- •1 Экономикалық мәтінді аударудың теориялық аспектілері
- •2 Экономикалық мәтінді аударуда кездесетін лексико-грамматикалық мәселелері
- •I экономикалық мәтінді аударудың теориялық аспектілері
- •1.1 Экономикалық мәтінді аударудың сипаттамасы
- •1.2 Экономикалық мәтінді аударудың түрлері
- •2 Экономикалық мәтінді аударуда кездесетін лексико-грамматикалық мәселелері
- •2Л Экономикалық мәтіндерді аударуда кездесетін лексико-грамматикалық мәселелері
- •2.2 Экономикалық мәтіндерді аударудағы көпмағыналық пен көпнұсқалық
- •2.3 Экономикалық мәтіндерді аударудың маңызы мен ролі
2.3 Экономикалық мәтіндерді аударудың маңызы мен ролі
Ағылшын тілі-болашақтың тірегі. Ағылшын тілін үйрету үшін оқушылардың сол тілде сөйлесем деген талпынысын тудырып, сол мақсатта сан алуан эдістерді қолданудың маңызы зор. Әр үстаз шэкіртінің сабаққа деген ынтасын арттыру мақсатында технологиялық қүрал-жабдықтар мен түрлі көрнекіліктер эзірлеп, ойын элементтерін пайдалана, сабақ мазмұнын түрлендіріп отырады.
Ағылшын тілін меңгеруде сол тілдің (граматикалық, фонетикалық ережелерін) теориясын білу жеткіліксіз. Осы ретте оқушыға сол елдің халқын, салт-дәстүрін таныстыру орынды.
Модуль - іріленген дидактикалық бірлік. Модуль латынның - «өлшем», «шама», «мөлшер» деген сөзінен шыққан.
Модуль дегеніміз - үлкен бір жүйе, мұнда оқушы білімді жеке-жеке тараулар бойынша емес, біртүтас тақырып түрінде жүйелі түрде алады. Оқытуды модільдік технология арқылы жүзеге асырған кезде тарауға оқу бағдарламасының берілген сагат саны өзгермейді.
Ал модульдік оқыту технологиясы деп оқулықтың эр компонентті түрінде (мэтіндер, сүрақтар, жаттыгулар) бір жүйенің компоненттері қарастырылады эрі ол оқулық қызметін іске асыруы тиіс. Модульдік оқыту 1960 жылдардың аягына қарай шет елдерде (АҚШ) дэстүрлі оқытудың бір варианты, бағыты ретінде пайда болды. Американ ғалымдары оқу материалының мазмүнын аз порциямен (бірлікпен), дербес тақырыптармен беруді үсынды. Модуль - ірі блок, бөлшек, дидактикалық бірлік, шама. Яғни, оқу материалын бөлшекке, блокқа бөліп оқыту.
Орта деңгейде агылшын тілін оқу процесінде модульді жүйені пайдалану қазіргі таңда оқушыларға ұсынылып жатқан көлемді материалды қысқартуға жэне жеделдетуге жол ашады.
Оқу процесін гуманизациялауды, жаңа технологиямен жэне озық тәжірибемен сабақтастыра зерттеу - бүгінгі күн талабынан туындап отырған білім беру жүйелерінің алдында түрған маңызды міндеттердің бірі. Қазіргі қоғам сүранысына сай білімді, шығармашылықпен жүмыс жасайтын, өзін-өзі дамытып жетілдіре алатын жеке түлға тэрбиелеуге аса назар аударылады.
Орта деңгейде ағылшын тілін оқытудың модульдік оқыту технологиясының тиімділігі мынада:
-оқушы түлғасының танымдық қабілеттерін дамыту;
-танымдық процесстерді (жады, ойлау, зейін, елестеу қабілеті) дамыту;
-оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыру;
-белсенді сөздік қорын, ауызша жэне жазбаша тілін дамыту;
-тұлғаның қиындықтарға даяр болуы жэне оны жеңе білуі, ойын, қауіпсіздік, сыйлау, өзін-өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал ету.
Оқушылар өзара сөйлесудің, оқыта үйретудің негізгі артықшылықтарын көреді. Оқу материалына бірнеше мэрте қайта оралу, бір күрделілік деңгейінен екіншісіне қиындықсыз өту оқу модулінің соңында біршама жоғары баға алуға мүмкіндік береді. Бүл оқушылардың өз күшіне сенуіне жэне оларда оқуға қызығушылық қалыптастыруына, интеллектуальдық қуатын жүзеге асыруына ықпал етеді.
Орта деңгейде ағылшын тілін оқытудың ойдағыдай меңгертудің тағы бір тиімді эдісі - тандем эдісі.
Тандем эдісі - оқытудың жаңа халықаралық бағдарламасы, ол екі елдегі ана тілдері эр түрлі екі адамның бір-біріне шетел тілдерін оқытуының ашық формасы. Бүл эдістің көмегімен екі елде отырған адам электронды пошта арқылы қысқа уақыт ішінде тікелей байланысқа шыға алады. Бүл жаңа бағдарлама - шетел тілін тез арада үйретуде көптеген мүмкіндіктер туғызады. Сонымен бірге осы эдістің көмегімен оқушы басқа елдің мэдениетімен, салт-дэстүрімен, эдет-ғүрпымен таныса алады.
Тандем эдісінің екі маңызды принципі бар:
Екі жақты принцип - байланыста отырған екі елдегі адам тілдік қарым-қатынас жасау арқылы бірдей пайда көруі тиіс. Оқу барысында екі адам бір-біріне теңдей көмек көрсетуі жэне де екі тілде де бірдей уақыт жіберуі керек.
Автономиялы принцип - екі елде отырған адам өз оқуына жауапты жэне оқудың мақсаты мен эдістерін өздері шешеді.
«Тандем-метод» Германияда 1960 жылдардың екінші жартысында неміс-француз жастарының жиі кездесулер үйымдастыруының нэтижесінде қалыптасты. Соның негізінен бертін келе бір-біріне үштасып отыратын, бірін-бірі толықтыратын эдістің екі түрлі жеке және үжымдық формасы пайда болды.
1992-1994 жылдары Интернетте халықаралық тандем эдісінің желісін құру туралы жүмыс басталды. Оның басты мақсаты - виртуальді қарым-қатынас орнату арқылы Интернет көмегімен білімді жалғастыру, тереңдету.
Үжымдық тандем эдісінің кең тараған түрі - жоба жүргізу эдісі. Оның негізгі мақсаты - белгілі бір тақырыпта топтық жүмыс жүргізу жэне оны Интернет сайттарына енгізу.
Тандем эдісі бойынша білім алуды, білімді тереңдетуді былайша қорытындылауға болады:
Бастапқы мэтінді сөйлем мүшелеріне талдау жэне аударма бірліктерін анықтау үрдісінде аудармаға жататын мэтіндік бірліктердің екі түрі ерекшеленеді: контекстке стандартты түрде тэуелді бірліктер жэне стандартты түрде тэуелсіз бірліктер. Стандартты түрде тэуелді бірліктерді аудару екі тілдің типологиялық ерекшеліктерін ескеретін лексико - - грамматикалық сэйкестік деңгейінде жақсы іске асады. Бүл бірліктер эрбір жэй мэтінді құрайды жэне аударма негізін анықтайды. Осылайша,. осы үлгідегі бірліктер бастапқы мэтінді қайта жасап, стандартқа сэйкес кейіпте болады жэне тіларалық сэйкестіктерге апарады.
Стандартты түрде тэуелсіз бірліктер ерекше аударма технологиясын талап етеді, бірліктердің қүрылымы мен атқаратын қызметтері екі тілде өзгеше болады жэне элеуметтік - мэдени дэстүрлерге бастапқы мэтін авторының, аударма мэтінін қабылдаушы мен аудармашының жеке тэжірибелеріне де байланысты өзгеше болады. Осындай бірліктерді аударуда арнайы өзгеріс тэсілдерін қолдану қажет, осыған орай тілдік, мэдени жэне психологиялық факторлардың үндесуін қадағалап отыру керек.
Тілдік фактор аудармашының бастапқы мэтіннің белгілі бір элементтерін өзгерту түрін қолдануымен анықталады: транслитерация, калькалау, модификация, алмастыру, аудармашы түсіндірмесі жэне т.б.
Мэдени фактор аударма элементінің ақпараттық бірізділігінің көлемін бастапқы мэтін негізіндегі элеуметтік - мэдени дэстүрге сэйкес анықтаумен анықталады.
Психологиялық фактор бастапқы элементтің ақпараттық бірізділігінің көлемін жеке тэжірибе жэне бастапқы мэтін авторының немесе аударма мэтінін қабылдаушының тэжірибесі туралы болжамдар негізінде анықтайды.
Тілдік көзқарас бойынша, стандартқа сэйкес үйлестіктерге келмейтін бастапқы мэтіннің осындай бірліктерін аудару үшін аудармашы негізгі үш тэсілді: лексикалық, грамматикалық жэне стилистикалық түрлерін қолдана алады.
Лексикалық тэсілдер бастапқы мэтінде сөз деңгейінде стандартқа сэйкес емес тілдік бірлік болған жағдайда қолданылады. Мэселен: бастапқы тілдің мэдениетіне сай келсе де, аударма тілінде жоқ жалқы есімдер; белгілі бір кэсіби саладағы термин; түпкі мэдениетке сэйкес, бірақ аударма мэдениетінде құрылымдық - функционалдық бірізділік бойынша өзгеше жэне аударма тілінде мүлдем жоқ заттар, күбылыстар мен түсініктерді білдіретін сөздер. Мүндай сөздер аударма үрдісінде басты орын алады, өйткені салыстырмалы түрде контекстке тэуелсіз бүл сөздер аудармашының тандауына сай аударма мэтініне эртүрлі бағыттылықты береді. Мысалы, қазақ тіліндегі Айсэуле немесе Гүлім есімдері ағылшын тіліне транслитерация тэсілі арқылы Aisaule, Gulim деп аударылып, мэтін ішіндегі есім рөлін атқарады. Бірақ, сөзсіз мэтіннен тыс ассоциацияны жояды: Айсэуле - айдың сэулесі жэне Гүлім - гүл. Ағылшын тіліндегі Bloody Mary бастапқы мэдениетке сай бір уақытта коктейль жэне ағылшын ханшайымының тарихи титулына сэйкес аллюзия бола отырып, екі мағынаға да бір атау кейпіне ие болады. Қазақ тілінде бүл атаудың екі түрлі формасы берілген: Қанды Мэри (коктейль) жэне Қанды Мария (ханшайым). Көптеген контекстерде бастапқы бірлікті біріктіру маңызды емес, бірақ бастапқы мэтін авторы оны күрделірек мэтіндік дүние - стандартты түрде тэуелсіз бірліктер жүйесіне толы бейнелеуде қолданса, аудармашы қиын жағдайда қалып, өзінің стилистикалық тэсілін таңдауына апарып соқтырады. Бүл дегеніміз - баламаларды лексикалық дэрежеден стилистикалық дэрежеге өткізу арқылы таңдау мэселесімен байланысты аударма бірлігінің деңгейін өзгерту.
Бастапқы мэтіннің стандартқа сэйкес емес лексикалық элементтерін аударудың кең тараған тэсілдеріне транслитерация, транскрипция, калькалау, семантикалық модификация, суреттеу, түсіндірме, аралас аударма жатады.
Грамматикалық тэсілдер морфемадан бастап фразадан жоғары бірліктерге дейін, бастапқы мэтіннің стандартты түрде тэуелсіз кез-келген грамматикалық қүрылымы аударма мэтінінің объектісі болған жағдайында қолданылады. Аудармашы үшін лексикалық мэселелермен салыетырғанда бүл мэселелер онша көп қиындық тудырмайды. Бірақ, өзіндік даралығы болғандықтан белгілі бір тәсілдерді қолдануды талап етеді. Мэселен, ағылшын тілінде көп қолданылатын есімшені қазақ тіліне аударуда сөйлемнің грамматикалық қүрылымының қайта құрылуын талап етеді:
The work having been done, everybody felt a relief.
Жүмыс біткен кезде, әркайсысы өздерін иъщтарынан ауыр жүк түскендей сезінді.
Жүмысты бітіріп, әрцайсысы өздерін иъщтарынан ауыр жүк түскендей сезінді.
Барлық грамматикалық шақтар, тіпті өзге контекстерде тура сэйкестіктері болса да қайта құрылады. Ағылшын тілінен қазақ тіліне мэтінді аудару барысында етістік шақтары қызметінің үйлеспеуі орын алады. Мысалы, ағылшындардың тағам эзірлеу мэзірін жазу салтында императив формасы қолданылса, қазақ тілінде ауыспалы келер шақ түрінде беріледі:
Bake the buns till light golden.
Бөлке нан цызгыш түс пайда болганша пісіріледі.
Бүл қайта құру түрі аударма тілінде бастапқыдай грамматикалық формасы жоқ болған не өзге қызмет атқарған жағдайда қолданылатын грамматикалық ауыстыруға жатады.
Осы мысалда till light golden қазақ тілінде лексикалық бірліктердің қосылуын талап ететін синтаксистік орам болып табылады. Мұндай тэсіл тарату, қосу, біріктіру, кеңейту сияқты тэсілдерінің қатарына жатады.
Функционалдық ауыстыру жэне қосу сияқты кең тараған тәсілдердің қатарына грамматикалық трансформация, антонимдік аударма, нөлдік аударма жэне тағы басқалары жатады.
Стилистикалық аударма тэсілдері аударма нысанасы бастапқы мэтіннің белгіленген стилистикалық бірліктері болғанда қолданылады. Білуімізше, кейбір стилистикалық бірліктер мүлде аударылмаса, кейбірі күрделі қайта қүруға жатады. Тек бастапқы мэтіннің белгіленген стилистикалық бірліктерінің мардымсыз бөлігі ғана аударма барысында стандартты түрдегі сәйкестікке ие болады. Кең тараған стилистикалық формалар аудармасы қатарына бастапқы жэне аударма тілдерінің мэдени - тілдік дәстүрінің қаншалықты үқсас не өзгеше екендігіне байланысты метафоралар жатады. Ағылшын мэтінінде метафора өзгергіш қалыпта болып, бейнемен бірге мағынаның ирониялық кейпіне де ие болады. Жэне мэтіннің бір ғана бірлігін талдауда бірнеше стилистикалық тэсілдердің қолдануын қамтуы мүмкін.
There was not an organ in his body that had not been, drugged and derogated, dusted and dredged, fingered and photographed, removed, plundered and replaced.
Бүл сөйлемде метафора градация (бірізділік), аллитерация (эдеби көркемдеу), гиперболамен (көркем бейнені эсерелеу) бірігіп келіп медициналық тексерістің күлкілі - орынсыз бейнесін тудырады. Бастапқы мәтіннің сөздік қүрамын сақтау стилистикалық ықпалмен келіспей қалатындықтан, бүл мэтін аудармада эмоционалдық, бағалау жэне мағыналық ассоциацияның сақталуы үшін қайта күруды талап етеді. Бастапқы бейне негізін қүрайтын мүндай ассоциациялардың белгілі бір бөлігін сақтап қалудағы жалғыз жол -стилистикалық тэсілдердің негізгі үйлесімділігін қайта құру. Дегенмен, мүндағы сөйлемдермен бірге тэсілдер де өзгеруі мүмкін. Мысалы, қазақ тіліне тэн емес мұндай контексттегі аллитерация ритмдік, рифмалық қайталау тэсілі арқылы аударылуы мүмкін. Нэтижесінде негізгі мэтін былай аударылады:
Оның барлыц агза мүшелері тексеріліп желдетілді, алынып кептірілді, сипалып согып көрілді, агытылып, жөнделіп, орнына келтірілді.
Жалпы негізгі стилистикалық қайта құру тэсілдерінің қатарына сөздік қүрамның ауыстырылуы, бейнені ауыстыру, тропты ауыстыру, ауыспалы мағынаны анықтау, сөзбе сөз аудару (түсіндірмемен не түсіндірмесіз).
Әртүрлі қайта құру тәсілдерінің ішінен бастапқы мэтінге сэйкес тэсілді аударма бірлігіне сэйкестендіріп таңдау аудармашының қүзырында болады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жылдар жылжыған сайын еліміздің шет елдермен экономикалық, саяси, элеуметтік жэне мәдени қарым-қатынастары қарқынды даму үстінде. Сондықтан шет тілін жетік білу ешкімге де артықтық етпейді. Осындай өмір талабы кез келген адамды алаңдатары анық. Шетел тілі ның ішінде ағылшын тілі қазіргі заман талабына сай көптеген мектептерде 2-сыныптан бастап жүргізілуде. Ол - өте дұрыс бағыт. Себебі оқушылар өте сензитивті эрі сезімтал болады. Сабақтардағы жеңістері әсіресе шетел тілі сабақтарындағысы олардың психикасына эсерін тигізбей қоймайды. Мэселен, алғашқы сабақтан-ақ оқушылар танысу диалог кезінде бірнеше сөйлемдерді ағылшынша айтып үйренеді. Бүл оқушылардың шетел тілін үйрену, меңгеру қүштарлығын оятады. Бүл оқушы бойында ертеден бастап үлтаралық, мэдениетаралық бірлестікке дайындықтың қалыптасуына ықпал етеді. Шетел тілін орта мектептегі бастап оқытудың артықшылығы эрбір баланың психологиялық ойлауына, шет тілі сөзіне көңіл аударуына, түсінуіне оң эсер ететіндігі, сонан соң негізгі мектепте білімін берік нығайтып, білім сапасын арттырып, шетел тілінде қарым-қатынасқа түсіп ерте мэдениетаралық коммуникацияға мүмкіндік береді.
Ағылшын тілін оқыту жобалы эдістері - оқушылардың санасында мэдениетаралық коммуникация іскерліктерін қалыптастырудың нақты жолы. Бүл жерде мэдениетаралық коммуникация үлттар мен мэдениеттер арасындағы өзара байланысты түсіну ретінде қарастырылады. Оқытудың мэдениетаралық коммуникацияға байланысты бағыт-бағдары әдістеменің логикалық жалғасы болып табылады.
Сонымен, ағылшын тілдерін оқытуда екі халықтың мэдениеті мен олардың тілдерінің ерекшеліктерін ескеру аса қажет.
Ағылшын тілдерін оқыту мэселелерін қарастырғанда ең алдымен ана тілінің алар орны туралы мэселе сөз болады. Бүл жайында ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Оның бірі -ағылшын тілін оқытуда тек ана тіліне сүйене, ана тілімен салыстыра отырып оқыту қажет деп санаса, екіншісі -ағылшын тілі сабағын ана тілінің көмегінсіз тікелей меңгерту керек деп есептейді.
Ғалым Л. В. Ляховицский: «Ағылшын тілін меңгеруде ана тілінің ерекшеліктерін ескеру, үйренуші үшін жаңа тілде кездесетін қиындықтарды түсінуде өте қажет. Тек қана ана тіліне сүйене отырып, кездесетін осындай қиындықтарды жоюға болады.
Ағылшын тілінде жаттығулар жасау арқылы сабақта ана тілін қолданбауға болады, бірақ ана тілі оқушылардың санасында сақталады. Ал егер сабақта ана тілінің ерекшеліктеріне көңіл бөлмесе, окушылардың шетел тілін меңгеруіне кей жағдайда зиян келуі мүмкін. Яғни, сабақ тек ағылшын тілінде ғана болса, оқушылар үшін түсініксіз тілдік материалдардың саны көбейе түсіп, ол оқушының ағылшын тілін меңгеруіне қызығуын төмендетеді», - дейді. Ғалымның пікірін негізге ала отырып, ағалшын тілін оқытуда ана тілінің ролі жоғары, сондықтан ағалшын тілін қазақ тілімен салыстыра отырып оқыту жөн деп санаймын.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Жұмабекова А.Қ. Аударматанудың негіздері : Оқу-эдістемелік құрал. -Алматы, 2012. - 296 б.
Бархударов Л.С. Язык и перевод (Вопросы общей и частной теории перевода). -М.: Международные отношения,2009. - 240 с.
Тарақ Ә. Аударма процесі жайында // Аударматану (ғылыми-практикалық көмекші құрал). Құраст.: Қүлманов С- Алматы: «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы, 2008. -300 бет.
Комиссаров В.Н. Слово о переводе. -М.: Международные отношения,2007. -216 с.
Көркем аударманың кейбір мэселелері (мақалалар жинағы). -Алматы: Қазмемкөркемэдеббас,2008.
Тарақов Ә.С. Аударма психологиясы және мэдениеті: Оқу құралы. -Алматы: Қазақ университеті, 2007. - 60 бет.
Алдашева А. Аударматану ғылымының басты ұғым-түсініктері туралы // Аударматану (ғылыми-практикалық көмекші құрал). Құраст.: Қүлманов С-Алматы: «Тіл» оқу-эдістемелік орталығы, 2008. -300 бет.
Көркем эдебиет саласындағы аударма мэселесі // ҚАЕУ хабаршысы. Өскемен, 2006. - №2.
Сабурова Г. Аударма да рухани байлық // Қазақ тілі мен эдебиеті,2000. №5
Алдашева А. Аударматану: лингвистикалық жэне лингвомэдени мэселелер. -Алматы: Арыс,2008. -215 6.
Тарақ Ә. Ғылыми-көпшілік жэне ғылыми техникалық аударма // Аударматану (ғылыми-практикалық көмекші құрал). Құраст.: Қүлманов С-Алматы: «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы, 2008.
Жұмабекова А., Жабағиева Г. Жазбаша жэне ауызша аударманың ерекшеліктері // Аударматану (ғылыми-практикалық көмекші құрал). Құраст.: Қүлманов С.-Алматы: «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы, 2008.
Комиссаров В.Н. Современное переводоведение. Учебное пособие. -М.:ЭТС. -2009.-424с.
Тікенбай Г. Аударма лингвистикалық зерттеу нысаны ретінде жэне оньщ лингвомэдени мәселелері // ҚазҮУ хабаршысы. Филология сериясы. - Алматы, 2012. №1(135)
Мэкішев Ж. Түрпайы аудармалар шаршатып жіберді // «Классите» газеті, 2011 №3. -15 ақпан.
Ш.Сарыбаев; рец.: С.Омарбекұлы, О.Нақысбеков . - Алматы: Ы.Алтынсарин атындағы қақақтың білім академиясының республик.2009.-80б
Әбдіқадырқызы, Д. Троптарды ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару мэселесі жайында: (Қазақ тілі) // ҚазҮУ хабаршысы. Филология сериясы. -2005.-№1.73-766.
Ералы, Ә. Аударма тіл-тіл емес: // Астана хабары .-2006. - 9 желтоқсан.- 2 б.
Жұмай, Гульмира. Агылшын жэне қазақ тілдеріндегі салыстырмалы ерекшеліктер (Мәтін): // Білімдегі жаңалыктар.-2006. -№3.-53-54 б.
Сақтағанова, М.С. ж.б. Ағылшын тілін оқытудың әдістері (Мэтін): (Білім беру эдістемесі: Сақтағанова,М.С., Алиева, Н.К., Айтабаева, Н.К., // Білім-Образование.-2009-№3.-43-45 б.
Сегізбаева,Б. Ағылшын тілінде еркін сөйлеуге үйрету жолдары // Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері.-2010.- №2.- 24-25 б.
Серия «Мир перевода» А,Чужакин, П,Палажченко // Москва. «Р Валент».-2011.- С.223.
