- •Семей 2008ж
- •1. Рентген сәулелерінің ашылуы.
- •2. Рентген сәулелерінің табиғаты, олардың электромагниттік толқындар шкаласындағы орны.
- •3. Рентген сәулелерінің көздері.
- •4. Рентген сәулелерінің түрі.
- •5. Рентген сәулелерінің затпен әсерлескенде болатын құбылыстар.
- •6. Рентген сәулелерінің бәсеңдеу заңы
- •7. Рентген сәулелерін медицинада қолданудың физикалық негіздері
- •8. Рентген сәулелерін медицинада қолдану әдістері.
- •9. Радиоактивті сәулелер. Aтомның құрылысы.
- •10. Ядролық күштер. Олардың қасиеттері.
- •Байланыс энергиясы.
- •11. Радиоактивтілік. Радиоактивті сәулелер түрі.
- •Радиоактивті сәулелер.
- •Радиоактивті сәулелердің сипаттамалары:
- •12. Радиоактивті ыдырау түрлері.
- •- Ыдырау және оның формуласы.
- •- Ыдырау және оның формуласы.
- •Позитронды ыдырау және оның формуласы.
- •Радиоактивтивті қатар.
- •13. Радиоактивті ыдырау заңы. Ыдырау тұрақтысы.
- •Жартылай ыдырау периоды
- •14. Радиоактивті ыдырау белсенділігі.
- •15. Иондаушы радиоактивті сәулелену мен оның биологиялық әсері.
- •16. Жұтылу дозасы және экспозициялық доза. Доза қуаты. Өлшем бірліктері.
- •Доза қуаты.
- •Салыстырмалы биологиялық тиімділік.
9. Радиоактивті сәулелер. Aтомның құрылысы.
Атом ядросы протондар мен нейтрондар деп аталатын элементар бөлшектерден тұрады. Оларды нуклондар деп атайды. Оларға тән сипат- күшті әсерлесулерінде. Еркін (бос) күйде олар бейтарап бөлшектер, бірақ олар ядрода бір-біріне өзара түрлене алады. Ядродағы нейтрондар саны біршама артық болса, ядроның орнықтылығы кемиді. Сол кезде олар бір бөлшектің әртүрлі күйлері ретінде қарастырылады. Ядродағы протондар саны элементтің атомдық нөміріне (Z) тең. Протондар саны атомды сипаттайды. Массалық сан (А) дегеніміз массаның атомдық бірлігімен өрнектелген элементтің (изотоптың) атомдық массасына жуық бүтін сан. Ядродағы нейтрондар саны (N) элементтің (изотоптың) массалық саны мен атомдық нөмірінің айырмасына тең: N=A-Z.
Ядро
радиусы жуықтау формуласымен анықталады
:
;
яғни
шамасындай
(атом радиусынан шамамен 105
есе кем).
10. Ядролық күштер. Олардың қасиеттері.
Нуклондар ядрода өзара ерекше тартылыс күштерімен байланысқан. Оларды ядролық күштер деп атайды. Ядролық күштердің табиғаты жеткілікті зерттелмеген. Бірақ олардың негізгі қасиеттері нақты тағайындалған:
Ядролық күштер- қысқа мерзімде әсер етуші күштер.
Ядролық күштер күшті әсер етуші күштері .
Ядролық күштер нуклондар арасында олардың электр зарядына тәуелсіз әсер етеді
және екі нейтрондар арасында да, нейтрон мен протон арасында да, екі протон
арасында да әсер етеді.
Ядролық күштердің қанығу қасиеті бар, яғни әрбір нуклон өзін қоршаған нуклондардың шекті бір санымен ғана әсерлеседі, сондықтан ядрода нуклондар саны артқан кезде, ядролық күштер артпайды.
Ядродағы
нуклондардың жалпы саны артқан сайын,
әсіресе протондарға қарағанда нейтрондар
саны едәуір артық
болғанда
,
ядроның орнықтылығы төмендейді, соның
салдарынан
соңғы
қатардағы элементтердің өздігінен
ыдырауы орындалады. Осы
құбылыс радиоактивтілік
деп аталады.
Байланыс энергиясы.
Нуклондардың
байланыс энергиясы деп бос (еркін)
нуклондардың
жалпы
потенциалдық байланыс (Еерк)
энергиясы мен мен ядрода өзара тартылыс
күшімен
байланысқан осы нуклондардың ядроларының
Еяд
потенциалды энергиясы айырмасын айтады:
Байланыс энергиясы- еркін (бос) нуклондардан ядро түзілгенде бөлініп шығатын энергия немесе сыртқы күштің әсерінен ядроны бұзу үшін жұмсалатын энергия. Ядроның байланыс энергиясы нуклондар санына пропорционал, сондықтан әртүрлі элементтердің ядроларын өзара салыстыру үшін бір нуклонға келетін меншікті байланыс энергиясы деп аталатын байланыс энергиясының орташа мәні пайдаланылады:
11. Радиоактивтілік. Радиоактивті сәулелер түрі.
Радиоактивтілік дегеніміз белгілі бір элементтердің орнықсыз ядроларының өздігінен (ешбір сыртқы әсерсіз) ерекше бір сәулелер шығарып, басқа элементтердің ядроларына айналу қасиеті. Осы ерекше сәулелерді радиоактивті сәулелер деп атайды. Радиоактивті сәулелердің иондаушы әсері осы сәулелену жылулық қозғалыс энергиясына жеткенде аяқталады. Ал осы құбылыстың өзі радиоактивті ыдырау деп аталады. Радиоактивті ыдырау біраз жылу бөлінумен қатар жүреді.
Изотоптар дегеніміз химиялық қасиеттері бір, физикалық қасиеттері әртүрлі заттар.
Табиғатта кездесетін изотоптарда жүретін радиоактивті кұбылыстар табиғи радиоактивтілік деп аталады, ал жасанды алынған изотоптардағы радиоактивті кұбылыстар- жасанды радиоактивтілік деп аталады. Радиоизотоптардың медицинада кен қолданылуының басты себебі-олардың таңдаулығы.
