Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
бха силлабус.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
572.26 Кб
Скачать

Бақылау және білімді бағалау.

Әрбір деңгейдегі бағалау критериі мен шкаласы – бақылаудың барлық түрі 100 % (100 балмен) бағаланады, оның ішінде ағымды және аралық бақылау 60 % (60 балдан) құрайды, ал қорытынды бақылау (емтихан)- 40 % (40 балл).

Студенттердің білімдерді бағалау критерийлері

№ р/р

Әріп

Цифрлық эквивалент

Рейтинг (% бойынша)

Бағасы

1

А

4,0

95-100

«өте жақсы»

2

А-

3,67

90-94

3

В+

3,33

85-89

«жақсы»

4

В

3,0

80-84

5

В-

2,67

75-79

6

С+

2,33

70-74

«қанағаттанарлық»

7

С

2,0

65-69

8

С-

1,67

60-64

9

D+

1,33

55-59

10

D

1,0

50-54

11

F

0

0-49

«қанағаттанарлықсыз»

Барлық бақылау түрлері бойынша алған білімді бағалау:

Студенттердің білім деңгейін тексеру үшін әртүрлі аттестаттау және бағалау формалары қарастырылады. ҚР мемлекеттік жалпы білім стандартына сәйкес (5.03.006-2006ж. ҚР МЖБС) жоғарғы оқу орындарындағы студенттердің білім деңгейін бағалау мен бақылаудың барлық түрлерін бағалау (ағымды, аралық, СӨЖ, СОӨЖ және т.б.) балдық-рейтингтік жүйеде әріптермен көрсетіледі. Барлық түрі төмендегі шкала бойынша бағаланады (2- қанағаттанарлықсыз, 3-

қанағаттанарлық, 4- жақсы, 5- өте жақсы), студенттердің білім деңгейі әрбір пән бойынша анықталады:

ҚБ= РЖБ x 0,6+ҚББ x 0,4,бар жерлерде:

ҚБқорытынды баға

РЖБ рейтингке жіберу бағасы

ҚББ – қорытынды бақылау бағасы (пән бойынша емтихан, дифференцалды сынақ).

Рейтингке жіберу бағасы (РЖБ) 60% құрайды, пән бойынша қорытынды бағасы (ҚБ).

Пән бойынша қорытынды бақылауды бағалаудың қорытынды бағасы 40% құрайды.

Рейтингке жіберуді бағалау келесі түрде жүзеге асады:

РЖБ =(АББ1 x 0,3 + АББ2 x 0,5 +СӨЖ x 0,2) где:

АББ1практикалық сабақ пен СОӨЖ орташа бағасы*;

АББ2 аралық бақылаудың орташа бағасы;

СӨЖ- СӨЖ орташа бағасы;

Рейтингке жіберу пайызы (%) келесі түрде анықталады:

РЖБ x 100% мұнда

5

5- білім алушының білімін бақылаудың ең жоғарғы бағасы;

Рейтингке жіберілуі 50% төмен болған жағдайда қорытынды баға есептелмейді.

Материалды толық меңгеріп, практикалық жұмыстармен тәжірибелік жұмыстарды, өзіндік жұмыстармен коллоквиумдарды өз уақытында тапсырып, ешқандай тақырыптан қарызы болмаса, ғылыми-зерттеу жұмыстармен айналысқан жағдайда «өте жақсы» деген баға қойылады.

Пән бойынша материалды кем дегенде 75% меңгергенде және жауап бергенде қателіктер жібермеген жағдайда, практикалық және тәжірибелік жұмыстарды өз уақытында ешқандай ескертусіз орындағанда, оқытушының нұсқауымен оқулықтарды пайдаланып, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысқан жағдайларда «жақсы» деген баға қойылады.

Пән бойынша материалды кем дегенде 50% меңгеріп, бақылау жұмыстары мен үй тапсырмаларын оқытушының көмегімен орындап, коллоквиум мен бақылау жұмыстарында қателіктер жіберген жағдайда, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарында белсенділік танытпаған жағдайда, оқытушы ұсынған әдебиеттерден өзге әдебиеттер пайдаланбаған жағдайларда «қанағаттанарлық» деген баға қойылады. Негізгі материалды меңгеруде сабақ жіберіп алса, пән бойынша материалдың жартысын ғана меңгергенде, ағымды, аралық бақылау жұмыстарымен қорытынды бақылау жұмыстарында көптеген қателіктер жіберген жағдайда «қанағаттанарлықсыз» деген баға қойылады.

Кафедрада ғылыми жұмыспен айналысқан және студенттік ғылыми конференцияларда жақсы қатысқан студенттер емтиханнан босатылады және емтиханның бағасы автоматты түрде «өте жақсы» болып қойылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]