
Кіріспе
Халық санының өсуіне байланысты барлық негізгі табиғи бірлестіктердің бөліктері бастапқы түрде сақтап қалудың маңызы артып отыр. Тек адам қолымен өзгертілмеген бірлестіктер болғанда ғана адамның жасаған өзгерістерінің нәтижелері туралы қорытынды жасап, оларды болдырмауға мүмкіндік туады.
Кез келген мемлекеттің ерекше қорғалатын территорияларды құрып, дамыту стратегиясы негізгі екі міндетті орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:
1. оның территориясындағы барлық негізгі географиялық аймақтар мен өңірлердің табиғи эталондарының барынша толық көрсетілуі;
2. жүйелі топтастырылған деңгейдегі биологиялық ресурстарды, топырақты енгізе отырып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін және микроорганизмдерді сақтау.
Мұны арттыру үшін ең дұрыс шара қорықтар мен ұлттық парктерді ұйымдастыру болып табылады.
Табиғатты қорғаудың маңызды формаларының бірі – ерекше қорғауға алынған территориялар. Осындай территориялардың түрлері көп: қорықтар, қорғалымдар, табиғи ескерткіштері, ұлттық және табиғат саябақтары, ботаникалық бақтар, биосфералық резерваттар.
Қорықтар – табиғатты қорғаудың бір түрі. Қазіргі кезде қорықтық территориялар жер шарының шамамен 1,6 – 2,0 % -тын құрайды. Дүние жүзіндегі ең ірі ұлттық саябақ Гренландияда. Оның ауданы шамамен 7 млн. га; Ботсванадағы Орталық Калахари резерваты: 5,3 млн, га; Вуд-Баффало (Канада) – 4,5 млн. га; Үлкен Гоби қорығы (Монғолстан) – 4 млн. га.
Қазақстанда екі ұлттық бақ құрылған: Баянауыл және Алтынемел.
Қорықтар – толық қорғаудың жетілдірілген түрі, себебі, оған табиғи комплекс кіреді де, табиғат ресурстарын шаруашылыққа пайдалануға рұқсат берілмейді. Белгілі бір шаруашылық жұмыстарын жүргізе отырып, табиғаттың ерекше объектілерін қорғауға алынған жүйені ұйымдастыру түрі– қорғалымдар болып табылады.
Табиғи тіршілік ортасын қорғайтын категориалардың біріне табиғи (ұлттық) саябақтар жатады.Олардың негізгі міндеті- халықты реакциалық қамтамасыз ету.
Табиғи тіршілік орталарын қорғаудың әр түрлі формалардың ішінен қорықтардың орны ерекше.Себебі, қорықтар алуантүрлілікті қамтамасыз ететін маңызды звено болып табылады. Бірақ ХХ ғасырдын екінші жартысында «қорық- өзгермеген табиғаттың эталоны» деген принцип бұзылып отыр. Атмосфераның өндірістік улы қосылыстармен, радиациялық ластану, олардың тасымалдануы, біздің планетамыздың кез келген бөлігіне міндетті түрде әсер етеді.
Табиғат – адам баласының тіршілік тынысы әрі таусылмас қазынасы. Адам табиғаттың туындысы ретінде біте қайнасып, өміріне қажетті азық қорын алады. Алғащқы адамдар табиғат ресурстарын тұрпайы күйінде пайдаланып келді. Бертін келе, саналы түрде шаруашылықпен айналысып, өсімдіктерді баптап өсіріп, жануарлардың кейбір түрлерін қолға үйретті.
Адам баласының саны артқан сайын табиғат байлықтарын пайдалану еселеп өсті. Енді бос жатқан жердің, судың иесі табалып, одан әрі жермен оның байлығы үшін талас-тартыс өрбіді. Осының бәрі табиғатқа бұрын соңды болмаған шығын әкелді. Алғашында табиғат қорлары сарқылмайтын сияқты көрінгенімен, бірте бірте оның қоры таусыла бастағаны адам баласы сезіне бастайды. Мысалы, дүние жүзіндегі орман қоры 40 млн. км.2 деп есептесек, оның соңғы 150 жыл ішінде 35%-ті кесілген екен. Кейін адамзат қауымдастығы табиғатты қорғау қажет екенін түсіне бастады. Ол үшін табиғат қорларын есепке алып, оларды тиімді пайдалану керектігін ұғынды. Табиғат қорғау туралы маңызды құжаттар қабылданып, оның ғылыми негіздері қаланды.
Табиғат қорғау дегеніміз – тірі (өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі) және өлі (топырақ, су, атмосфера, жер қойнауы, климат т.б.) табиғатты қорғау, тиімді пайдалану және қалпына келтіру жөніндегі шаралар кешені. Табиғат қорғауға ғылыми тұрғыдан бағытталған халықаралық, мемлекеттік және қоғамдық ауқымдағы іс-шаралар жатады.
Табиғат қорғаудағы негізгі мақсат – оның байлығын тиімді пайдалана отырып, болашақ ұрпаққа қаз қалпында жеткізу. Ол үшін, біз табиғи қорларын жете білуіміз қажет.
Соңғы жылдары елімізде табиғат қорғау мәселесіне үлкен мән берілуде. 1997 жылы 15 шілде де «Қоршаған ортаны қорғау туралы», ал 1997 жылы 6 тамызда «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» заң қабылданып, оларды жүзеге асыру жөнінде игі істер атқарылуда. Елімізде ерекше қорғалатын аумақтарға: мемлекеттік қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, республикалық мәні бар табиғат ескерткіштер, табиғи қорықшалар (заказник), халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар, зоологиялық, ботаникалық, дендрологиялық бақтар, экологиялық тұрғыдан ғылыми, мәдени және тарихи құнды табиғат нысандары жатады.
Ғылыми – техникалық прогреспен, адамның қоршаған ортаға әсерiнiң күшеюiмен байланысты «жабайы» табиғаттың кейбiр бөлiктерiн, жойылу шегiнде тұрған жануарлар мен өсiмдiктер түрлерiнiң мекен ету ортасын қорғау, тұтас табиғи комплекстер, су көздерi, табиғаттың ұлттық жетiстiгi болып бағаланатын ерекше ескерткiштерiн сақтау қажеттiгi артты.
Биосферадағы экожүйелердің бастапқы қалпын сақтап калу және корғау тірі организмдердің сан алуан түрлілігін сақтау мәселелерімен тығыз байланысты.
Қазіргі кезде Жер шарында адамның аяғы тимеген және іс-әрекетінің әсеріне ұшырамаған алқаптар жоқтың қасы. Дегенмен де табиғаттың бастапқы табиғи қалпы сақталған немесе антропогендік факторлардың ықпалы онша байқала коймаған экожүйелердің біраз бөлігін табиғи эталон ретінде сақтап қалудың маңызы зор. Өйткені мұндай аумақтар антропогендік факторлар көбірек ықпал еткен аймақтармен салыстыру үшін қажет. Халықаралық қабылданған ережелерге сәйкес әрбір мемлекеттің жалпы жер аумағының 10%-ы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесін алуы қажет.
Ерекше корғалатын табиғи аумақтарға биосфералық қорықтар, мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, қорықтық аймақтар, корықшалар және т.б. табиғи нысандар жатады. Соңғы деректер бойынша дүние жүзінің 100-ден астам ірі мемлекеттерінде 1000-нан астам ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырылған. Мұндай аумақтардың жалпы көлемі 230 млн га жерді алып жатыр. Бұл жер бетіндегі құрлықтың 1,6%-на тең.
Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заң 1997 және 2006 жылдары қабылданды. Мұндай Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырылу мақсаттарына және табиғат корғау ережелеріне сәйкес бірнеше топқа бөлінеді.
1. Мемлекеттік ұлттық қорықтар.
2. Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар.
3. Мемлекеттік табиғи резерваттар.
4. Мемлекеттік корықтың аймақтар.
5. Мемлекеттік табиғи қорықшалар.
6. Мемлекеттік табиғат ескерткіштері.
7. Мемлекеттік зоологиялық бақтар.
8. Мемлекеттік ботаникалық бақтар.
9. Мемлекеттік дендрологиялық бақтар және т.б.
1 Биосфералық қорықтар
2 Мемлекеттік табиғи қорықтар
3 Ұлттық табиғи саябақтар
4 Табиғи қорықшалар
5 Табиғат ескерткіштері
6 Табиғи резерваттар
Биосфералық қорықтар
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың соңғы кезде ұйымдастырылып жүрген түріне — биосфералық қорықтар жатады. Биосфералық қорықтар дүние жүзіндегі кейбір ауқымды аймақтардың табиғатын қорғау және сақтап қалу мақсатында ұйымдастырылады. Онда табиғат қорғау шаралары халықаралық деңгейде жүргізіледі. Мұндай қорықтар табиғаты онша өзгеріске ұшырамаған экожүйелерде ұйымдастырылып, табиғатта үздіксіз болып жататын өзгерістерге бақылау жасалынып талданады. Биосфералық қорықтардың аумағы бірнеше белдемдерге (ішкі, шекаралық және шаруашылық) бөлініп, ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Қазір дүние жүзінде 350-ге жуық биосфералық қорық ұйымдастырылған Қазақстандағы Қорғалжын және Наурызым қорықтарына биосфералық қорық мәртебесі берілген.
Биосфералық қорықтар – дүние жүзіндегі кейбір ауқымды аймақтардың табиғатын қорғау және оның байлықтарын сақтап қалу мақсатында табиғат қорғау шараларын жүзеге асырудың халықаралық деңгейдегі бағдарламасы. Оны биосфералық резерват деп те атайды. Биосфералық қорықтардың үлгі нұсқасы ЮНЕСКО-ның шешімімен «Адам және биосфера» атты ғылыми бағдарламаның шеңберінде 1973 ж. қабылданған.
Биосфералық қорықтардың мақсаты – бастапқы табиғи қалпы өзгермеген не аз өзгеріске ұшыраған аймақтардағы экожүйелерді, ондағы тірі организмдердің генетикалық қорының әр түрлілігін сақтап қалу; табиғатта үздіксіз болып жататын өзгерістерді үнемі әрі жан-жақты бақылау және оған талдау жасау. Биосфералық қорықтарда ғылыми-зерттеу жұмыстары экожүйелер бойынша аймақтық және бүкіләлемдік деңгейде арнайы әдістемелер бойынша жүргізіледі. Биосфералық қорықтардың алып жатқан аумағы бірнеше жекеленген аймақтарға бөлініп, онда әрбір аймақтың өзіне тән ғылыми-зерттеу жұмыстары белгіленеді. Биосфералық қорықтардың орталық аймағында (ядросында) табиғат қатаң қорғалады да, шаруашылық жұмыстары мүлде жүргізілмейді. Оған іргелес буферлік аймақта шаруашылық жұмыстарына шектеу қойылады, ал ең сыртқы аймақта шаруашылық жұмыстары табиғат қорғау шараларымен бірге жүргізіледі.
Қазіргі кезде дүние жүзінің 105 мемлекетінде 529 биосфералық қорықтар ұйымдастырылған (2007). Оның ең үлкені – көлемі 70 млн. га алқапты алып жатқан Даниядағы Солтүстік-Шығыс Гренландия биосфералық қорығы. Қазақстанда Қорғалжын қорығын Биосфералық қорықтарқа айналдыру жоспары қарастырылуда
Қорғалжын қорығы
Ақсу-Жабағылы, Алматы, Марқакөл және Батыс Алтай қорықтары таулы алқаптың табиғат байлығын қорғайды. Мысалы, Ақсу-Жабағылы қорығында сарыбауыр аяқсыз кесіртке, үнді жайрасы, Алматы қорығында орақтұмсық, ілбіс, т.б. қорғалады. Ал Алакөл қорығында қара мойнақ шағала, т.б. қорғауға алынған