- •Семей 2008ж
- •1. Рентген сәулелерінің ашылуы.
- •2. Рентген сәулелерінің табиғаты, олардың электромагниттік толқындар шкаласындағы орны.
- •3. Рентген сәулелерінің көздері.
- •4. Рентген сәулелерінің түрі.
- •5. Рентген сәулелерінің затпен әсерлескенде болатын құбылыстар.
- •6. Рентген сәулелерінің бәсеңдеу заңы
- •7. Рентген сәулелерін медицинада қолданудың физикалық негіздері
- •8. Рентген сәулелерін медицинада қолдану әдістері.
- •9. Радиоактивті сәулелер. Aтомның құрылысы.
- •10. Ядролық күштер. Олардың қасиеттері.
- •Байланыс энергиясы.
- •11. Радиоактивтілік. Радиоактивті сәулелер түрі.
- •Радиоактивті сәулелер.
- •Радиоактивті сәулелердің сипаттамалары:
- •12. Радиоактивті ыдырау түрлері.
- •- Ыдырау және оның формуласы.
- •- Ыдырау және оның формуласы.
- •Позитронды ыдырау және оның формуласы.
- •Радиоактивтивті қатар.
- •13. Радиоактивті ыдырау заңы. Ыдырау тұрақтысы.
- •Жартылай ыдырау периоды
- •14. Радиоактивті ыдырау белсенділігі.
- •15. Иондаушы радиоактивті сәулелену мен оның биологиялық әсері.
- •16. Жұтылу дозасы және экспозициялық доза. Доза қуаты. Өлшем бірліктері.
- •Доза қуаты.
- •Салыстырмалы биологиялық тиімділік.
15. Иондаушы радиоактивті сәулелену мен оның биологиялық әсері.
Иондаушы сәулелену дегеніміз ортамен өзара әсерлесуі кезінде ортаның атомдары мен молекулаларының иондануын тудыратын бөлшектердің және электромагниттік кванттар ағынын айтады. Иондаушы сәулелерге жатады: радиоактивті сәулелер (альфа, бета, гамма сәулелер), рентген сәулелері, электрондардың, позитрондардың, нейтрондар мен протондардың ағыны. Ядролық реакциялар кезінде ыршып шығарылатын протондардың энергиясы мен жылдамдығы, осы бөлшектердің өтімділік және иондаушы қабілеттілігі альфа-бөлшектердікіндей. Нейтрондардың атом ядросымен соқтығысуы кезінде олардың серпімді шашырауы, серпімді емес шашырауы және ядроның нейтронды қармап алуы (радиациялы қармау) орындалуы мүмкін. Иондаушы сәулеленудің әсері заттың молекуласының кұрылысының бұзылуын тудыруы мүмкін. Альфа бөлшектен қорғану үшін қағаздың, киімнің қабаты жеткілікті; сәулеленуден ағаштың, шынының немесе кезкелген жеңіл металдың сантиметрлі қабатымен қорғануға болады, ал гамма сәуледен қорғану үшін судың, бетонның қалың қабаттары (метрге дейін), кірпіш қабырғалар, қалыңдығы 10 см қорғасын пластиналар қажет болады.
Радиоактивтік көздерден шыққан альфа сәулелену тері жамылғысы арқылы өте алмайды, бірақ альфа сәулелерді сәулелендіретін нуклидтер тыныс алу, ас қорыту мүшелері, ашық жаралар арқылы, күйген беттік қабат арқылы ағзаның ішіне түскенде үлкен қауіп тудырады. Олар тек иондаушы сәулелер ретінде емес және де улы заттар ретінде де аса қауіп туғызады.
16. Жұтылу дозасы және экспозициялық доза. Доза қуаты. Өлшем бірліктері.
Радиациялық
сәулелердің (радиоактивті ыдырау кезінде
пайда болатын) затқа әсері сәуле ағынының
энергиясының қандай мөлшерін заттың
жұтқандығына байланысты.
Иондаушы сәулелердің затқа әсері дозамен
(D)
бағаланады. Иондаушы
сәулеленудің затқа әсерін сипаттайтын
негізгі шама сәулелену уақытында
заттың бірлік массасы жұтқан сәулелену
энергиясы болып
табылады.
Осы шама сәулелену
дозасы немесе
сәулеленудің жұтылу
дозасы (
)
деп аталады. Жұтылу дозасы ( мөлшері)
деп 1 кг заттың жұтқан радиациялық сәуле
энергиясының мөлшерін айтады және оның
СИ жүйесіндегі өлшем бірлігі Грэй: 1
Дж/
1 кг=1 Гр (Грей).
Жұтылу дозасының жүйеден тыс өлшем бірлігі- 1 рад = 10-2 Гр.
Экспозициялық
доза (
)
радиациялық
сәулелердің ауаны иондау қабілеттілігімен
анықталатын доза. Практикада экспозициялық
доза бірлігіне рентген (Р) алынады және
де Кл/кг бірлігі алынады.
1 Рентген
деп 00
С температурада және қалыпты қысымда
құрғақ
ауаның толық иондануы кезінде екі
миллиард иондар жұбын түзетін рентген
немесе гамма-сәулелену
дозасын
айтады.
Доза қуаты.
Сәулелену әсерін сандық сипаттау үшін сәулелену дозасының қуаты деген (Р) ұғым енгізіледі. Доза қуаты бірлік уақытта объектінің алатын сәулелену
дозасымен
өлшенетін шаманы айтады. Жеткілікті
бірқалыпты сәулелену кезінде доза қуаты
сәулелену дозасынын (AD)
сәулеленудін
әсер ету уақытының қатысына тең:
Доза қуатының өлшем бірліктері:
- Жұтылған доза үшін - Ватт/кг және рад/с:
- Эспозициялық доза үшін- Ампер/кг (А/кг) және рентген/caғ (Р/сағ) немесе
микрорентген/сек (мкР/ с).
