Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аңсар.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
152.99 Кб
Скачать

2.3 Миграциялық модельдер хақында

Соңғы он жылдықтар миграция көлемінің өсуімен сипатталады. БҰҰ мәліметі бойынша 1965-2000ж.ж. аралығында халықаралық мигранттар саны 75,2 млн.-нан 175,0 млн-ға дейін, яғни екі еседен артық өсті. Қазіргі кезде әлемдегі әрбір 35-і адам иммигрант болып келеді(57).Тіпті кейбір зерттеушілер «халықтың жаһандық көшіп-қонуы » басталғаны жөнінде сөз қозғайды.

Миграцилық ағымның күрт өсуі келесідей процесстерден көрініс табады: еңбек күші жеткілікті елден еңбек күші тапшы елге жұмысшылардың көшуін реттейтін экономикалық жаһандану; демографиялық төмендеуі мен халықтың дамыған елдерге көшуі; әскери қақтығыстан, әлеуметтік және саяси тұрақсыздықтан қашқан босқындардың жаппай көшуі.

Негізгі халықаралық мигранттармен қамтамасыз етуші –­ Үшінші әлем, ал негізгі қоныс тебуші жер дамыған елдер болып табылады. 1990жылдары дамушы елден дамыған елге көшкен миграция жыл сайын орта есеппен 2,4 млн. адамға өсіп тұрды; осы он жылдықта дамыған елдердегі тұрғындардың өсуі иммиграцияның есебімен қамтамасыз етілді (Еуропада 49%) (46).

Батыс Еуропа Халықаралық мигранттарды негізгі тарту орталықтардың бірі болды. Қазіргі кезде әлемдегі барлық мигранттардан бес бөлігі осы жерде орналасқан(42).

Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін Еуропа әлемдегі басқа аймақтарға эмигранттармен қамтамасыз етуші аймақ болып табылады. 1846-1939 жж аралығында еуропалық континенттен 60млн.-нан кем емес адам көшті (3-тен екі бөлігі АҚШ-қа кетті) (9).

Еуропаға қарай жаппай иммиграция тек соғыстан кейінгі кезеңде басталды. Оның себебі екі негізгі дәлелдемемен түсіндіріледі: соғыс кезінде күйреген шаруашылықты қалпына келтіру үшін еуропалық елдердің шетелдік жұмыс күшіне қажеттілігі туды; отарлы империяның құлауы және осыған қатысты тәуелсіз мемлекеттердің азаматтарының статуттары анықталмауы. Жиырмадан астам жылдар ішінде (1950-1973ж.ж.) Еуропаға келіп, қоныстанған иммигранттар саны 9,4млн. болды (15).

Мұнай және оның салдарынан пайда болған 1973-1974 ж.ж. экономикалық дағдарыстан кейін көптеген еуропалық мемлекеттер мигранттарға өз шекараларын жапты да, оларды өз елдеріне қайтару үшін белсенді түрде шаралар қолданды. Бірақ ұстанған саясаты нәтижесіз болды. Иммигранттар қайта оралмайтынынан қорқып, отбасының қосылуы туралы құқықты пайдаланып, әйелдерін, балаларын және көптеген туыстарын шақыра бастады. Нәтижесінде қабылдаушы елдерде шетелдіктердің саны көбейді. Сонымен қатар, иммиграцияның сипаты өзгерді: жас, бойдақ, еңбекқор мигранттардың орнына еуропалық елдерге әйелдер, жас балалар мен жасы үлкен адамдар келді.

Бұл жағдайға атақты жазушы Макс Фриш өте қысқа және нақты сипаттама берді: «Біз жұмысшыларды шақырған едік, бірақ оның орнына адамдар келді» (9).

Осыған орай, 1970жылы Батыс Еуропада уақытша иммиграциядан тұрақтыға ауысу кезеңі байқалды. Гастарбайтерлерден ерекшелігі олар жаңа жерде мәңгі тұрақтануды шешті. Осы жылдары Еуропада ірі иммигранттық этникалық қауымдастықтар қалыптаса бастады. Пайда болған жағдайға еуропа елдерінің көзқарастары бірдей болмады.

Қабылдауы бойынша кең тәжірбиесі бар Франция отбасылық иммиграцияны қажетті құбылыс ретінде ескеріп, француз қоғамындағы жаңа иммигранттардың әлеуметтік, мәдени интеграциясына бағытталған саясат жүргізе бастады.

1962жылы Ұлыбритания шетелдіктердің метрополияға кіру құқығын шектейтін заңды қабылдағаннан кейін, басқа еуропалық елдерге қарағанда отбасылық иммиграцияға ертерек тап болды. Нақ осы заң Британ Достастығы елдеріндегі иммигранттарға жаңа жерде ұзақ тұрмайтынын біліп, Біріккен Корольдікке отбасыларымен бірге мәңгі тұрақтануға қоныс аударды. Бұрынғы отарларымен жақсы қатынасты ұстау мақсатында Ұлыбритания өз территориясында азиаттық, африкандық елдерден, сонымен бірге Антильск аралдарынан келген қоныстанушыларды қабылдауға көнді(32, 83-84 б.).

Бұрын көптеген қоныстанушыларды қабылдамаған Германияда жағдай қиын болды. Оның отары қалмағандықтан, соғыстан кейін Германия көбінесе жұмысшы күшті көрші еуропалық елдерден, ал 1960 жылдан бастап Турциядан толықтырып тұрды.

Еңбек мигранттарын іріктеу қамтамасыз етуші мемлекеттермен тек халықаралық келісімдер негізінде жасалған және бұл келісімдер контракт мерзімі аяқталуы бойынша мигранттарды міндетті түрде еліне қайтаруды көздейді. Қонысаударушыларды тұрақты мекен-жайға қабылдау герман билік өкілдерінің жоспарына кірмеген, сондықтан отбасы иммиграциясының пайда болуы оларды қиын жағдайға түсірді. Бұған дейін гомогендікпен ерекшелен-

ген елдің этникалық құрамының өзгеруіне тосқауыл қою үшін, Германия мигранттарға азаматтық бермеген.

Неміс қоғамының саяси және мәдени өмірінен иммигранттардың (Германияда олар әлі күнге дейін “шет елдіктер” деп аталады) шектелінуі, этникалық және конфессиялық принцип бойынша құрылған иммигранттық қауымдастықтардың пайда болуына алып келді. Олардың ең ірісі – түрік қауымдастығы (30).

Осылайша, батыс Еуропа мемлекеттерінің шектелген иммиграциялық саясаты күтпеген нәтижелерге алып келді: иммиграция ең ірі, әрі қайтымсыз көлемді иемденді. Еуропаға 25 жыл ішінде (1974-1998 жж.) 10,9 млн. иммигранттар келді, яғни ол (1950-1973 жж.) жұмысқа баулу кезеніне қарағанда көп болды. Олардың көпшілігі осы жерге мәңглік тұру ойымен қоныс аударған (15).

Сол жылдары иммиграциялық толқынның маңызды бөлігін отбасылардың қосылу бағытымен кірген қонысаударушылар, ал 1990 ж. – босқындар құраған. Жұмысшы-мигранттардың келуін шектеу және виза беру шарттарын күрделілету баспана іздеуші тұлғалар мен жалған саяхатшылардың көлемін арттырды. Осылайша иммигранттардың жаңа толқыны пайда болды, оларға қатысты “саяси босқындар ма”, әлде “жасырын экономикалық мигранттар” екенін айту қиын (1).

1973 жылдан кейін жұмысшы-мигранттардың саны, керісінше, азайып кетті. 2000 ж. көрсетіштерге сәйкес Еуропа бойынша әрбір екінші иммигрант жұмысқа толықтай ілінген болып шықты, қалғандары әлеуметтік көмекке бағынышты болып отырған. Иммиграция жүйесінің өзгеруі, иммигранттарды қамтамасыз етумен байланысты қарама-қайшылықтардың өсуіне және Еуропа мемлекеттерінің әлеуметтік жүйесіне басымдылықтардың артуына алып келді. Бұндай жағдай әрине тұрғылықты тұрғындардың наразылығын тудырды.

Соңғы онжылдықтың маңызды ерекшелігі “шет елдік халықтың” этникалық құрамының өзгеруімен сипатталған. 1980 жылдың соңына қарай Оңтүстік Еуропа мемлекеттерінен Францияға, Германияға және Бенилюкс елдеріне мигранттар толқыны азайып кетекен, ал керісінше, оңтүстіктен мигранттар саны тым артып кеткен (9;32, 5-6 б.) Көлемді иммиграция нәтижесінде еуропалық мемлекеттер дәстүрлі “эмигранттықтан” “иммигранттыққа” ауысқан болатын. 1990 ж. басына қарай иммиграция көлемі бойынша Батыс Еуропа АҚШ-пен теңескен (42).

Қазіргі кезде жалпы Еуропада (ЕО-тың 25 мемлекетін, Исландия, Лихтенштейн, Норвегия, Швейцарияны қосқанда) тұрақты немесе уақытша басқа елдерден 36 млн.-нан 39 млн.-ға дейін мигранттар тұрады, олардың 8% еуропа халқын құрайды (42).

ЕО-тың бұрынғы 15 мемлекетінде (2000 ж. көрсеткіш бойынша) 19 млн. иммигранттар болған (халықтың жалпы санының 5,1%). Олардың тек үштен бір бөлігі ғана (6 млн. адам) ЕО-қа кіретін мемлекеттердің азаматтарын құрайды (57).

Еуропа континентіндегі иммигранттар біріңғай орналаспаған. Олардың көп бөлігі еуропаның он мемлекетінде орналасқан (56, 7 б.). Иммиграция көлемі бойынша бірінші орынды Германия иемденеді. БҰҰ мәліметтеріне сәйкес, 2000 жылы, елде 7,3 млн. шет елдік азаматтар тіркелген (халық санының 9,0%). Екінші орында Франция тұр. Мұнда БҰҰ көрсеткіштеріне сәйкес 6,2 млн. иммигрант тіркелген (халық санының 10,6%). Еуропада иммигранттар көлемі бойынша ең ірі үшінші мемлекет Ұлыбритания болып табылады. Осы жерде туылып, бірақ өмір сүрмейтін азаматтар саны соңғы 50 жыл ішінде екі есеге өскен болатын және 2000 ж. 4 млн. адамды құраған (халық санының 6,8%) (57).

Жалпы халық санының ішіндегі шет елдіктердң үлесі бойынша Люксембург – 30%, Швейцария – 25, Нидерланды – 18,7, Греция және Австрия – 10% құрайды. Шет елдіктердің ең аз үлесі осы кезге дейін өздері иммигранттарды тасымалдаған елдерге тиесілі, олар – Испания (3,2%), Италия (2,8), Португалия (1,7%) (57).

Еуропалық иммиграцияның ерекшелігі – ірі иммиграциялық этникалық топтардың белгілі бір мемлекеттер мен аймақтарда шоғырлануы болып табылады. Бұндай ерекшелік соғыстан кейінгі кезенде миграциялық толқыннынң бағыты мен сипатынан пайда болған. Франция, Ұлыбритания және Нидерландыда иммигранттар – ол ең алдымен бұрынғы отарлардан қоныс аударушылар болып табылады. Империя ыдырағаннан кейін олар ірі метрополияларға қоныс аударып, сонда ірі этникалық топтар құрған болатын.

Германия, Австрия, Швейцария, Скандинавия елдерінде шет елдіктердің ірі бөлігін соғыстан кейінгі жылдардағы жұмысшы-мигранттары мен олардың тұқымдары құрайды. Осылайша, мысалы Германияда өз елінен сыртта жүрген гректердің 80%, Еуропаға иммиграцияланған түріктер – 72, бұрынғы Югославия азаматтары – 70 шамасында, поляктар – 68% құрайды (56, 8 б.). Негізінен шет елдіктер экономикасы дамыған төрт ірі федералды жерлерде – Баден-Вюртемберг, Бавария, Гессен және Солтүстік Рейн-Вестфалия және ірі қалаларда тұрады. Берлинде жалпы халық санының көрсеткішінен шет елдіктер үлесі 13%-дан аспайды, ал елдің кейбір аймақтарында бұл көрсеткіш 30%-дан асып түскен (27).

Ұлыбританияда иммигранттардың көп бөлігін ирландықтар және Британ Қауымдастығының азхаматтары құрайды. Ресми мәліметтерге сәйкес, иммигранттардың 2,6 млн.(53%) – ақ нәсілдер; олардың 2/3 еуропаның бір елінде, әрбір бесіншісі – Ирландияда туылған; 2,3 млн. адам (барлық иммигранттардың 47%) – басқа нәсіл өкілдері. Ірі этникалық топтар Индиядан, Пәкістаннан, Бангладештен, сонымен қатар африка елдерінен және Кариб аралдарынан шығушылардан құралған (2001 ж. көрсеткіштер) (48).

Қазіргі кезде Еуропалық Одақта Солтүстік Африка елдерінен шыққан 2,3 млн. адам өмір сүруде; олардың ішінде: 1,2 млн. мароккандықтар, 700 мың – алжирліктер және 300 мың – тунистіктерді құрайды. Магриб елдерінен шыққан мигранттардың көп бөлігі (алжирлықтардың 97%, тунистіктердің 75% және маррокандықтардың 50%) өздерінің жаңа Отанын Францияда тапқан болатын.Сахараның оңтүстігінен шығушылар саны 1 млн. адамды құрайды. Олар көбінесе Ұлыбританияда (27%), Францияда (23), Германияда (12) және Португалияда (9%) қоныстанған (57). Латын Америкасынан шыққан 400 мың иммигранттар өздерінің екінші отаны ретінде өздеріне тілі және мәдениеті бойынша жақын елдерді тандаған, олар – Испания және Португалия. Сонымен қатар, ЕО-та Солтүстік Америкадан шыққан 400 мың адам және Тынықмұхиты аймағынан шыққан 100 мың адам қоныстанған (57).

Сонғы 20 жыл ішінде ЕО халқының санында еуропадан шыққан иммигранттар үлесі өзгермеген, ал еуропалық еместер саны 15 жыл ішінде (1985-тен 2000 жж.) 1,5 есеге артып, 3,5 млн. адамды құраған. Ал бұл дегеніміз, Еуропаның әрбір 30-шы тұрғыны өз тегі бойынша еуропалық емес болып шығады (57).

Он жыддық барысында Батыс Европадағы мигранттардың негізгі бөлігі төрт мемлекеттен – Турция, Марокко, Италия және бұрыңғы Югославиядағы шығушылардан тұрады. Соңғы жылдары екі жақты миграция байланыстары, колониалдардан мұраға алған және донор мемлекеттер мен қабылдаушы мемлекеттер арасындағы ерекше қатынастар күштерін жоғалта бастады; осы кезеңде европа мемлекеттерімен тығыз байланыста болмаған донор мемлекеттері пайда болды. Соның нәтижесінде Европадағы Ауғаныстан, Ирак, Иран, Шри-Ланка сияқты мемлекеттерде этникалық азшылық дами бастады. Сонымен қатар бұл жерлерде ірі вьетнамдық және қытай қауымы қалыптасты (қазіргі кезде Ұлыбританияда қытай халқының саны – 176 мың адам болса, Францияда 300мыңнан асады).

Иммигранттық этникалық азшылықтардың жоғарғы концентрациясы Европа мемлекеттерінде иммигранттардың дамып жатқан мемлекеттен жаңа мәдениет ортасына бейімделу қиыншылығымен түсіндіріледі. Ереже бойынша жаңа иммигранттар өздерінің отандастары бар мемлекет мен аймақтарға жіберіледі. Кейбір зерттеушілердің анықтауы бойынша Европада АҚШ қа қарағанда иммигранттар ( әсірісе дамып жатқан мемлекеттерде ) ерекше қауымда өмір сүреді.

Иммигранттар ірі қалаларда қоныстанып, сол жерде толық этникалық кварталдар құрайды. Социологтардың пікірінше Европалық емес мәдениетке жататын иммигранттар жинақы өмір сүру үшін жаңа мемлекеттің алдында бір қорқыныш сезеді және сол қорқынышты өту үшін өздерінің ішінен қолдау іздейді. Кейбір иммигранттар өздеріне күш жинап басқа аудандарға көшу арқылы жаңа өмір бастауға мүмкіншілік алады. Алайда, имигранттардың көбі, көбінесе өздерінің отандастарынан алысқа шыға алмайды. Этникалық кварталдардың құрылуы және олардың тұрақты түрде дамуы қабылдаушы мемлекеттер үшін және имигранттар үшін күрделі мәселе болып табылады. Қабылдаушы мемлекеттерде имигранттарға деген жағымсыз көз қарас көбеюде. Имигранттар және олардың балалары үшін жабық этникалық ортада өмір сүруі өздеріне зиян келтіреді. Имигранттар бұл жерде ана тілінде сөйлейді, сондықтан олардың балалары өздерінің жаңа отанының тілін жақсы меңгере алмайды. Сол себептен оларға мектеп бітіргеннен кейін жоғарғы оқу орындарына немесе жақсы жұмысқа орналасуына мүмкіншіліктері де аз. Колониалды өмір сүру иммигранттардың көп бөлігін маргинализацияға алып келеді және европалық ортадағы олардың интеграциялануына күрделендіреді.

Сонымен, иммиграцияның дамуына байланысты европалық мемлекеттердің де келбеті өзгереді. Яғни, біртекті этникалық халықтан олар көбіне саяси этникалық және біртексіз халыққа ауысады. Бұндай жағдай барлық дамыған мемлекеттерде кездеседі. Өзгешелік тек Жапонияда ғана. Жапонияда шетел халқының саны 0,6% тен аспайды. Алайда, Европада иммиграцияның дамуы ерекше. Біріншіден, европада халықтың этникалық өзгеруінің құрамы өте жылдам жүргізілді. Екіншіден, дәстүрлі имиграциялық мемлекеттерге қарағанда АҚШ, Канада, Австралия сияқты мемлекеттердің иммигранттарды қабылдау және оларды жаңа ортаға бейімдеу тәжірибесі әлдеқайда жоғары. Европа мемлекеттері тек 1950жылдары ғана иммиграция мәселесіне тап болғанмен, бұндай тәжірибеге әлі жете қойған жоқ. (Франциядан басқа)

Соңғы жылдары зерттеушілер Европа өзінің маңызын жоғалтуына тигізетін қауіп қатер жөнінде жиі айтатын болды. Шынында бұндай қауіпқа негізгі бір дәлелдемелер бар. Жергілікті тұрғындардың туу мәселесінің төмендеуі азаятын болса, шетел халықтың саны көбейеді. Олардың көп бөлігін европалық емес халық құрайды. Соның нәтижесінде тез арада жергілікті халықтың азаматтары басқа мемлекетпен ұстану процессі жүреді, алдымен басқа мәдениетке, басқа (христиандық емес) конфессияға жататын, басқа дәстүр мен басқа дін ұстанатын Үшінші әлем мемлекеттері жатқызылады.

Батыс Европада ең үлкен конфессионалдық группаны құрайтын ( христиандықтардан кейін ) мұсылман халқының жылдам көбеюі, европалықтарда ерекше қауіп туғызады. 2004 жылдардағы деректер бойынша Евро Одақтың 15 мемлекетінде өмір сүрген 375мың халық ішінен 20 миллионы ( яғни,5,3%) өздерін мұсылман деп санаған. ( Евро Одаққа жаңадан мүше болған он шақты мемлекеттердің ішінен мұсылман халқының белгісіз).

Франция, Германия, Ұлыбритания, Бельгия, Голландия және Грециядағы мұсылмандардың өмір сүруі ерекше байқалады. Осындағы мұсылман халқының саны үштен жетіге дейінгі пайызды құрайды. Алдында аталған үш мемлекеттерде халықтың жарты бөлігі Европадағы мұсылман тұрғындарын құрайды.

Европадағы ірі мұсылман ортасы Францияда құрылды. Мұнда 3,7 миллионнан 4,5 миллионға дейін мұсылман халқы тұрады. (Олардың жарты бөлігі француз азаматтығына ие). Мұсылмандар 7% мемлекет халқын құрайды. Германияда 3миллионға жуық мұсылман, ал Ұлыбританияда шамамен 1,59 миллион мұсылман халқы өмір сүреді. Олардың жарты бөлігі (800мыңы) Лондонда тұрады.

Нидерландияда – 700мың мұсылман (4% ортақ халық санынан). Амстердамда социологтардың дәлелдемелері бойынша діндерді тарататын ислам мемлекеті болып табылады. ХХ ғасырдың басында Амстердам қаласында тек бір ғана мұсылман өмір сүрді. ХХІ ғасырдың басында Амстердамның 13% тұрғындары (600мыңнан 88мыңы) өздерін мұсылман деп санай бастады. ( 11% - католик , 5 – протестант, 13 – басқа діндерді ұстанатын халық, 59% - дінге сенбейтіндер).

Мұсылман дінін ұстанатын басқа да мемлекеттердің ірі қалаларында бар – Роттердам, Гаага,Утрехт. Болжам бойынша жиырма жылдан кейін он сегіз жасқа дейін Нидерланд халқын мұсылмандар құрайды.

Скандинавия мемлекеттерінде - Швеция, Финляндия, Норвегия және Италия мен Испанияда мұсылман халқы аса көп емес, мұсылман халқы тек 1% құрайды.

Европада мұсылмандар әр түрлі этникалық группалардан орындалады. Олардың ішіндегі ең көбі арабтар – (3,7миллион адам).

Араб-мұсылмандардың жарты бөлігі - мароккандықтар (45%). Этникалық группалардың екінші бөлігі - түріктер. Үшінші группа – ( шамамен 800мың адам) индустар, пакистандықтар, ауғандар, Бангладештағы шығушылар.

Түрік этникасы әр түрліхалық сандармен 3,1 миллионнан 3,4 миллионға дейін берілген. Түрік этникасы иммигранттар арасында ерекше орын алады.

Олардың 700мыңы яғни әр қайсысында европа мемлекетінің азаматтығы бар. Ең үлкен түрік орта – Германияда ( 2,4млн. адам). Германияда түріктер мемлекет территориясында орналасқан шетелдіктерден 30% құрайды, бірақ олардың аз бөлігі ( шамамен 0,5 млн. адам) неміс азаматтығына ие, қалғандары шетелдіктер.

Сонымен қатар түрік қоғамы Нидерландияда, Францияда ( 380 мың адам ), Ұлыбританияда (210 мың), Бельгияда, Австрияда және Грецияда өмір сүреді.

Европа мемлекеттеріндегі мұсылмандардың көп болуы интеграция мәселесін ерекшелендіреді. Мұсылмандар иммигранттарға қарағанда бйім болып табылады. , ең бастысы – олар жаңа мәдениетке, ортаға жылдам бейімделеді. Ал бұл Европаға көптеген мәселелерді туғызады.

Мұсылмандардың көбеюі европалықтарға қорқыныш сездіреді. Эксперттердің болжамдары бойынша 2020 жылдары ЕО та мұсылман халқы 10% құрайды, ал Германия мен Францияның ірі қалаларында 2020 жылдарға таман мұсылмандардың саны жергілікті халықтан асып кетуі мүмкін. Басқа эксперттер бірнеше онжылдықтан кейін біз «дүниежүзілік трансформацияның европалық христиандық цивилизацияның мұсылмандыққа ауысуына » куәгер болатындығымызды болжайды.

20-23 беттер

Көптеген зерттеушілердің айтуынша, Еуропадағы мұсылман қауымдастығың рөлі радикалды түрде өсіп келеді. Олардың тұжырымдамасы бойынша «әлеуметтік изоляциялау және азаматтық құқықтың болмауы» мұсылман ортасының наразылығының өсуіне себеп болып отыр және ғалымдардың ойынша, мұсылман тұрғындары мен еуропалықтардың арасындағы диалогты реттемесе континентте тұрақтылықты сақтау қиынға соғады.

Сонымен Еуропа континентіндегі шетелдіктер саны үздіксіз өсіп келеді. Бірақ, Еуропа иммигранттарды қажет етеді ме? Бұл сұрақтың жауабы: жақын және болашақ перспективаларда Еуропа оларды қажет етеді. Туылудың төмен болуы және қартаюдың өсуі Еуропалық экономикасының дамуының тежелуінің және тұрғындар санының қысқаруына алып келіп отыр. БҰҰ эксперттерінің есептеуі бойынша, жұмыскерлер мен зейнеткерлер ара қатысын осы қазіргі деңгейде (4:1) сақтап қалу үшін Еуропа 2050 жылға қарай 50 млн. иммигранттарды қажет етеді (ал пессимистік есептеулер бойынша 160млн.) (15). Еуропалық қауымдастыққа иммигранттардың келуі олар үшін үлкен өзекті мәселе болып келеді.

Әдетте ЕО интеграциялық үрдістерінің кеңеюінде ұлттық мемлекеттің функцияларының көп бөлігі ұлтүстілік органдарының енгізілуіне бөлінсе, иммигранттық саясат ұлттық мемлекеттің прерогативасы болып табылатын салалардың санына жатады. Ортақ иммиграциялық саясат құрудағы көптеген қадамдар шетеңеге алып келмеді және көптеген мақсаттарға қол жеткізе алмады. Бұл мәселелерді реттеу тек Шенгендік зона бойынша ортақ кедендік бақылаумен және ЕО мемлекеттерінің мигранттарының құқықтарын реттеумен шектеледі. Үшінші мемлекет иммиграцияларына қатысты саясат әлі күнге дейін құрылуда және ұлттық билік өкілдерімен іске асырылуда. Сонымен қатар әр мемлекет осыған қатысты саясат принциптерін өз алдына бөлек құруда.

Шетелдіктердің интеграциялануының көп түрлілігіне қарамастан, зерттеушілер барлық еуропалық мемлекеттерде осы немесе басқа да модификацияны қолданатын негізгі үш үлгіні көрсетеді. Бұл «этникалық», «саяси» және «мультимәдениеттік» үлгілердің ерекшеліктері Германия, Франция және Ұлыбритания сияқты еуропалық ірі мемлекеттердің иммиграциялық интеграцияға қатысты саясатында айрықша байқалып отыр.