Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shet_elderdegi_memleketti_bas_1179_aru11.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
248.32 Кб
Скачать
    1. Ресей мемлекетінің басқару нысандары

Енді Ресей Федерациясы Конституциясының “Конституциялық құрылыстың негіздері” атты тарауындағы: “Тәуелсіздік жаршысы және Ресейдегі биліктің бір ден-бір қайнар көзі де халық, ол өздері армандаған билі гін тікелей де мемлекеттік билік органдарымен жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы да жүзеге асырып отырады. Конституция бойынша халықтың осы билігінің нақты көрінісі болып референдум және ер кін сайлау жүргізу болып табылады. әрі онда өздерінің ең жоғарғы армен ниеттерін көрсете алады. Ресейде мемлекеттік билік заң шығару, атқару және сот жүйелері яғни үш негізгі тармақ арқылы жүзеге асырылады. Әрине заң шығарушылық атқарушылық және сот биліктері өз алдына дербес, бір-біріне тәуелсіз. Федерацияда мемлекеттік би лікті жүзеге асыратындар: президент федеральдық құрылтай (федерация кеңесі және мемлекеттік дума) үкімет ресей федерациясы соттары. Ал, федерация субъектілеріндегі мемлекеттік билікті оларды құрылған мемлекеттік билік органдары жүзеге асырады. 

Россияда Мемлекеттік кеңес құрылып жоғарғы заң талқыланатын органға айналған азаматтық, рухани, өндіріс, ғылым, сауда және өскери департаменттер құрылған. Кейіннен министрлер кабинеті пайда болған. Мемлекеттік Дума құрылып, заңдарды шығаруға әрекет жасайтын құқыққа ие болған. Александр-ІІ патшалық құрған кезде жер-жерде губерниялық басқару земствосьв уездік және губерниялық земство жиналысы құрылған.

Қоғам өміріндегі өзгерістерге байланысты мемлекет аппаратында ескілері жойылып, жаңа қүрылымдар пайда бола бастайдьЯ Дегенмен де, барлық тарихи кезеңдерде мемлекеттік аппарат қоғамның саяси жүйесінің құрылуындағы негізгі, алғашқы бастама.

Мемлекет тетігін құру және қызметін белгілеу объективтік сипаттағы белгілі принциптердің негізінде іске асырылады. Мемлекеттік органдарды құруда жөне жұмыс процессінде жан жақты есепке алу, қоғамды мемлекеттік басқаруда толық тиімділікті қамтамасыз етеді.

Осыған дейінгі кеңес үкіметі кезінде, мсмлекеттік аппаратты, рудағы негізгі принциптерге заң ғылымдары, мына принциптерді ұсынды: мемлекетті басқарудағы халықтың толық қатынасу принципі, демократиялық централизм, пролетарлық интернационализм, социалистік заңдылық, социалистік жоспарлылық, есеп жөне тексеру, мемлекет аппараты бөлімдерінің қызметінде партиялық басшылықты күшейту.

Қоғам өміріндегі саяси, экономикалық тағы басқа салалардағы үлкен өзгерістер, мемлекеттік органдардың құрылымына, мазмұнына және қызметтерінің сипатына айтарлықтай өзгерістер кіргізді. Оларға мыналарды жатқызуға болады:

1) Мемлекеттік аппараттардың барлық бөліктеріне азаматтардың мүдделерін жоғары қою принципі тән. Ол демократиялық сайлау жүйесімен, әлеуметтік-экономикалық, саяси, жеке адамдардың құқықтарына, азаматтардың бостандығына кепілдік (гарантия) жасауы, мемлекеттік органдардың өртүрлі қызметтерімен қамтамасыз етілуі.

2) Өкіметті бөлу принципі (заң шығаратын, орындайтын, соттық), сол арқылы өкімет органдары және лауазымды адамдар жағынан болатын бассыздықты жоятын тетіктер құрылады.

3) Мемлекеттік аппараттың жұмысындағы жариялылық және ашықтық принципі. Мысалы, мемлекет азаматтарының жалпы халықтық дауыс беру негізінде (референдум), халықтың мүдделеріне қарсы, мемлекеттің қай органдары болмасын өз шешімдерін жояды, сонымен бірге, бұған халықаралық қатынастардағы да мөселелер кіреді.

4)Жоғарғы мамандық және мемлекеттік органдардың Құзіреттілігі, олардың жоғарғы ғылыми деңгейде мемлекет өміріндей мәселелерді халықтың мүддесіне сай шешуінде. Кәсіби принцип, мемлекеттік басқаруда ең алдымен, бшімді адамдарды пайдалану, яғни басқару қызметі сондай адамдардың негізгі мамандығына сай болуы қажеттігі. Басқаруды білмейтін адамдарды мемлекеттік жұмысқа шақыру, отандық тәжірибе көрсеткендей жарамсыз жағдайларға өкеліп соққаны белгілі. Ондай адамдардың басқа, өндіріс не болмаса, ауылшаруашылығының жақсы заңдары бола тұрып, мемлекеттік қызметте (кеңесте, олардың миссиясында, комитеттерінде) өздеріне жүктелген міндеттерді іздей толығымен кәсіби жағынан орындай алмайтындығы.

5. Заңдылық принцип — барлық мемлекет тетігін құратын бөліктердің елмен жөне бірімен-бірінің қарым-қатынасы, сонымен қатар өртүрлі қоғамдық топтармен және ұйымдардың құқықтық бастамасы.

6) Демократизм принципі, мемлекеттік органдардың қызметін белгілегенде, азаматтардың көпшілігінің әртүрлі мүддесін, олардың діни ерекшеліктерін, ұлттық мәдениетін, дәстүрлерін есепке алуға мүмкіндік береді.

7) Федеративті (одақтық) мемлекеттерде, мемлекеттік аппараттың қызметін белгілегендегі ең маңызды принципке, субординация және жалпыфедералдық органдардың (орталықпен) және мемлекеттік билікпен федерация мүшелерінің арасындағы бір-бірімен келіскен әрекеті жатады.

Ұлттық федерацияда, олардың өз арасындағы тұрақты міндеттерін қолайлы бөлудің өте үлкен маңызы бар, себебі ондай бөлу федерация мүшелерінің тәуелсіздігін қамтамасыз етеді, олардың ішкі-сыртқы мөселелерін дұрыс шешуге мүмкіндік береді[13, 152 б.].

Мемлекеттің тетігі, мемлекеттік биліктің негізгі орындаушы субъектісі ретінде көрінеді. Мемлекеттік аппарат арқылы, оның органдары өздеріне тапсырылған міндеттерді орындайды, қоғамдық өмірдің дамуына, тұрақтылығына, демократиялық ұйымдастырушылықтың елде сіңуіне, тұрғындардың гүлденіп, жақсаруына белгілі түрде ықпал етеді. Белгілі жағдайда, егер оларға мемлекет ұрықсат етсе, мемлекет органдарының билігін мемлекеттікі емес ұйымдар атқаруы мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]