Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1240_leumetanu_p_1241_ninen_ta_1179_yrypty_1179...docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
69.96 Кб
Скачать

3. Хіх ғасырдың екінші жартысы мен хх ғасырдың басындағы Қазақстандағы әлеуметтік ой-пікірлер тарихынан.

83. Ресеймен экономикалық және мәдени байланысты нығайта түсу қазақ халқының дамуы үшін қажет деп санаған.

84. «Халықтың қалыпты түрде өсуі үшін ол халық дамудың қандай дәрежесінде тұрса да, өздігімен дамуы, өзін өзі қорғауы, өзін өзі билеуі қажет» деп жазған.

85. Патша үкіметінің христиан дініндегі әрі отырықшы орыс тұрғындарына дайындалған сот реформасы жобасының көшпенді, діні бөлек халыққа түгелдей қолданылса, оның пайдасынан гөрі зияны мол екенін, тіпті «тұрпайылылық» болатынын атап көрсеткен.

86. Адамның тұрмыс қажетін өтейтін реформа ғана пайдалы да, ал бұл мақсатқа қандай да болса кедергі келтіретіні зиянды болып табылады деген.

87. Қандай бір болмасын реформаға қоғамдық қажеттілік болғанда ғана жүзеге асатынын атап көрсеткен.

88. Реформаны іске асыру барысында қоғамдық‑тарихи үдерістердің, халықтың ерекшеліктерін ескеруді қажет деп санаған.

89. Реформалардың сәтті болуы халықтың тұрмыс-салты мен әдет-ғұрпын, заңдарын жан-жақты зерттеуге байланысты екенін айтқан.

90. Қоғамдық‑саяси жаңарудың қозғаушы тетігі ретінде экономикалық және әлеуметтік факторларға бірінші кезекте мән берген.

91. «Біздің қазіргі уақытымызда халыққа етене жақыны әрі ең маңыздысы болып, оның ең толғақты қажеттіліктеріне тікелей қатысты реформа экономикалық және әлеуметтік реформалар есептеген.

92. Саяси реформаларды экономикалық реформаларды жүргізу құралы ретінде санаған.

93. «Прогресс» деген ұғымның мазмұнын адамдардың материалдық әл‑ауқатын жақсартуға қатысты қарап, оны халықтың бостандығы және ағарту ісімен байланыстырған.

94. Өз кезіндегі патрирхалдық-феодалдық қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымын көре алған.

95. Қазақ қоғамының ерекше мәртебе, құқықтарға ие сұлтандар, билер, байлар мен қожалар және «қыр пролетарлары» ‑ кедейлерден тұратынын көре білген.

96. «Бүкіл ұлттың мүддесі» жекелеген топтың мүддесінен жоғары тұруы қажет деген.

97. Қазақ халқын білімге, мәдениетке үндеген.

98. Білімді адам қоғамда еркін болады дей отырып, бәрінен бұрын оқу қажет деп санаған.

99. «Ең бейбітшілікті сүйгіш халықтардың бірі» дей отырып, алдағы өркендеу де қазақтардың үлесіне тиесілі деген оптимистік пікір танытқан.

100. Тарихты алып барушы күш — халық екенін дұрыс таныған.

101. Қазақ халқының жаңаруын оқу-білім беру, ағарту ісінен іздеген.

102. Оқу-білім арқылы қолынан келгенше ұлтының рухани және мәдени өркендеуіне ықпал жасау деп білген.

103. Қазақ жеріне өктемдік пен заңсыздық әкелген патшалық отаршыл үкіметті батыл сынаған.

104. Билеп-төстеушілердің орынсыз баюына жол ашатын нәрсе - олардың қолындағы шексіз билік деп ұққан:

105. Шексіз билікті халықтың еркімен шектеуді дұрыс деп санаған:

106. Әдебиеттің әлеуметтік өмірмен тығыз байланыста қараған.

107. Поэзияның халықтың рухани серігі болып келе жатқандығы туралы ойдың егесі:

108. Көшпелі елдердің мәдениеті жоқ деп санайтын және оны менсінбейтін кейбір Еуропа ғалымдарының пікіріне дау айтқан.

109. Көшпенділерге нәсілшілдік қатынасты әшкерелей отырып, қазақтардың өзіндік ерекшеліктерін, мәдениетін, ақыл‑парасатын, адамгершілік қасиеттерін жоғары бағалаған.

110. Халықтардың тұрмыс ұқсастығы олардың әдебиеттерінің ұқсастығын туғызатыны туралы ой тұжырымдаған.

111. Табиғат пен қоршаған ақиқат‑шындық адамның санасынан тыс тіршілік етеді деген шешімге келген, әлемді мәңгілік және шексіз деп санаған.

112. Шамандықтың шығуын адамның табиғатты қадір тұтуымен, ерекше мәпелеуімен байланыстырды, болмысты коршап тұрған табиғат адам санасына тәуелді емес деп түсінген.

113. Табиғаттың адамға, әсіресе оның аңғалдық кезеңінде ықпалы тым күшті, тым қуатты болды, тым құпия болды, сөйтіп адам өзі өмірінде басшылыққа алатын табиғатқа қатысты ереже‑қағидалар тудырды деген.

114. Діни надандықтың қас жауы болды, қазақтарға татар молдалары мен ортаазиялық өтірік әулиелердің зиянды әсерін әшкерелеген.

115. Мұсылмандық фанатизм мен діни кертартпалықты қауымының өркендеуіне бірден-бір тежеу деп ұққан.

116. Билікті халықтың еркімен шектеуді дұрыс деп санаған.

117. «Менің үнемі ұмтылған тілегім – қалай да пайдалы адам болып шығу еді. Ал қазір осыған қолым жетіп отырғанын ойласам, көңілім толық жұбаныш табады» деп жазған.

118. Тұңғыш рет мектеп ашқан, қараңғы қазақ даласында білім шырағын жаққан, халқын ана тілінде оқытуды әлеуметтік мұрат еткен.

119. Мектепті қазақтарға білім берудің басты құралы, біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі осы деп санаған.

120. Мектеп ең алдымен халықтық мектеп болуы, ол халықтың тұрмысына ыңғайлы, шаруашылығына қолайлы болып құрылуы керек деген.

121. Ауыл мектептері үлгілі, тәртіпті, көрнекі, мәдениетті, ауылдағы бүкіл мәдени-ағарту жұмысының орталығы, «қазақтарды оқытудың негізгі буыны» болуға тиіс деген.

122. Мектеп ішкі мазмұнымен ғана үлгілі болып қоймасын, сонымен бірге сыртқы формасымен де ауылға үлгі берсін деген.

123. Қазақ шаруалары балаларын мектепке алып келгенде, балам білім алады деп қана қуанбасын, өзі де сол мектепті көріп, «өмірді осылай құру керек екен» деп, үлгі алып қайтатын болсын деп есептеген.

124. Қазақ балаларымен қатар қыздарға да білім беру, олардың бойына түрлі кәсіптік мамандық дәнін егу жөніндегі қажырлы жұмыстардың тұңғыш ұйымдастырушы.

125. Сауаттылықты ашумен қатар жастарды өмірге дайындау мәселесін көтерген.

126. Өзінің практикалық ісінде өзі ұйымдастырып, ашқан мектептерін мейлінше үлгілі етіп құрды, мектеп жастарын білімге, өнерге, тазалыққа, адалдыққа, халықты сүюге, оған қызмет етуге, шаруашылыққа болысып, ата-анасына жәрдем беруге, еңбекке баулыған.

127. «Халық мектептері үшін ең керектісі – оқытушы, тамаша педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, әбден мұқият жүргізілетін инспектор бақылауы да жақсы оқытушыға тең келе алмайды» деген.

128. «Бізге ең ауыр, жауапты кезең кез келіп отыр, бұл кезеңде біз бәрін жаңадан бастап жасауымыз керек, осы жаңалықтың бәрін де қараңғы халықтың арасына енгізіп, күшіміздің келгенінше, біліміміздің жеткенінше олардың көзін ашуымыз керек» деп жазған.

129. Нағыз адамдар — ғылымды игерген, біліммен қаруланған, дүниенің игілігін өздерінің рухани өсулеріне пайдалана білетін кісілер деген.

130. Ғылым мен білім адамды сол кездегі қазақ қоғамының жауы надаңдықтың бұғауынан босатып, оның ойын өрелі өріске жетелейді деп санаған.

131. «...Қазақ халқы азбаған, табиғаты таза халық. Оның талабы біреу салып берген тар шеңбердің қыспағына сыя алмайды: ой‑пікірі еркін; оның келешегі үшін оған тек сана‑сезім жағынан жалпы білім мен пайдалы өнерді үйрену керек болып отыр» деп жазған.

132. «Өзінің табиғи жаратылысында әр нәрсені білуге құмар және ұғымпаз, зерек халық» деп жазған:

133. «Ал егер осы бұзылмаған, іскер, дарынды халық орыс арасында үш жүз жыл тұрса да фанатизм бойына сіңгендіктен, азғана бөлігі болмаса, әлі күнге надандықтан шыға алмай отырған татарлардың ықпалына біржола түсіп кетсе, онда бұл өте өкінішті болар еді» деп жазған.

134. «Осы мақаламда қазақ еліне орыс селендерін әкеліп орнатпақ болған пікірлерге қарсы екенімді білдірдім. Бұл пікір, меніңше, ешбір ақылға сыймайтын нәрсе сияқты. Егер істі дұрыс жүргізе білмесе, онда айттым да қойдым, қазақтар келешегі жақсы деп үміт етіп отырған осы халық тез құрып кетеді, содан кейін бұл істі ешқандай түзете алмайсың» деп жазған.

135. «Қазақ арасындағы қызмет адамдарын да көңілім тіпті сүймейді. Олар кедей қазақтарды, қарсылық көрсете алмай қасқырдың аузында жем болатын қорғансыз момындарды адамшылықтың шегінен шыға арсыздықпен тонайды, талайды» деп налыған.

136. Өз кезінде исламды жетік меңгерді, қазақ елінің рухани тәрбиесіндегі діннің рөліне ерекше мән берді, дінді оқыту ісі мен тәрбиеден бөлмеген.

137. Қазақ қоғамындағы ертеден келе жатқан әдет-ғұрып, дәстүр нормаларының адамдар арасындағы байланыс пен қарым-қатынастарды нығайтудағы рөлін ашып көрсеткен.

138. Қазақтардың құда болу салтына ерекше мән беріп, одан қоғамды нығайтудың бірден-бір маңызды факторын байқаған.

139. Абайдың: «Дүние үлкен көл, замана соққан жел, алдыңғы толқын ағалар, артқы толқын інілер, кезекпенен өлінер, баяғыдай көрінер» деген ойы нені білдіреді?

140. «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» деген Абайдың нешінші сөзінде?

141. Абайдың: «Мақсатым тіл ұстартып өнер шашпақ, Наданның көзін қойып көңілін ашпақ...» дегенін қалай түсінесің?

142. Дүниені білуге, тануға болатындығын дұрыс топшылай отырып, адам баласының жануарлар дүниесінен айырмасын көрсетіп, саналы іске мегзеген:

143. «Адамның жан азығы — білуге құмарлығы, бұл болмаса оның малдан айырмашылығы жоқ» деп адамды білімге уағыздаған:

144. «Білмекке құмарлықты қанағаттандыру — дүниенің көзге көрінген және көрінбеген қасиеттерін танып білу, іздену, сұрап білу, ғылымға ұмтылу, дүние сырын білу, бұлар көкірекке сәуле, көңілге сенім береді» деп өмірдің мән‑мағынасын айқындаған.

145. "Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ" сияқты адам баласының бес дұшпанын атап көрсету арқылы халықты түзетуге тырысқан, жаман қасиеттерден сақтандырған.

146. "Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым — ойлап қой" деп адамзатты биік мәртебелерге жеткізетін «асыл істерді» қарсы қойып, жаманнан жиренуді, жақсыдан үйренуді насихаттаған.

147. Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрседен сақтандырып, «Әуелі – надандық, екінші – еріншектік, үшінші – залымдық» деп нақты атап берген.

148. «Надандық – білім-ғылымның жоқтығы, дүниеден ешнәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік хайуандық болады» деген.

149. Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талассыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады деген.

150. Залымдық – адам баласының дұшпаны» деп, бұлардың басты емі білім, ғылым екендігіне назар аударған.

151. «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық» деген.

152. «Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ — өнерсіз иттің ісі. Әуелі құдайға сиынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, енбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды» деген.

153. Қоғамдағы теңсіздердің теңелуі үшін, отаршылық қысымнан құтылу үшін халыққа ағартушылық жолы ұсынған.

154. Ислам жолына түскендер иманның ақиқатын білулері керек деген.

155. Иман дегенді Алла тағаланың бірлігіне, құран сөзі оның сөзі екендігіне, пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.у.) оның тарапынан елші екендігіне сену деп түсіндірген.

156. «Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік ‑ бәрі осыдан шығады» деп жазған.

157. «Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ — өнерсіз иттің ісі. Әуелі құдайға сиынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды» деп адал еңбекке үндеген.

158. Жанын қарманып, адал еңбекпен мал табуды арлы адамның ісі санаған:

159. Малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек деген.

160. «Сақалын сатқан кәріден, еңбегін сатқан бала артық» деген.

161. «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың, адамшылықтың қарызы үшін еңбек кыл» деп еңбек еткен адамды айрықша бағалаған.

162. Еңбектің биік мәртебесін, оның адамгершілік қасиеттің көрінісі екенін атап көрсеткен.

163. Қоғам өміріндегі игілік пен дәулет біткеннің бәрін жасаған адам еңбегі, ал барлық жаманшылық, тіпті халықтың артта қалушылығы еңбексіздіктен деп санаған.

164. Ел еңбекпен көркейеді, елдің шырқын бұзатындар еңбек етпейтін арамтамақтар, еңбексіз жатып ішу адам баласын аздырады деп пайымдаған.

165. «Тамағы жоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын" деген.

166. "Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей" деген.

167. Білуді, тіпті ілгері басу, жоғары өрлеу, жетілу сықылды қоғамдық қасиеттерді тек қозғалу арқылы, еңбек арқылы болатын іс деп таныған.

168. "Түбінде баянды еңбек егін салған, Жасынан оқу оқып, білім алған ", - деп еңбек туралы ойын түйіндеп, адал еңбегін сауған қолөнер иесін ‑ қазақтың әулиесі деп жоғары бағалаған.