Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тіршілік қауіпсіздігі ОҚУ ҚҰРАЛЫ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.9 Mб
Скачать

21Сурет. Басқа ‚ауыздық‚ тәріздес таңғыш орау

Мұрынға, маңдайға, иекке сақпан тәріздес таңғыш қояды. Бұл таңғыш енді бинтпен немесе ұзындығы 75-80 см мата кесіндісінен жасалады. Сол үшін таңғыштың ұшын екі жағынан оның ұзындығы 15-20 см орта бөлігі тұтас қалатындай есеппен айналдыра кеседі. Қиындының кесілмеген бөлігін қажетті жерге көлделең бағытта орайды.

Көзге таңғыш қою маңдай  желке арқылы айналдыра ораудан басталады (22сурет), екінші айналымда желке төңірегінен мойынға жақынырақ түсіреді және құлақтан төменірек алып, бетті қамтып көздің жаны арқылы маңдайға апарады. Үшінші айналымшеңберлік, бекітуші. Келесі айналымда жанай отырып желкеден құлақ, көздің үсті арқылы маңдайға апарады. әрбір айналым сайын біртіндеп үстіңгі жаққа қарай орау арқылы көздің маңайын толық жабады. Сол және оң көзге таңғыш қою әдісінің ерекшелігі мынандайš оң көзді орау кезінде бүкіл бинтті солдан оңға қарай, ал сол көзді орау кезінде оңнан солға қарай байлайды.

22Сурет. Көзге таңғыш қою

Мойын, көмей немесе желке жараланған кезде крест тәріздес таңғыш салынады (23сурет).

Бинтті орай отырып әуелі бастың маңдайын бекітеді (1,2), бұдан кейін жоғарырақ және сол жақтың артынан қиғаштап оны мойынға түсіреді (3). Бұдан кейін бинтті мойынның оң жақ бүйірдегі үстімен жүргізіліп, оның алдыңғы үстіңгі бетін жауып, желкеге қайтадан әкеледі (4), оң және сол жақтан жоғары өткізіп, орауды қайталайды. Таңғышты басқа айналдыра отырып бинт орамдарымен бекітеді.

23Сурет. Крест тәріздес таңғыш қою Кеуде клеткалары мен ішті бинтпен орау

К еудеге спиральды немесе крест тәріздес таңғыш қояды. Спиральді таңғыш үшін ұзындығы 1,5 метрге жуық бинттің ұшын түйеді, сау білекке таңып, кеуденің оң жағынан қисық күйінде қалдырады. Бинтпен арқанның төменгі жағынан спиральдік жүріспен оңнан солға кеуде клеткаларын орайды, бұдан кейін биннтті сол қолтыққа орай отыра оң иық арқылы бос ұшымен байланыстырады.

сурет. Кеудеге спиральды және масақ тәріздес таңғыш қою

Крест тәріздес таңғышты кеудеге 2-3 айналдыра орап төменгі жағына қояды, содан соң арқа жақтан сол білекке оң білектің төменгі жағы арқылы орай отыра әкеледі, бинтті тағы да кеуде клеткасының түбіне әкеледі, содан соң білектерді ауыстыра таңғышты кеуде клеткасының жанынан айналдыра орап, соңғы орамдағы бинттің ұшын түйреуішпен бекітеді.

Кеуде клеткаларының ішкі жарасына мүмкіндігінше жылдамырақ сыртқы тазартылған жағымен резинадан істелген жабдықты орау қажет, ал оған жеке таңу пакетіндегі тазартқыш жастықшаларды қойып, қатты байлап тастайды.

Пакет жоқ болса, герметикалық таңғышты, жапсырғышты пайдалану арқылы қоюға болады. Жапсырғыш жолақтарын жарадан 1-2 см жоғары етіп теріге желімдейді, сөйтіп жараның бүкіл үстін жабады. Жапсырғышқа тазартылған салфетка немесе 3-4 қабатты тазартылған бинт қояды, бұдан кейін мақта қабатын қатты байлап тастайды.

Құрсақ қуысы жеңіл сыдырылған зардап шегуші дәрігерлердің қарамағына жіберіледі.

Сырттай қараған кезде тері жамылғыларының бозаруы, суық тер, іштің керуі байқалады. Шарбының, ішек ілгегінің түсуі жарақаттың іш жақта екендігін көрсетеді.

Алғашқы медициналық көмек жараға тазартқыш таңғыш қоюдан басталады. Түскен тазарту органдарын түзеуге болмайды, оларды тазартылған жастықшамен жабады және сақтықпен қыспай, шеңберлі таңғыш қояды.

Қолға және дененің төменгі жағына таңғыш қою тәртібі

И ық пен білекке бинтті төменнен жоғары орай, бүктей отыра спиральды таңғыш қояды.