- •3.2 Германияның «Этникалық үлгісі»
- •1. Тарау Жахандану және миграция халықаралық қатнастардағы үстем факторф. Теориялық мәселелер
- •1.1 Жахандану және халықаралық қатнастар тарихындағы миграциялық фактор түсініктері
- •1.2 Халықтар арасындағы персонофикация мәселелері. Мигрант – интернационалды адам?
- •1.3 Миграция және жұмыссыздық мәселелері хақында/ақш және Европалық Одақ/
- •Тарау 2 ақш cсыртқы саясаты және миграциялық үрдіс
- •2.1 Ақш сыртқы саясатының негізгі бағыттары. Буш Доктринасы. Ақш жаңа сяасаты
- •2.2 Миграцияның Америкалық жоспары
- •2.3 Миграциялық модельдер хақында
- •2.3.1 Германияның «Этникалық үлгісі»
- •2.3.2 Франциялық Ұлт концепциясы
- •2.3.3 Иммигранттардың интеграциясының британдық нұсқасы
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
2.3.3 Иммигранттардың интеграциясының британдық нұсқасы
Ұлыбританияның ерекшелігі шыдамдылық рухының ұлттық мемлекеттің құрылуынан бастап басқа этносқа және мәдениетке негізін қалауынан тұрады. Ұлыбританияның және Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі әуел бастан бірнеше территориялардан құралған. Ол территорияларда әр түрлі ұлт өкілдері – ағылшындар, уэльстер, шотландықтар және ирландықтар тұрды. Ұлт-мемлекеттік шеңберінде әр территориялық бірліктер өздерінің әкімшілік автономиясын, соттық-құқықтық жүйесін, тілдерін және дәстүрлерін сақтады.
Британ отарлық империясы шекарасында әр түрлі ұлт өкілдерінің және мәдениеттің өмір сүруі арқасында кейінгі уақыттарда өзара түсіністік рухы нығайған болатын. Қазіргі ұлыбритания азаматтық бейбітшілік негізінде жатқан (XVII ғасыр соңғы діни соғыстарынан бастады) діни плюрализмді мұрагерленді. Көптеген британдар протестанттар, ең азы – католиктер (Олар Солтүстік Ирландида тұрады), сонымен қатар, тағы да басқа діндер бар, соның ішінде Британдық аралдарына бүкіләлемдік иммигранттармен әкелінген. Біздің кезімізде барлық ұлттық мәдени, ұқсастырға деген құрметтік әлемнің көптеген елдерінен шыққандармен тұрақты толықтырылып, британ қоғамындағы келісімді қолдаудың негізгі факторы болып табылады.
Миграция феномені британдықтарға әуел бастан таныс-ақ. Әсіресе, миграция үрдісінің өсімталдығы XVIII ғасырдан бастап дами бастады. Ал сол кезде Ұлыбританияда өндіріс революциясы басталып жатқан уақыт еді. Бұл миграциялық топтардың ерекшелігі қоныстанған топтардың өздерінің ұқсастығын сақтап қалуы және жергілікті тұрғындармен араласпауы болып табылады. Осы қатынаста үлгі ретінде мигрант-ирландтарды алуға болады.
(45бет) 1820 жылдан бастап 1910 жылға дейінгі аралықта ашаршылық және кедейшілік зардабынан бес млн. ирландықтар өздерінің туған жерлерін тастап кетуге мәжбүрленді. Олардың көбі Америкаға кетті, бірақ маңызды бөлігі Ұлыбритания территориясына қоныстанды. Болашақ британ азаматтары болатын ирландықтар елдің территориясына жеңіл қоныстанып кетті. Олар түп тамырлы тұрғындардан діни, тіл, мәдениет, ұлттық мінез және өткір мінезділігі бойынша ерекшеленді. Қай жерде тұрса да ирландықтар өздерінің ұқсастықтарын сақтады және оны белсенді түрде қорғады, өздерінің мәдениеттерінің құндылықтарын құрметтеуді мәжбүрледі және сол үшін жанжалдарға түсіп тұратын. Британдықтар әрқашан ирландықтарды олардың ұлттық ерекшеліктерімен ұлттық азшылық деп санады. Француз зерттеушісі Ж.Барудың пікірі бойынша ирландық прецедент британ саясатының ұлттық азшылыққа қатысты, сонымен қатар, «мультимәдениеттік» саясатының иммиграцияға қатысты концепция өңдеуінде өте маңызды рөл ойнады.
Бір мемлекетте тепе-теңдік, автономдық тұрғын топтардың, яғни, бір-бірінен алыстамау үшін жеткілікті жақын және араласпау үшін жеткілікті ерекшелігінің өмір сүруі британдықтардың сана-сезімінде көрінді. Олар басқалардың ерекшелігін құрметтеуге әбден үйренген, басқаларға шыдамды қарйды және жеке өмірді жоғары бағалайды. Көптеген зерттеушілердің пайымдауынша, осы әдеттер британдықтардың ұлттық мақтанышын құрайды. Біріккен Корольдікте басқа мәдениетке деген өзара түсіністік рухы XX ғасыр бұқаралық иммиграция кезеңіне дейін өмір сүрді. XX ғасыр британ аралдарына көптеген иммигранттар келе бастаған кезден бастап Ж.Барудың сөзі бойынша британдықтар оларды өздерінің ерекшелігін сақтап қалатын жергілікті тұрғындардың жаңа бір бөлііг ретінде қабылдады. Осындай құрылым мультимәдениет саясатының бекітілуіне септігін тигізді.
Иммигранттар және азаматтық туралы заң шығару
Интеграцияның британдық үлгісінің реттелуіне тағы да бір әсер еткен фактор оны империиялық отарлық тарихы болып табылады. Мәдени этникалық түрлілік қазіргі Ұлыбритания болып қалды. Отарлық елдердің метрополияға деген қатынастарының негізгі статусы империяның ішінде тұрғындардың миграциясын жеңілдетті. Британ аралдарына отарлардың бұқаралық қоныс аудару XIX ғасырда ғана басталды және ол екінші дүниежүзілік соғыстан кейін күшейді. Британ империясының ыдырауынан кейін азаматтық түсінігіне қайта ойлану үрдісі болып жатыр. Ұлыбритания азаматтықтың империялық үлгісінен британ тәжіне көшті. Онда империялық барлық тұрғындардың корольдің азаматтығы деп есептейді. Бұл үрдіс бірнеше он жылдар ағымында кезең кезеңмен жүріп тұрды. Бұрынғы азаматтық империялар шет елдіктерге айнала бастады. Ресей зерттеушісінің В. Котельниктің айтуы бойынша, «тәжіге адалдық» феодалды династикалық принципінен территориялардың азаматтықтың ұлттық принципіне ауысуы саяси модернизацияның талабы болды.
1948 жылы Ұлыбританияда азаматтық жөнінде заң қабылданды. 1948 жылы ұлттық акт деп аталды. Бұл акт Достастықтық елдерінің барлық тұрғындарын алты категорияға бөлді. 1961 жылы заң қабылданды. Ол иммигранттардың құқығын анықтау болатын, ол азаматтыққа шектеу қойды. 1968 жылы заң британ азаматтары арасында су айырық өткізді.
(47 бет) 1971 жылы иммиграция туралы заң Достастық елдерінің азаматтарын әр түрлі құқықтармен екі категорияға бөлді: түп тамырлы британдықтар және түп тамырлы емес британдықтар. Этникалық принципке негізделген осы заң британдықтарды «ақ» және «түсті» деп анық бөлуге әкелді. Нәтижесінде британдықтар мен иммигранттар арасында расалық сипат қалыптасты. Расалық бойынша қоғамның ыдырауы биліктерді реформаға апарды: 1981 жылы азаматтық жөнінде заң қабылданды. Онда құқығы бойынща, азаматтық саяси азаматтыққа ауысты. Заң үш категорияны қарастырды: британ аралдарының тұрғындары; шет елдегі британдықтар; британ қарамағындағы территориялардағы тұрғындар.
Қазіргі таңда Ұлыбританияда тегі бойынша азаматтық алады. Британдық азамат болып британ азаматының туылған немесе елдің тұрақты тұрғыны болып табылатын британдық еместен туылған азамат бола алады. Азаматтықты сонымен қатар, иммигранттардың балалары да ала алады немесе Біріккен Корольдікте кәмелет жасқа толуы бойынша он жыл көлемінде сол елде тұрғаннан кейін ала алады.
Достастық елдердің азаматтары барлық саяси құқықтарды қолдады, әсіресе жергілікті және ұлттық саяси сайлауларда дауыс беруге және сайлануға құқылы.
ЕОқа кіретін Еуропа иммигранттары Маастрихт келісімшартының 8бабына байланысты Еуропарламентке сайлауға қатысып оған сайлана алады. Ұлыбритания екі азаматтыққа шектеулік жоқ, бұл өз жағынан екі азаматтық берілмейтін мемлекеттер үшін (көбінесе мұсылман елдерінен шығушылар) құжаттарды жеңілдетеді.
Елде «азаматтар емес» те бар, олардың бір бөлігі тұрақты тұру орындары болса, енді біреулерінде – уақытша. Тұрақты тұру орындары бар тұлғалар үлкен құқықтарға ие. Олардың балалары туғанынан бастап Ұлыбританияның толық құқылы азаматы бола алады. Ондай тұлғалар жұмысқа орналасу үшін арнайы рұқсат алуға міндетті емес, сонымен қатар бірден келген оның жұбайы да ондай рұқсатты алуға міндетті емес.
Уақытша тұру орындары бар тұлғалар рұқсат қағаздарын алуы керек. Оның жұбайы егер ол тұлғада оған дейін рұқсат болса, ол да ондай рұқсатты алуға міндетті емес. Ұақытша азматтыға бар тұлға Ұлыбританияда 5жыл тұрғаннан кейін тұрақты азаматтықты ала алады. Имигранттарға байланысты заңдылықтарды толықтыру Ұлыбританияды әлі де жалғасуда. Жаңартылған құқықтық нормаларға қосымшалар мен толықтырулар енгізілуде. Осылайша, соңғы он жыл ішінде елге кіруші иммигранттардың ішінде қашқындардың көбейіп кетуіне байланысты оларға баспана беру туралы жаңа заңдар қабылданған (1993,1996,1999,2002). Ұлыбританияда, Германиямен салыстырғанда соғыстан кейінгі жаппай иммиграциядан бастап иммигранттардың интеграциясы өтуде. Бұл саясаттың маңызды құрамы, иммигранттардың өз түп-негіздерін сақтап қалатын звңдылықтарды сақтау.
Ұлыбританияның иммигранттарының этникалық құрамы елдің колониалды тарихына байланысты: иммигранттардың көп бөлігі – британ колонияларынан шығушылар, көбінесе қара және сары нәсілділер (африкандықтар, афроамерикандықтар, азиаттар).
Колониялардан метрополияға жаппай көшіп-қону Ұлттық актті 1948ж. қабылдағаннан бастап басталды. Бұл актіге байланысты Ұлыбританияға тұрақты тұруына келген азаматтар Ұлбыританияның азаматтығын ала алады, онымен қоса, сайлауға дауыс беру құқығы мен жұмысқа кіру құқығы ала алады (мемлекеттік қызметкерлік жұмысты қоса). Достастық аймағындағы тұрғындардың саны 800млн адамға жеткен және оның әрқайсысы Ұлыбританияға көшіп келіп азаматтық алуға құқығы болды. Көбінесе көшіп-қонушылар Кариб аралдарынан, афроамерикандық тұрғындар, тәуелсіздік алған Үндістан, Пакистан; бұлардың көп бөлігі кедей тәуелсіз мемлекетте қалмау үшін бай метрополияға көшуді қалады. Көп бөлігі «түстілердан» тұратын иммигранттардың көшіп-қонуы 1950-1960ж.ж. Ұлыбританияның экономикалық дамуына байланысты жұмысшы күш керек болған кезде ерекше дамыды. Еңбек иммигранттарын күрт жұмысқа қабылдамау 1970ж. иммигранттардың келу масшатбарын азайтпады, себебі ол кезде олардың жанұыларының көшіп-қонуы басталды.
Ұлыбританиядағы «этникалық тұрғындардың» саны соңғы он жылдары өте қарқынды дамыды: 1951ж. 0,2млн (жалпы тұрғындардың 0,4%) адамдарды құраса, 1981ж. – 2,1млн (3,9%), 1991ж. – 3,0млн (5,2%), 2001ж. – 4,64млн адам (7,9%). Бұл санның өсуі тек қана келушілерден ғана емес, «түстілердің» жанұясындағы балалардың тууына байланысты.
Көбінесе ірі этникалық топтарды Үндістан, Пакистан, Кариб аралдары, африкалық мемлекеттер, Бангладеш, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Қытайдан келген иммигранттар құрайды.
Ұлыбритания халқының 4,4% Азиядан шыққандар, 2% «қара нәсілді тұрғындар» (Black population) құрайды. Ең тез өсуші этникалық топ – ол «қара нәсілді африкалықтар» (Black African population). Олардың саны екі есе өсті: 1991 жылдан 2001 жылға дейін 212 мыңнан 485мыңға дейін. Олардан кейін Бангладештен шығушылар, оладың саны осы уақыт аралығында 163 мыңнан 283 мыңға жетті (яғни 57% ға). Ал Үндістаннан шығушылардың саны 25% ға ұлғайды.
Метрополияға көшкен кезде жаңа тұрғындар өзнінің отандастарына жаңа елде көмек көрсету үшін қауымдар құрған. Бұл қауымдардың құрылуы табиғи зат, өйткені олар бір дінге бағынатын, бір мәдениетті бөлісетін, бір тілде сөйлесетін адамдарды біріктіреді және ынтымақтастық негізінде құрылады. Тұрғылықты британдықтар этникалық азшылықтардың пайда болуына қарсы болған жоқ. Ал ол өз кезегінде қоғам алдындағы легимитизациясына жол берді және мультимәдениетті қоғам саясатын жүргізуге мүмкіндік туғызды.
Шетелдіктерді қоғамдық құрылымға енгізудің британдық моделінің ерекшелігі – ол интеграциялық үдерістердің тек индивидуалды сипатында емес, сонымен қатар этникалық қауымдар арқылы ұжымдық негізде болатыны. Бұл мультимәдениеттілікке сай келеді. Ол бұған жол береді және полиэтникалық пен әртүрліліктің қоғамның жағынан түсінуіне бар жағдай жасайды. Ұлыбританиядағы иммигранттардың этникалық қауымдары заңдастырылған және институттандырылған, олардың барлығының құқықтары тең. Басшылардың осындай саясаты оларға өз тілін, дінін, мәдениетін, дәстүрін сақтауға мүмкіншілік береді. Сонымен қатар белгілі бір түрде автономияның берілуімен сипаттас.
Британдық мәдениетке туыс емес этникалық мәдениетті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағыт өз кезегінде қоғамның бөлшектенуіне алып келеді деген қауіпті тудырады. Бірақ көп мәдениетті қоғамда ыдарау процесін стихиялық ассимиляция процесі тежейді. Ассимиляцияның қасиеті имманентті түрде басты ұлтқа қатысты және көп күттіртпей өзге мәдениетті тұрғындарға қатыстығын көрсетеді (мемлекет өз алдына ассимиляторлық мақсаттар қоймаса да).
Оған мысал екінші және олардан кейінгі иммигранттардың ұрпағы дәлел бола алады (бұл тек мұсылмандарға қатысы жоқ). Сонымен, Ұлыбританияда 1991 жылы болған санақтың мәліметтеріне сәйкес этникалық азшылқтарға жататын азаматтардың 47% ы осы елде туылған. Иммигранттардың екінші және үшінші ұрпақтары аталары мен әкелерінің мәдениетін, тілін жеткілікті білмейді, оларға керісінше туылғаннан бері өсіп келе жатқан британдық мәдениет жақын. Иммигранттардың Еуропада тұруынан жинақталған тәжірибенің көрсетуінше, өздерімен бірге алып келінген және қауымдарда (немесе жанұяда)сақталынып жатқан мәдениет өзге елде көп шыдамайды,өзгереді, деформацияға ұшырайды.
Бірақ ассимиляция процесі барлық иммигранттарға өз әсерін тигізбейді, нақтырақ айтсақ барлығына бірдей әсер етпейді. Біріншіден, олар (әртүрлі себебтермен) ассимиляцияға ұшырағысы келмейді. Екіншіден, ассимиляцияға Ұлыбританиядағы қалыптасқан қауымдық интеграция моделі кедергі жасайды. Этникалық тұрғындардың көп бөлігінің азшылықтар шеңберінде шектелуі бастапқы мәдениеттің консервациялануына және қоршап жатқан мәдени ортадан тыс қалады. Үшіншіден, қауымдар өз элитасын қалыптастырды, ал олар осы қауымдардың ерекше статусының сақталуын мүдделі етіп отыр. Өз кезегінде қоғамның этникалық сипатына байланысты сегрегациясына да. Өйткені олардың саяси карьерасы қауым мүшелерінің анонимді азаматтар қоғамдастығына кірмей тұрғанда ғана мүмкін. Төртіншіден, егер қауым мүшелері басшылық ететін құндылықтар британдық қоғамның құндылықтарымен сәйкес келмесе немесе кереғарлық тудырса ассимиляцияны қиындатады. Оған мысал мұсылман қауымы бола алады.
Британ басшылығының көпшілікті институциялау саясаты, ислам фундаменталистерін де қызықтырады, олар өз кезегінде, өз дінін «кетпестей» етіп, яғни ислам сенімін, шариат заңдарын, мұсылман дәстүрлерін және оларды шайылып бара жатқан британ мәдениеті мен британ өмірінен қорғауда .Тіпті басқа ағымдардан, мұсылман азшылығы өз тамырынан алыстап кетпеген, уақыттқа байланыссыз да. Екінші ретте мұсылмандықтан шыққандар, біріншілерге қарағанда саны жөнінен аз болып келеді. Олардың 80% британ қоғамына еніп, британ азаматығын да алып алған(6;19).
Этникалық азшылықтар тек мәдени-конфессионалды негізде ғана емес, тағы да географиялық тұрғыда да: бұл қоғам негізінен үлкен қалалар мен үлкен райондарды мекен етеді. Азшылықтың санының өсуі, туған британдықтардың өз жерлерінен кетуіне тура келтіріп жатыр. Ұлыбританияда тіпті осындай аймақтарда бар, олар Лондонда да аз емес. Үрдіс басшылықтың қарсылығына қарамастан-ақ өсіп көркеюде. Көбіне олар ағылшын қоғамынан бөлек өмір сүруде ( 24).
Қазіргі уақытта,яғни «түсті» иммигранттар, бүкіл қоғамның 8 % құраса,британдықарды қудалау,яғни өз жерінен қуу үрдісі тіпті де білінбейді. Бірақ үрдістің ұзақ уақыттан кейінгі көрінісі Ұлыбританияда, ғаламдық миграция өскен кездегі жағдайының қиын болары айдан анық . Ағылшындық зерттеуші Дж. Парсонстың айтуына сүйенсек «егер тұрғылықты халық санын иммигрантар саны жететін болса,онда оларға қатысты, ұстаным мен көз- қарасты қайта қарауға тура келеді, әйтпесе екіжақ арасында үлкен даудың болары анық.»(49)
90 жылдардың басында күтпеген жағдай байқалды: этномәдени одақтар, өз туған тілдерінен, мәдениеттерінен айырылып, «ұлттық одақтарға» айналды. Жаңа ұрпақ өз мәдениетінен айырылып, өздерін «ұлттық жатыстарына байланысты айыра бастады.» 1991 ж. тіпті жылдық санқ кезінде бұларға бөлек графа енгізген борлатын, яғни «бөтендер, қаралар» деп. Яғни бастапқыда азшылық тек мәдени фактормен анықталса, бұл таңда ұлттық жатысына қарай анықталды. Дәл солай да болып қалып отыр, бұл этностар сырт-бейнесімен, түр-әлпетімен көптеген ұлтшыл, рассистік топтардың қақпандарына түсіп қалуда. Олардың әлеуметтік, әмбебаптық, өмірлік деңгейі, дәрежесі өте баяу өсуде, ал ол өзкезегінде Ұлыбританиядағы теңдік құқығының бұзылуының бірден-бір дәлелі.
Бұл иммигранттардың көп бөлігі қазіргі өз орталарының экономикалық өміріне кіріп кеткені көрініп-ақ тұр, дегенменен олардың мәдени, әлеуметтік интеграциясы болған жоқ. Бұл иммигранттар сол барған европалық елдің толыққанды мүшесі бола алмай,сол ортадан бөлек өмір сүріп жатқанын көрсетеді.
ЕОқа кіретін Еуропа иммигранттары Маастрихт келісімшартының 8 бабына байланысты Еуропарламентке сайлауға қатысып оған сайлана алады. Ұлыбритания екі азаматтыққа шектеулік жоқ, бұл өз жағынан екі азаматтық берілмейтін мемлекеттер үшін (көбінесе мұсылман елдерінен шығушылар) құжаттарды жеңілдетеді.
Елде «азаматтар емес» те бар, олардың бір бөлігі тұрақты тұру орындары болса, енді біреулерінде – уақытша. Тұрақты тұру орындары бар тұлғалар үлкен құқықтарға ие. Олардың балалары туғанынан бастап Ұлыбританияның толық құқылы азаматы бола алады. Ондай тұлғалар жұмысқа орналасу үшін арнайы рұқсат алуға міндетті емес, сонымен қатар бірден келген оның жұбайы да ондай рұқсатты алуға міндетті емес.
Уақытша тұру орындары бар тұлғалар рұқсат қағаздарын алуы керек. Оның жұбайы егер ол тұлғада оған дейін рұқсат болса, ол да ондай рұқсатты алуға міндетті емес. Ұақытша азматтыға бар тұлға Ұлыбританияда 5жыл тұрғаннан кейін тұрақты азаматтықты ала алады. Имигранттарға байланысты заңдылықтарды толықтыру Ұлыбританияды әлі де жалғасуда. Жаңартылған құқықтық нормаларға қосымшалар мен толықтырулар енгізілуде. Осылайша, соңғы он жыл ішінде елге кіруші иммигранттардың ішінде қашқындардың көбейіп кетуіне байланысты оларға баспана беру туралы жаңа заңдар қабылданған (1993,1996,1999,2002). Ұлыбританияда, Германиямен салыстырғанда соғыстан кейінгі жаппай иммиграциядан бастап иммигранттардың интеграциясы өтуде. Бұл саясаттың маңызды құрамы, иммигранттардың өз түп-негіздерін сақтап қалатын звңдылықтарды сақтау.
Ұлыбританияның иммигранттарының этникалық құрамы елдің колониалды тарихына байланысты: иммигранттардың көп бөлігі – британ колонияларынан шығушылар, көбінесе қара және сары нәсілділер (африкандықтар, афроамерикандықтар, азиаттар).
Колониялардан метрополияға жаппай көшіп-қону Ұлттық актті 1948ж. қабылдағаннан бастап басталды. Бұл актіге байланысты Ұлыбританияға тұрақты тұруына келген азаматтар Ұлбыританияның азаматтығын ала алады, онымен қоса, сайлауға дауыс беру құқығы мен жұмысқа кіру құқығы ала алады (мемлекеттік қызметкерлік жұмысты қоса). Достастық аймағындағы тұрғындардың саны 800млн адамға жеткен және оның әрқайсысы Ұлыбританияға көшіп келіп азаматтық алуға құқығы болды. Көбінесе көшіп-қонушылар Кариб аралдарынан, афроамерикандық тұрғындар, тәуелсіздік алған Үндістан, Пакистан; бұлардың көп бөлігі кедей тәуелсіз мемлекетте қалмау үшін бай метрополияға көшуді қалады. Көп бөлігі «түстілердан» тұратын иммигранттардың көшіп-қонуы 1950-1960ж.ж. Ұлыбританияның экономикалық дамуына байланысты жұмысшы күш керек болған кезде ерекше дамыды. Еңбек иммигранттарын күрт жұмысқа қабылдамау 1970ж. иммигранттардың келу масшатбарын азайтпады, себебі ол кезде олардың жанұыларының көшіп-қонуы басталды.
Ұлыбританиядағы «этникалық тұрғындардың» саны соңғы он жылдары өте қарқынды дамыды: 1951ж. 0,2млн (жалпы тұрғындардың 0,4%) адамдарды құраса, 1981ж. – 2,1млн (3,9%), 1991ж. – 3,0млн (5,2%), 2001ж. – 4,64млн адам (7,9%). Бұл санның өсуі тек қана келушілерден ғана емес, «түстілердің» жанұясындағы балалардың тууына байланысты.
Көбінесе ірі этникалық топтарды Үндістан, Пакистан, Кариб аралдары, африкалық мемлекеттер, Бангладеш, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Қытайдан келген иммигранттар құрайды.
Мультимәдениет мемлекет ұлт пен саясат арасында құқықтық шекараны міндет етеді.
Көпұлтты мемлекет бірінші кезекте өте қиынмәселелермен қақтығысып отырады. Дін мен этносты біріктіретін ортақ диалог тілін дамытады және де тұрақтылыққа жете алады. Олар өркениеттің планетарлы диалогының орталығы болып та қалыптасалады. Планетарлық диалог қалай өтеді дегенде, алдымен үндістандық, қытайлық, африкандық, мұсұлмандық қоғамдарға ішкі мемлекеттік диалогтардың орталығы болып Нью-Йорктегідей бір-біріне жақын жерде орналасуы әбден мүмкін. Ол, Далай-Лама мен Томас Мертон сияқты зиялы қауымныңжай сөйлесіп отырған күйі ғана болып қалмайды. Ондай диалог тұмыстық деңгейде өтуі мүмкін. Воге бұл мүмкіндікке көңіл бөліп өркениеттер соғысының мүмкін болмау жағдайын айыптайды. Фактілерді сипаттау кезінде, ол Хамтингтон теориясында үстемдік үшін американдық күресін айыптап, барлық әйгілі Жапондық өркениеттің құрылымда диалогтың маңыздылық идеясын қолдайды. Осы жерде Воге Хамтингтонға дейін 20 жыл бұрын басылып шығарылған жұмысқа сүйенеді. Хамтингтонның теориясында американдық өркениеттің толық емес құрылымы диалогтың қажеттілігі жоқ, ол Америкадағы қалыптасқан жайтты норма ретінде қолдайды.
Қазіргі араб исламды мәселесі, ләі күнге дейін шешімін тапқан жоқ. Оның қазіргі кездегі жағдайы комунистік және фашистік диктатура қалыптасқан дағдарысты еске түсіртеді. VIII-X ғғ. диалогтың кезеңі араб исламы қазіргі кезде соғысушы ағыстар әсерінің астында қалып отыр. Араб исламистері Батыстың діни негіздерін жоққа шығарып, бүкіл әлемді халифат идеясын таратады. Исламның радикалды ағыстарының агрессивтігі мултимәдениет мүмкіндіктеріне деген күмән тудырады. Алайда, Еуропа өзінің иммиграциялық саясатын басқа бағытта жүргізіп, жұмысшы күшін таяу Шығыстан емес, мысалы Үндістаннан және ислам таралмаған Азия мемлекеттерінен әкелсе, осы қиыншылықтардың алдын ала алады.
