
- •3.Емдік сақтандыру режимі туралы түсінік
- •8.Аіи туралы түсінік.
- •9.Аіи көздері және таралу жолдары
- •10.Аіи таралу жолдары
- •15.Санитарлық-эпидемиялық қарсы режимді жүргізу әдістері
- •17.Дезинфекция туралы түсінік
- •18. Дезинфекциялаудың түрлері,сақтандыру және ошақты олардың мақсаты мен міндеттері
- •20. Дезинфекциялаудың физикалық әдісі және оған қолданатын заттар.
- •21. Дезинфекциялаудың химиялық әдісі және химиялық заттарға сипаттама.
- •23. Дезинфекциялаудың қосалқы әдісі.
- •25. Дезинфекция сапасын бақылау әдісі.
- •26. Қабылдау бөлімінің құрылысы.
- •27. Науқастың ауруханаға түсу жолдары.
- •29. Қабылдау бөлімшесі мейірбикесінің негізгі қызметтері.
- •30. Қабылдау бөлімшесінің негізгі медициналық құжаттары.
- •34. Педикулезге қарсы тазалық жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары.
- •36. Науқасты тасымалдау кезінде мейірбикенің жұмысын дұрыс ұйымдастыру.
- •37. Ауыр көтергендегі дене биомеханикасының дұрыстылығы.
- •38. Науқасты ұстау, қозғалту, жатқызу ережелері. Науқасты қолмен ұстау (Раутек) әдісі
- •39)Науқасты каталка және кресло-каталкамен тасымалдау?
- •40)Науқасты тасымалдау кезінде жарақаттануды болдырмау?
- •42)Тасымалдауға болмайтын науқас туралы тусінік?
- •43)Науқастың төсектегі жағдайының түрлер; Симс, Фаулер, арқасында ішімен жату.
- •44)Науқасты каталкадан төсекке және керісінше дене биомеханикасын сақтай отырып жатқызу?
- •49)Пульс туралы түсінік.Пульсті анықтайтын орындар және техникасы.
- •50)Пулсьтің қасиеті, оны бағалау, мумкін болатын озгерістер.
- •51)Аққ туралы түсінік, оның жасқа қарай ерекшеліктері.
- •54)Тыныс қозғалысының жиілігін санау, нәтижені бағалау.
- •56)Науқастың жеке басына қойылатын талаптар.
- •57)Функционалды төсектің құрылысы.
- •58)Науқастың төсегін дайындау.
- •74. Терморегуляцияи термометрия
- •75.Температуралық реакцияның жасқа қарай ерекшелігі:
- •82. Диеталық тамақтану режимі:
- •88. Үлестік талаптың түрлері, оны құрастыру:
- •90. Науқасты жасанды тамақтандырудың түрлері, көрсеткіштері:
- •101. Науқастарды тасымалдау мен орнынан ауыстыру
- •109. Науқасты көтергенде, қозғалтқанда келесі әдістерді қолдануға болады:
- •109. Медициналық құрал- саймандарды залалсыздандыру алдындағы тазалығын тексеру (көзге көрінбейтін қанды жуғыш ерітінділерді, дәрі – дәрмектерді, тат басқанды)
- •110. Науқасты кушеткадан каталкаға және каталкадан кушеткаға ауыстырудағы ережелер
1.ЕСМ-нің түрлері оларға сипаттама және қызметтері
Амбулаторлық көмек:
1) амбулатория (шағын поселоктың, өнеркәсіптік кәсіпорынның немесе ауылдық жердің тұрғындары үшін) немесе фельдшер-акушерлік пункт (ауылдық жерде); амбулаторияда ауруларды қабылдау тек негізгі мамандықтар бойынша жүргізіледі (терапевт, хирург, стоматолог, гинеколог);
2) ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда медициналық көмекті медико-санитарлық бөлім (МСБ) көрсетеді (онын кұрамына стационар, емхана, здравпункт, профилакторий кіруі мүмкін);
3) здравпункт - МСБ немесе емхананың кұрамдас бөлігі (кәсіпорындарда, құрылыстарда, жоғары және орта оқу орындарында), мұнда алғашқы медициналық көмектен басқа аурушылықтың алдын-алу және төмендету үшін жоспарлы санитарлы-гигиеналык әрі емдеу-профилактикалық шаралар жүргізіледі;
4) емхана - келген науқастарға, сондай-ақ үйде, аурулардың және олардың асқынуларының алдын-алу бойынша емдеу-профилактикалық шаралар жүргізіледі; барлық мамандық дәрігерлері қабылдайды; лабораторлық, диагностикалық және емдеу бөлмелері бар; науқастарды анықтау, квалифицирленген көмек көрсету, аурушылықты зерттеу, профилактикалық қарау, диспансеризация - аурулардың белгілі бір бөлігінің денсаулығын белсенді бақылау - бойынша жұмыс жүргізеді;
5) диспансерлер - диспансерлік әдіспен жұмыс істейтін ерекше мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекеме, белгілі бір аурумен сырқаттанатын адамдарды емдейді (онкологиялык, психоневрологиялық және т.б.); емдеу және алдын-алумен қатар патронаж (науқастарды үйінде жүйелі белсенді түрде бақылау), санитарлы-насихатты жұмыс жүргізеді;
6) жоғары квалифицирленген медициналық көмек керсететін мамандандырылған кенестік-диагностикалық орталық (көбінесе ірі көпсалалы ауруханаларда, медициналық университеттерде және т.б.);
7) әйелдер консультациясы - гинекологиялык ауруларды емдеу және алдын-алу, жүктілерді бақылау жұмыстары жүргізіледі; акушерка дәрігерге кабылдау ксзіндс кемектеседі, жүктілер патронажын жүргізеді, оларды нәрестелерді күтуге және жеке бас тазалығына үйретеді;
8) жедел жәрдем станциясы тәулік бойы жұмыс істейді, тұрғындарға шұғыл кезде көмек көрсетеді; бригаданы шақыруға өзі баратын, өзі алғашқы көмек көрсететін және науқасты ауруханаға жатқызатын фельдшер басқаруы мүмкін; жедел жәрдем көлігіндегі казіргі кездегі құралдар стационарға дейінгі жолда шұғыл көмек көрсетуге және реанимациялық шаралар жүргізуге мүмкіндік береді.
Стационарлық медициналық көмек жүйелі бақылауды, емдеу мен тексерудің күрделі түрлерін қажет ет Стационардың турлері:
1) аурухана - медицина ғылымы мен техникасының соңғы жетістіктерінің негізінде тұрғындарға жоғары квалифицирленген көмек көрсетеді; кеп салалы (әртүрлі ауруларды емдеу үшін) және мамандандырылған (инфекциялық, психиатриялық және т.б.) болуы мүмкін; облыстық және республикалық ауруханалар ауыл тұрғындарын жоғары квалифицирленген медициналық көмекпен қамтамасыз етеді;
2) госпиталь - әскери немесе мүгедек адамдарды емдейтін аурухана;
3) клиника - науқастарды емдеумен қатар ғылыми-зертгеу жұмыстары және студенттерді, дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлерді окыту ісі жүргізілетін ауруханалық мекеме;
4) шипажай - науқастардың емін жалғастыратын стационарлық мекеме; негізінде оны минералдық сулары, емдік балшықтары бар жайлы климатты жерлерге (курортта) салады.
етін науқастарға көрсетіледі.
2.ЕСМ-нің негізгі бөліктері:қабылдау бөлімшесі,административті-шарушылық бөлімшесі,клинико-диагностикалық бөлігі
. Аурухананың құрамына қабылдау, емдеу-диагностикалық, емдеу бөлімшелері, дәріхана және т.б. кіреді. Мейірбикенің қызметтік міндеттері ең алдымен белімшенің түріне және оның бөлімшедегі жұмысының ерекшелігіне байланысты (кабылдау белімінің, гастроэнтерологиялық бөлімшенің мейірбикесі және т.б.). Қазіргі аурухана - бұл қажетті емдеу-диагностикалық аспаптармен және құралдармен жабдықталған медициналық мекеме. Қабылдау бөлімі, әкімшілік-шаруашылық бөлігі және емдеу бөлімшелері аурухананың негізгі кұрамдас бөліктері болып табылады.
Емдеу бөлімшелеріне диагностикалық және емдеу бөлмелері, операциялық, емшаралық, таңу бөлмелері және мамандандырылған бөлімшелер, науқастар жататын бөлмелер кіреді. Сонымен қатар емдеу бөлімшелерінің құрамына жүретін аурулардың демалуына арналған жерлер, асхана және қосымша бөлмелер (санитарлық, булау бөлмелері, дәретхана, төсек-жабдықтық бөлме) жатады.
Аурухананың әрбір белімшесінде емдеу және диагностикалық іс-шараларды (көк тамырға құюды, кан мен оны алмастырушыларды кұюды, жұлын пунциясын жасауға арналған құралдарды даярлауды, биохимиялық анализдерге кан алуды) орындайтын іс-шаралық мейірбике болады.
3.Емдік сақтандыру режимі туралы түсінік
Емдік сақтандыру тәртібі - емделушілердің физикалық және психикалық тыныштығын сақтауға бағытталған емдік - сауықтыру шаралары. Оның негізінде бөлімде науқастарға дұрыс ұйымдастырылған күтім, жағымды ауруханалық орта жасау, жарақаттаушы факторларды жою, науқастың уақытын дұрыс ұйымдастыру жатады.
Бұл тәртіп келесі шараларды қамтамасыз етеді:
Емделушінің психикасын сақтандыру тәртібін қамтамасыздандыру.
Ішкі күн тәртібі ережесін қатаң сақтау.
Рационалды физикалық белсенділік тәртібін қамтамасыз ету.
Емдеу мекемелерінде қозғалыс белсенділігінің 4 тәртібі қолданылады:
1. Қатаң төсек тәртібі - бастапқыда қатты ауырып түскен емделушілерге
тағайындалады. Бұл емделушілерге күтудің толық іс-шаралары жүргізілуі
керек.
2. Төсек тәртібі - біршама қозғалыс белсенділігімен сипатталады, бұрылуға,
белгілі бір уақытта аяқты түсіріп, төсектің шетіне отыруға рұқсат беріледі.
3. Палаталық тәртіп - төсек жанындағы орындыққа отыруға, тұруға және
белгілі бір уақытта палатаның ішінде жүруге рұқсат етіледі. Емделушіні
палатаның ішінде тамақтандыру, дәрет алу, жуу шаралары жүргізіледі.
4. Жалпы тәртіп - дәліздің ішінде еркін жүруге, баспалдақпен көтерілуге,
аурухананың ауласында демалуға рұқсат беріледі. Емделушілер өздеріне жеке қызмет жасайды.
Емделушілердің қозғалыс белсенділігінің тәртібін бұзуы емделушінің өзіне қатты зиян тигізуі мүмкін, тіпті өлімге дейін апарады.
4.Науқасты емдеудегі емдік-сақтандыру режимінің маңызы
5.Емдік сақтандыру режимімен қамтамасыз ету әдістері және оған бақылау жүргізу
6.Емхананың жұмыс режимі
Жұмыс режимі: сағат 09.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
7.Стационардың емдеу бөлімшелердің жұмыс істеу тәртібі
Стационардағы күн тәртібі:
07.00 – 07.30: Науқастың ұйқысынан тұруы, дене температурасын өлшеу, гигеналық гимнастика (жалпы режимдегі науқастар), ауаны желдету.
07.30 – 08.00: Науқастардың дәреті, бөлімшені тазалау жұмысы.
07.45 – 08.00: Кезекшіліктің ауысуы, палаталық дәрігердің ауыр жағдайдағы және жаңадан түскен пациенттердің алдын-ала қарауы.
08.00 – 08.15: Бөлімшедегі дәрігерлердің таңертеңгілік конференциясы.
09.00 – 10.00: Науқастардың таңғы асы. Жалпы емханалық таңертеңгілік конференция.
09.30 – 11.00: Емдеуші дәрігердің науқастарды қарауы.
11.00 – 14.00: Емдік-диагностикалық жұмыс (зерттеу жұмысын жасау,операция, таңғыштар, кеңестер, тағайындауларды орындау, науқастарды қабылдау және шығару).
12.30 – 14.30: Түскі ас, екінші тазалау, палаталардың ауасын желдету.
14.30 – 16.00: Демалу
16.00 – 17.00: Дене температурасын өлшеу, тағайындауларды орындау, кезекшіліктің ауысуы.
16.00 – 19.00: Бос уақыт ( серуендеу, туыстармен кездесу), палаталар ауасын желдету.
18.00 – 19-00: Кешкі ас.
19.00 – 20.30: Кезекшілік тағайындауларын орындау, кезекші дәрігердің жұмысы.
20.00 – 21.30: Негізгі тазалау жұмысы, палаталар ауасын желдету.
21.30 – 07.00: Ұйқы, түнгі қарауыл және стационардағы ауыр жағдайдағы науқастарды күту.