
- •Силлабус
- •1.7 Оқытушылар жөнінде мәлімет:
- •2. Бағдарлама
- •2.2 Пәннің мақсаты:
- •2.3 Пәннің міндеттері:
- •2.4 Оқытудың қорытынды нәтижелері
- •2.6 Пәннің қысқаша мазмұны
- •2.7 Дәрістер, тәжірибелік сабақтар мен сөж-дың тақырыптық жоспарлары
- •2.7.1 Дәрістердің тақырыптық жоспарының жобасы
- •2.7. Тәжірибелік сабақтардың тақырыптарының жобалық жоспары
- •2.8 Студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыбы (сөж)
- •2.9 Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •2.10 Оқу және оқыту әдістемесі
- •2.11 Бағалау ережелері мен критерийлері
- •Бақылау және білімді бағалау.
|
«Астана медицина университеті» АҚ |
C-07.1-23-2013 |
Жалпы және биологиялық химия кафедрасы |
|
Силлабус
Биологиялық химия бойынша Bioh - 2202
Мамандығы 051301 – «Жалпы медицина»
Дәріс 18 сағат
Тәжірибелік (семинар) сабақ 90 сағат
СӨЖ 54 сағат
Емтихан 3 (4) семестр
Барлығы 162 сағат
Курс 2
Семестр 3 (4)
Астана, 2013ж.
1.7 Оқытушылар жөнінде мәлімет:
Кафедра меңгерушісі: х.ғ.д., профессор Т.С.Сейтембетов
Ғылыми мектебі: П. Лумумба атындағы Халық Достастық Университеті. 1994 ж. Химия ғылымдарының институтында (Алматы қаласы) докторлық диссертациясын қорғады.
Ғылыми көзқарасы: Өсімдік табиғаты бар биологиялық белсенді қосылыстардың химиясы. Қазақстан өсімдіктерінен алынған полифенолды Химиялық модификацияның өсімдік қосылысы антиоксидантты белсенді қосылыстардың антиоксиданттық белсенділігінің молекулалық құрылымына тәуелділігі, және де алынған табиғи қосылыстарды модификациялау.
А.Ж.Сейтембетова – х.ғ.д., профессор
Ғылыми мектебі: Мосвка қ., Кеңес Одағы кезіндегі Ғылым Академиясының органикалық элемент қосылыстары институты ішіндегі аспирантура. Екі мәрте Москва қаласындағы Москва медициналық институтында, Алматы қ. Асфандияров атындағы КазМНУ-де біліктілігін жетілдірді. Қарағанды қ. ҚР ҒМ жанындағы фитохимия институтында докторлық диссертация қорғады.
Ғылыми көзқарасы: Орталық Қазақстан аумағындағы фитоөсімдіктерден бөлінетін фитопрепараттардың биологиялық активтілігін зерттеу.
Оқытушылар:
С.А.Блудова – «АМУ» АҚ-тың доценті.
Ғылыми мектебі: Москва қаласындағы бірінші және екінші Москва медициналық академияларында білімін жетілдірген, Алматы қ. Асфандияров атындағы КазМНУ-де, Астана қ. «АМУ» АҚ біліктілігін жетілдірді.
Дәрістерді оқиды және сабақ жүргізеді.
Ғылыми көзқарасы: "Бапол" қректік қоспасының майлар алмасуына әсерін зерттеу, гипоксиге мембрана асқын тотығының ролі, антиоксиданттардың әсері.
А.С.Зейнульдина – х.ғ.к., доцент.
Ғылыми мектебі: Қарағанды қ. ҚР ҒМ жанындағы фитохимия институтында кандидаттық диссертация қорғады. Астана қ. «АМУ» АҚ біліктілігін жетілдірді.
Мемелекеттік және орыс тілдерінде дәріс оқып, сабақ береді.
Ғылыми көзқарасы: Орталық Қазақстан аумағындағы фитоөсімдіктерден бөлінетін фитопрепараттардың биологиялық активтілігін зерттеу.
А.М.Габбасова – х.ғ.к., доцент.
Ғылыми мектебі: Букетов Е.А. атындағы Қарағанды Мемлекеттік университеті жанындағы магистратура. Қарағанды қ. Химия-металлургиялық институтында кандидаттық диссертация қорғады. Астана қ. «АМУ» АҚ біліктілігін жетілдірді.
Ғылыми көзқарасы: Хаотиздік бөлшектердің негізінде бейметалдардың булану, қайнау жылулығы мен температурасы деректер облысындағы зерттеу.
Г.А.Малибекова – к.х.н., доцент м.а..
Ғылыми мектебі: әл-Фараби атындағы ҚазМУ химия факультетінің аспирантурасы. әл-Фараби атындағы ҚазМУ химия факультетінің катализ пен коллоидтық химия кафедрасында кандидаттық диссертациясын қорғады. Астана қ. «АМУ» АҚ біліктілігін жетілдірді.
Ғылыми көзқарасы: Гумин қышқылдарымен модификацияланған палладий катализаторларды зерттеу.
Оразай П.О. – оқытушы.
Ғылыми мектебі: Астана қ. «АМУ» АҚ біліктілігін жетілдірді.
Ғылыми көзқарасы: Майлардың асқын тотығуы аймағын зерттеу.
1.8 Байланыс ақпараты: Астана қ., Бейбітішілік көшесі, 49. Кафедра телефоны: 53-95-37.
1.9 Пән саясаты: Оқу пәннің саясаты заманауи оқытудың әдістемесіне негізделіп, студентті білім алуда өзіндік (аудиториялық пен аудиториядан тыс) жұмыстарына ынталандырады. Оқытушы консутативті мен бағыт беруші қызмет атқарады. Биохимия пәнінің әрбір тақырыпты өткен кезде студент материалды біртіндеп толығымен игереді: тақырыптың мақсаты мен сипаттамасынан бастап соңғы нәтижені жеткенше дейін. Сабақ қатаң түрде кестеге сай өтіледі, тақырыпқа сай арнайы химиялық құрал-жабдықтар, реактивтермен жабдықталған зертханада жүргізіледі.
Кафедраның жалпы талаптары және қатаң ескертулері:
Дәріске, зертханалық-тәжірибелік сабақтарға студенттер халатсыз және қалпақтарсыз жіберілмейді.
Зертханалық сабақтарға келерден бұрын студенттер техника қауіпсіздік ережесімен танысады, зертханалық сабақтың жазба жұмысын жазады және өзіндік жұмысқа арналған әдістемелік нұсқау бойынша бақылау сұрақтарына жауап береді.
Студенттер жазба жұмыссыз немесе тәжірибелік жұмыстың әдістемесінсіз жұмысты орындауға жіберілмейді, яғни сабаққа жіберілмей, себепсіз сабақ жібергені туралы белгіленеді, осы сабақты келесі сабаққа дейін студент өтеу керек.
Дәріске және сабаққа 5 минуттан жоғары кешіккен студенттер себепсіз сабақ жіберген ретінде белгіленіп, келесі сабаққа дейін өтемесе сабаққа жіберілмейді.
Техника қауіпсіздігін бұзған жағдайда, зертханалық жұмысты дұрыс жасамаған жағдайда, реактивтерді дұрыс пайдаланбай артық шығындаған жағдайда студент жалпы білім бағасынан 1 балл жоғалтады.
Химиялық зертханаға, дәріс залына студенттер кафедра лаборантына құжат тапсырып, бөлмені қабылдап алған топ кезекшісінің рұқсатымен кіре алады.
Дәріс немесе сабақ соңында кезекші студент кафедра лаборантына бөлмені тапсырып кетуі тиіс.
Топ кезекшісі және басқа да студенттер жиhаздар мен инвентарлық материалдарға аудиторияда болған уақытында жауапты болып саналады. Егерде мүлік бүлінген, сынған жағдайда өтеуге тиіс.
Зертханалық-тәжірибелік жұмысты орындау барысында студенттер (кезекші) парта мен столдардың тазалығына, реактивтердің артық жұмсалмауына мән беруі тиіс. Бұл талаптар сақталмаған жағдайда студенттер сабақтан тыс уақытта сенбілік жасайды.
Студент рефераттар мен СӨЖ өз уақытында қорғамаған жағдайда жалпы бағалаудан 1 балл жоғалтады.
Сабақтан себепсіз қалған студент деканаттан қалған сабақты өтеу рұқсат қағазын алып келсе сол сабақты өтей алады, бірақ жіберілген сабағына баға қойылмайды және студенттің жалпы рейтингісіне сол баға кірмейді. Сабақтан себепті қалған студент деканаттан қалған сабақты өтеу рұқсат қағазын алып келсе сол сабақты өтей алады, себеппен жіберілген сабағына баға қойылады және оқытушы осы бағаны арнайы өтеу журналына қойылады. Студенттің жалпы рейтингісіне сол баға кіреді.
Студент дәрістерден себепсіз қалса, жалпы рейтингтен қалған сабақтардың көлеміне байланысты 1 % жоғалтады. Студент дәрістерден себепті қалса және де деканаттан сабақты өтеу рұқсатын әкелсе, жалпы рейтингті сақтайды.
Тәжірибелік сабақтардан қарызы жоқ, коллоквиумды өз уақытында тапсырып, 4 кредитті толық меңгерген студенттер емтиханға және қорытынды тестілеуге жіберіледі (ең төмен ОРД 50 % ).
Жұмыстың бөлімдерін істемеген жағдайда студенттер өз мерзімінде сабақ өтеу тиіс немесе тапсырмаған жағдайда олар қайта оқу курсына жіберіледі.