Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Iond_s_1241_ule_3.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

8. Рентген сәулелерін медицинада қолдану әдістері.

Рентген сәулелері иондаушы сәулелер тобына жатады. Иондаушы сәулелер дегеніміз ортамен өзара әсерлесуі кезінде осы ортаның атомдары мен молекулаларының иондануын тудыратын бөлшектердің және электромагниттік кванттар ағынын айтады. Олардың бұл қабілеттілігі адамның рентген сәулелерімен сәулеленгендегі алған сәулелену дозасын анықтау үшін қолданылады.

Рентген сәулелері медицинада терапиялық мақсатта да, диагностикалық мақсатта да қолданылады.

Терапиялық мақсатта рентген сәулелері негізінен қатерлі құрылымдарды құрту үшін (рентгенотерапия) қолданылады. Мұндай жағдайларда өтімділігі аз және жұтылу қабілеттілігі жоғары болатын жұмсақ рентген сәулелерін қолданады.

Диагностикалық мақсатта рентген сәулелері ішкі құрылымдардың жағдайларын бақылау үшін қолданылады. Рентгенодиагностиканың екі түрі бар: рентгеноскопия және рентгенография. Рентгеноскопияда кескінді рентгенолюминесцияланушы экранда қарастырады, ал рентгенографияда – кескінді фотопленкаға түсіріп алады. Рентгеноскопияда жұмсақ ұлпалар арқылы өткен аз жұтылған сәулелер ағыны экранды жарықтандырады, ал сәулелерді көп жұтатын тығыз ұлпалар қара көлеңке береді. Рентгенографияда жұмсақ ұлпалар арқылы өткен сәулелер аз жұтылады да фотопленкада фитохимиялық реакцияларға қатысып қара кескін тудырады, ал тығыз орта арқылы өткен сәулелер ақшыл кескін береді, себебі ортадан шыққан сәулелер интенсивтілігі өте аз болғандықтан олар фотохимиялық реакцияны тудырмайды.

Егер зерттелуші мүше мен оларды қоршаған ұлпалар рентген сәулелерін бірдей әлсірететін болса, онда арнаулы контрасты заттар қолданылады. Мысалы, қарын мен ішектерді ботқа тәріздес барий сульфатымен толтырып, олардың көлеңкелі кескінін көруге болады.

Экрандағы кескіннің жарықтылығы мен фотопленкаға түсірілу уақыты рентген сәулесінің интенсивтілігіне байланысты.

Халық көпшілігін тексергенде рентгенографияның флюорография түрі қолданылады. Флуорографияда үлкен рентгенолюминесценцияланушы экранның орнына кіші форматты фотопленка қолданады.

Рентгенографияның қызықты және болашағы зор әдісі рентген томографиясы және оның “машиналық” түрі компьютерлік томография болып табылады. Қалыпты рентгенограмма дененің үлкен бөлігін қамтиды, нәтижесінде әртүрлі мүшелер мен ұлпалар бірін- бірі жауып көлеңкелеп тұрады. Бұл кемшілікті болдырмауға болады, егер зертелушуі объект мен салыстырғанда периодты түрде қарсы фазада рентген түтігі РТ мен фотопленканы Фп орын ауыстыртып тұрса. Денеде рентген сәулелеріне мөлдір емес бірнеше қосылыстар бар, олар 12-суретте дөңгелектер түрінде көрсетілген. Рентен түтігігің кезкелген жағдайында (1, 2 жене т. б.) рентген сәулелері объектінің, РТ мен Фп-ның қозғалыстарының орта нүктесі болатын, бір нүктесі, РТ мен Фп-нің қозғалыстарының орта нүктесі болатын, арқылы ғана өтеді. Бұл нүкте, яғни мөлдір емес қосылыс, суретте қара дөңгелек түрінде көрсетілген. Оның көлеңке түріндегі кескіні Фп-мен бірге қозғалып, оның бетінде ретімен 1, 2 және т.б. орындарға орналасады. Денедегі басқа қосылыстар (сүйектер және басқалар) Фп-да тек қана жалпы “фон” береді, себебі олар ретген сәулелерін тұрақты көлеңкелемейді. “Тербелістің орта нүктесінің” жағдайын ө згерту арқылы дененің әртүрлі қабаттар бойынша рентген кескінін алуға болады. Осыған байланысты оның аталуы — томография (қабатты жазу).

Ретген сәулелерінің жіңішке шоғын қолданып, ФП орнына иондағыш сәулелердің шалаөткізгішті қабылдағыштарынан тұратын экран (Фп орнына) мен ЭЕМ пайдаланып, томография кезінде алынған кескінді өңдеуге болады. Томографияның осындай қазіргі кездегі түрі (компьютерлік рентген томографиясы), рентген сәулелерінің 0,1%-ы жұтылатын жағдайдың өзінде 2 мм-ден кіші бөлшектеріне дейін ажыратып, дененің қабат-қабат кескінін электрондық-сәулелік түтікте не қағазда бере алады. Бұл әдіс, мысалы, мидың ақ және сұр заттарын ажырата алады және өте кішкентай ісікті көрсете алады.

Рентгеноқұрылымдық зерттеулерде рентген сәулелері кристалл заттардың тіпті әртүрлі агрегеттық түрдегі заттардың ішкі құрылымдарын анықтауға мүмкіндік береді.