- •1. Әлеуметтану ғылыми пән ретінде
- •2. Әлемдік әлеуметтанудың негізгі тарихи даму кезеңдері
- •3. Хіх ғасырдың екінші жартысы мен хх ғасырдың басындағы Қазақстандағы әлеуметтік ой-пікірлер тарихынан.
- •4. Алаш көсемдерінің әлеуметтік көзқарастары
- •5. Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
- •6. Қоғамның әлеуметтік жіктелуі (стратификация) және әлеуметтік мобильділік теориясы
5. Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
191. Қоғамды белгілі бір қызмет атқаратын, ынтымақтастық пен қоғамдық еңбек бөлінісіне негізделген жүйе деп тұжырымдаған.
192. "Қоғам - адамдардың бір-біріне ықпал, әсер етуінен туындайтын әлеуметтік байланыстардың жиынтығы" деген.
193. Қоғам - адамдар арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі, ал ол қарым-қатынастардың негізі - ережелер (нормалар) мен құндылықтар болып табылады деген.
194. Қоғамды адамдардың бірлесіп қызмет етулерінің нәтижесінде пайда болып, тарихи дамып отыратын қатынастардың жиынтығы ретінде түсіндірген.
195. Жүйе дегеніміз не?
196. Қоғамның әлеуметтік жүйесі.
197. Пән ретінде әлеуметтанудың негізгі зерттейтін мәселесі.
198. Алғашқылардың бірі болып қоғамды организм, жүйе ретінде қарастырып, ол жүйенің тұтас, бөлінбейтін сипатын, оның бөліктерінің өзара байланыстылығы мен ықпалдастығын атап көрсеткен.
199. Өзара бір-бірімен байланыста, қарым-қатынаста болатын, тәртіптелген және тұрақтылықты құрайтын, бірінің өзгерісі екіншісінің немесе басқаларының өзгерісіне әкелетін көптеген элементтердің тұтас жиынтығы.
200. Әлеуметтік нормалар мен әдет-ғұрыптар негізінде өзара қарым-қатынас пен байланыста, өзара ықпалдастықта болып, тұтастықты қамтамасыз ететін жүйе элементтерінің жиынтығы.
6. Әлеуметтік байланыстар.
7. Әлеуметтік қарым-қатынастар.
8. Әлеуметтік өзара ықпалдасу.
9. Әлеуметтанудың категориялары.
10. Әлеуметтанудың заңдары.
11. Әлеуметтанудың функциялары.
201. Адамдар немесе адамдар тобының арасында белгілі кеңістік пен уақытта нақты мақсатқа жету үшін бірлесе қызмет ету үдерісі.
202. Жеке адамдар мен адам топтарының бір-біріне әсер немесе ықпал етулерінің нәтижесінде пайда болатын оң не теріс үдерістері.
203. Адамдар және топтар, әлеуметтік институттар арасындағы тұрақты өзара байланыстар мен өзара әрекеттестігі.
204. Кез келген адамның өз отбасында, туған-туысқандарының арасында, құрбылары мен жолдастарының ортасында, қызмет орнында және т.б. әртүрлі әлеуметтік ортада ретіне қарай сан қилы қарым-қатынастарға түсуі.
205. Қоғамның құрылымын айқындап, оның негізгі элементтерінің ғылыми классификациясын жасау және олардың арасындағы байланыстардың, қарым-қатынастардың, өзара ықпалдастықтың сырын, заңдылықтарын ашу.
206. Еңбектің қоғамдық бөлінісіне негізделген ішкі құрамы, оның элементтерінің жиынтығы және олардың арасындағы әлеуметтік нормалар мен әдет-ғұрыптар негізінде қалыптасқан сан алуан байланыстар, қарым-қатынастар мен ықпалдастық.
207. Бір немесе бірнеше әлеуметтік белгілермен бірлескен адамдар жиынтығы.
208. Өзінің білімділігі мен іскерлігіне байланысты қоғамның саяси тұрақтылығын қамтамасыз ететін, оның демократиялық дамуына, нарықтық экономиканың қалыптасуына негіз болатын тап.
6. Қоғамның әлеуметтік жіктелуі (стратификация) және әлеуметтік мобильділік теориясы
209. Қоғамның ішкі құрамы, қызмет жағынан бір-біріне тәуелді және бір-бірімен тұрақты байланысты болатын әлеуметтік элементтердің жиынтығы.
210. Мемлекеттегі адамдардың біреулері егіншілікпен, екіншілері тігіншілікпен, үшіншілері құрылыспен, төртіншілері етікшілікпен және т. б. айналысады деген.
211. Қоғам дамуын таптармен де байланыстырып, тіпті жұмысшы табын азат ету туралы өз шығармаларында жазған:
212. Қоғамның таптық құрамын негіздеп, алғаш оның әлеуметтік құрылымы (яғни, қоғамды таптарға, топтарға, жікке бөлу) теориясын жасаған.
213. Қоғамның тапқа бөлінунің негізгі, басты белгісі өндірістік құрал-жабдыктарына меншік нысанына байланысты екенін көрсеткен.
214. Өз кезіндегі патрирхалдық-феодалдық қоғамның құрылымына ой жіберіп, оны ең ірі екі әлеуметтік топқа: бір жағынан, сұлтандар мен билер, байлар мен қожалар болып, қазақ қоғамының мәртебелі тобына, екінші жағынан, «дала пролетариаты» деп атап, кедейлер тобына бөлген.
215. Қоғамның құрылымы жеке меншікке негізделген негізгі екі таптың күресімен айқындалады дейтін ілім.
216. Таптың белгілерін бойына толық сіңіре қоймаған әлеуметтік топты қалай атаймыз?
217. Таптық айырмашылықтар тек меншіктің болу, болмауымен байланысты емес, сол сияқты адамдардың жоғары білімінің болуына, мамандық түріне, кәсіби дәрежесі мен шеберліктеріне де байланысты деген.
218. Адамның мәртебесін - саяси партияға, яғни билікке қатынасуын да жіктеудің өлшемдеріне енгізген.
219. Әлеуметтік жіктердің (қауымдастық) арасындағы қарым‑қатынас, қызмет ету ерекшеліктері, өзгерістері мен дамуы әлеуметтік құрылымның басты өзегі санайтын теория.
220. Топтар бір белгінің негізінде жіктелгендегі (мысалы, табысының мөлшеріне немесе билік жүргізуге қатысына қарай т.т.) өлшем.
221. Топтың бірнеше белгінің негізінде жіктелгендегі өлшемі.
222. Қоғамдағы адамдардың жоғары және төменгі топтарға жіктелуіне әсер ететін факторлар ретінде экономикалық, кәсіби, саяси белгілерді атай отырып, олардың бір-бірімен сабақтас екендігін ескерткен.
223. Өз қатарына әртүрлі әлеуметтік топтардың, мамандықтардың өкілдерін біріктірген, өркениетті дамыған қоғамның жоғары мамандық иелерінен тұратын негізгі интеллектуалдық күші, қоғамдағы әлеуметтік тәртіп пен тұрақтылықтың тірегі.
224. Бір құрылымдағы адамдардың екінші бір құрылымға ауысып, олардың қоғамдағы рөлдері мен мәртебелерінің үздіксіз қозғалысы.
225. Қоғамдағы адамдың белгілі бір әлеуметтік топтан, таптан, жіктен екінші әлеуметтік жағдайға ауысуын ғылыми жағынан тұңғыш негіздеп, арнайы «әлеуметтік мобильділік» теориясын жасаған.
226. Индивидтің бір жіктен екінші бір жікке жоғары өрлеу және төмен құлдырау бағытында ауысуы.
227. Индивид әлеуметтік жағдайы мен мәртебесінің ешбір өзгеріске ұшырамай тек көлденең сызық бойында қозғалысқа түсуі.
228. Белгілі бір уақыт пен кеңістіктегі әлеуметтік иңдивидтің жоғары өрлеуі немесе төмендеуінің қарқынымен өлшенетін.
229. Өзінің әлеуметтік мәртебесін өзгерткен индивидтің санымен өлшенетін.
6- тақырып. Тұлға - әлеуметтік жүйенің негізгі элементі
230. Адамзат баласының басқа биологиялық әлемнен өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама атау.
231. Бар адами қасиеттері қоғамда, әлеуметтік ортада қалыптасатын, іс‑әрекет, мінез‑құлық үдерісінде жекелік қасиеті байқалатын белсенді де саналы жан.
232. Қоғамдық өмірдін тарихи жағдайлары қалыптастырған, саналы іс-әрекет және қарым-қатынас жасаушы, айналадағыны танып-білуші, әлеуметтік тәжірибе игерген, елеулі әлеуметтік сапалар иесі жеке адам.
233. Тұлғаны әлеуметтік өмірге белсенді түрде араласатын, әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретінде қарастыратын ғылым.
234. Бізді қоршап тұрған объективтік нақтылы өмір, ол қоғам, адамдар, оның алуан түрлі бірліктері (отбасы, топ, тап, әлеуметтік мекемелер, ннституттар, мемлекет, т.б.), тіпті адамның өзі, оның барлық іс-әрекеті, қызметі, санасы, тәртібі, мінез-құлқы және т. б.
235. Тұлғаның іс-әрекеті, қызметі, санасы, тәртібі, мінез-құлқы және т. б.
236. Өмірдің нақтылы шындығын, әлеуметтік құрылымның дамуындағы маңызды жақтарды, ондағы қатынастар мен байланыстарды бейнелейтін.
237. Индивидтің қауымдастық пен бірлестіктің ықпал етуімен алуан түрлі қызметі үдерісінде қалыптасатын және өмір сүретін объективтік және субъективтік әлеуметтік қасиеттердің жиынтығы.
238. Белгілі бір әлеуметтік қауымдастыққа жататын көптеген индивидтерге тән әлеуметтік сапалар жүйесінің жиынтық көрінісі.
239. Тұлғаның әлеуметтену үдерісінде қалыптасатын, оның құрылымының маңызды элементі.
240. Индивидтің әлеуметтенуіне және қоғамның әлеуметтік өміріне қатысуы үшін қажетті білім, тәжірибе, әлеуметтік нормалар, құндылықтар, мінез‑құлық қалыптарын игеруге мүмкіндік беретін.
241. Тұлғаның әлеуметтік құрылымын анықтайтын ең басты, мәнді буыны болып саналатын.
242. Адамның қоғамдық сананы игеруін, мінез-құлық нормалары мен ережелерді, ілімдерді, рухани құндылықтарды бойына сіңіріп, оларды өзінің ішкі‑сезім күйіне айналдырып, соның негізінде белсенді іс-әрекет иесі болу.
243. Әлеуметтенудің объективті жағдайларын тиімді пайдалануға ұмтылу, өзінің жеке дара қабілеті мен мүмкіндіктерін алға қойған мақсаттарға жетуге тұрақты жұмылдырып отыру болып табылатын.
244. Қызметтің нәтижесінен идеалды, ойша асып түсу, сондай‑ақ соған жетудің амалдары мен жолдары.
7 - тақырып. Отбасы әлеуметтануы
245. Неке мен туыстық сезімге негізделген одақ, тұрмыстық бірлік, өзара жауапкершілік пен қолдауға, басқалармен үйлесімді өмір сүруге үйрететін әлеуметтік өмір мектебі.
246. Болашақ ерлі‑зайыптылардың некенің адамгершілік және құқықтық негіздерін терең түсінуімен, олардың бірге өмір сүруге психологиялық даярлықтарымен, қоғам алдындағы жоғары жауапкершілікті ұғынуларымен, күнделікті тұрмыстық және шаруашылық дағдыларды игеру деңгейлеріне байланысты болатын.
247. «Еңбексіз, тыңғылықты, байыпты еңбексіз отбасы бақытты бола алмайды» деген.
248. Заң жүзінде бекітілетін еркек пен әйел арасындағы қарым-қатынастардың шартты формасы.
249. Адамның әлеуметтік-табиғи, сонымен қатар материалдық және рухани өмір қажеттілігі, әйел мен еркектің өзара түсінісу, еріктілігі негізінде құрылған, олардың өзара құқықтары мен міндеттерін белгілейтін бірлігі.
250. Тарихи кезеңдерге сай қалыптасқан, қоғам өзінің заңдары арқылы негіздейтін және реттейтін, ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін белгілейтін ресім.
251. «Үйлену дегеніміз - өз құқығыңның жарымын азайтып, міндетіңді екі есе көбейту» деген.
252. Әлеуметтік іс-әрекетті, қызметті ұйымдастыратын, жүзеге асыратын әлеуметтік рөлдер.
253. Белгілі құқықтар және міндеттермен, мінез‑құлық нормалары және ережелерімен айқындалатын, сипатталатын тұлғаның қоғамдағы жағдайы.
8-тақырып. Этноәлеуметтану
254. Қоғамдағы этникалық қауымдастықтардың пайда болуын, оның құрылымын, мазмұнын, дамуын, олардың атқаратын қызметін, араларындағы тұрақты, қажетті байланыстар мен қарым-қатынастардан туатын әр түрлі әлеуметтік үдерістер мен құбылыстарды қарастыратын ғылым:
255. Өздерінің шығу тегі, ортақ белгілерімен және бірге ұзақ өмір сүруімен өзара байланысқа түскен адамдар тобы:
256. Адамдардың шыққан тегі, тілінің, территориясының, экономикалық өмірінің ортақтығымен, сондай–ақ этникалық санасы мен сана–сезімінде көрініс табатын психикалық ерекшеліктері және мәдениетінің ортақтығымен сипатталатын ерекше тарихи қауымдастық:
257. «Біз ұлтшылдықпен күрестік, енді сендер ұлтсыздықпен күресесіңдер» деген:
258. «Ұлттық рухсыз ұлт тәуелсіздігі болмайтынын, тарих ондайды көрген жоқ та, білмейді де. Ұлт азаттығы – ұлттық рухтың нәтижесі. Ал ұлттық рухтың өзі ұлт азаттығы мен тәуелсіздігі аясында өсіп дамиды, жеміс береді» деген:
259. Тiлi, жері, тарыхы, салт-дәстүрі, экономикалық өмірі, психологиялық касиеттері ортақ адамдар жиынтығы:
260 Республикада тұратын халықтарды топтастыру мен олардың достығын нығайтуды бiрiншi дәрежелi мiндет деп санаған алғашқы құжат:
9-тақырып. Мәдениет әлеуметтануы
261. Халықтың мәдени саладағы табыстары мен шығармашылығының сапалы жиынтығы.
262. Адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі сапалы қызметі мен өзіндік ерекшеліктері.
263. Адамның әрекетінің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті, т.б.).
264. Жеке адам бойындағы қасиеттердің сапалық дамуы және қоғамдағы құндылықтармен ұштастырылып, әлеуметтік үдерістермен біте қайнауы.
265. Адамның табиғатқа қатысымен, оны өзгерту, қайта құру үдерістерімен және өз әлеуметтік ортасымен өзара қарым‑қатынасы, өз мұқтажын қанағаттандырумен байланысты болатын.
266. Ғылым, өнер, әдебиет және адамдарды тіршілікке бағдарлайтын идеялар, құндылықтар, нормалар, салт‑дәстүр, ойлау әдістері және т.б.
267. Адамдарды басқа мақұлықтардан айыратын басты белгі.
268. Адамға әлемді, бүкіл қоршаған ортаны және өзін ғана танытып қоймайды, сонымен қатар өзі де білім және тәжірибемен толығады, бар жинаған құндылықтарды келесі ұрпаққа жеткізетін.
269. Адами қарым‑қатынастың ойлаумен бірліктегі аса маңызды көрінісі.
270. Адамдардың өз мұқтаждарын қанағаттандыру мақсатындағы, қоршаған әлемді және өз табиғатын өзгертуге бағытталған саналы әрекеті.
271. Мәдениеттің ерекше құбылыстары, оның қоғамда атқаратын қызметі, қоғамның жаңа мазмұндағы мәдени және рухани құнды мұраттарының қалыптасу заңдылықтары.
272. Адамның өмір бойына мәдениет құндылықтарды игеру үдерісі.
10-тақырып. Дін әлеуметтануы
273. Дін адамдардың алғашқы қауымдастықтарын топтастыру қажеттіктері мен әлеуметтік қажеттілікті қанағаттандыру үшін пайда болған.
274. Дінді негізгі әлеуметтік институттардың бірі ретінде зерттеу үшін әлеуметтанулық әдістер мен бағалау белгілері қажет деп санаған.
275. Діннің мәні адамдардың мінез-құлықтары мен іс-әрекеттеріне биік мақсаттар әкелу, сондықтан дінді әлеуметтік институт ретінде қарастырған.
276. Дін адамдардың мінез-құлықтары нормаларының негізі болып табылады, сондықтан да дінді арнайы әлеуметтанушылық тұрғыдан зерттеу керек деген.
277. Дін мен қоғам арасындағы диалектикалық байланыстардың жалпы заңдылықтарын зерттеу.
278. Діни психология және діни идеология, яғни діни парасат, ақыл-ой құбылыстарынан тұратын.
279. Белгілі бір дінге байланысты адамдардың сезімдерінің, көңіл-күйлерінің, мінез-құлықтарының жиынтығы.
280. Діни ғұламалардың, діни кайраткерлердің жасаған идеяларының, ойлардың белгілі бір тәртіпке, жүйеге келтірілген жиынтығы.
281. Белгілі бір объектілерге (олар өмірде болулары да мүмкін немесе ойдан шығарылған болуы да мүмкін) ықпал етуге бағытталған адамдардың жалбарыну сөздері мен практикалық дене қимылдарының жиынтығы.
282. Діндар адамдар бірлестігі және оларды басқарудың белгілі формасы болып табылатын дін құрылымының үшінші негізгі элементі.
283. Діннің қоғамдағы функциональдық қызметтерін зерттеу, талдау қажеттігін дін әлеуметтануының арнайы ғылымға айналуының басты шарты ретінде қараған.
11 - тақырып. Саяси әлеуметтану
284. саяси әлеуметтану қоғамдық өмірді жақсарту, адамдардың бақытын өсіру, мәдени құндылықтарды көбейту және қоғамдық прогресті жеделдету мақсатында жалпы әлеуметтанудың барлық мүмкіндіктерін пайдаланып келе жатқан, «әлеуметтік медицина» деп сипатталған.
285. Саяси әлеуметтануды «әлеуметтік медицина» деп сипатталған.
286. Әлеуметтік-саяси қатынастармен, санамен, саяси мәдениет және іс‑әрекетпен, олардың заңдарының қызмет етуімен байланысты проблемалардың бар жиынтығын терең зерттейтін.
287. Таптардың, басқа әлеуметтік жіктердің, этностардың, елдер-мемлекеттер, ұрпақтар, кәсіби құрылымдар және т. б. арасындағы әлеуметтік-саяси қатынастар болып саналатын.
288. Қоғамның барлық құрылымы ретіндегі тұлғалар, әлеуметтік топтар, этностар, олардың ұйымдары, қозғалыстар, институттар мен олардың қызмет ету салаларының саясатпен өзара әсерлік заңдары.
289. Әлеуметтік-саяси өмірдің қызмет ету заңдары мен олардың дамуының заңдылықтарын зерттейтін.
290. Әлеуметтік-саяси субъектілер мен объектілердің, әртүрлі элементтерінің өзара әрекетін, байланысын зерттейтін заңдар.
291. Бір әлеуметтік-саяси жағдайдан екіншіге ауысу, сапалық өзгерістерді зерттейтін заңдар.
292. Адамның саяси ілімдерді, ережелерді, құндылықтарды бойына сіңіріп, оларды өзінің рухани ішкі дүниесіне айналдырып, сол арқылы өзінің саяси санасы мен мәдениетін қалыптастыру, саяси іс-әрекетке дайындалу үдерісі.
12 - тақырып. Экономикалық әлеуметтану
293. Негізгі мақсаты экономика қаншалықты дәрежеде адамдардың әлеуметтік қажеттілігін қанағаттандырады, әлеуметтік институттардың қызметіне және адамдардың мінез‑құлқына, сондай‑ақ олардың әлеуметтік сапасының қоғамның экономикалық саласына қандай әсер ететінін анықтау болып саналатын жалпы әлеуметтанудың салаларының бірі.
294. Қоғамның экономикалық және әлеуметтік салаларының өзара қарым‑қатынасын, сондай‑ақ олардың басқа салаларымен байланысын зерттейді, сол себепті экономикалық әлеуметтанудың зерттеу пәні экономикалық және әлеуметтік факторлардың өзара әрекеті мен әсерін талдайтын.
295. Экономика әлеуметтануының пәнін «әлеуметтік –экономикалық құбылыс» деп түсіндірген.
296. Адамның өзінің өмір сүруі үшін және идеалды қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін біріге және ұйымдаса тіршілік етуі.
297. Қоғамның экономикалық дамуының әлеуметтік аспектілері, экономикалық және әлеуметтік құбылыстар мен үдерістердің бір-бірімен тығыз байланысы және қарым‑қатынастарын зерттеу.
298. Адамның ең жоғары қасиеттері — білім деңгейі мен мамандығы, саналылығы мен инабаттылығы, еңбек сүйгіштігі мен ынталығы, ұқыптылығы мен қайырымдылығы, әділеттілігі мен жауапкершілігі, белсенділігі мен шаруақорлығының және т.б. қоғамдық өндірісті дамытып, оның өнімін көбейтуге, сапалы тауарларды көп өңдіруге тікелей әсерін тигізіп отыратын экономикалық дамудың әлеуметтік қырын.
299. Экономиканы дамытуға қоғамның әлеуметтік сипатының әсерінің нақты жолдары мен әдістерін, ал экономиканың жағдайы мен дамуының әлеуметтік қатынастарға ықпалын айқындау.
300. Экономикалық Жалпы экономикалық және әлеуметтік құбылыстар мен үдерістердің қарым-қатынас және даму заңдылығын зерттейтін жалпы әлеуметтану ғылымының бір саласы.
301. Байланыс пен қатынастардың ең тұрақты, қайталанатын, қажетті, мәнді, басты жақтарының жиынтығын.
302. Әлеуметтік алуан түрлі топтардың, жіктердің мұң-мұқтажын, мүддесін, талап-тілегін қанағаттандырып, іске асыру жағын ойластырса, сондай-ақ жалпы экономикалық дамудың факторлары мен алғышарттарын, экономикалық және әлеуметтік дамудағы байланыс-қатынастардың мәнін зерттейтін жалпы әлеуметтану ғылымының бір саласы.
13-тақырып. Құқық әлеуметтануы
303. Қоғамдағы тәртіпті, әлеуметтік бірлікті, қатынастарды, тұрақтылықты реттейтін және қамтамасыз ететін құқықты әлеуметтік институт ретінде зерттейтін әлеуметтану ғылымының саласы.
304. Жалпы әлеуметтанудың бір саласы және құқықтың әлеуметтік аспектілерін зерттейтін жеке әлеуметтанулық теория болып табылатын әлеуметтану ғылымының саласы.
305. Алуан түрлі нормалар мен ережелердің, бұйрық-жарлықтардың, талап-тілектердің әлеуметтік институт ретінде жиынтығы.
306. Қоғамның объективтік, әлеуметтік, нормативтік (ережелік) құрылымын белгілейтін, әлеуметтік себептердің байланысын, шарттылығын анықтайтын.
307. Қоғамдағы әлеуметтік тәртіп, адамдардың іс-әрекеті өзара бір нысанаға бағытталған және ондағы өмір сүрген әлеуметтік нормалар мен ережелер әрбір адамның жеке дара қалыптасқан үдерісінде көрінетін.
308. Жалпы әлеуметтанудың бір саласы және құқықтың әлеуметтік аспектілерін зерттейтін жеке әлеуметтанулық теориясы.
309. Құқықтың қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны мен атқаратын функциясын, құқықтық ережелердің құрылымын, олардың адамдарға, топтарға, жіктерге және т.б. пайдалылығы мен тиімділігін зерттеу.
310. Құқықтық нормалар мен құқықтық қатынастарды зерттейді.
311. Ереже, мөлшер, шама деген мағыналарды білдіретін латын тілінен алынған ұғым.
312. Құқықтық актілерді қалыптастыру, яғни әлеуметтік қатынастарды заңдық нормаларға айналдыру үдерісінде, сондай-ақ құқықтық бұйрықтардың жеке адамдар мен әлеуметтік топтардың мінез-құлқында жүзеге асуында пайда болған әлеуметтік қатынастар.
313. Қоғамдағы адамдардың алуан түрлі жіктерінің, топтарының әр саладағы жұмысын, қызметін бақылап, тәртіпке салып, реттеп отыратын.
314. Құқықты, құқықтық сана мен шығармашылықты қалыптастырудың, құқықтық пен заңдық ережелерді әлеуметтік тәртіпке айналдыру үдерісі ретінде қарастыраты әлеуметтанудың бір саласы.
14-тақырып. Әлеуметтік ұйымдар мен әлеуметтік институттар
315. Белгілі бір әлеуметтік индивидтер мен топтардың мүддесін білдіріп, оны қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде мүшелікке кірген, оған материалдық көмек көрсететін, мүшелерінің арасында еңбек бөлінісі жүзеге асқан, төменнен жоғарыға дейін тұрақты ұйымдық құрылымы бар, өзін-өзі басқаратын азаматтардың бірлестігі.
316. Адамдардың аса маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыру үдерісі тәртіпке келтірген, тұрақты сипаты бар, өзін-өзі жаңартып отыратын әлеуметтік әрекеттер мен өзара қарым-қатынастардың жиынтығы.
317. Адамдардың мүдделерін қанағаттандыру мақсатында пайда болған, белгілі бір әлеуметтік мәні бар функцияларды атқаратын, әлеуметтік әрекеттестіктің тарихи қалыптасқан, нығайған, өзін-өзі тұрақты жаңартып отыратын, әлеуметтік жүйеде тығыз байланысқан, әлеуметтік нормалар мен ережелер, әлеуметтік рөлдер мен мәртебелер негізінде мақсатқа бірге қол жеткізетін адамдардың ұйымдасқан бірлестігінің түрі.
318. Ең бірінші әлеуметтік құрылымның өмір сүруін қамтамасыз ететін әлдеқалай дәстүрін, қоғамдық өмірдің жарғысын (уставын), адамдардың қызмет істейтін бірлестіктері мен оларды ұжымдарға мақсатты біріктіретін ұйымдастырушы күші.
319. Адамдардың біріккен тірлігінің тарихи қалыптасқан тұрақты ұйымын, іс‑әрекеті мен өзара әрекетін, олардың қызметінің әртүрлі саласын, мінез‑құлқын реттеуші және оларды әлеуметтік рөлдер мен мәртебелер жүйесіне жинақтаушы тұрақты ережелер, нормалар мен тәртіптер (установки) кешенін.
320. Дәстүрлер, нормалар және құндылықтарға негізделген адамдардың ұжымдық тірлігінің түрін, адамдарды ортақ мақсатқа жетуге күш‑жігерін ұйыстыратын ұйымның ерекше формасын.
321. Қоғамдық өмірдің экономикалық, саяси, құқықтық, адамгершілік, сондай-ақ адамдардың өмір сүруінің әлеуметтік ережелері мен мінез-құлқының нормаларын бойына сіңірген қоғамдық қызмет пен әлеуметтік қатынастардың белгілі ұйымы.
15-тақырып. Әлеуметтік шиеленістер
322. Адамдардың өздерінің өмірлік қажеттіліктерін (тамақ, киім, тұрғын үй, қауіпсіздік, ұрпақ жалғастығы, рухани даму және басқалар) қанағаттандыру үдерісінің бір мағынасы.
323. Жеке адамдар немесе әлеуметтік топтар арасындағы өзара әрекеттің нәтижесінде пайда болатын құбылыстар мен үдерістер жиынтығының екінші мағынасы.
324. Әртүрлі таптардың, топтардың, жіктердің, жекелеген тұлғалардың өзіндік мақсат-мүдделерінің, құндылықтарының, талап-тілектерінің, пікір‑көзқарастарының қайшы келуі.
325. Заттар мен құбылыстардың дамуы қарама-қарсылықтардың күресінен туады деген.
326. Қоғамдық үдерістердің дамуында қайшылықтардың пайдалылығын атап көрсеткен ойшыл.
327. Қарама-қарсылықтардың қайшылықтары мен күресін жоғары бағалаған ұлы фәлсафашысы.
328. Тап күресі таптық қоғамдардың дамуының зандылығы және қозғаушы күші деп санағандар.
329. Қазіргі кезде қоғамдағы шиеленістерді арнайы зерттейтін ғылым.
330. Мейірімсіздікке, төзімсіздікке, озбырлыққа әкелетін, қоғамды бүліндіріп, тығырыққа тірейтін саяси, әлеуметтік шиеленістердің шығу заңдылықтарын біліп, реттеу жолдарын іздестіріп, оның алдын алуға бағытталған ғылым.
331. Өзінің мақсат‑мүддесіне, көздеген ойларына қарай шиеленістік жағдайды тудыра алатын және оның барысына саналы түрде ықпал ететін белсенді тарап.
332. Қайшылықтың мәні мен маңызын кейде түсініп, кейде жеткілікті түсіне бермей‑ақ, тіпті кездейсоқ болмаса өз еркінсіз шиеленіске қатысушы.
333. Шиеленістің нақты себебі, сылтауы, қозғаушы күші.
