
- •1. Әлеуметтану ғылыми пән ретінде
- •2. Әлемдік әлеуметтанудың негізгі тарихи даму кезеңдері
- •3. Хіх ғасырдың екінші жартысы мен хх ғасырдың басындағы Қазақстандағы әлеуметтік ой-пікірлер тарихынан.
- •4. Алаш көсемдерінің әлеуметтік көзқарастары
- •5. Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
- •6. Қоғамның әлеуметтік жіктелуі (стратификация) және әлеуметтік мобильділік теориясы
ӘЛЕУМЕТТАНУ ПӘНІНЕН ЖАЛПЫ БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Әлеуметтану ғылыми пән ретінде
1. Ұғымдар дегенді қалай түсінесің?
2. «Қоғамның» әлеуметтанулық анықтамасын айт?.
3. «Әлеумет» ұғымын мәнін айт?
4. Жүйе дегеніміз не? 5. Әлеуметтік жүйе дегеніміз не?
6. «Қоғамдық» және «әлеуметтік» ұғымдарының мәні және айырмашылықтарын айт.
7. Әлеуметтік іс-әрекет дегенді қалай түсінесің?
8. Әлеуметтік топ дегеніміз не?
9. Әлеуметтанудың объектісі мен пәнінің ортақ мен айырмашылық жақтарын түсіндір?
10. Г.Спенсер әлеуметтанудың пәнін туралы не айтты?
11. Адамдардың қарым‑қатынастарының туындысы ретіндегі әлеуметтік топтың құрылуы, дамуы, құрылымы және функциясы н әлеуметтанудың пәні деген кім?
12. Әлеуметтанудың пәні – адамдардың әлеуметтік әрекет үстіндегі мінез‑құлқы деген кім?
13. Неге М.Вебер әлеуметтануды әлеуметтік әрекетті түсіндіретін ғылым деді?
14.Э.Дюркгеймнің әлеуметтанудың пәні ‑ әлеуметтік институттар, ол әлеуметтік фактыларды зерттейді дегенді қалай түсінесің?
15. Әлеуметтік заңдар дегеніміз не?
16. Әлеуметтану ғылымы нешеге бөлінеді? Оларды ата?
17. Әлеуметтанудың функциялары деген не?
18. Әлеуметтанудың функцияларын ата?
2. Әлемдік әлеуметтанудың негізгі тарихи даму кезеңдері
12. Конфуций мемлекет туралы.
13. Конфуций қоғамға ұсынған принципі.
14. Конфуций мемлекетті қандай организм санады?
15. Платон қоғамның басшысы жөнінде.
16. Платонша мемлекет туралы.
17. Платон қоғамды басқарудың негізгі құралы туралы.
18. Платонның ойынша, қоғамның тууының негізгі себебі.
19. Платон әрбір қоғамдық жікке жарасымдылық жөнінде.
20. Платон қоғамға тән ізгілік хақында.
21. Аристотельше мемлекеттің негізгі мақсаты.
22. Аристотельше дұрыс мемлекет.
23. Аристотель қоғамдық игілікті көздеген мемлекет туралы.
24. Фома Аквинскийше, әлеуметтік теңсіздік пен қоғамның әлеуметтік құрылымының күрделенуінің себебі жөнінде.
25. Томас Гоббстің қоғамдық тұжырымдамасы.
26. Томас Гоббс қоғамның пайда болуы туралы.
27. Ибн‑Халдунша, адамдардың әлеуметтік жікке бөлінуі.
28. Ибн‑Халдун қоғамның әлеуметтік құрылымының өзгерісі туралы.
29. Ибн‑Халдун әлеуметтік-саяси үдерістер жөнінде.
30. Джон Локк мемлекеттің рөлі туралы.
31. Монтескьенің «Заңдар рухы туралы» басты еңбегі жөнінде.
32. Замандастары Шарль Монтескьені әлеуметтану ғылымы жоқ кездегі кім деп атады?
33. Шарль Монтескьенінің тарихты тануы.
34. Монтескье қоғам заңдары туралы.
35. Жан-Жак Руссоның пікірінше, заңдар кімнің еркін танытуы қажет?
36. Сен‑Симон позитивизм туралы.
37. «Позитивизм» ұғымы дегенді түсіндір?
38. Сен‑Симон қоғамды жаңартудың принциптері жайында.
39. Сен‑Симон социализм мен әлеуметтанудың қалыптасуындағы рөлі.
40. Әлеуметтану ғылымының негізін салушы.
41. О.Конт қоғамды ... жүйе ретінде қарастырды.
42. Қоғамды әлеуметтік жүйе ретінде алғаш зерттеген.
43. О. Конттың пікірінше, қоғамның ілгері дамуының негізінде не жатыр?
44. О.Конт ақыл-ойдың қоғамның дамуындағы рөлі туралы.
45. Алғаш әлеуметтік статика, әлеуметтік динамика туралы әлеуметтанулық тұжырымдамалар жасаған әлеуметтанушы.
46. Г.Спенсер өзінің әлеуметтанулық тұжырымдарын неге негіздеді?
47. Г.Спенсер қоғамды қандай организм ретінде қарастырды?
48. Биологиялық организмнің эволюция заңын қоғамға алғаш пайдаланған.
49. Эволюция дегеніміз не?
50. Әлеуметтану ғылымына әлеуметтік өсу, әлеуметтік институт, әлеуметтік құрылым және функция т.б. әлеуметтанулық ұғымдарды тұңғыш енгізген кім?
51. Қандай ойлары үшін кейбір батыс зерттеушілері К.Марксты ХХ ғасырдың әлеуметтік ойының кіндік шешесі деп атады?
52. Алғаш немістің ұлы философы Гегельдің диалектикалық әдісін қолдана отырып, өз кезіндегі капитализмнің әлеуметтік құрылымын жан‑жақты зерттеген.
53. Әлеуметтік‑саяси қатынастың дамуының, барлық тарихи оқиғалардың негізгі себебі мен шешуші күші материалдық өндірісте, қоғамның экономикалық дамуының сипатында жатыр деген.
54. Өз кезіндегі капитализмнің әлеуметтік құрылымын жан‑жақты зерттей отырып, әлеуметтік‑саяси қатынастың дамуы экономикалық факторда, барлық тарихи оқиғалардың негізгі себебі мен шешуші күші материалдық өндірісте, қоғамның экономикалық дамуының сипатында жатыр деген.
55. Қоғамды әртүрлі элементтерден тұратын жүйе ретіндегі адамдардың өзара әрекетінің туындысы деген.
56. Қоғамның объективтік-материалистік теориясын жасап, оның дамуы "формация", яғни ерекше бір құбылыс ретінде қарастырған.
57. Қоғамның даму заңдарын түсіндірілгенде, әр уақытта экономика (яғни, өңдіріс тәсілі, оның ішінде өндіргіш күштер, оларға сәйкес өндірістік қатынастар) ең басты, қозғаушы, шешуші күш деп санаған.
58. Қоғамды жікке, топқа бөлудің негізгі, басты белгісі өндірістік құрал-жабдыктарына меншік нысанына байланыстырған.
59. Алғаш әлеуметтік құрылым (яғни, қоғамды таптарға, топтарға, жікке бөлу) теориясы жасаған.
60. Қоғамның әлеуметтік құрылымы таптардың экономикалық қатынастары арқылы анықталады деген.
61. Француз әлеуметтану мектебінің негізін салушы.
62. Еуропада әлеуметтанудың институттену үдерісі, оның өз алдына ғылым ретінде қалыптасуы кімнің атымен тығыз байланысты?
63. Өз тұжырымдамасында әлеуметтану қоғамдық ғылымдардың ішінде ең басты орынды алады деген.
64. Әлеуметтану басқа қоғамдық ғылымдарды әртүрлі ғылыми әдістемелер, теорияларымен қаруландырады деген.
64. Өзінің әлеуметтанулық тұжырымының өзегін құраған әлеуметтік келісім мен ынтымақтастық (теория солидарности) теориясын зерттеген. 65. Әлеуметтанудың басты міңдеті - әлеуметтік байланыстар мен қатынастардың табиғатын, негізін анықтау деп атап көрсеткен.
66. Қоғамда әлеуметтік проблемалар мен шиеленістердің болатынын білген.
66. Қоғам дамуындағы өзгерістерге талдау жасай келе, қоғамның тұтастығының негізі — ұжымдық сана деп санаған.
67. Әр қоғамда өзіне тән тарихи қалыптасқан салт-дәстүрдің, әдет-ғұрыптың, көзқарастардың, моральдық нормалар мен ережелердің жиынтығы болады деп түсінігін.
68. Қоғамда аномия (яғни, қоғамда адамдардың тәртібін, адамгершілік қасиеттерін басқарудың төмендеп кетуі) құбылысының объективті орын алатынын атап көрсеткен.
69. Адамды моральдық, рухани тұрғыдан басқаратын қоғамдағы негізгі әлеуметтік институттардың (яғни, мекеме, ұйымдардың) іс-әрекетінің тиімсіздігінен және әлеуметтік қайшылықтардың күшеюінен белгілі бір кезеңде адамның мінез-құлқының төмендеуінен аномия байқалмақ деп пікір айтқан.
70. Діннің ерекше рөлі туралы әлеуметтік тұжырым жасап, оның әлеуметтік бірлікте шешуші рөл атқаратынын атап көрсеткен.
71. Дін қоғамдағы ең құнды, бағалы қасиеттерді бейнелейді, сондықтан қоғам дінсіз өмір сүре алмайды деп ойлаған.
72. Әлеуметтануды теориялық және әдістемелік жағынан негіздеп, оны өз алдына ғылым болу мүмкіндігіне ие еткен.
73. Түсінік әлеуметтануы мен әлеуметтік іс-әрекет теориясының негізін салушы.
74. Әлеуметтанудың басты міндеті қоғамның әлеуметтік-тарихи құбылыстарының субъективтік (яғни, адамның санасына, ойлауына байланысты) жақтарын, яғни адамның іс-әрекеті мен қызметінің мәнін, мазмұнын терең зерттей отырып, қоғамның даму заңдарының себебін ашу болып табылады деп пікір айтқан.
75. Әлеуметтанулық "түсіну, ұғыну теориясының" авторы.
76. Әлеуметтанулық зерттеулерінде түсіну, ұғыну әдістеріне көп көңіл аударған.
77. Әлеуметтану өзінің шығу көзін, қалыптасу негізін адамның немесе адамдар тобының мінез-құлқын зерттеуден бастауы қажет деген.
78. Әрбір адам өзінің тәртібіне, іс-әрекетіне белгілі бір мағына, мән береді деген.
79. Діннің ізгілікті ілімін экономиканы дамытуда адамдардың ынталанушылығын, еңбек сүйгіштігін, белсенділігін және т.б адами қасиеттерінің қалыптасуын қамтамасыз етіп отыратын фактор ретіңде қараған.
80. Әлеуметтік жіктелу (стратификация) теориясының негізін салуға да зор үлес қосқан кім?.
81. Әлеуметтік жіктелудің өлшемі кең болуы мүмкін дей отырып, оған экономикалық факторлармен қатар саяси мәртебе мен қадір-қасиет, беделдерді жатқызған.
82. Бюрократияның дамуын тарихи үдерістің жағымды болашағы ретінде дәлелдеген әлеуметтанушы.