
- •3.2 Германияның «Этникалық үлгісі»
- •1. Тарау Жахандану және миграция халықаралық қатнастардағы үстем факторф. Теориялық мәселелер
- •1.1 Жахандану және халықаралық қатнастар тарихындағы миграциялық фактор түсініктері
- •1.2 Халықтар арасындағы персонофикация мәселелері. Мигрант – интернационалды адам?
- •1.3 Миграция және жұмыссыздық мәселелері хақында/ақш және Европалық Одақ/
- •Тарау 2 ақш cсыртқы саясаты және миграциялық үрдіс
- •2.1 Ақш сыртқы саясатының негізгі бағыттары. Буш Доктринасы. Ақш жаңа сяасаты
- •2.2 Миграцияның Америкалық жоспары
- •2.3 Миграциялық модельдер хақында
- •2.3.1 Германияның «Этникалық үлгісі»
- •2.3.2 Франциялық Ұлт концепциясы
- •2.3.3 Иммигранттардың интеграциясының британдық нұсқасы
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
МАЗМНЫ
КІРІСПЕ
ТАРАУ 1 Жахандану және миграция халықаралық қатнастардағы үстем факторф. Теориялық мәселелер
1.1 Жахандану және миграциялық фактор түсініктері
1.2 Халықтар арасындағы персонофикация мәселелері. Мигрант – интернационалды адам
1.3 Миграция және жұмыссыдық мәселелері хақында/АҚШ және Европалық Одақ/Франция тәжірибесі/
ТАРАУ 2 АҚШ сыртқы саясаты және миграциялық үрдіс
2.1 АҚШ сыртқы саясатының негізгі бағыттары
2.2 Миграцияның Америкалық жоспары
2.3 Миграциялық модельдер хақында
2.3.1 Германияның «Этникалық үлгісі»
2.3.3 Иммигранттардың интеграциясының британдық нұсқасы
ТАРАУ 3 Франция және Еропадағы миграциялық саясат
3.1 Франциялық Ұлт концепциясы
3.2 Германияның «Этникалық үлгісі»
3.3 Иммигранттардың интеграциясының британдық нұсқасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі халықаралық қатнастарда зерттелетін мәселелердің бірі мемлекеттердің миграциялық саясаты және миграция ұғымының әртүрлі аспектілерінің қарастырылуы. Қазіргі көптеген гуманитарлық ғылымдарда басты талқыланатын нәрселердің бірі осы миграция және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәлесі.
Халықаралық миграциялық үрдістерді шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады. Олар 1). XIX ғ. – 20-30 жж.XXғ.2). XXғ. 20-30-80жж 30) XX ғасырдың аяғымен – қазіргі кезең. Миграцияның әр бір кезеңі тарихи оқиғаларға толы болып және өзінше катаклизмаларға толы болды.. Ол отарлық жаулап алулар, ол бірінші және екінші дүние жүзілік соғыстар, Ресейдегі революция, әлемдік экономикалық дағдарыс «Ұлы депрессия», урбанизация мен индустриализация және жахандану мен жаңа экономикалық тәртіптің қалыптасуы
Миграциялық үрдістердің дамуы жер шарының түпкірлерінде өзіндік сипат алды. Мәселен: Латын Америкасында, Шығыс және Оңтүстік Европада миграция «оңтүстік – солтүстік» яғни, индустриалды дамыған АҚШ, Канада және Батыс Европаға қарай жүрсе, ал Азия мемлекеттерінде миграция «оңтүстік – оңтүстік» сипатында, яғни Оңтүстіу – Шығыс Азия, Парсы Шығанағы, Үнді мұхиты бағытында қозғалды.
Халықаралық миграцияның әдістері мен түрлері бүгінде өзгерген жоқ. Қазірде миграция еріктіі және еріксіз болып екіге бөлінеді. Әрине қазіргі кезде орта ғасырғыдай миграцияның отарлық формасы жойылды, бірақ еріксіз миграция формалары сақталуда.
Миграцияның әр түрлі формалары қазіргі кезде саяси сипат алуда. Оған себеп жахандану мен аймақтану үрдістерінің қарқынды дамуы. Сол сияқты қазіргі уақытта еңбек миграциясының өсуі де сарапшылар тарапынан алаңдаушылық туғызып отыр.
АҚШ ішкі және сыртқы саясатында жоғарыда көрсетілген мәселелер орын алуда.
Бітіру жұмысының өзектілігіде осы күрделі феноменді жан – жақты талдап және АҚШ миграциялық саясатын және жахандану кезеңіндегі миграциямен байланысты мәселелерге сараптама жасау болып табылады.
Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері 2000 – 2008жж. аралығын қамтиды.
Бітіру жұмысының мақсаттары мен міндеттері.
Бітіру жұмыстың негізгі мақсаты АҚШ – ның саясатындағы миграция және Ақш иммиграция мәселерінің негізгі бағыттарын жүйелі және комплексті түрде зерттеу болып табылады. Осындай мақсатқа сәйкес бітіру жұмысының алдына мынадай мақсаттар қойылады:
Жахандану кезеңіндегі миграци және имиграция үрдістерінің ерекшеліктерінің теориялық ерекшеліктерін айқындау.
Миграция феноменімен жұмыссыздық мәселелерінің АҚШ-ның сыртқы саясатындағы алатын орны мен ролін айқындау.
Миграцияның Америкалық жоспары мен миграциялық модельдер хақындақарым-қатынастардың ерекшеліктерін көрсету.
АҚШ –ның қауіпсіздік пен тұрақтылықты қалыптастырудағы ЕО –тың миграциялық тәжірибесіне объективті қорытынды жасау.
Бітіру жұмысының ғылыми зерттелу деңгейі.
Ізденуші тақырыпты зерттеу кезінде АҚШ-ның иммиграциялық және миграциялық саясатына байланысты бастамаларын және әлемдік миграция үрдістерінің даму динамикасына байланысты англо – саксондық, француз және неміс авторларының еңбектерін, сонымен бірге көрнекті саяси қайраткерлердің ой-желістері мен қорытындыларын, көлемді мәліметтер жиынтығын пайдаланды. Нәтижесінде, ізденуші жинақталған қайнар көздерді шетелдік батыс, КСРО, Ресей, ТМД және отандық деп бөліп қарастырды.
АҚШ сыртқы саясатына және миграциялық моделдеріне байланысты зерттеушірдің қатарында бірінші кезекте американдық геосаяси мектебінің көрнекті өкілдерінің еңбектерін атап өту керек. Олардың ішінде З. Бзежинский, М. Олкот; Фуллер т.б бар.
Ал АҚШ қауіпсіздік мәселеріне және иммигрантардың ұлттық, этникалық, діни құрамының өзгеруімен ерекшеленетін және көші – қон жағдайына байланысты мәселелерін зерттеуге арнаған авторларының еңбектерінің ішінен А. Рардың [5], Ш. Гарнет, К. Ватанабе, Ю. Румер К. Тьюгендхэт және А. Гамильтонның [6], О. Коннордың [7], Шевалье Жан-Маридың [8], Меркс Фредтың [10], Кинтеро. Родольфоның [11] еңбектерін ерекше атап өткен жөн.
Бұл авторлар өз назарларын әлемдік саясаттағы қауіпсіздік мәселеріне және ондағы миграция фениеніне шоғырландырды, сонымен қатар халықаралық саясатпен әлемдік миграция индустриясы арасындағы күрделі қарым-қатынасты ашуға арнаған.
Автор үшін, ЕО өз қатарына жаңа елдерді қабылдауымен байланыстыондағы көші – қон саясатының тәжірибесіне байланысты еңбектердің маңызы зор болды. Франция,Германияның, Ұлыбританияның халықаралық қатынастар мен миграция саясатына байланысты зерттеулердің тобын келесі ғалымдар құрайды.Олардың ішінде А. Лебон, Ж. Нуариел, А. Креш т.б бар
Кеңес Одағы ыдыраған соң Ресей және ТМД елдерінің көптеген ғалымдарының көші – қон мәселесіне байланысты сүбелі еңбектерінің ірі толқыны бой көрсетті: А.А. Александров [38], А. Асвадуров [39], А.З. Егорин [40], Л.И. Медведко [41], В.А. Гусейнов [42], Д.Б. Малышова [43], М.М. Слинкин [44], Р.В. Турсунов [45], У.З. Шарипов [46], В.В. Озоменко [47], А. Яковенко [48], еңбектері кеңінен пайдаланылды.
Отандық тарихнамада Қазақстандық зерттеушілер ҚР мен АҚШ арасындағы сонымен бірге Қазақстанның ішкі саясатындағы көші қон мәселесінің маңызы турасында жазған белгілі тарихшы-сасяаттанушы ғалымдардың еңбектері бар.
АҚШ тарихы және оның көші – қон саясатына байланысты мәселесі қалыптасу үрдісі үстінде. Халықаралық қатынастардағы миграция және иммиграция үрдістерінің рөлін және Қазақстанмен АҚШ арасындағы қарым-қатынастарды сараптауға байланысты Қазақстанның дипломаттарымен, қоғам қайраткерлерінің және ғалымдардың еңбектерін бөліп алып қарауға болады.
Мәселен, ҚР мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастарға байланысты құнды деректер АҚШ дипломатиялық қызметте болған отандық дипломаттардың Арыстанбекова, Қ.Қ. Абусеитов,Е.А. Ыдрысовтың т.б. атап өтуге болады.
Қазақстанның қауіпсіздік мәселесіндегі көші – қон факторының рөліне байланысты Н.Ә. Назарбаевтың еңбектері ерекше орын алды. Ел басы өз еңбектерінде ҚР-ның сыртқы саяси стратегиясындағы бұл факторға баса көңіл бөледі.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының дипломаттарының қатарында халықаралық қатынастарға байланысты, жаһандану дәуіріндегі сыртқы саясаттағы миграциялық үрдістің рөлі Қ.К. Тоқаевтың [50], Қ. Абусеитовтың, Б. Амреевтың [51], Е.А. Ыдрысовтың [52] еңбектерін атап өтуге болады.
Автор бітіру жұмысты дайындау барысында, әсіресе республиканың көші –қон саласындағы саясатын талдауда қазақстан ғалымдарының еңбектерін негізге алып қолданды: Д. Ғали, С.М. Ақымбеков [53], Н.А. Алдабек [54], Қ.Е. Байзақова [2], М.Т. Лаумулин [55], М.Ш. Губайдуллина [56]. Аталған авторлар өз еңбектерінде Орталық Азияда орналасқан елдермен АҚШ елдер арасындағы қауіпсіздік мәселелерін қарастырған.
Қазақстанның көші – қон саясаты және қауіпсіздік мәселелерін өз еңбектеріңде М.С. Ашимбаев және Л.Г. Ерекешова [57], Л.М. Мұзапарова [58], А.Қ. Нұрша [59], Г.А. Қорғанбаева [60], А. Әбішев [61] баяндады.
Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі ұлттық, аймақтық, ғаламдық, саяси, экономикалық, әскери қауіпсіздігі, сонымен қатар ҚР мен ЕО геәсаяси жағдай мен өңірдің әлемдік саясатта алатын орны сияқты мәселелер белгілі ғалым Ө.Қасеновтің, С.Абдулпаттаевтың еңбектерінде қарастырылып, жан-жақты талдау жасалынған [18].
Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа енуі мен ЕО пен ОА интеграциялық саясатының тәжірибесін және ондағы көші –қон проблемаларын зерттеуде өзіндік мектеп қалыптастырған т.ғ.д. профессо Ж.О. Ибрашев пен аль-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатнастар және ҚР сыртқы саясаты кафедрасының ғалымдарының орны бөлек деп есептаймін.
Зерттеудің деректік негізі диплом жұмысын жазу барысында алға қойылған мақсат пен міндеттерге жету үшін деректердің кең түрі қолданылды. Олар маңыздылық деңгейі бойынша төмендегідей сараланады.
Зерттеу деректерінің бірінші тобын дипломатиялық құжаттар мен АҚШ –ның көші –қон саясатына байланысты келісім-шарттары құрайды [63]. Бұл келісім-шарттарының мәні мен мазмұнын талдаудың барысы, олардың жақсы жақтарын бөлуге негіз береді. Сонымен қатар жиналған барлық тәжірибені Қазақстан Республикасы үшін – оның көші – қон саясатын жетілдіруге, арнайы заң құжаттарын талқылауға пайдалану мүмкіндігі мақсат етіп қойылды.
Деректердің екінші тобын АҚШ – ның сыртқы және ішкі саясаты жөніндегі мемлекеттік бағдарламалары және заң актілері құрайды [65]. Деректердің бұл тобы АҚШ мен көрші мемлекеттердің арасындағы көші – қон мәселесіне қатысты құқықтық және концептуалдық негізін айқындауға мүмкіндік береді. Аумақты нақты тарихи процестердің өнімі болған, олар бұл үрдіске тартылған мемлекеттердің саясаттарын айқындайды.
Деректердің үшінші тобы АҚШ жетекші мемлекет қайраткерлерінің, саясаткерлердің сұхбаттары, сөздері және еңбектері. Деректердің бұл аталған тобы АҚШ – ның көші – қон саясатына қатысты қазіргі кездегі өзекті мәселелер, басым бағыттар жөнінде пайымдаулар жасауға мүмкіндік береді.
Осы кең деректердің аясының ішінен мынадай мемлекет қайраткерлерінің –
Б. Клинтон, Дж. Буш, К. Райс, З. Бзежинский, Г. Кисенджер сөздері мен сұхбаттарын ерекше атауға болады. Аталған сұхбаттарда миграция мәселесіне қатысты саяси баға беріледі, АҚШ жаңа геосаяси жағдай қозғалады, зерттеліп отырған маңызды тарихи оқиғалар бойынша көзқарастар келтіріледі. Миграция факторына байланысты негізгі ұстанған бағыттар сарапталады.
Деректердің төртінші тобын Қазақстан Республикасының Статистикалық Агентігінің материалдары құрайды [77]. Статистикалық мәліметтер мемлекеттердің экономикалық жағдайын және ҚР көші – қон саясатына байланысты экономикалық реформалардың деңгейін көрсетеді. Сонымен қатар аймақтағы миграциялық потенциалды бағалауға, дүние жүзілік миграция үрдіс және оның мемлекеттердің сыртқы саясатындағы алатын орнын анықтауға, салыстырмалы талдау жүргізуге мүмкіндік берді.
Деректердің соңғы бесінші тобын мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған тақырыпқа байланысты құжаттар, мәліметтер, материалдар құрайды. Бұған республикалық, шетелдік газеттер мен журналдардың әр түрлі жинақтары жатады. Деректердің осы тобы зор фактілі материалдарға бай, олар әлемдегі көші қон саясатына байланысты саяси және экономикалық заңдылықты ашуға, миграция саласындағы саясаттың динамикасын және эволюциясын бақылауға септігін тигізді.
Сонымен, жұмыста қарастырылған деректердің барлық топтары зерттеудің затын жан-жақты зерттеуге, алға қойылған мақсат пен міндеттерді ашуға, сонымен бірге қорытынды тұжырымдардың ғылыми және объективті шынайлығын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Зерттеу жұмысының методологиялық және теориялық негізі ретінде отандық және шетелдік ғалымдардың іргелі теориялық пікірлері қолданыс тапты.
Тарихи оқиғалар мен құбылыстарды диалектикалық - материалистік тұрғыдан қарауда және қорытындылар жасауда тарихи қағидалар мен объективті көзқарастар пайдаланылды. Сондай-ақ, жиналған деректерге талдау жасай отырып, тарихи салыстырмалық, тарихи-жүйелеу, хронологиялық, статистикалық әдістері қолданыс тапты.
Сонымен қатар бітіру жұмысында өзге ғылым салалары ғалымдарының зерттеу жүргізіп отырған мәселе бойынша көзқарастары да орын алды.
Диплом жұмысыныың құрылымы кіріспеден, екі тараудан және қортындыдан, жалпы көлемі ....беттен тұрады.