Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shet_elderdegi_memleketti_bas_1179_aru11.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
248.32 Кб
Скачать

2.3 Мемлекеттік басқару нысанының болашақтағы рөлі

Мемлекет дегеніміз бұл — адамзат қоғамы дамуының маңызды кезеңдеріне тән саяси ұйым:

а) қоғамды басқару міндетін атқару, адамдардың, топтардың, таптардың және басқа да әлеуметтік субъектілердің қарым-қатынасын реттеп, бағыттау, олардың бірлескен іс-қимылына жағдай жасау жүктелген;

б) оның саясатын жүзеге асыру жүктелген кең тармақты органдар жүйесі және биліктің ұйымдастырушылық құралдары бар;

в) тапсырмасының орындалуын қоғамдық өмірдің барлық субъектілері қамтамасыз ететін әкімшілік-мәжбүрлеу өкілеттігі берілген.

Мемлекет туралы бұл түсінікті ашып, нақтылай отырып, әрбір белгі соғылған белгілерге егжей-тегжейлі тоқталып, оның мазмұнды және мәнді сипаттамасына тереңірек үңіліп, әрекет ету механизмін көрсету қажет.

Мемлекеттік қызмет — азаматтардың мемлекеттік мекемелерде қызмет атқаруы, жұмыс істеуі. Бұл қызмет қоғамдағы еңбектің ерекше түрі. Бұл туралы заң, инструкция болады. Мемлекеттік аппарат тиісті мамандармен, іскер, сенімді азаматтармен толықтырылып құрылады. Мемлекеттік қызмет бірнеше категорияға бөлінеді:

а). Мемлекеттік билік органдарының қызметкерлері: (заң шығару, заңды орындау, заңды қорғау органдары).

б). Жұмыстың сипатына қарай қызметкерлер үшке бөлінеді: басшылар, мамандар, техникалық персонал.

в). Мамандығының сипатына қарай қызметкерлер екіге бөлінеді: мемлекеттік — билік өкілеттігі бар қызметкерлер және өкілеттігі жоқ қызметкерлер[12, 456 б.].

Мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Егер қызметінде мекемеге шығын келтірсе, оны төлейді, қылмыс жасаса, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Мемлекет қызметінің негізгі мүдде - мақсаты - адамның әлеуметтік, моральдық, материалдық, рухани, мәдени, экологиялық тілектерінің толық орындалуын қамтамасыз ету. Жеке тұлғалардың мүдделерін орындау арқылы мемлекет қоғамды жақсы дамытып нығайтады, қарым - қатынастарды дұрыс реттеп, басқарады.

Сонымен, мемлекеттің фуикциясы — қоғамды әлеуметгік баска-рудағы мемлекеттің атқаратын жүмыстарының неғізгі бағыттары мен әдістері.

Шет мемлекеттердің көбінде функция деген заңды түрде ұғым жоқ. Оларда функцияны мемлекеттің міндеттері мен мүдде - мақсаттарына қосып түсінік береді. Ал, функция деген жеке түсінік бар мемлекеттерде бұл мәселені оқып, білуде өзгешілік кездеседі.

Біздің пікіріміз - функцияның өзін жеке оқып, білген дұрыс. Оны мемлекеттің мүдде - мақсаттары мен міндеттеріне қосып, біріктіріп қарау дұрысқа жатпайды. Себебі, бұл үшеуі үш түрлі мәселені қамтиды, олардың мазмұны да, орындалу жолдары да, тәсілдері де түгелімен басқа.

Дамыған елдердің біразы мемлекеттің функциясын ішкі-сыртқы деп бөлмейді. Өйткені олардың шекарасын анықтау қиынға соғады. Олар жалпылама түрде қарастырады. Біздіңше, бөлген дұрыс, функцияның басым көпшілігінің шекарасы белгілі.

Мемлекет — басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік - тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай - ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады. Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері бар айрықша құрылым ретінде сипатталады. Соның арқасында оны қоғамда, ұйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекше өзгешелігімен көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде кабылдаймыз.

Көрсетілген негізгі жағдайлар біздің түсінігімізде және мемлекетті анықтауда өзінің көрінісін табуы керек. Өзінің көрінісін тапқан құбылыстың күрделілігі мен көп аспектілігіне карай оның біржақты болуы мүмкін емес және бірнеше «қабатты» қамтиды.

Мемлекет қызметінің орындалу әдістері; жеке тұлғалар ерікті, ерексіз түрде орындайды; мемлекеттік органдар, бірлестіктер, ұйымдар өздерінің құзыретінің шеңберіне сәйкес орындайды. Егер дұрыс орындалмаса, еріксіз түрде орындау қамтамасыз етіледі. Мемлекет функциясы орындалуының құқықтық және ұйьшдас-тырушылықтәсілдері болады. Құқықтық тәсілдің өзі үшке бөлінеді: құқық шығармашылық; құқықты қолдану, орындау; құқықты қорғау. Ұйымдастырушылық тәсілдің түрлері: экономикалық (дотация, кредит, баға т.б.); саяси симпозиум, семинар, конференция, кеңес, мәжіліс өткізу, халыққа идеологиялық үндеу жасау, үгіт-насихат жүргізу.

Мемлекет механизмінің ұйымдастыру мен қызметінде белгілі бір принциптер бар, солардың арқасында ол нақтылы өзгешелікке, тұтастыққа, дербес рәсімделуге және тәмамдалуына ие болады. Олардың қатарына мына төмендегілерді жатқызуға болады:

  • барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың

конституцияны, заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілерді мүлтіксіз орындауы басты талабы болып табылатын зандылық принципі;

  • мемлекеттік тәртіп пен төменгі тұрған органдар бастама көрсеткенде және оны қолдаған кезде тәртіпті сақтауға мүмкіндік беретін барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың иерархиялық принципі және олардың өзара қарым-қатынасы;

  • мәнісі мемлекеттік мәселелерді дер кезінде көтеріп және оны шеше білуге келіп тірелетін, толғағы жеткен қоғамдық дамудың қажеттіліктерін анықтау және оларды мемлекеттік-құқықтық нысандарда тұлғалап білдіретін жедел басшылықтың, меңгерудің және бақылаудың принципі;

  • мемлекет қайраткерлерінің берілген өкілеттіктер шеңберінде нақтылы жағдайдың ерекшеліктерін ескере отырып дұрыс шешім қабылдай білуінен тұратын кәсіпкойлық пен құзыреттілік припципі;

  • жариялылық принципін жүзеге асырудың нәтажесінде мемлекет механизмі демократиялық сипат алып, жұртшылыққа ашық та түсінікті бола алатындығы;

  • мемлекеттің өзінің негізгі әлеуметтік міндеті болып табылатын халыққа қызмет ету шараларында халықтың мүддесін ескеру принципі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]