Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МАЗМҮНЫ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
220 Кб
Скачать
☆

2 Экономикалық мәтінді аударуда кездесетін лексико-грамматикалық мәселелері

2Л Экономикалық мәтіндерді аударуда кездесетін лексико-грамматикалық мәселелері

Швейцар А.Д. : «Аударма - адамдар эртүрлі тілдерде өз ойларын білдіруінде қарым - қатынастың тілдік қызметін атқаратын көмекші құрал. Сондықтан, аударманы тіларалық коммуникация эрекеті деп атау өте дүрыс» деп аудармаға орынды анықтама берген. Аударманың бір түрі - көркем аударма. Көркем аударма деп көркем шығармаларды аударуды атайды. Көркем шығарманы аудару күрделі де, көп уақыт талап ететін шығармашылық жэне танымдық жүмыс.

Аударма - белгілі бір тілде берілген хабарды аударма тіліндегі ақпаратқа қайта күру. Сөзбе сөз аударуға болмайды, өйткені эртүрлі тілдердің грамматикалық қүрылымында, сөздік қорында, мэдениетінде айырмашылықтар болады. Салыстырмалы грамматикалар мен қос тілді сөздіктер қолданыста бар болғанымен, эртүрлі халықтар мэдениетінің салыстырмалы анықтамалары жоқ. Аудармашы бастапқы жэне аударма тілдерінің мэдениетін тең деңгейде білуі тиіс деп айтылғанымен, аудармашылардың көпшілігі мэтінді мәдени -салыстырмалы деңгейде ғана аударады. Жалпы мэдени қүндылыктарға немесе салыстырмалы қүндылықтарға негізделген мэтіндердің көпшілігі аударуға түрарлық.

Оларды аударуда аудармашы тек аударма барысында қиындық тудыратын негізгі хабардың стилистикалық, эмоционалдық не бағалау қүрамдарына ғана емес, сонымен бірге жалпы жэне эмбебап түсініктерге зейін салады. Қиындықтар аударылмайтын элементтерден бастап толықтай мэтінге дейін кездеседі. Ағылшын тілінен қазақ тіліне ресми хатты аудару барысында ағылшын тілінің Dear Sir қаратпа сөзінің анайы түрі қазақ тіліне Қымбатты мырза деп аударылады. Дегенмен оның аудармасын Қүрметті мырза деп аудару қазақ тілінің мэдени жэне ресми тіліне сай болар еді. Қазақ тіліндегі Аса цадірменді Шредер мырза деген қаратпа сөздің анайы түрін ағылшын тіліне аударсақ, Deeply respected Mr. Schroeder болады. Дегенмен бүл аударма ағылшын тілінің ресми тіліне сай еместігінен, аударма басқаша жасалады: Dear Sir немесе Dear Mr. Schroeder. Осындай аударма барысындағы қиындықтар аудармашының коммуникативті - делдалдық қызметі, грамматикалық анықтамалар, қос тілді сөздіктер мен эртүрлі елдердің мәдениетін қамтитын оқулықтардың көмегімен шешіледі. Аудармашының коммуникативтік жағынан аудармасының табысты болуы көп жағдайда аудармашының аударма тәсілін, аударманың бірліктері мен стратегияларын дүрыс таңдауына байланысты болады.

Аударма жасау барысында аудармашы алдымен аударманың тэсілін, яғни аударма мэтініне сәйкес ақпарат тізбегінің көлемін анықтап алады. Тізбекті таңдауда біріншіден мэтіннің аударма мэдениетіне сай толық немесе ішінара түрде берілуі анықталады. Осы кезде коммуникативтік тапсырмаға сәйкестендіріліп толық не қысқартылған аударма таңдалады. Қысқартылған аударманы мэтіннің барлық түрлеріне - қарапайым іскерлік хаттан романға дейін қолдануға болады. Қысқартылған аударманы қолданудың нэтижесіне мынадай мэтіндер: тезистер, конспектілер, рефераттар, аннотациялар, дайджесттер, қосымшалар, т.б. жатады. Мұндай мэтіндердің көлемі лексико -семантикалық, синтаксистік жэне стилистикалық бейнесі эрдайым аудармашының мақсатқа жетуі үшін таңдаған тэсіліне байланысты болады. Шын мэнінде, қысқартылған аударма екі түрлі негізгі тэсілдердің бірінің -таңдамалы аударма немесе функционалдық аударманың көмегімен орындалады.

Таңдамалы аударма қысқартылған аударманың тэсілі ретінде аудармагдылардың пікірінше, бастапқы мэтін бірліктерінің ең қажеттісін таңдау мен олардың толық аудармасынан түрады. Ал бастапқы мәтіннің қалған барлық қүрамды бөліктері осындай тэсілде екінші орынға қойылады не тіпті аударылмайды. Мүндай тэсіл ресми хаттарды, газет материалдарын, ғылыми мақалалар жэне хабарламаларды, баяндамаларды тезистік - рефераттық түрде мазмұндауда жиі қолданылады. Осындай аударманың дүрыстыгы аударма барысында бастапқы ақпараттың белгілі бір маңызды бөлігін жогалтпас үшін керекті бірліктерді таңдау дэлдігіне сай негізделеді.

Функционалдық аударма бастапқы мэтінді өзге тілге аударудагы қысқартылган аударманың тэсілі ретінде бастапқы мәтін бірліктерінің функционалдық қайта қүрылуының негізінде аударма мэтінін қүрамды бөліктерге белуге байланысты жасалады. Функционалдық қайта құру бастапқы мэтінді қысқарту мақсатында қолданылатын лексико - семантикалық, грамматикалық жэне стилистикалық өзгерістерге негізделеді. Үлкен шыгарманы қысқартып, эдеби мазмүндауда функционалдық аударма қолданылады.

Ал қысқартылган аудармадан толық аударманың ерекшелігі - бастапқы мэтіннің ақпарат тізбегінің барлық қүрамды бөліктерінің аударма тілінде толықтай берілуі болып табылады. Толық аударманы сөзбе сөз, семантикалық немесе коммуникативті аударма тэсілдерімен жасауга болады.

Сөзбе сөз аударма бастапқы мэтінді аударма тілінің бірліктерімен сөзбе сөз жеткізуге негізделеді. Шын мэнінде, сөзбе сөз аударма салыстырмалы түрде коммуникативтік мақсатта аз қолданылады жэне эдетте тек ғылыми салада гана кездеседі. Бастапқы мэтінді аударудагы басқа тэсілдерден лингвистикалық тұргыдан талдап, түпнүсқаның синтаксистік қүрылымы туралы ақпарат беретін сөзбе сөз аударма маңызды. Сөзбе сөз аударма аударылмайтын сөз тізбектері немесе түрақты сөз тіркестерінің бірліктеріне түсіндірме жазуда қолданылады.

Семантикалық аударма - аударма тілінің бірліктерімен бастапқы мэтін элементтерінің контекстік магынасын толықтай беруге негізделеді. Семантикалық аударма үрдісі екі стратегияның: аударма тілі қабылдаган ойды жеткізуге багытталган стратегиялар жэне ойды жеткізудің бастапқы түрінің ерекшеліктерін сақтауға багытталган стратегиялардың өзара эрекеттестігін білдіреді. Бірінші стратегия бастапқы мэтіннің стандартты синтаксистік қүрылымдарын, пунктуация, бір үлгідегі метафоралар, сөйлем көлемі, шылаулар, морфологиялық қүрылымдар, кең тараған жалпы мэдени жэне ғылыми терминдер сияқты лексико - грамматикалық элементтерін аударуда қолданылады. Екінші стратегия стандартты емес лексика, автор лық құрылымдар, стилистикалық тэсілдерді, ерекше лексиканы аударуда қолданылады. Мүндай жағдайда семантикалық аударма эдеттегіден гөрі бастапқы белгінің ерекшелігін бетке үстайды жэне аудармада оның ерекшеліктерінің көпшілігін, тіпті сөзбе сөз аудармасын да сақтайды.

Семантикалық аударма негізінен жоғары элеуметтік - мэдени маңызға ие мэтіндерді: маңызды тарихи деректер, үздік әдеби шығармаларды, құнды эпос үзінділері, т.б. аударған шақта қолданылады. Мүндай аударма тәсілі бэрінен бұрын мамандардың аз тобына арналған академиялық басылымдар үшін немесе жеке дара түпнүсқасы бар қүжаттарды аудару үшін қолданылады. Сонымен бірге бүл аударма тэсілі техникалық нүсқаулар түрлерін, ғылыми басылым-дарды, қүқықтық қүжаттарды аудару үшін қажет.

Коммуникативтік тэсіл бастапқы ақпаратты қабылдаушыға нақты түрде жеткізуді мақсат етеді. Мүндай аудармада бастапқы мәтіннің тілдік құрамы ғана емес, сонымен бірге оның мазмүны мен эмоционалды - эстетикалық маңыздылығы басты орында болады. Сонымен бірге коммуникативтік аударманың функционалдық ауд армад ан ерекшелігі: ондағы бастапқы ақпаратты еш қысқартуға болмайтындығында. Көркем аудармадағы қолданылатын тэсілге міне осы коммуникативтік тэсіл жатады. Бүл тәсіл көркем шығармаларды аударуда ғана емес, сондай-ақ публицистиканы, ғылыми - теориялық жэне ғылыми мэтіндерді аударуда да қолданысқа ие болады.

Өлеңдерді аудару - коммуникативтік аударманың айрықша нүсқасы. Өйткені, өлеңдер жэй семантикалық немесе сөзбе сөз аударуға келмейді. Тіпті, өлеңдік мэтінді проза түрінде аудару үшін де лексико - семантикалық жэне грамматикалық қүрамдарын білу аздық етеді.м Сонымен бірге мүндай аудармада өлеңдік мэтіннің фонетикалық жэне ритмдік кұрамды бөліктері назардан тыс қалып, өлең - өлең сипатынан айрылады.

Аударма тэсілдерінің бірін таңдағанда аудармашы аудармашылық үрдісте таза күйінде қандай да бір аударма тэсілінің жеке дара қолданылмайтынын естен шығармауы тиіс. Күрделі мәтіндерді аударуда бірнеше тэсіл түрлері қолданылғанымен, олардың ішіндегі біреуі басымдылық танытып, соған сәйкес аударма мэтінін талдау жэне аударма бірліктерін анықтау жолдары көрсетіледі.

Аударма жасау эдісі арқылы тілімізде сөз қүраудың, ойды бейнелеудің неше алуан жаңа тэсілдері туды, жазу шеберлігі артты. Әсіресе, күрделі ойды күрделі сөйлеммен беру жағынан аударманың экелген жаңалықтары өте көп. Демек, аударма арқылы тіліміздің синтаксистік қүрылысына да көптеген жаңалықтар енді. Сонымен қатар, аударма оқушыны ылғи жаңа дүниеге, жаңа өмірге, жаңа ортаға енгізіп отырады. Аударма эдісі арқылы оқырмандар патша сарайларына, хан ордаларына, элемнің таңғажайып храмдарына кіреді, небір көсемдерді, небір шешендерді, неше алуан суаттарды, сорлыларды көреді. Аудармашы осылардың бэріне, ең алдымен, ойын жеткізуі керек те, сонан соң сөзін жеткізуі керек. Ол аударылатын кітаптағы соны дүниені, соны өмірді, соны ортаны ең эуелі көзімен көріп түрғандай ойша қабылдап, оның эрбір үсақ деталіне дейін бойына сіңіріп алуы керек. Сонан соң ғана қажетті сөйлеу тілінің бар мүмкіншілігімен жеткізу керек. Мұнда халқымыздың ғасырлар бойғы тырнақтап жинаған сөз байлығы мен сөйлеу шеберлігі сарқа жү_мсалады.

Негізінде, ағылшын тілін оқытуда аударма - өте қажет дүние. Десек те кейбіреулер «қазір аударманың керегі жоқ» деп те жүр. Бүл - теріс пікір. Аударма - халықтар арасындағы алтын көпір. Онсыз сонау ¥лы Жібек бойында жатқан елдер бір-бірімен байланыса алар ма еді?! Онсыз сонау мүхиттың арғы бетінде жатқан елдерді тани алар ма едік?! Аударма - қажет эрі өте қүнды сала. Аударма арқылы эркім өз ана тілін көркейту жағын қарастыру керек. Сондықтан да аударма әдісі ағылшын тілін оқытудың қазіргі тэсілдерінің аса қажеттісі.

Оқытудың негізі ретінде шет тілінде сөйлеу эрекеті үшін оқытудың сөйлеу, тыңдап түсіну, көру, жазу жэне аударма эдістері алынады. Үйренушілердің жас ерекшелігі мен қабылдау қабілеті, білім деңгейіне қарай олардың оқып үйренетін белсенді сөздік қоры анықталады. Мысалы; тақырыпқа байланысты сөздік қор көлемі алынса, онымен қоса берілген мэтінде кездесетін жаңа сөздер, жаңа сөз тудырушы жүрнақтар арқылы жасалған зат есім, сын есім немесе етістіктер түсіндіріледі. Сондай-ақ «Грамматика» тарауы бойынша етістіктердің Present, Past, Future Indefinite, Perfect, Continuous топтарындағы сөйлеу тілінің үлгілері, инфинитивті, герундиалды жэне есімше айналымдары сияқты грамматикалық қүбылыстар қажетті жағдайларда сабақта қарастырылып отыру керек. Жақсы нэтижеге жету үшін эр сабақта сөйлеу мэнері, грамматика, сөйлеу тілі жэне ауызекі тілді естіп қабылдау жүмыстары жүргізілгені қүп.

Ал грамматикалық материалдарды сөйлеу тілінде қолдану немесе оны есту арқылы түсінуге арналған үйретуші жаттығулардың маңызы ерекше. Мүндай жаттығулар оқушының есте сақтау қабілетін дамыта түседі. Мэселен, ағылшын тілінде берілген қысқа диалогта Future Indefinite шағының қолданылуына көңіл болу керек.

М: Shall I take the table out into the garden?

W: Yes, please. And the chairs, too.

M: Right, Where shall I put them?

W: Oh, anywhere. 111 bring the tha.

Мүнда Future Indefinite шағының жасалу жолы жэне қай жағдайда қолдану керектігі үсынылған. Түсіндірме жаттығуы естуге арналған жэне жазба түрінде де берілуі мүмкін. Жазба түрінде берілген тапсырмаларды кестелер арқылы ауыстырып отыруға да болады.

Бүл жаттығулар мақалдар, афоризмдер оқушының қысқа пікірлері арқылы да беріледі. Ендеше, бүл жаттығулардан кейін оны түрлендіріп түсіндіретін, грамматиканы талдайтын жүмыстар жалғасып отыруы керек.

Рольдік тапсырмалар, алғашқы пікірді келесі оқушының жалғастыруы, сүрақ қою сияқты тапсырма берген дүрыс. Мысалы; The Present Indefinite шағының 3-ші жақ жекеше түрін алып қарастырайық.

We are different.

I have a brother. His name is Murat. We like each other, but we are different. I like to read, and he likes to listen to music. I like music to. I like Pugacheva, but he likes «Modern Talking». I play chess with pleasure, and he plays draughts with pleasure. I like to watch TV in the afternoon, but he likes to watch TV in the morning. I eat soup, but he eats porridge.

Бүл жүмысты орындауда алдымен оқытушы өз інісі мен сіңлісі туралы эңгімелейді, екінші рет тек өзі туралы айтады. Ал оқушылар інісі туралы айтып эңгімелерін толықтырады. Осылайша оқушылар өз пікірлерін ағылшын тілінде айтуға жаттығады. Бүдан эрі сөйлеу тілін дамытуға күрделілеу тапсырмалар беріледі.

Ағылшын тілін үйретуде кезекті сабаққа дейін өтілген деректер жүйеленіп, яғни, грамматикалық түрғыдан да, лексикалық түрғыдан да топтастырылып алынып отыруы керек. Сонымен қатар тілді оқып үйренуде айтарлықтай қиындық тудыратын ағылшын тіліне тэн тіл дыбыстарын дүрыс айту дағдыларын қалыптастыруды эрдайым жалғастыру тиімді.