліктік тербелуін анықтауға болады, бұл әдетте 0,1 - 0,6°С құрайды. Ең жоғарғы дене қызуы әдетте түстен кейін (17 - 21 сағаттарының аралығында), ал ең төмен қызу –таңсәріде (сағат 3-пен 6 аралығында). Жазда адамның дене қызуы кыстағыға қарағанда 0,1 - 0,5°С жоғары. Дене қызуының көтерілуі тамақ ішкеннен кейін, қарқынды жұмыс, эмоциональдық күштену (мысалы, студенттерде актерлерде, спротшыларда) кезінде байқалады.

79. Қызбасы туралы түсінік, қызбаның түрлері мен типтері: Қызба (febris) - бұл дене қызуының көтерілуі, әртүрлі патогенді тітіркендіргіштерге жауап ретінде пайда болған организмнің белсенді қорғану-бейімделу реакциясы. Қызудың кетерілу дәрежесіне байланысты: субфебрильді (38°С-тан артпайды), орташа немесе фебрильді (38 - 39°С), жоғары немесе пиретикалық (39 - 41°С), аса жоғары немесе гиперпиретикалық (41°С-тан жоғары). Ағым ұзақтығына байланысты: еткінші (ұзақтығы бірнеше сағат), жедел (15 күнге дейін), жеделдеу (15 - 45 күн) және созылмалы (45 күннен артық). Дене қызуынын тәулік бойғы (кейде ұзағырақ уакыттағы) тербелу сипатына байланысты: 1) тұрақты (febris continua) - қызудың ұзақ уақыт көтерілуі ГС-тан аспайтын тәуліктік тербелумен; 2) ремиттеуші (босаңсытатын) (febris remittens) - ұзақ қызба, қызудың тәуліктік тербелуі 1-ден 1,5°С-қа дейін қалыпты деңгейге дейін төмендеусіз; 3) ұстамалы безгек (febris intermittens) қызудың 1°С-тан жоғары тәуліктік тербелуімен сипатталады, бірақ танертеңгілік уақытта оның қалыпты деңгейге дейін төмендеуі байқалады; 4) гектикалық (febris hectica) (титықтататын) – тәулігіне бірнеше рет қайталанатын дене қызуының көп (3-5°С-қа) көтерілуімен және тез түсуімен сипаталатын қызба. Дене қызуы қалыпты немесе қалыптыдан төмен - 36°С-тан төмен түседі; 5) бұрмаланған қызба (febris inversia) - әдеттегі тәуліктік ырғақтың ауысуымен сипатталады, бұл кезде таңертеңгілік қызу кешкідегіден жоғары; 6) толқын тәрізді қызба (febris indulans), тұрақты көтеріңкі кезеңдер қалыпты қызу кезеңдерімен бірнеше күн бойы алмасып отырады; 7) бұрыс қызба (febris atypica), тәулік бойғы тербелуде заңдылықтың болмауымен сипатталады.

80. Қызба кезеңдері, қызбаның әр түрлі кезеңдерінің клиникалық көрінісі: Бірінші кезең - қызудың өршуі. Жылу бөлудің жылу беруден неғұрлым басымдылығы байқалады. Клиникада бұл қалтыраумен, бұлшық еттердің тартып ауыруымен, бас ауруымен, аяқ-қолдардың бозаруымен және көтеруімен (цианозымен) сипатталады. Мұндай кезде науқасты жылыту (төсеккке жатқызу, қымтап жабу, жылытқыштар қою, ыстық шай беру), дәрілік емнің қажеттігі туралы сұрақты шешу, ағзаның әртүрлі мүшелері мен жүйелерінің жағдайын мұқият бақылау қажет. Екінші кезең - қызудың жоғары деңгейде сақталуының салыстырмалы тұрақты кезеңі. Жылу бөлу және жылу беру үрдістерінің теңесуімен сипатталады. Қалтырау азаяды, тері тамырларының жиырылуы төмендейді және бозаңдық гиперемиямен (кызарумен) алмасады. Сырқаттар бүл кезде эдетте жалпы әлсіздікке, бас ауруына, ыстықтауға, ауыз кебуіне шағымданады. Жүрек-кан тамыр және тыныс алу жүйелері қызметінің қатерлі бұзылулары болуы мүмкін: тамыр соғуының жиілеуі (тахикардия), тыныс жиілеуі (тахипноэ), кейде қан кысымының төмендеуі байқалады, сондықтан әрдайым сәйкес емдік дәрілерді тағайындау сұрақтарын шешу қажет. Бұл кезеңде орталық жүйке жүйесі жағынан айқын бұзылулар болуы мүмкін - бас ауруы, ұңқысыздық, галлюцинациялар, сандырақтау, ал кішкентай балаларда құрысып-тырысулар. Қызбасы бар сырқаттың ауыз қуысы күтімі мү_қият жүргізілуі қажет, еріндері мен езулерінде пайда болған жарылуларды вазелин майымен немесе глицеринмен майлау. Қарсы көрсеткіш болмаса жиі, бөліп-бөліп, көп сұйықтық ішкізу (сусындар, морстар, компоттар, мииерал сулар) ұсынылады. Қатаң төсектік тәртіптегі науқастарға дәрет ыдысы мен зәр қабылдағышты береді, ойылулардың алдын алуды жүргізеді. Үшінші кезең - қызудың төмендеу кезеңі, шеткі қан тамырлардың кеңеюі, тер бөлінудің көп артуы салдарынан жылу берудің жылу бөлуден неғұрлым басымдылығымен сипатталады. Ол әртүрлі өтеді. Дене қызуынын біртіндеп. бірнеше күн ішінде түсуі литикалық немесе лизис деп аталады. Тез, көбінесе 5 - 8 сағатгың ішінде, жоғары мөлшерден (39 - 40°С) қалыпты немесе сәл қалыпты деңгейге түсуі кризис деп аталады. Дене қызуының критикалық түсуі медицина қызметкерлерінен батыл шараларды қолдануды қажет етеді: жүрек жиырылуының күшеюіне және қан қысымының көтерілуіне мүмкіндік туғызатын, тыныс және тамыр қозғалысы орталықтарын қоздыратын дәрілік заттарды енгізу. Сырқатты айналдыра жылытқыш салады, ыстық қою шай береді, төсек орын жапқыштары мен іш киімді уакытымен ауыстырады.

81. Қызбаның әр түрлі кезеңдерінде науқасқа күтім жүргізу: І-кезең: дене қызуының көтерілуі. Науқас шағымдары: бас ауру, сүйек сырқырауы, әлсіздік, қалтырау. Тері жамылғылары: "Құс терісі" түрінде. Естің жағдайы: өзгермеген. Жылу өндіру және жылу бөлу қатынасы: Жылу өндіру жылу бөлуден басым болады. Науқасты күту алгоритмі: 1. емделушіні жылыту; 2. жылы көрпемен жабу; 3. аяғына жылытқыш қою; 4. ыстық, тәтті шай беру. II кезең: дене қызуының тұрақты болуы. Науқастың шағымдары: бас ауруы, сүйек сырқырауы, сусау, ауыз құрғауы. Тері жамылғылары: беті қызарады, тері ыстық, ауыз қуысының кілегей қабаты құрғайды, еріні қызарады. Ес жағдайы: елес, сандырақ пайда болу мүмкін. Жылу өндіру және жылу бөлу қатынасы: тепе-теңдік қалыпты болады. Науқасты күту алгоритмі: 1. жеке пост ұйымдастыру; 2. науқасты салқындату: а) маңдайына компресс немесе мұзды мұйық қою; ә) теріні сірке қосылған суық сумен сүрту; б) суық сумен ылғалдалған жамылғышпен орау; 3. дәрумендірілген салқын сусынды ішкізу; 4. ауыз қуысының кілегей қабатын жуу; 5. ерінді вазелинмен майлау; 6. физиологиялық бөлінулер кезінде күтім жасау; 7. науқасты тамақтандыру; ІІІ кезең: дене қызуының төмендеуі - кризис. Науқастың шағымы: әлсіздік, бас айналу. Тері жамылғылары: терісі бозғылт, суық, жабысқақ термен қапталған. Естің жағдайы: санасы бұзылады, кейде есін жоғалтады. Жылу өндіру және жылу бөлу қатынасы: жылу өндіру жылу беруге қарағанда азаяды. Науқасты күту алгоритмі: 1. төсектің аяқ жағын жоғарылатып, жастықты алып тастау; 2. дереу дәрігерді шақырту; 3. кофе немесе ыстық шай беру; 4. науқасты қымтап жабу; 5. 10% сульфокафокаин және 10% кофеин бензоат-натрий ерітіндісін тері астына 1 мл егуге даярлау; 6. науқастың киімін ауыстыру; ІІІ кезең: температураның төмендеуі - лизис. Науқастың шағымы: әлсіздік, бас айналу. Тері жамылғылары: дымқыл. Естің жағдайы: есі сақталған. Жылу өндіру және жылу бөлу қатынасы: жылу өндіру жылу беруге қарағанда азаяды. Науқасты күту алгоритмі: 1. тыныштық; 2. төсекті және іш киімін ауыстыру; 3. дәрумендірілген сусын;