Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аңсар.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
152.99 Кб
Скачать

2.2 Миграцияның Америкалық жоспары

Иммигранттық топтардың Солтүстік Америка елдері сыртқы саясатының қалыптасуындағы әсері мәселесі.

Иммигранттық топтардың АҚШ пен Канаданың сыртқы саяси қалыптасу үрдісіндегі орны мен маңызын өте жоғары бағалайды. Бұл тарауда АҚШ пен Канаданың этноұлттық топтарының өзге аймақтық елдермен сыртқы саясатын қалыптастырудағы ықпал етуінің негізгі арналары мен әдістері және олардың сыртқы саяси сферадағы қызметі туралы жан-жақты айтылады.

Иммигранттардың болу еліндегі қоғамдық-саяси өмірінің жағдайын еркін меңгеруі олардың саяси бейімделуінің жалпы үрдісінің ажырамас бөлігі болып табылады. Соғыстан кейінгі кезеңде екі Солтүстік Америка мемлекеттері АҚШ пен Канаданың дамуы иммигранттардың маңызды түрде артқан белсенділігімен сипатталады. Иммигранттардың қабылдау елінде болу фактісі олардың сол елдегі белгілі бір мүдделерін көрсетеді. Бұл фактор АҚШ пен Канаданың тек қана қоғамдық-саяси емес, сонымен қатар этникалық құрылымына да қатты әсер етеді.

Ішкі саяси дамудың негізгі факторы ретінде қазіргі кезде обьективті түрде күшейіп келе жатқан ішкі және сыртқы саясаттың өзара байланысы мен өзара тәуелділігін атап көрсетуге болады. Қазіргі кезде сыртқы саясаттың қалыптасу үрдісі екі ел арасындағы күрделі саяси жүйеге, қоғамдық-саяси күрес тенденциясына, әртүрлі топтар мен таптардың мүдделеріне және барлық ішкі жағдайлардың жиынтығына байланысты болып келеді. Қоғамның полиэтникалық құрылымы иммиграция процесстерімен сипатталады.

Жалпы деңгейде қарастыратын болсақ, АҚШ пен Канаданың жоғары басқарушы топтары халықаралық аренада өздерінің ресми бағыттарын жасау кезінде иммигранттардың ұстанымдарын есепке алуына тура келеді. Көптеген жағдайларда нақты этникалық ұйымдар қолайлы саяси құралдар мен әдістер арқылы биліктің саясатына белсенді түрде араласуға ұмтылады.

Бұл бағытта этникалық топтардың институциялану факторы басты рқл ойнайды. Этникалық топтардың ықпал етуі олардың ұйымдастырылу деңгейі мен өздерінің іс-шараларына қоғамдық-саяси қолдаушы топтарды қатыстыру қабілеттеріне тәуелді болып келеді. Тарихқа үңілетін болсақ, АҚШ пен Канадада ешқандай этникалық ұйым ешқашан саяси партия ретінде қалыптаспаған. Мұнда тұрақты түрде этникалық ұлттық қозғалыстың қалыптасқан бағыты болмағандықтан, негізгі жауапкершілікті әртүрлі комитеттер, ассоциациялар, федерациялар мен ұйымдар алатын болды.

Территорилық этникалық негізде қалыптасқан көптеген ұйымдар өз қызметтері барысында өткір көпполярлық идеялық-саяси қарама-қайшылықтармен бетпе-бет келді. Ешқандай елде нақты түрде бүкіл этникалық ұйымдардың атынан сөйлейтін біріккен топ құрылған жоұ және болуы да мүмкін емес. Солтүстік Америка елдерінің жағдайында этникалық топтар мен ұйымдардың өмірлік обьективті даму заңдылықтары елдердің сыртқы саяси беделінің мазмұны мен маңызына үлкен әсер етеді. Сондықтан этникалық топтар мен ұйымдардың әрекетіндегі бәсекелестік олардың жалпы қызмет бағытына байқалады.

Солтүстік Америкадағы этникалық топтық ұйымдардың құрылымындағы күрделі қоғамдық-саяси сипат топаралық салыстыруда үлкен айырмашылыққа ие болып келеді. АҚШ-тың ұлттық құрылымын еврей, араб, гректердің этникалық қоғамдастықтары мен шығыс еуропалық иммигранттық топтарға бөлуге болады. Канадада еврейлік қоғамдастықтар мен шығыс еуропалық топтар өздерінің саяси белсенділігімен ерекше көзге түседі. Осы аталған топтардың ішінде бірнеше ұйымдар аталғанымен, бірақ олардың ішінде батыс еуропалық және азиялық типке жататын саяси топтар өте аз. Кез-келген жағдайда АҚШ пен Канада елдерінде немістік, итальяндық, голландтық және скандинавиялық ірі этникалық топтар жеткілікті. Алайда олар өз қызметі барысында нақты түрде саяси істерге араласпайды. Көбінесе жаңадан келген иммигранттарға көмек көрсету және этникалық мәдениетті қолдау сияқты іс-шаралармен айналысады.

Жоғарыда айтылғандай, сыртқы саяси жоспарда саяси және белсенді маңызға еврейлік этникалық топтар ие болып келеді. Бұл сипат АҚШ пен Канадаға да тиісті. Өзге елдермен салыстырғанда, АҚШ пен Канададағы еврейлік этникалық топтар саяси салаларда көптеген мүмкіндіктерге қол жеткізуде. Мысалы, олар сыртқы саяси мәселелерге арналған конференцияларға қатыса алады, сондай-ақ АҚШ-тың халықаралық қатынасында белсенді қызмет атқарады. Кейбір жағдайларда Кнаданың сыртқы саясат ындағы этникалық топтардың белсенділігін белгілі бір жүйеге келтіру қиынға соғады. Олар көбінесе сайлаушылық сипатқа ие болуымен ерекшеленеді. Осы тұрғыдан қарастыратын болсақ, мұндай топтар АҚШ-тың Таяу Шығыс мәселесіне қатысты қатынасында белсенділік танытады. Бірнеше себептерге байланысты АҚШ-тағы сияқты Канадада да еврейлік қоғамдастықтар өзіндік көшбасшылық рөл атқарады.

Американың саяси өмірінің сыртқы саяси бағытын анықтау процесінде еврейлік қоғамдастықтар ерекше орын алады. АҚШ-тағы этноұлттық топтардың ерекшеліктері туралы американдық саяси әдебиеттерде былай деп жазады: “Еврейлік қоғамдастықтар ішкі саясатқа қатысты мәселелерге қарағанда сыртқы саяси мәселелерде ереше белсенділік танытады және өзара тығыз ынтымақтасады”. Шындығында егер ішкі саяси жағдайда еврейлік қоғамдастықтардың арасында кейбір қарама-қайшылықтар әлеуметтік-таптық ерекшеліктерге байланысты туындаса, ал сыртқы саяси сферада, әсіресе, Вашингтонның Таяу Шығысқа қатысты мәселесінде еврейлік қоғамдастықтар ерекше нәтижеге қол жеткізу үшін біріккен блок ретінде белсенді әрекет етеді. Бұл жағдайдағы бағдарламалар пен ұйымдар израильдік бағыттағы лобби болып есептеледі. Өзара күрделі және жан-жақты механизмге ие бұл топтар Америкадағы бүкіл еврей ұлтының атынан сөйлейді. Вашингтонның тек ресми үкіметтік мекемелерінде қызмет атқаратын лобби 30-ға жуық ұйымнан құрылған. Мысалы, Американдық-израильдік қоғамдық қатынастар мәселелері бойынша комитеті (КАИОО), сионистік ұстанымдағы ірі американдық еврейлік ұйымдар президенттерінің конференциялары (КПКАЕО), маңызды еврейлік буржуазиялық ұлттық ұйымының өкілдіктері. Аталған қйымдар мен бірлестіктер үнемі Вашингтонда орналасқан Израиль елшілігімен тығыз қарым-қатынаста болады.

Айта кету керек, израильдік лоббилерден құралған әртүрлі көптеген ұйымдардың міндеттері, мақсаттары және функциялары нақты түрде салаларға бөлінген. Мысалы, КАИОО өз қызметіне қатысты Тель-Авив және Вашингтонда орналасқан Израиль елшілігінен нұсқау ала отырып, конгресс мүшелерін өздеріне қажетті израильдік бағытқа бұрумен айналысса, ал КПКАЕО Ақ Үйге қысым көрсетуге маманданған. Президентпен кездесу кезінде еврей көшбасшылары Мемлекеттік Хатшы және Қорғаныс Министрімен кездесуге мүмкіндік алады. АҚШ-тың сыртқы саяси қатынасында маңызды рөл атқаратын еврейлік қоғамдастықтарға Американдық еврейлер комитеті, Американдық еврейлер конгресі, “Бнай Брит” (“Сыновья завета”), Американдық еврейлік жұмысшылар комитеті және т.б. ұйымдарды кіргізуга болады.

АҚШ-та еврейлік қоғамдастықтардың белсенділігі соғыстан кейінгі кезеңде арта түсті. Бұл Израиль мемлекетінің құрылуы және Палестина мәселесінің шиеленісуімен тығыз байланысты. Соңғы 40 жыл ішінде американдық еврейлердің Таяу Шығыс мәселелеріне қатысты мүдделері мен Вашингтонның жүргізіп отырған саясатына байланысты көзқарасы өте тұрақты және жоғары деңгейде қалды. Сионистік бағыттағы еврейлік қоғамдастықтар Вашингтонның Таяу Шығысқа қатысты мәселесіне үлкен ықпал етті.

Р.Рейган әкімшілігінің билікке келуіне байланысты ірі еврейлік буржуазиялық топтар билік тарапынан үлкен қолдауға ие бола бастады. Еврейлік қоғамдастықтардың израильдік ұйымдары алдынғыға қарағанда белсендірек жұмыс істей бастаған болатын. Олардың әрекетін координациялау мақсатында АҚШ-тың ірі қалаларында митингтер мен манифестация өткізіліп, арнайы ұйымдар мен бөлімдер құрыла бастады. Израильдік бағыттағы лобби Вашингтонда Израильге қосымша жеңілдіктер мен артықшылықтар беретін заң жобасын қабылдатуға қол жеткізді.

1983 жылдың басында израильдік бағыттағы лоббидің кезекті шабуылы АҚШ-тың Иорданияға берген экономикалық көмегіне қарсы бағытталды. Еврейлік қоғамдастықтардың ұйымдарының жетекшілері Р.Рейганғ ахат жазып, король Хусейнге қару сатуға қарсы екендіктерін білдірді. Нәтижесінде бірнеше айдан соң Өкілдер Палатасы мүшесінің 233-сі қол қоюға келісті. Бұл мәселеде Ақ Үйдің жағдайы шиеленісе түсті. Соңында израильдік топтар басқа араб елдеріне қатысты қатаң саясат жүргізуге ұмтылды.

Канадада араб қауымының лоббистік әрекетшіліктің тәжірибелі әсері АҚШ-қа қарағанда шектеулі болып келеді. Ұйымдардың ұлғаюына және 70-жылдардың белсенділігіне қарамастан саяси табыс пен оның көптеген акциялары шын мәнінде табыс әкелмеді. Каадалық арабтар Федерациясы (КАФ) және Араб қауымының Канададағы Федерациясы (АКФ) сияқты жетекші ұйымдар кезінде -70 жылдар бойында канадалық сыртқы саяси ведомства аппаратын Таяу Шығыс мәселесін 1970-1972 жылдардағы Канаданың сыртқы саяси бағытын қайта қарау бағдарламасына қосуға көндіре алды, сонымен қатар 70 жылдарда Таяу Шығысқа жасаған сапарында Квебектің Ұлттық профсоюздар Конфедерациясы өкілдерімен бірге Палестиналық Қарсыласу Қозғалысының көшбасшыларымен кездескен Квебек партиясының лидері және Левектің француз тілдік провинциясының премьер-министрі жағынан «жанашырлық» қолдау таба білді. БҰҰ конгресімен байланысты 1975 жылғы кризис кезінде Квебек‑палестиналық ассоциациясынан қолдау тауып отырған КАФ Канаданың сыртқы істер министрі А.Мак-Эгенмен кездесуге қол жеткізді. Алайда бұл арабтардың ең ірі лоббистік мүмкіндігі ешқандай жағымды нәтиже көрсетпеді. КАФ лидерлерінің бірі Д.Хаггер «Егер ООП конференцияға қатыса алмаса, Канада мен араб елдерінің саудасын тоқтату үшін барлық мүмкіндіктерді қолданамын» ‑ деген өзіндік бопсасы канадалық кабинет, сонымен қатар бұқара халық ойына жағымсыз әсер қалдырды. Канада-палестиналық комитет, Араб-канадалық сауда палатасы және Канадалық мұсылмандар қауымының кеңесі сияқты ұйымдар алдында арабтар 1973 жылғы қазан соғысынан кейін бойкотты жүзеге асыруда белсенділік көрсетті. Алайда 1975-1976 жылдарда болған Ливандағы азамат соғысының нәтижесінде Канадаға Ливан босқындарын кіргізу араб қауымы үшін Канадалық үкімет әрекетіе болар болмас тікелей ықпалын тигізе алды.

Жоғарыда аталған себептерге байланысты шығысевропалық иммиграция топтарының сыртқы саяси әрекетінің ерекшелігі жеке аспект ретінде қарастырылады. Олардың саясаттануы тікелей сөз сөйлеу барысында шыңдалады. Сөз сөйлеудің мінездемесі мен мазмұны әдетте өзінің өткірлігімен, мақсатына бағытталуымен ерекшеленеді және әрқашанда принципті саяси-идеологиялық сипатта болады. Шығыс Европалық иммиграцияның тарихи күйреуі бұл жағдайда идеялық тұрғыдан қарама қарсы : прогрессивті-демократиялық және буржуазды-ұлттық екі лагерьде топтасқан мінездемеге қатысты шартты қорытынды жасайды. Жалпы топтасқан сипаттар ішінен тек өзінің еліне қатысты сыртқы саяси шоғырланушылықты айтса болады. Ал басқасында шығысевропалық топтардағы саяси белсенді күштер өзіне қатысты поляризацияға жүгінеді.

Қалыптасқан заңдылық екі солтүстік америка елдерінің жағдайын көрсетеді. АҚШ-ғы шығысевропалық иммиграцияның прогрессивті бөлігінің көзқарасын Американдық Украиндер Лигасы (АУЛ), Ұлттық Елшілік Конгресі (ҰЕК) таныстырса, ал Канадада бұл рөлді Біріккен Украиналық Канадалықтар Достастығы (БУКД) немесе Польшалық Демократиялық Ассоциация (ПДА) сияқты демократиялық ұйымдар атқарады. Солтүстік Америкадағы шығысевропа иммиграциясының прогрессивті күштеріне өздеріне қолайсыз ішкі саяси жағдайларда әрекет етуге тура келетінін естен шығармаған жөн. Ірі ұлттық бірлестіктер кез келген этникалық топтың мүдделерін таныстырушысына қарсы наразылығын білдіруде мемлекеттік билік жағынан белгілі бір саяси қолдауды пайдаланады. Көп жағдайда бірлестіктің осындай түрлері АҚШ пен Канаданың әртүрлі үкіметтік мекемелерінен өз тобының «жалғыз өкілі» ретінде ресми мойындауға қол жеткізіп жатады. Осыған байланысты мемлекеттк биліктің тікелей қолдауы 70 жылдары канадалық арнайықызметкерлер БУКД-ны «коммунистік бақылудағы» ұйымдар қатарына қосқан сияқты кей жағдайда «қара тізімге» енгізіп қоюы мүмкін, ал кейде оларды оп-оңай елемеуі де ғажап емес. Сонымен қатар АҚШ-ғы Американың Украиналық Конгресті Комитеті (АУКК), «Бейбіт Польша» сияқты және Украиналық Канадалықтар Комитеті (УКК), Канадалық Польшалық Конгресс (КПК) буржуазды-ұлттық бірлестіктер өздерінің пайда болу елдеріне қатысты күрт қатаң идеологиямен төмендетіледі. Ресми мемлекетаралық қатынастар тәжірибесіндегі «бостандық әрекетін» нығайту үшін үкіметке ықпал ету мақсатындағы мүмкіндіктерін пайдаланады, егер оған қарсы тұрмаса, онда АҚШ пен Шығыс Европа елдерінің қарым-қатынасының жалғасуына әсерін тигізеді.

Мұндай мүмкіндіктердің эффективтілігі жағынан маңыздылығына баға берсек, онда АҚШ пен Канадада шығысевропадағыдай лоббизм бар десек тым асыра сілтегеніміз болар еді. Әңгіме тек ұлтшылдардың саяси мүдделері тек ресми сыртқы саяси бағытта ғана жүзеге асырылатын үкімет және ұлттық ұйымдар сияқты екі жақтың мүдделерінің ұқсас болуы жөнінде болуы мүмкін. Мысалға, жыл сайын өткізілетін Шығыс Европаның «езілген ұлттарына» арналған мереке тәжірибесін келтіруге болады. Алайда, нақты шешімдер қабылдау принциптеріне келетін болсақ, онда бұл үрдіс саяси билік бақылауында қалатыны сөзсіз. Ұлттық акциялардың көп бөлігіне ашық саяси экстремизм, тіпті соғысушылық тән болғанымен, бұл саяси элитаға әрқашан да қолайлы бола бермейді. Бұған нақты мысал ретінде УКК-тің аса белсенді акцияларының Кеңес Одағы мен Канада арасындағы мемлекетаралық қатынастың үзілуіне алып келуін айтуға болады.

Ұлтшылдардың екі жақты қатынастың дамуына қарсы тұруының дәстүрлі сипаты 1971 жылғы екі елдің мемлекет басшыларының ең алғашқы ресми сапарлары кезінде көрінді . Алдымен ұлтшылдар лагеріндегі наразылық Канаданың премьер-министрі П.Трюдоның Кеңес Одағына келуіне себеп болды. Бұл жағдайдан кейін Премьер-министр мен УКК делегациясына украин қауымының мүдделерін елемегені жөнінде жала жаба бастады. Сапардың «Украин ұлтының трагедиясы» деп бағалануымен қатар, П.Трюдо Кеңес Одағындағы келіссөздерде билік тарапынан ұлттық сендіруді талап ететін «украиндік диссиденттер» жөніндегі мәселелерді талқылаудан бас тартты. Жарты жылдан кейін, қазан айында кеңестік үкімет басшылары Канадаға жауап сапарымен барғанда өз «күресіндегі» тәжірибелік амалдарына жүгінді. Сонымен қатар,1971 жылдың 18 қазанында Оттаваның федералды парламентінің алдында жоғарғы қонаққа қатысты жасалған тәртіпсіздіктер ұлтшылдар әрекетінің нәтижесі еді. П.Трюдоның айтуынша украиндық ұлтшылдардың екі жақты дипломатиялық қатынасты үзу мақсатында жасаған мүмкіндіктері бұл келеңсіз жағдай сияқты еш жағымсыз «дипломатиялық салдар» қалдырмағаны жөнінде айтты.

Ал Батыс Европалық иммиграцияға келетін болсақ, Солтүстік Америкадағы екі мемлекеттегі олардың санына қарамастан, Греция мен Ирландиядан АҚШ-қа келушілерден басқасы сыртқы саяси дебаттарға ешбір белсенді қызығушылық танытып жатқан жоқ. Грек қауымына тән мінез – ол оның мүшелерінің саяси белсенділігі, маңызды материалды және қаржылық мүмкіндіктері (бұл тұрғыда грек қауымдастығы тек европалық қауымдастыққа ғана жол береді), сонымен қатар басты факторлардың бірі болып саналатын-дін оның ұйымшылдығының жоғары деңгейінің белгісі. «Дін және шіркеу» - гректер үшін синонимді түсінік болып табылады, өз кезегінде гректік провославие тікелей гректік ұлтшылдықтың синонимі…Гректік шіркеу – ол эммигранттар арасындағы ұлттық мирасқорлықтың белгісі»-дейді грек текті американдық Д.Ли.

Гректік провославиелік шіркеудің АҚШ-тың саяси өміріндегі рөлі Кипрдағы грек-түрік қақтығысынан кейін күрт байқала бастады. Грек қауымы жағынан конгреске жасаған қысым нәтижесіндегі Турцияға жеткізілетін қару-жараққа эмбарго салу, американ-түрік қарым – қатынастарына кері әсерін тигізбей қоймады. Мұндай жағдайда АҚШ басшылығына грек қауымның көшбасшыларымен келіссөздерге баруына тура келді. 1974 жылы Ақ үйде президент Дж.Форд, мемлекеттік хатшы Г.Киссинджер және Солтүстік және Оңтүстік Американың архиепископы А.Иаковос қатысқан жиналыс болды. Архиепископ Кипрдағы қақтығыспен, мұндай жағдайдағы американ-грек және американ-түрік қатынастарының даму перспективаларымен таныс болды. Президент А.Иаковосқа АҚШ-тың Кипрдағы мәселені әділетті түрде шешуде барлық мүмкіндіктерді пайдаланғанын жеткізді және гректік лоббидің конгресске көрсеткен қысымы жөнінде мазасыздығын білдірді. Сонымен қатар, архиепископ өз діншілдігінде Турцияға деген американдық әскери көмек Грецияның ұлттық мүдделеріне ешқандай қауіп төндірмейтінін айтты.

Гректік провославтік шіркеумен қатар 3,5 млн адамды қамтитын 1922 жылы құрылған - Американ-гректік Прогрессивті Ағартушылық Ассоциациясы (АГПАА) сияқты ірі қоғамдық ұйым да американдық гректік қауымның өмірінде елеулі рөлге ие. АҚШ-ғы гректік шіркеу секілді бұл ұйым аз уақыт ішінде америкадағы гректердің жоғарғы деңгейде қатысуымен белгілі бір мәселеге байланысты үлкен масштабты кампания ретінде ұйымдасқан болатын. 1956 жылдың сәуір айында АГПАА Макариос архиепископының қарамағынан Кипрдің бостандық алуы мен құқықтарын иеленуге байланысты кең көлемді қозғалыстың инициаторы болған еді. АГПАА-ның нұсқауларына сай ұйымның мүшелері АҚШ-тың госдепартаментіне Кипрдағы ағылшын билігнің жүргізіп жатқан саясатына қарсы наразылық мазмұнындағы телеграммаларды үйіп тастады. 70 жылдардың ортасында «Кипр мәселесі» американдық конгрессте ащы дебат құралына айналғанда 22 мың АГПАА мүшелері АҚШ-тың жоғарғы заң шығарушы органына жасаған қысымға қатысқан болатын.

Ирланд тектік американдықтар жағынан АҚШ-тың сыртқы саясатының қалыптасуында ерекше белсенділік көбіне мәселенің ушығуына, көбіне мәселенің ұлттық шеңберден шығып кетуіне, дәлірек айтсақ – Ольстер мәселесімен тығыз байланысты байқалған еді. Ұйымдасқан ирланд қауымының басшылығы үкіметтік мекемелерге, жеке конгресмендер мен сенаторларға АҚШ әкімшілігіне ирланд мәселесіндегі позициясын қайта қарауға көндірту мақсатында жан-жақты қысым көрсетіп, американдық биліктің ағылшындарға қолдау көрсетуіне (әсіресе, Солтүстік Ирландиядағы британдық полицейлік қалыптасулар үшін жеткізілетін қару-жарақ мәселесі) өз қарсылықтарын білдіртті. 1974 жылы АҚШ-ғы «ирландтықтардың ежелгі ордені» секілді ирланд иммиграциясының ескі және ірі ұйымының басшылығы ирланд халқының құқықтарын қорғауды алдына қойған «ирландтық ұлттық фракциясының» пайда болуына септігін тигізді. Фракцияның негізгі қызметінің бірі ирланд халқын елеулі пайызды көрсеткіште ұсынатын сайлау округтерін таныстыратын конгрессмендерге ықпал жасау. Бұл жайында кезінде фракцияның ұлттық директоры С.Макманус: «Біз конгрессмендерге тек: сіздерден езгіге ұшыраған ирланд халқына с былай деген сәл жанашырлық танытсаңыздаршы демейміз. Керісінше: конрессмендер егер сендер өз дауыстарыңды көтермесеңдер, біз сендердің сайлауда жеңілулеріңе барлық мүмкіндіктерді жасаймыз» - деп айтқан болатын.

«Ирланд Ұлттық Фракциясының» қысымымен, округтердің көпшілігінен ирланд тектес американдықтарды таныстыратын конгрессмендер әкімшіліктен тез арада АҚШ-тың ирланд мәселесіндегі позициясын қайта қарауын талап етеді деп санау қате болар еді. Бұл сөзсіз АҚШ-тың НАТО бойынша негізгі әріптесі - Ұлыбританиямен қарым-қатынастың ұшығуына алып келетіндей жағдай. Бұған қарамастан, конгрессмендердің бір бөлігі дауыс көп бөлігін иеленген «ирландтықблоктың» шарттарын орындау үшін белгілі бір әрекеттер жасауда. Ольстерлік полицейлерге АҚШ-тың қару тасымалдауының ірі партиялары жөніндегі заң жобаларын талқылаудағы қиыншылықтар бұл жағдайға мысал бола алады. 1978 жылы құрамына өкілдер палатасының 104 мүшесі кірген Конгрестің Ирландық Ұлттық Фракциясы құрылды. Фракцияның ең алғашқы мерекесі 1979 жылы «Ирландиядағы өмір үшін» атты конгресте форум өтті. Сол жылдың қазан айында фракция госдепартаментті Ұлыбританияның «патшалық ольстерлік полицейлер күшіне» арналған қаруға деген сұранысы жайлы мәселенің қарастырылуын белгісіз уақытқа созуына мәжбүр етті.

Ирланд тектік американдықтар үшін Ольстер мәселесінің мәні 1984 жылғы сайлау алды кампания сайлаушылардың ірі блогының дауысына күрес сияқты маңызды мәселемен тығыз байланысты фактімен түсіндіріледі. Сонымен қатар американдық ирландтардың осы саладағы қызметі қазіргі кезде жалпы шектеулі сипатқа ие. 80 жылдары Р.Рейган әкімшілігінің ирланд мәселесіндегі енжарлығы кейбір ирландтық лоббидің бой көтеруіне себеп болды. Алайда қосымша проирландтық топтардың институализациясы - “Ирландтық мәселелер бойынша әлемдік комитет және «Ирландия достары» сияқты мерекелер болмады.

Сондықтан, жалпы АҚШ пен Канаданың сыртқы саясатының қалыптасуында иммигранттық топтардың мәнін қарастыра отырып, қазіргі таңда бұл шынымен де белгілі бір рөлді атқарады деуге болады. Бірақ, бұл рөл ешқашан да шешуші болған емес, себебі өзге де обьекті және субьекті факторлар сияқты салмақты мәселелердің ықпалымен шектеулі болды. Жалпы мәселе екі елдің де басшыларының жүргізіп отырған сыртқы саясатына иммигранттық топтардың ықпалы нақты әрекеті мен жағдайдың тарихи сәттерімен байланысты. Халықаралық аренада осыған сай мүдделер солтүстік америка елдерінің сыртқы саясатының қалыптасуы сияқты күрделенген процесте басты факторлар ретінде тарихи перспективада сақталуы мүмкін.