Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
бха силлабус.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
572 Кб
Скачать
☆

2. Бағдарлама

2.1 Кіріспе.

Осы бағдарлама Медициналық ЖББ-дің «Жалпы медицина» мамандығы үшін дайындаған.

Қазіргі таңда жоғары білім берудің негізгі мақсаты – оқытудың фундаменталдығы болып табылады. Қазіргі заманғы биохимия – тірі организмдердің қызмет етуіндегі химиялық процестердің молекулалық деңгейде зерттейтін фундаменталды ғылым, сонымен қатар, адам ағзалары мен ұлпаларындағы метаболизм ерекшеліктерімен және оны реттеу жолдарын зерттейтін ғылым болып табылады.

Биологиялық химияны оқу барысында алынған білім, келешек дәрігерлерге аурудың алдын алуға және оны тиімді емдеу үшін биохимиялық әдістерді сауатты да, тиімді қолдана білуіне көмектеседі.

Бағдарламада статистикалық, динамикалық және функционалды биохимияның негізгі тараулары және «Жалпы медицина» мамандығында оқитын студенттерге қажет сұрақтар қарастырылған.

Биохимия пәнінің бағдарламасында клетканың құрылымдық ұйымдасуының молекулалық негіздері, зат алмасу мен энергия өзгерістерінің механизмдері, генетикалық ақпараттың ұрпаққа жеткізілуі және сақталуы, ақуыз биосинтезі және метаболизммен физиологиялық қызметтердің реттелуі сияқты сұрақтар қарастырылған.

Клетканың, ұлпаның және басқа мүшелердің қызмет етуіне негізделген метаболиттік процестерді білу, келешек дәрігерлерге патологиялық жағдайлардағы өзгерістерді түсіну үшін қажет.

Биологиялық химияны оқып, білу үшін- химиядан, молекулалық биологиядан, медициналық генетикадан, адам анатомиясынан, гистологиядан, медициналық биофизикадан және физиологиядан студенттердің білімі болуы қажет.

2.2 Пәннің мақсаты:

Студенттерде негізгі метаболиттік процестердің адам организміндегі және ұлпадағы ерекшеліктері мен олардың реттелуі, молекулалық механизмдері, ауруға диагноз қою үшін, және оны тиімді емдеуде биохимиялық көрсеткіштерді қолдану туралы түсінік қалыптастыру.

2.3 Пәннің міндеттері:

  • дәрігерлерді дайындауда биологиялық химияның маңызы туралы ұғым қалыптастыру;

  • тірі организмдегі ақуыздардың, көмірсулардың, липидтердің және басқа да биологиялық белсенді қосылыстардың биологиялық қызметтері, қасиеттері және химиялық құрылысы туралы білімді қалыптастыру;

  • зат алмасу, энергия алмасу және метаболиттік процестердің реттелуінің биохимиялық заңдылықтары туралы түсініктерді қалыптастыру;

  • организмнің маңызды мүшелері мен ұлпаларындағы метаболизм ерекшеліктері туралы түсінікті қалыптастыру;

  • ауруға диагноз қоюға және метаболизм ауытқуларына түзетулер енгізуде қазіргі заманғы биохимиялық әдістер туралы түсінік қалыптастыру.

2.4 Оқытудың қорытынды нәтижелері

Студент:

білуге тиіс:

  • биоорганикалық қосылыстардың негізгі кластарының өкілдері: көмірсулар, липидтер, жай және күрделі ақуыздар, витаминдердің құрылысы, қызметін және қасиеттерін;

  • метаболиттік процестің реттелуі және жүру механизмін, клетканың құрамдық және қызметтік ұйымдасуының молекулалық негізін;

  • генетикалық ақпараттың молекулалық механизмінің жеткізілуін;

  • энергия алмасуының бұзылуы мен энергия айналымының механизмін;

  • организм, ұлпа және мүшелердің қызметтерінің молекулалық механизмдерінің ерекшеліктерін;

  • алмасу процестерінің және физиологиялық функциялардың реттелу механизмдерін, бұзылу нәтижесінде мүмкін болатын салдары;

  • негізгі қоректі заттардың (ақуыздар, липидтер және көмірсулардың), минералды заттардың және судың метаболизмдегі ролін;

  • адам организміндегі биологиялық сұйықтықтардың патология және қалыпты жағдайдағы негізгі биохимиялық константаларын.

істей алуы тиіс:

  • негізгі биохимиялық зерттеулер нәтижесінен қорытынды шығара білу;

  • метаболизм карталарын және арнаулы анықтамаларды қолдана білу;

  • биохимиялық процестердің бұзылу ерекшеліктерін алдын-ала болжау және биологиялық белсенді заттар жетіспеушілігі кезіндегі олардың реттеуі;

дағдыларды меңгеруі тиіс:

  • адам организмі биологиялық сұйықтарындағы көмірсулар, липидтер мен азотты заттар алмасуының аралық заттарын сандық анықтаy;

  • адам организмі биологиялық сұйықтарындағы ферменттердің белсенділігін анықтау әдістерін жүргізуді.

2.5 Алғы реквизиттері: химия, молекулярлы биология және медициналық генетика, медбиофизика, анатомия, гистология, қалыпты физиология.

2.5 Кейінгі реквизиттері: патологиялық физиология, ішкі аурулардың пропедевтикасы, эндокринология, фармакология және т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]