
- •1.1 Мемлекеттің басқару нысанының түсінігі, сипаттамасы және мәні.
- •1.2 Мемлекет нысанының қалыптасуына әсер ететін факторлар мен мемлекеттің мәні, және оның қызметі
- •1.3 Мемлекеттің басқару нысаны түрлері және мемлекет қызметінің принциптері
- •Іі. Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасындағы мемлекеттi басқару нысандарының ерекшелiктерi.
- •2.1 Қазақстан — Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет
- •Мемлекеттік басқару нысанын жетілдіру жолдары
- •2.3 Мемлекеттік басқару нысанының болашақтағы рөлі
- •Ііі. Шетелдегі басқару нысаны
- •3.1 Шетелдердегі мемлекеттік басқарудың ерекшеліктері.
- •Ресей мемлекетінің басқару нысандары
- •3.2 Ақш мемлекетіндегі басқару нысандарының формалары
- •Қорытынды
3.2 Ақш мемлекетіндегі басқару нысандарының формалары
XVII-ХVІІІ ғасырларда, әсіресе Еуропадағы буржуазиялық революция кезеңдерінде мемлекеттік аппараттың құрылымына жаңа жөндеулер және функциональдық қызмет істеу тәртібі кіргізіледі.
Президенттік республиканың алғашқы тарихи әрі үлгілі түрі АҚШ болып табылады. Бұл елде президенттік институт 1787 жылғы Конституция негізінде енгізілген. АҚШ-тың мемлекеттік билігі тыйым салу мен қарама-қайшылық принципі негізінде құрылған. Бұл тыйым салу мен қарама-қайшылық принципі АҚШ конституциясының жобасын жасаушы авторлардың бірі Дж. Мэдисонға тиесілі. Ешбір уақыт ықпалына түспеген бұл идея мемлекет басқару ісіндегі бірден-бір сәтті қадам болды. Заң шығарушы, атқарушы және сот биліктері біріне-бірі тәуелсіз, бірақ әрі өзара байланысты болып, әрбірі жеке алғанда қалған екеуімен шектеліп отыратын еді. "Бірінің ниетіне екінші бірі қарсы тұратын ниетті құруымыз кажет", — деп Мэдисон текке айтпаған. Міне, осы қанатты сөз әлі АҚШ саясаты мен саясаттануында альфа мен омега (яғни басаяғы) болып отыр. Мэдисон тыйым салу мен қарама-қайшылық жүйесіне мемлекеттарапынан қиянат етушілікті болдырмайынша тетік енгізе білді. Сөйтіп тәуелсіз халықты өкіметтен "ажыратып" әрі өкіметтің де төменнен жасалған қысымға қатты бағынышты болмауы жағын да қарастыратын реттерді ойластырды. Тыйым салу мен қарама-қайшылық принципі төмендегідей 6 негізгі ережелерден тұрады: 1.Барлық штаттар тең құқыққа ие болады. Жалпы халыктық үкімет бұлардың бірде-біреуіне арнайы жеңілдіктер бере алмайды. 2. Басқарудың үш органы жүзеге асады. Олардың бірі — заңдар шығару үшін, екіншісі — оны орындау үшін, ал үшіншісі — құқықтық мәселелерді шешу үшін құрылады. 3. Заң алдында барлық азаматтар тең, бай да, кедей де, әлеуметтік дәрежесіне қарамай, өз құқықтарының заңмен қорғалуын талап ете алады. 4. Үкімет адамдардың емес, заң өкіметі болуы тиіс. Заңнан жоғары ешкім де, ешнәрсе де жоқ. Бірде-бір өкімет қызметкерінің билікті конституция немесе занда рұқсат етілгеннен өзге жағдайда пайдалануына болмайды. 5. Халық конституцияны өзгерте отырып, үкімет билігін өзгерте алады. 6. АҚШ аумағында АҚШ-тың конституциясы, конгресс заңдары мен келісім-шарттары ең жоғары зандар болып табылады. Парламенттік республикада ең алдымен мемлекеттік биліктің жоғары органдары жүйесінде парламенттің үстемдік ету сипаты Басқарудың аралас нысандары. Басқарудың мұндай нысанында парламенттік те және президенттік республиканың да белгілері болады
АҚШ-та мемлекет тетігі өкіметтің бөлінуінің классикалыла жолымен құрылған. Заң шығарушы өкімет Конституция бойынша екі палатадан тұратын Конгресске таптсырылады. Өкілдік палатасы және Сенат. Мемлекеттің және үкіметтің басшысы болып АҚШ-тың Президенті белгіленген. Ең жоғарғы сот ретінде Жоғарғы Федеральды сот белгіленген, ол Конституцияға сейкес келмейтін заңдарды қайта қарауға құқығы болған. Мемлекеттік аппарат штаттарда да құрылған: заң шығарушы жиналыс, үкіметке жергілікгі органдар, полиция, сот, олардың өздеріне төн, азамат- тық, қылмыстық және процессуальды заңдары болған.
Жаңа кезеңде республиканың екі түрі кездеседі: президенттік және парламенттік республикалар. Президенттік республиканы АҚШ 1787 жылғы Конституциясында бекіткен. Олар Англияның корольдерінен көп озбырлық, заңсыздық көргеннен кейін, абыройлы билікті орнатуды анық түсінді. Деспотиялық режим құрылмауы үшін биліктің бөліну принциптерін енгізді. Сонымен, мемлекеттің жаңа басқару формасын ойлап шығарды, Президенттік республикада билік үшке бөлінеді: заң шығару парламенттің қолында, атқару билік - президент пен өкіметтің қолында, ал сот билігі тәуелсіз сот органдарында. Президентті халық сайлайды. АҚШ-та - 4 жылда бір рет президенттік сайлауы өтеді. Президент мемлекеттің бірінші басшысы, өкіметті өзі басқарады, Сенаттың келісімімен министрлерді тағайындайды, әскер оған бағынады. Президент - республика бірлігінің тұтастығының символы. Кейбір президенттік республикаларда президентаен қатар премьер-министр үкіметті басқарады. Көбіне оны президенттің өзі тағайындайды және ол президенттің алдында жауапты. Парламенттің өкіметті тарататын құқығы жоқ. Кейбір мемлекеттерде президент премьер-министрден басқа бірнеше министрлерді өзі тағайындайды, ал қалған министрлерді Премьер-министрдің өзі парламенттің келісімімен тағайыңдайды. Президенттік республикалардың бір күшті билігі бар жауапты адамы болғаннан, оның түрақты саяси режимді құратыны байқалады. Мемлекеттің Заң шығару билігі парламенттің қолында, және парламент белгілі қызметкерлерді және жоғарғы сотты тағайындағанда келісімін береді. Парламенттің алған заңдары екі рет тексеріледі: президент вето құқығын қолданып, қабылданған заңдарға қолын қояды, Конституциялық сот заңның Конституцияға сәйкестігін тексереді. Сот билігі ерекше сот органдарының қолында. Сот қызметкерлері президенттік республикаларда белгілі уақытқа немесе өмірбойы тағайындалады. Оларды тағайындайтын заңдар әрбір мемлекеттерде ерекше, бірақ бұл процеске президент те, парламент те қатысады. Үш билік бір-біріне тең болуға тиіс деп көп конституцияларда жазылған, ол үшеуінің арақатынасын реттеп отыратын президенттің билігі.
Президенттік республикалардың варианттары көп, олардың біріне жартылай президенттік республика жатады (мысалы: 1958 жылғы Конституциясы бойынша Франция, Түркия) [14, 122 б.].
Парламенттік республика. Бұл мемлекетті баскару нысанында билік парламенттің қолына жиналған. Кабинет пен премьер министрді парламенттің төменгі палатасы тағайындайды, тексереді және түсіреді. Өкімет парламенттің алдьтнда жауапты. Парламенттік басқару нысаны жағдайында билік жүргізу функциясы мемлекет пен үкімет басшылары арасында бөлінген. Президент тек мемлекет басшысы.