Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аңсар.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
153 Кб
Скачать
☆

1. Тарау Жахандану және миграция халықаралық қатнастардағы үстем факторф. Теориялық мәселелер

1.1 Жахандану және халықаралық қатнастар тарихындағы миграциялық фактор түсініктері

XX ғасырдың соңғы он жылдығында қырғи қабақ соғыстың аяқталуына байланысты саяси процестер, орасан зор көлемдегі экологиялық қауіп-қатерлер, біртүтас жершарын ортақ сезінуге әкелген экономикалық өзара тәуелділіктің артуы «Жаһандану» құбылысына экономикалық қана емес, сондай-ақ саяси, тарихи, географилық және мәдени сипат бере келе, оның барынша кеңеюіне алып келді.

Жаһандануға Паскаль Лороттың редакциясымен шыққан француздың «Мондиализация» сөздігің төмендегідей анықтама береді: «Мондиализация кедергісіз ғаламшарлық дамудың сатысын білдіреді, онда бәрі де жақын, қол жеткірліктей, барлығы да бір-бірімен байланыста, осының жағымды нәтижесіндей өзара тәуелділік пен ынымақтастық арта түсуде».

Жаһанды даму концепцияларының 1960-1970-ші жылдар аралығында пайда болуы ғалымдардың планетарлық мәселелердің асқынуына көпшіліктің көңілін аударуға талпыныстары себеп болды. Жаһанды даму концепциялары дегеніміз ол-әлемдік мәселелерді талдлау негізінде олардың шешудің жобалары мен стратегиясын үсынушы және ондай өзгерістер мен трансформациялардың әлемдік қоғамдастықтағы салдарын болжау туралы теориялық құрылыстар. Ең алғашқы "Жаһанды тепе-теңдік жағдайы" деп аталған теорияны жасаушылар, Рим клубының "Даму мүмкіншіліктері" деген баяндамасында: қару-жарақ, қоршаған ортаның бұзылуы, демографиялық өсу мен экономикалық тоқырау мәселелері қазіргі замандық адамның ұзақ мерзімді орталық мәселелері ретінде жиі анықталып отыр деп жазды.

Жаһанды даму концепциясын жасауға, оны жасаушылардың математикалық модельдеу мен жүйелі талдау әдістерін қолдану себеп болды. Американдық ғалым Джей Форрестер мен оның Денис Медоуз бастаған шәкірттері қолда бар мәліметтерді пәнаралық сипатта компьютерлік зерттеу аркылы қорытындылау әдісін ұсынды. Олардың ғылыми зерттеу пәні- дүниежүзілік дамудың күрделі көпфакторлы, өзара байланысты процестері. Ең алғашқы мұндай зерттеулер формальды математикалық сипатта болғандықтан, оның негізі ретінде тек әлемдік динамиканың физикалық параметрлері мен сандық сипаттары ескерілді. Сондықтан мұндай әдістің жеткіліксіз және тиімсіз екені анықталды. Алғашқы жаһанданулық концепцияларда тек жаратылысы-табиғи және ғылыми-техникалық факторларға мән қойылып, саяси, әлеуметтік, мәдени және идеологиялық фактор ескерілмеді.

Қазіргі замандық жаһанданулық жағдайда кеңістік пен уақыттың жаңа өлшемдерін игеру қажеттілігінің пайда болуы анық. Жаңа ақпараттық технологиялардың, олардың жаңа өрістер мен әлемдік аймақтарды қамтуының маңызы өсе түсуі әлемнің "нығыздала" түсуінің үрдісі.

Сондықтан, жалпы адамзаттық өркениет тағдыры мен қазіргі замандық өркениетке тиесілі бүл процестің мәні неде болып түр? Бүгінігі ғылымда көптеген зерттеушілер жаһандануды модерннің бір бөлігі деп түсінуде. Бұл процестің жандануы Батыстың ықпалы мен оның мәдениетінің бүкіл әлемге таралуымен байланысты. Жаңа индустриялдық, ақпараттық технологиялар әлемнің түрлі аймақтарьшың арасындағы әрекеттестіктердегі теңсіз фрагментациялардың жаңа негізі болғанын айқындайды. Қазіргі замандық жаһандық кезенде бай елдер мен кедей өмір деңгейлерінің арасындағы айырмашылық өсе түсуде. Жаһандану бүгінгі заманда әлемнің көптеген елдері үшін референттік көрсеткіш болғандықтан көп жағдайда ол құндылықты бағдарланулардың ерекше жүйесіне айналды. Бұл жүйенің негізінде басым жағдайда батыстық елдердің аксиологиялық жүйелері жатыр. Мысалы саяси жүйеде-демократия, азаматтық қоғам, горизонтальды байланыс; нарықтық шаруашылық жүйелері - жеке меншік институттары, бәсекелестік, еңбекке жалдану мен табыс; мәдени жүйесінің мәні - индивидуализм, прагматизм болып табылады. Сондықтан бүгінігі мәселе-жай кезекті халықаралық қатынастар жүйесін жасау емес, ол ортақ жаңа әлемдік ережені қалыптастыру мәселесі болып отыр[13].

Бұл құбылыстың әртүрлі аспектілерін зерттей келе, Кембриджде 2000 жылы шыққан өзінің "Жаһандану дегеніміз не?" деген кітабында Ульрих Бек, "Жаһандану - соңғы жылдары барынша кең тараған, көп ретте шындықтан алшақ болса да, пікірталастарда негізгі сөз ретінде қолданылатын сөзге айналды және алдағы жылдары да солай бола бермек. Алайда, дәл осы сөздің мағынасы барынша аз анықталған, сондықтан көп жағдайда орынсыз қолданылатыны да рас, соған қарамастан саяси тиімді үғым болып табылады."

У.Бектің ойынша, жаһанданудың бірқатар өлшемдерін ажырата білу қажет. Бұл орайда олардың кез келген тізбесіне коммуникациялық технологияларды, экологияны, экономиканы, іс-қимылды ұйымдастыруды, мәдениет пен азаматтық қоғамды енгізу лазым. Автор «Жаһандану» дегеніміз экономиканың, ақпараттың, экологияның технологиялардың, мәдениаралық жанжалдардың және азаматтық қоғамның әртүрлі өлшемдегі күнделікті іс-өрекеті үшін шекаралардың маңызы барған сайын азайып бара жатқанын білдіреді деп санайды. Ақша, технологиялар, тауарлар, ақпарат және уландырғыш заттар шекаралар жоқтай еркін өте бередің.

Ал Гарвардың белгілі ғалымы Стэнли Хоффман әлемде «жаһандануды» қақтығысың жүріп жатыр деп пайымдайды, өйткені жаһандану оның пікірінше -бұл экономикалық жаһандану, ол технологиялар, ақпарат, сауда, шетелдік инвестициялар және халықаралық бизнестегі революцияның жемісі болып табылады. Оның басты ойыншылары компаниялар, инвесторлар, банктер, жеке сектор, сондай-ақ мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар болып табылады. Компаниялардың мамандануы мен интеграциялануы ортақ байлықты арттыруға мүмкіндік берді, алайда таза капитализмнің логикасы әлеуметтік әділдік үшін қолайлы емес. Сондықтан экономикалық жаһандану мемлекеттер арасындағы және олардың ішіндегі теңсіздіктің ықтимал себепкері болып, жаһандық бәсекелестікке және мемлекеттер мен бұл процеске баска да қатысушылардыңт осы проблеманы шешуіне байланысты аландаушылық пен торығуды туғызады[14].

Жахандану барысында өзекті болып отырған проблема мигранттар мен соған байланысты туындап отырған мәселелер. Соған байланысты төмендегідей қорытынды жасауға болады.

Халықаралық миграциялық үрдістерді шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады. Олар 1). XIX ғ. – 20-30 жж.XXғ.2). XXғ. 20-30-80жж 30) XX ғасырдың аяғымен – қазіргі кезең. Миграцияның әр бір кезеңі тарихи оқиғаларға толы болып және өзінше катаклизмаларға толы болды.. Ол отарлық жаулап алулар, ол бірінші және екінші дүние жүзілік соғыстар, Ресейдегі революция, әлемдік экономикалық дағдарыс «Ұлы депрессия», урбанизация мен индустриализация және жахандану мен жаңа экономикалық тәртіптің қалыптасуы

Миграциялық үрдістердің дамуы жер шарының түпкірлерінде өзіндік сипат алды. Мәселен: Латын Америкасында, Шығыс және Оңтүстік Европада миграция «оңтүстік – солтүстік» яғни, индустриалды дамыған АҚШ, Канада және Батыс Европаға қарай жүрсе, ал Азия мемлекеттерінде миграция «оңтүстік – оңтүстік» сипатында, яғни Оңтүстіу – Шығыс Азия, Парсы Шығанағы, Үнді мұхиты бағытында қозғалды.

Халықаралық миграцияның әдістері мен түрлері бүгінде өзгерген жоқ. Қазірде миграция еріктіі және еріксіз болып екіге бөлінеді. Әрине қазіргі кезде орта ғасырғыдай миграцияның отарлық формасы жойылды, бірақ еріксіз миграция формалары сақталуда.

Миграцияның әр түрлі формалары қазіргі кезде саяси сипат алуда. Оған себеп жахандану мен аймақтану үрдістерінің қарқынды дамуы. Сол сияқты қазіргі уақытта еңбек миграциясының өсуі де сарапшылар тарапынан алаңдаушылық туғызып отыр.

Қазіргі халықаралық қатнастардағы өнекәсіптің интернационализациялануы жұмысшы күшінің интернационализациялануна алып келді. Жұмысшы миграциясы халықаралық экономикалық қатнастардың ажырамас бөлігіне айналуда.

Соңғы уақыттағы миграциялық үрдістердің интенсификациясы сандық және сапалық көрсеткіштерменде және миграцияның әр алуан формаларыменде ерекшеленуде. Бұл формалардың пайда болуының себептері мыналар:

  • Шаруашылықтың интернационализациялануы мен демократизациялануы;

  • Ұлтаралық қақтығыстардың шиленісуі;

  • Мемлекет аралық қақтығыстар;

  • Табиғат апаттарының салдары және т.б.

Бұл себептерге соңғы уақытта еркін миграция да қосылды.

Бүгінгі таңда әлемдік қауымдастық миграция проблемаларымен бірлесіп шешуге күшін салуда. Сонымен қатар миграциямен байланысты туындап отырған мәселелерді бірігіп реттеуді қолға алды.

Жалпы трғылықты орындарын ауыстыру адам баласына тән қасиет. Сондықтанда Адам құқының Жалпы деклорациясында бл мәселені халықаралық деңгейде заңдастыру көзделген болатын. Осы Декларацияның 13 бабында былай делінген: «Әр бір азамат еркін түрде өзі қалаған елге және өз еліне қайта оралуға құқылы » делінген болатын. Ал 1994 жылы өткен халыктың орналасуы мен дамуы атты халықаралық конференцияда миграция халықтардың мәдени дамуына өз әсерін тигізеді және мәдениетті байытады деп атап көрсетілген болатын. Әлемдік стандарттарға сәйкес бүгінде өз отанынан тыс жерлерде өмір сүріп жатқан адамдардың саны осы үрдістің тарихындағы ең жоғарғы көрсеткіштерге жітіп отыр, яғни 175 миллион адам. Мигранттардың басым көпшілігі қабылдаушы мемлекеттерге үлкен пайда келтіруде. Сонымен бірге миграция қабылдаушы мемлекеттерде адам ресурстарының азаюуына, кейбір мемлекеттерде экономикалық және әлеументтік қайшылықтар мен қақтығыстарға әкеліп отырғаны жасырын емес. Біз бұл жерде қақтығыстарды аймақтық және жахандық деп қарастыруымыз қажет. Мысалы: екінші дүние жүзілік соғыс аяқталғаннан кейін АҚШ пен КСРО мемлекеттерінің теке тіресі аяқталған болатын. Бірақ бұл жалпы қақтығыстардың аяқатлуы деген сөзді білдірмеді.

Қырғи қабақ соғыс аяқталғанғаннан кейін 1990 жылдан кейін аймақтық қақтығыстар кезеңі бастады. Бұл аймақттарға Ауғанысатн, Таяу Шығыс, Африкадағы қақтығыстарды жатқызуға болады.

Көптеген зерттеушілер ішкі және халықаралық қақтығыстардың айырмашылығы біртіндеп жойла бастады деген пікірді көбірек қолдануда. Оның үстіне сарапшылар халықаралық қақтығыстар мен халықаралық қатнастардың қайшылықтары деген анықтауға көбірек көңіл бөлуде. Бір сөзбен айтқанда қақтығыстардың интернацианализациялануы жүріп жатыр деген пікерге келіп отыр. Сондықтанда қақтығыстардың ішкі факторлары деген ұғым бірте – бірте жойлуда. Ал аймақ деген түсінік халықаралық қатнастардың негізгі шарты емес. Аймақтық деген сөз тек қана териториялық немесе бір белгілі кеңістікке сәйкес келетін категоря емес. Аймақ терминлогиясының мәні Копенгаген мектебінің қалыптасуына байланысты өз мағнасын кеңейтуде. Копенгаген мектебінің өкілдерінің қатарында Б Буза, О. Вэвер т.б. бар. Бұл мектеп өкілдері 1980-1990 жж аймақты қауіпсіздік концепциясын жасаған болатын.

Сонымен аймақтық қақтығыстар термині, жаңа ғаламдық қарама –қарсылық жоқ екендігін және қайшылыықтардың жаңа факторларының пайда болуымен ерекшеленеді, бұл өз тарапынан Қақтығыс деген терминді кең көлемде қолдануға мүмкіндік береді.

Осыған сәйкес халықаралық миграцияға өте күрделі әлеументтік, экономикалық және саяси факторларына байланысты тек ұлттық емес халықаралық қатнастардың күн тәртібінен түспей отыр.

Соңғы жылдары әлемдік қауымдастықтың алаңдаушылығын тудырып отырған тағы бір мәселе иммграция болып отыр.Әсіресе 2001 жылғы 11 қырықүйектен кейін көптеген мемлекеттер өздерінің иммигранттарға, босқындарға және өз мекені жоқ адамдарға байланысты саясатын қатаңдатып жіберді.

Осы орайда миграция мен иммиграция мәселеріне байланысты БҰҰ роліне тоқталу қажет.

БҰҰ халықаралық миграцияның әртүрлі мәселелерімен айналысатыны белгілі. Мысалы: БҰҰ секретариаты

АҚШ ішкі және сыртқы саясатында жоғарыда көрсетілген мәселелер орын алуда.