
- •1. Әлеуметтану ғылыми пән ретінде
- •2. Әлемдік әлеуметтанудың негізгі тарихи даму кезеңдері
- •3. Хіх ғасырдың екінші жартысы мен хх ғасырдың басындағы Қазақстандағы әлеуметтік ой-пікірлер тарихынан.
- •4. Алаш көсемдерінің әлеуметтік көзқарастары
- •5. Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
- •6. Қоғамның әлеуметтік жіктелуі (стратификация) және әлеуметтік мобильділік теориясы
4. Алаш көсемдерінің әлеуметтік көзқарастары
169. ХХ ғасырдың басында халқымыздың ұлттық санасының оянуына айрықша әсер еткен аса ірі қоғам және мемлекет қайраткері.
170. Қазақтың ұлттық ерекшеліктерін сақтай және сана-сезімін оята отырып, қазақ қоғамын Ресей мен Еуропаның озық мәдениетіне жеткізу, ортағасырлық әлеуметтік-экономикалық мешеуліктен алып шығатын батыстың буржуазиялық қатынас жолын таңдаған.
171. 1905 жылдың қарашасында Мәскеуде өткен жергілікті және қала қайраткерлерінің съезінде қазақ халқына таяудағы басты қажеттілік – ана тіліне, діни, сайлауға бостандық туралы мәселелерді көтерген.
172. «Рухани мәдениеттің бір белгісі – жұрт баласына жалпы оқу, газета, кітап оқып, ғылым жолын тану, қол жеткені ғылым жолында ізденіп, адам баласына жақсылық жол ашу» деп жазған.
173. «Көңіл жүйрік пе, көк дөнен жүйрік пе?» дейтін қазақ мақалын айта отырып, білімнің бәрінен жүйріктігін атап көрсеткен, білім құдіретіне, оның адам өміріндегі мәніне ерекше көңіл бөлген.
174. Кестелі сөзді мақалалар газет деңгейін көтеріп қана қоймай, оның қазынасын да молайтатыны, газеттің оқушысы көп болса, оның қазынасы да бай болатыны, газеттің жаны – мақала екендігін баса айтқан.
175. Өзінің шәкірттеріне «Ұлтқа пайдалы адам болғыңыз келсе, бәрінен бұрын орыс өкіметінің атамекеніміздегі жер саясатын мұқият зерттеп, үйренуге тырысыңыз. Сізге не істеу керектігін осы саясаттың өзі-ақ көрсетіп береді» - деп кеңес берген.
176. «Оқыған азаматтардың тұңғыш көсемі» ретінде танылған, өзі өмір сүрген қоғамның көкейкесті әлеуметтік мәселелерін қозғаған, адамды рухани қалыптастырудағы оқу-білімнің құдіретін терең түсінген ойшыл.
177. Ел ішіндегі надандық пен жалқаулықты қазақты артқа тартып отырған аса қиын мәселелер деп санаған.
178. Өнер мен ғылымның қадіріне жеткен өзге елдерді өнеге ете отырып, өнер-білімнің теңдікке жеткізетінін, әлсіздерге күш беретінін, тұрмысты түзететінін, оған қол жеткізгендердің басқалардың аяқ астында жаншылмайтынын, олармен терезесі тең болатынын айтқан.
179. Дүниеде ерге теңдік, кемге кеңдік, азды көпке теңгеретін ғылым менен өнерді, елсізді елдіге теңгеретін, жоқты барға теңгеретін ғылым менен өнерді керек қылатын қазақ аз» деп налыған.
180. Батыс мәдениетінен алшақ, білім-ғылымнан кенже қалған, күнделікті малын бағып, егінін еккеннен басқа тірлігі шамалы, бейқам, жым-жырт жатқан қазақ халқын оятуды басты мақсат еткен.
181. «Баяғы қалпы мен салты, ұйқыдан басқаны ойлай қоймайтын жұртты, қымызға қанып, қызарып жанып жүрген бай мен шалап ішіп мас болған кедейді» оятуды басты мақсат еткен.
182. «Малы қамауда, жаны талауда, ұйқысы әлі қанбаған» халқына көзіңді аш, оян, ұйықтайтын не сиқың бар дей отырып, алға басып, жұрт қатарына кіру, басқадан кем болмаудың басты амалы білім мен ғылым деп білген.
183. Еуропада ғылым, өнер толық, қазақта олардың жұрнағы да жоқ деп, Еуропаны үлгі тұтқан.
184. Жастардың оқу-тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді деп санаған.
185. Адам баласын көкте құстай ұшқызған да, суда балықтай жүздірген де, дүниенің бір шеті мен бір шетіне шапшаң хабар алғызған да, отарба, от кемелерді жүргізген де ғылым екенін айта отырып, басқа елдердің де қазақ еліндей болғанын, олардың бүгінгі күндерге тек ғылым арқылы жетіп отырғанын айтқан.
186. «Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шықсын. ...Баланы ұлша тәрбиелесең, ұл болмақшы, құлша тәрбиелесең, құл болмақшы» - деп жазған.
187. Бастауыш мектепте қазақтың діні, тілі, жазуы таза болуы, оның миссионерлік пікірден, саясаттан алыс болуы алға тартқан.
188. Қазақты дінінен, болмаса жазуынан айыруға болмайтыны, сол себепті үкімет мектеп арқылы қазақтың дінін, тілін, жазуын жоғалтып, орысшаға аударамын деген пікірден безіп, бастауыш мектеп екі жаққа да пайдалы болуы керектігі атап көрсеткен.
189. Бала оқыту ғылымынан хабардар мұғалім – мектептің жаны, мұғалім қандай болса, мектеп сондай болады деген.
190. «Біз кейін қалған халық, алға басып, жұрт қатарына кіру керек. Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» деген.