Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
суды+коргау.docx
Скачиваний:
13
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
85.23 Кб
Скачать

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

Жерге орналастыру факультеті

Реферат

пәні: «Экология мен тұрақты даму»

тақырыбы: «Суды қорғау»

Орындаған:

1 Курс студенті, 101 топ

Госманов Р.К.

Тексерген:

м., аға оқыт., Ахаева А.А.

Астана қ., 2014 ж.

Суды қорғау- адамзаттың жер бетіндегі табиғи су қорларының жай-күйін жақсартуға, қалпына келтіруге және оларды сақтауға бағытталған әрекеті. Адамдардың кәсіптік әрекетінің және тұрмысқа пайдаланылуының тікелей немесе жанама әсерінен судың құрамының және қасиеттерінің өзгеріске ұшырауын, яғни су көзінің бір бөлігінің немесе түгелімен пайдаланудың кез келген бір түріне жарамсыз болып калуын судың ластануы деп атайды. Әдетте, су көзіне оның сапасын өзгеріске ұшыратпайтын, суда ерімейтін бөгде заттардың (ағаш жаңқалары, күл-қоқыс, металл сынықтары, құрылыс қалдықтары және басқа заттар) түсіп жиналуын коқыстану дейді.

Суды қорғау аймақтары мен белдеулері — өзендердің, көлдердің, теңіздер мен су қоймаларының жағалауы бойымен, бұлақтардың, мұздықтардың, батпақтардың айласында, сондай-ақ каналдарды, су желілері мен басқа да су шаруашылық құрылыстарын бойлай ерекше пайдаланудың шарттары бар аймақтар мен белдеулер.

Суды қорғау жөніндегі міндеттер—Қазақстан Республикасының аумағында қызметі судың жай-күйіне әсер ететін барлық заңды ұйымдар мен азаматтардың суды ластанудан, былғану мен сарқылудан қорғауды, сондай-ақ судың жай-күйі мен режімін жақсартуды қамтамасыз ететін технологиялық, орман-мелиорациялық, агротехникалық, гидротехникалық, санитариялық және басқа да міндетті шараларды жүргізуі.

Суды қорғаудың міндеттері — барлық судың табиғат жүйелерінің экологиялық тұрақтылығын бұзуы, халықтың денсаулығына зиян келтіруі, сондай-ақ балық қорларының азаюына, судың физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерінің өзгеруі, олардың табиғи толығу, тазару қабілетінің төмендеуі, судың гидрологиялық және гидрогеологиялық режімінің бұзылуы салдарынан сумен жабдықтау жағдайларының нашарлауына және басқа қолайсыз құбылыстарға әкеліп соқтыруы мүмкін ластанудан, былғанудан және сарқылудан қорғалуға тиістілігі. Суды қорғау судың ластануын, былғануын және сарқылуын болдырмауға бағытталған ұйымдық, экономикалық, құқылық және басқа шаралар жүйесін қамтиды.

"Судың ластануы"

Суды май, сүрек ағаш, химия, мұнай және басқа өнімдер ысыраптарымен ластану мен былғанудан қорғау —су көлігі құралдарын, құбыр желілерін, сутоғандарындағы жүзбелі және басқа құрылыстарды иеленушілер, ағаш ағызушы ұйымдар, сондай-ақ басқа заңды ұйымдар мен азаматтардың май, сүрек ағаш, химия, мұнай және өзге де өнімдер ысыраптарының салдарынан судың ластануы мен былғануына жол бермеу міндеттері.

Гидросфераның ластануы

Жер планетасындағы судың жалпы мөлшері — 1386 млн.км3. Бұл судың 96,5 % Әлемдік мұхитқа тиесілі. (13-кесте). Мұхиттардың орташа тереңдігі 3704 м ал ең тереңі — 11034 м Жер қойнауының жоғарғы бөлігінде түрлі тереңдікте жер асты суының қоры бар. Тұщы сулар әдетте, 150-200 м тереңдікте орналасады да, тереңдеген сайын тұздана береді. Жер астындағы тұщы сулардың көлемі жер бетілік тұщы су көлемінен 100 есе көп. Су табиғатта үш түрлі агрегат күйде (қатты, сұйық, газ) кездеседі. Қазіргі кезде адамзат қоғамында бір жылда тұщы судың 3000 км3 шамасындайы жұмсалады. Суды ең көп пайдаланатын ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығында пайдаланылған судың төрттен үш бөлігі қайтарылмайды. Мысалы, 1 тонна бидай өсіру үшін барлық вегетациялық кезеңінде 1500 тонна, 1тонна күрішке — 7000 тонна, мақтаға 10 000 тонна су жұмсалады.

Өнеркәсіпте 1т. өнім алу үшін болат, шойын — 15-20 м3, кальцийленген сода — 10, күкірт қышқылы — 25-80, азот қышқылы — 80-180, синтетикалық жібек — 300-400 м3, синтетикалық талшық — 500, мыс — 500, пластмасса — 500-1000, синтетикалық каучук — 2000-3000 м3 т.с.с. су жұмсалады. Қуаты 300000 квт/сағ. Жылу электр станциясына жылына 300 км3 су қажет. Соңғы жылдары өзен, көл, теңіз бен мұхит суларының ластануы қатты байқалуда. Табиғи суларды ластаушы негізгі көздер төмендегілер: 1) өндіріс орындарынан шыққан поллютанттар бар атмосфералық сулар; 2)фекалийлер, детергенттер, микроорганизмдер (олардың ішінде патогенді де) бар тұрмыстық сулардан құралған ағызынды сулар;