Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Shet_elderdegi_memleketti_bas_1179_aru11.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
248.32 Кб
Скачать

Іі. Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасындағы мемлекеттi басқару нысандарының ерекшелiктерi.

2.1 Қазақстан — Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет

      Мемлекеттi басқару нысаны мынандай мәселелердi түсiнугiе мүмкiндiк бередi.

      - мемлекеттiң жоғарғы органы қалай құрылады және олардың кұрылымы қандай;

      - жоғарғы және басқа мемлекеттiк органдардың арасындағы карым-қатынастардың негiзiнде қандай принциптер жатыр;

      - жоғарғы мемлекеттiк билiс пен тұрғындардың арасындағы қарым-қатынас қалай құрылған;

      - жоғарғы мемлекеттiк органдардың ұйымдастыру қызметi азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуге қандай деңгейде мүмкiндiк бередi.

      Жоғарыдағы айтқандарымыздың қорытындасы 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-бабында көрсетiлген: "Қазақстан Республикасы - президенттiк басқару нысанындағы бiртұтас мемлекет ".

      Президенттiк басқару нысандары әр елде әр түрлi болады. Президенттiк басқаруға тән мынандай сипаттарды айтуға болады:

      1.Президенттi Парламентсiз сайлау және үкiметтi құру тәсiлi;

      2.Үкiметтiң Парламенттiң алдында емес, Президенттiң алдындағы жауаптылығы;

      3.Парламенттiк республиқаға қарағанда, мемлекет басшысының өкiлеттiгiнiң көбiрек кеңдiгi.

      Президенттiк Республика қазiргi қездегi мемлекеттiк басқарудың бiр нысаны ретiнде Қазақстан Республикасында парламентаризммен қатар, Президенттiң қолына мемлекеттiң басының және үкiметтiң басшысының өкiлеттiгiн жинап бередi.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-бабы бойынша:

      1. Қазақстан Республикасының Президентi - мемлекеттiң бас-шысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға6.

      1998 жылғы 7 қазанда "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының заңы қабылданды.

      Осы заңның негiзiнде, мемлекеттiк билiк жүйесiн демократия-ландыру, Қазақстанда адал және әдiл сайлау жүйесiн құру, сайлау процесiне саяси партиялардың қатынасуына мүмкiндiк жасау, Парламенттi билiктiң дербес тармағы ретiнде, өкiнеттiлiгiн кеңейтiп, елiмiздiң саяси өмiрiндегi атқаратын рөлiн көтеру бекiлдi. Їкiметтiң және оның мүшелерiнiң Парламент алдындағы жауапкершiлiгiн арттырып, Парламент депутаттарының мәртебесiн көтеру, соттық құқықтық жүйенi, мемлекеттiң қызметтi одан әрi қарай реформалау көзделдi. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясына 19 түзетулер енгiзiлдi. 33-баптың 14-тармағындағы мемлекеттiк қызметтегi адамдардың жасына шек қою алынып тасталды. Ендiгi жерде, өмiрлiк тәжiрибесi бар, бiлiмдi адамдар мемлекеттiк қызметте жасына байланысты шектелмей пайдаланылады7.

      49-баптың 2-тармағына өзгертулер енгiзiлiп, Парламенттiң сайлану мерзiм 14 жыл болып белгiлендi. 50-бапқа 5-тармақ қосылып, Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - 6 жыл, Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - 5 жыл болып белгiлендi. 50-баптың 3-тармағы өзгертiлiп, мәжiлiс депутаттарының саны 77-ге дейiн көбейтiлдi. 10 депутат партиялық тiзiмдерге байланысты сайланады.

      Мемлекет басшысының кезектен тыс сайлауын өткiзуге заңды түрде мүмкiндiк көзделдi. Дауыс беруге катысқан сайлаушылардың елу паиызынан астамының дауысына ие болған кандидат, сайланғандардың есебiне кiретiн болды. Сонымен, сайлаушылардың жартысынан көбi қатысса ғана, сайлау өттi деп есептелген кедергi жойылды. Соған сәйкес, аралас сайлау жүйесi енгiзiлiп Мәжiлiс депутаттарының көбiсi мажоритарлық (көпшiлiк дауыс алуына байланысты) жүйе негiзiнде, ал басқа бөлiктерi - пропорционалды (тепе-теңдiк) жүйе бойынша, партиялық тiзiмдер арқылы сайланатын болды қоғамда кiм және қалай басқарады, қалай ұйымдасқан және ондағы мемлекеттiк билiк құрылымы қалай қызмет iстейдi, ол аумақтың тұрғындары қалай бiрiккен, әр түрлi аумақтық және саяси құрылымдар мемлекетпен қалай қатынаста, қандай әдiстердiң және жолдардың көмегiмен саяси билiк жүргiзiлетiндiгiн көрсетедi.

      Мемлекет нысанынан көп жағдайда, қоғамдағы саяси өмiрдiң өзi, мемлекеттiк институттардың берiктiгi тәуелдi.

      Құқык нысанына - оның құрылымы, әлеуметтiк-экономикалық факторлар, сонымен бiрге табиғи, климат жағдайы, ұлттық-тарихи және дiни ерекшелiктер, қоғамның мәдени деңгейiнiң дамуы әсер етедi.

Қазақстан Республикасы - президенттік басқару нысанындағы унитарлық (біртұтас) мемлекет.

Басқару нысаны мынандай мәселелерді түсінуге мүмкіндік береді;

— мемлекеттің жоғарғы органы қалай құрылады және олардың құрылымы қандай;

— жоғарғы және басқа мемлекеттік органдардың арасындағы қарым-қатынастардың негізінде қандай принциптер жатыр;

— жоғарғы мемлекеттік билік пен тұрғындардың арасындағы қарым-қатынас қалай құрылған;

— жоғарғы мемлекеттік органдардың ұйымдастыру қызметі азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуге қандай, деңгейде мүмкіндік береді.

Жоғарыдағы белгілерге байланысты 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-бабына байланысты «Қазақстан Республикасы — президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет».

Президенттік басқару нысандары әр елде әртүрлі болады. Президенттік басқаруға тән мынандай сипаттарды айтуға болады:

1.Президентті парламентсіз сайлау және үкіметті құру тәсілі;

2.Үкіметтің парламенттің алдында емес, президенттің алдындағы жауаптылығы;

3.Парламенттік республикаға қарағанда, мемлекет басшысының өкілеттілігінің көбірек кеңдігі[10, 256 б.].

Президенттік Республика қазіргі кездегі мемлекеттік басқарудың бір нысаны ретінде Қазақстан Республикасында парламентаризммен қатар, Президенттің қолына мемлекеттің басының және үкіметтің басшысының өкілеттігін жинап береді.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 40-бабы бойынша:

1.Қазақстан Республикасының Президенті — мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатнастарды Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға.

2. Республиканың Президент — мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам жөне азамат құқықтары мен бостандықтарының нысаны әрі кепілі.

3. Республика Президенті — мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.

1998 жылғы 7 қазанда «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданды.

Осы заңның негізінде, мемлекеттік билік жүйесін демократияландыру, Қазақстанда адал және әділ сайлау жүйесін құру, сайлау процессіне саяси партиялардың қатынасуына мүмкіндік жасау, Парламентті биліктің дербес тармағы ретінде, өкілеттігін кеңейтіп, еліміздің саяси өміріндегі атқаратын ролін көтеру бекітілді. Үкіметтің және оның мүшелерінің Парламент алдындағы жауапкершілігін арттырып, Парламент депутаттарының мәртебесін көтеру, сотты құқықтық жүйені, мемлекеттік қызметті одан әрі қарай реформалау көзделді. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясына 19 түзетулер енгізілді. 33-баптың 4-тармағындағы мемлекеттік қызметтегі адамдардың жасына шек қою алынып тасталды. Еңдігі жерде, өмірлік тәжірибесі бар, білімді адамдар мемлекеттік қызметте жасына байланысты шектелмей пайдаланылады.

49-баптың 2-тармағына өзгертулер енгізіліп, парламенттің сайлану мерзімі 4 жыл болып белгіленді. 50-бапқа 5-тармақ қосылып, Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі — 6 жыл, Мәжіліс дапутаттарының өкілеттік мерзімі — 5 жыл болып белгіленді. 50-баптың 3-тармағы өзгертіліп, мәжіліс депутатарының саны 77-ге дейін көбейтілді. 10 депутат партиялық тізімдерге байланысты сайланады.

Мемлекет басшысының кезектен тыс сайлауын өткізуге заңды түрде мүмкіндік көзделді. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу пайызынан астамының дауысына ие болған кандидат, сайланғандардың есебіне кіретін болды. Сонымен, сайлаушылардың жартысынан көбі қатысса ғана, сайлау өтті деп есептелген кедергі жойылды. Соған сәйкес, аралас сайлау жүйесі енгізіліп Мәжіліс депутаттарының көбісі мажоритарлық (көпшілік дауыс алуына байланысты) жүйе негізінде, ал басқа бөліктері - пропорционалды (тепе-теңдік) жүйе бойынша, партиялық тізімдер арқылы сайланатын болды. Конституцияның 53 бабының 3 тармағындағы депутаттың мерзімі аяқталғанда, оның бұрынғы істеген қызметін беруге не сондай қызметтің берілмейтіндігі туралы қорма алынып тасталды. Себебі, ондай норма Парламент депутатының мәртебесін төмендетіп, өлеуметтік қорғалуын күшейтуге кедергі болатын. Заңда Президент сайлауының рөсімдері, еліміздің қәзіргі дамуына сай демократияландырылып, сайлаушылардың ел пайызынан астамы дауыс беруге қатынасса ғана, сайлаудың өткізілгені деп белгілеген 41-баптың 5-тармағындағы кедергілер алынып тасталды. Себебі, дауыс беру, не бермеу әрбір жеке адамның еркі субъективтік құқығы болып табылады, яғни мұнда сайлауға келгендердің пайызы емес, сайланатын адамға деген сенімдеріне шек қойылмай дауыс берілуі[11, 321 б.].

Конституцияның 41-бабындағы Президент өкілеттілігінің бес жыл мерзімі жеті жыл мерзімге ауыстырылды. Президентке кандидаттары үшін жас мөлшерін белгілеу нормасы да алынып тасталды.

Заңда Қазақстандағы сот жүйесіне арналған нормаларға да өзгерістер, толықтырылулар енгізілді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы мынандай Конституциялық заңдармен белгіленді:

1. "Қазақстан Республикасының Президенті туралы".

2. "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мөртебесі туралы",

3. "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы".

4. "Республикалық референдум туралы".

5. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы".

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]