Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тауы.docx
Скачиваний:
34
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
305.12 Кб
Скачать

Тауықтар — тауықтәрізділер отрядына жататын құсауыл шаруашылық құстарының неғұрлым кең тараған түрі. Еті мен жұмыртқасын, қауырсыны мен мамығын алу үшін өсіріледі. Саңғырығы тыңайтқыш ретінде қолданылады. Олардың барлық тұқымдарының арғы тегі – бұдан 5 мың жыл бұрын Үндістанда қолға үйретілген жабайы банкив тауығы. Төбесінде теріден тұратын айдары, құлақ сырғалықтары, қоразының аяғында сырғалығы мен сүйір тепкісі болады. Қауырсындарының түсі әр түрлі. Көпшілік тұқымдарының артқы жіліншігі мен тұмсығы сары кейде қызғылт, қара болады. Тауықтардың денелері тығыз, табандары үнемі жер бетінде жүретіндіктен мықты, төрт саусақты, тырнақтары қатты жерлерді де қазуға бейімделген. Қаңқасы дала құстарымен салыстырғанда ауырлау. Қанаттары қысқа, ұша алмайтындықтан оларды өте сирек пайдаланады. Жұмыртқа салатын, балапандарын басып шығаратын қолайлы жерді өздері таңдап алады.

Өнімділік бағытына қарай ет, ет-жұмыртқа, жұмыртқа бағытындағы тауықтар деп бөлінеді, сонымен қатар өндірістік мәні жоқ көркемдік және жауынгер тауықтар да өсіріледі. Жұмыртқалағыш тұқымы онша ірі емес, мекиені 1,7 – 2,2, қоразы 2,5 – 3 кг; етті-жұмыртқалағыш тұқымы сәйкесінше 2,3 – 2,8 және 3,4 – 3,8; етті тұқымы 3 – 3,5 және 3,8 – 4,5 кг салмақ тартады. Етті тұқымының балапандары (бройлер) тез өседі, олардың жұмыртқаны жарып шыққандағы салмағы 38 – 41 г. болса, 7 – 8 аптада 1,5 – 1,8 кг салмақ қосады. Тауықтар жыныстық жағынан ерте жетіледі (5 – 6 айда). Жұмыртқалағыш тұқымы басқа тұқымдарына қарағанда тез өседі. Жұмыртқалағыш тауықтар жылына орта есеппен 220 – 250 дана, ал етті тұқымдылары 110 – 220 дана жұмыртқа береді. Жыл сайын жұмыртқалау мерзімінің соңына қарай тауықтар түлей бастайды, ол өнімділік бағытына және күтіп-баптау жағдайына байланысты 2 – 3 аптадан 2 айға дейін созылуы мүмкін. Түлеу кезінде жұмыртқа салмайды. Жұмыртқалау мерзімінің басында жұмыртқаның салмағы 40 – 50 г, ал соңына қарай 57 – 65 г-ға дейін көтеріледі. 10 жылға дейін жұмыртқалай алады, екінші жылы ең көп жұмыртқа береді, содан кейін жылдан жылға жұмыртқа саны кемиді. Тауықтар өсіретін шаруашылықтарда өнімі мол тұқымдық тауықтарды 2 – 3 жыл ұстайды. Тұқымдық тауық үйірінің 55 – 60%-ы жас, 30 – 35%-ы – 2 жастағы, 10%-ы 3 жастағы тауықтар болады. 8 – 12 тауыққа 1 қораз ұсталады. Тағамдық жұмыртқа алуда қораз ұстамаса да болады. Тауықтарды қолда өсіргенде қораны кең, жарық, су өтпейтін, жылы жерге салады. Ішінде тауықтарды азықтандыратын науалар, суаратын астаулар, жұмыртқалайтын ұялар болады, оларды жуып, дезинфекциялап отырады. Қыста қалың төсеніш үстінде ұстайды. Тауықтар қорасының алдына үлкендеу ашық алаң қоршалады. Сонымен қатар тауықтарды құс фабрикаларында, арнайы шаруашылықтарда өсіреді (қ. Құс өсіру). Тауықтарды азықтандыру ерекшеліктері тұқымына, өнімділік бағытына байланысты. Жемі – арнайы дайындалған құрама жем.

Әсемдік, жауынгер Тауықтарды әуесқой құс өсірушілер әсем қауырсыны немесе дене құрылысы үшін, түрлі мақсаттар үшін (төбелестіру, т.б.) өсіреді. Әсемдік тауықтар өте кішкентай, ергежейлі, қауырсыны бұйра, жібектей жылтыр болады.[1]

Қан айналымы[өңдеу]

Құстардың қан айналымы қосмекенділер мен жорғалаушылардан күрделі. Жүрегі төрт бөліктен : екі құлақша және екі қарыншадан құралып, оң және сол жақ жартыларға бөлінеді. Жүректегі салатамыр және көктамыр қаны бірімен-бірі араласпайтындықтан, бүкіл ағзаға тек оттегіне қаныққан қан таралады.

Құстың денесіндегі қан екі шеңбер бойынша айналады, олар үлкен және кіші қанайналым шеңбері деп аталады. Жүректің сол жақ қарыншасынан шыққан салатамырдағы қан бүкіл денені аралап, денедегі жасушаларға оттегін береді, көмірқышқыл газға қанығып, оң жақ құлақшаға оралады. Бұл- үлкен қанайналым шеңбері. Оң жақ құлақшадағы көктамыр қаны оң жақ қарыншаға өтіп, өкпеге барады , құрамындағы көмірқышқыл газды өкпеде қалдырып, өкпедегі оттегімен қаныққан соң сол жақ құдақшаға құяды. Бұл- кіші қанайналым шеңбері. Құстың жүрегі қуатты жұмыс істейтіндіктен, қан тамырларды бойлай шапшаң ағып, ағзаға қажетті мөлшерде оттегі мен қорек жеткізеді. Сондықтан құс денесіндегі температура тұрақты (40-45 градус) болады.

Зәр шығаруы[өңдеу]

Құстардың зәршығару мүшесі-жамбас қуысында орналасқан қызыл түсті екі бүйрек. Құста қуық болмайды, бүйректен тараған екі несепағардың өзекшесі тікелей клоакаға ашылады. [2]

Дереккөздер[өңдеу]

  1. Жоғарыға көтеріліңіз Қазақ энциклопедиясы

  2. Жоғарыға көтеріліңіз Қ.Қайым,Б.Муханов,Р.Сәтімбекұлы,М.Шаймарданқызы, "Жануартану"(1998), 188б., ISBN 5-625-03599-7

Құс шаруашылығы саласының қазіргі даму қарқыны көңіл көншітеді. Өткен жыл­дың қорытындысын жасағанда еліміздегі құс фермалары 3,2 миллиард жұмыртқа мен 138 мың тонна құс етін өндіргені мәлім бол­ды. Осы көрсеткішпен-ақ отандық өндіру­ші­лер ел тұрғындарының жұмыртқаға де-ген сұранысын 95 пайызға қанағаттан­дырған. Қазіргі таңда жылына 250-300 мың тон­на құс етін тұтынады екенбіз. Бұл сұраныс әзірге 50 пайызға ақталып отыр. Дегенмен, саланың даму қарқынына қарағанда алдағы үш-төрт жылда құс етіне қызығушылардың талабы да толығымен орындалады деген үкі­лі үміт бар. Қазақстан құс өсірушілер одағы­ның дерегіне қарағанда, биыл 3,6 мил­лиард жұмыртқа мен 180,5 мың тонна­дан артық құс еті өндіріледі деген жоспар жасалған. Бұл меже бағындыруға болатын, нақты жоспар. Бұлай деуімізге себеп, сала­ның дамуына негіз болатын басты қажет­ті­лік – құс фабрикаларының жұмысы күн­нен-күнге жанданып келе жатқандығы. Әйтсе де, салада ешқандай мәселе жоқ, бәрі ойдағыдай деуге болмайды. Құс ша­руа­шылығындағы ең үлкен мәселенің бірі – жем тапшылығы. Дәнді-дақылдар бо­йынша отандық құс фабрикаларының 2015-2016 жылдарға арналған жылдық қажеттілігіне келсек, бидай 573 мың, арпа 58 мың, жүгері 64 мың тонна шамасында. Бір жағынан алып қарғанда, біздің ел сияқты аграрлық мемлекетте жалпы жем тапшы деудің өзі қисынға келіңкіремейді. Анығы – құс фермаларын жем бағасының қымбаттығы қинап тұр. Қазір құс шаруашылығымен айналысушыларға жағымды жаңалық жет-ті. Ақпан айынан бастап Қазақстанда құс фабрикалары 215 мың тонна жемді арзан баға­мен сатып алады. Қазақстан құс өсіру­шілер одағының баспасөз қызметінің та­ратқан мәліметіне қарағанда,елімізде құс өсірумен айналысатын 60 фабрика «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» ак­ционерлік қоғамымен және облыс әкімдік­тері­мен келісімшартқа отырды. Осы құжаттың негізінде дән арзан бағамен бері­летін болады.Одақ басшысы Руслан Шә­ріповтің айтуынша, қазіргі уақытта құс өсі­ретін фабрикаларға қажетті жемнің 50 пайызын мемлекеттің реттелген бағамен беруін көздейтін заң жобасы Үкіметте қа­ралып жатыр. Қазақстан құс өсірушілер одағы сала жұмысының жандануына біршама жұ­мыс­тар жасап жатыр. Одақ басшысы Руслан Шәріпов отандық өндірушілерді қолдау үшін, олардың шетелден келетін тауық еті­не бәсекелес болу үшін таяу мерзімде бір­қатар шараларды қолға алу керек екенін алға тартады. Олар news.agronationale.kz – АҚШ-тан келетін тауықтың сан етін 50 мың тоннаға дейін азай­ту, оларға баж салығын енгізу, дем­пинг­тік бағалармен күресу, шет мемлекет­терден келетін тоңазытылған құс еті сапа­сына бақылауды күшейту, делдалдар арқылы өзге мемлекеттерден келетін импорт құс етіне шектеу қойып, тек өндіруші ком­панияның ресми дилерлерімен жұмыс жа­сау. Қазіргі таңда құс шаруашылығы сала­сында да үнемі ізденіс қажет. Бір орында тұ­рып қалуға әсте болмайды. Себебі, на­рық­тық экономикадағы тегеурінді бәсеке­лестік өндірісті үнемі жаңғыртып, техни­калық және технологиялық жағынан жа­ңа­рып отыруды талап етеді. Өнімді арттыру үшін құс фермалары уақыт талабына сай технологияларды пайдалануға тиіс. Ол үшін қомақты қаражат керек. Оның үстіне өн­діріс құрал-жабдықтары мен оның қосалқы бөлшектері өз елімізде өндірілмейді. Құс шаруашылығына қажет жұқпалы ауруларға қарсы алдын ала сақтану үшін қолданы­ла­тын дәрі-дәрмек те, құстарға берілетін азық­тың қоректік сапасын жақсартатын биологиялық қоспа да сырттан әкелінеді. Соңғы жылдары құс шаруашылығы са­ласын мемлекет тарапынан қолдау бар. Оны бұл салада жұмыс жасап жатқандар кәдімгідей сезінуде. Құс өсірушілер одағы бұл саладағы біраз мәселелердің шешілуіне мұрындық болып жүр. Салада жылдар бойы қордаланып қалған мәселелерді мемлекет­тік органдардың назарына салып, жұмыс-шы тобының кеңестеріне қатысуда. Құс етіне сұраныс жыл өткен сайын ар-та түсуде. 2000 жылдары бар болғаны 53,2 тонна құс етін пайдалансақ, қазіргі сұра-ныс 250-300 мың тонна екенін айттық. 2000 жылдары кісі басына шаққанда жы­лына 3,6 келі құс етін тұтынатын болсақ, қа­зір бұл көрсеткіш 20 келіге жақын. Елдің әл-ауқатының жақсаруы олардың дастар-қан мәзірінен де байқалады. Қай кезде де тұтынушы қалтасына қарай сауда жасай­тыны белгілі. Бір қуанарлығы, елдің құс еті­не деген сұранысы артқан сайын, оны өндіру көлемі де ұлғайып келе жатқан­-дығы. 2000 жылдары елімізде бар болғаны 16,7 мың тонна құс етін өндіріп, негізінен, импортқа тәуелді болсақ, жыл өткен сайын отандық өндірушілердің адымы ашылып, тек өткен жылдың өзінде 138 мың тонна құс етін өндіргенін әңгімеміздің басында тілге тиек еттік. Демек, елде құс шаруашылығы саласының болашағы зор екенін осы де­рек­терден-ақ аңғаруға болады. Болашағы бар, қолдан келетін осындай кәсіпті жер­гілікті тұрғындардың игергені қажет-ақ.http://news.agronationale.kz/azastanda_s_sharuashylyyn_damytudy_

Құстардың жұмыртқалауының сиреуі және оның негізгі себептері

Құс өсірумен айналысатын адамдар құсты тек табыс табу,  қорек ету үшін ғана  емес,  кейде  жай  өсіреді.  Мысалы,  олар жұмыртқа  жинағанды жақсы  көруі мүмкін.  Себебі, ол  байырғы заманнан жеткен  аң аулау,  қорек жинау сияқты  инстинкпен байланысты  болуы мүмкін.  Сондықтан  өсіріп отырған тауықтарыңыздың жұмартқаларын жинауға  шыққан  сайын,  олар бүгін  көп жұмыртқа  тапқан шығар деп  үміттенеміз.  Егер  тауықтарыңыз  жұмыртқа табуды сиретсе немесе тоқтатса,  ондай  жағдай болып тұрады,  оның  себептерін  білген жөн.  Бұл  себептердің бәрін  бақылауға болатындықтан, жұрмытқаны қайта көптеп  жинауға мүмкіндігіңіз  бар. 

Құстардың жұмыртқалауды сиретуінің  себептері: 1. Жарық берудің шарттары мен  ұзақтығы Тәуліктің жарық  кезеңінің  қысқа болуы  құстардың жұмыртқалауды сиретулерінің негізгі себебінің бірі болып  табылады. Мекиен тауық  тәулігіне орта есеппен  ең жоқ  дегенде 12 сағаттай жарыққа мұқтаж, бұл  кезең  тауықтың аналық бездерінің дамуын  стимуляциялау  процесі басталу  үшін керек. Әдетте  қыс мезгілінде, табиғи жарық сөзі  қысқарған  кезде, құс қораға 14−15  сағатқа жасанды жарық  көзі орнатылады.    2. Түлеу: Түлеу  дегеніміз - құс терісі эпидермисінің  құрылымдық  элементтері мен  қауырсындарының оқтын-оқтын  жаңарып тұруы.  Жұмыртқалау кезеңі аяқталған соң  ересек  құс  түлей бастайды,  бұл организмнің  қоршаған орта жағдайына  бейімделу реакциясының салдары.  Түлеу кезінде құстардың көпшілігі  жұмыртқалауды тоқтатады,  аналық бездері атрофияға  ұшырайды.  Әрине,  бұл процесті бақылауға мүмкіндік береті  әдістер көп,  олар туралы мына жерден  оқуға болады.  Бірақ,  құстар түлей  бастаса,  бұл табиғи процестің аяқталуына  мүмкіндік берген дұрыс,  сонда келесі маусымда  мекиендер  жұмыртқаны  көбірек беретін болады.    3. Күрік болу: Мекиен  күрік болған  кезде,  жұмыртқалауды тоқтатады.  Ол  жұмыртқа басуға отырып, балапан  шығара бастайды.  Күрік болуды тоқтатудың  бірнеше  жолы бар, бірақ  олар  гумандық әрекеттер  болмағандықтан,  олай етпеген жөн.  Күрік болу  процесі  туралы мына жерден оқыңыздар.   4. Өз жұмыртқаларын жеп қою: Құстар кей кездері өз жұмытртқаларын деп қоюы мүмкін,  мамандардың айтуынша,  теңгерілмеген  жеммен қоректентен кезде,  ақуыз  немесе кальций  сияқты  компоненттер  жетіспеген  кезде құстар  сондай әрекеттерге барады. Онымен қоймай,  тауық қорада бір  мекиен  жұмыртқа  жеуге әдеттенсе,  басқа тауықтарда оған  еруі  мүмкін.  Мұның алдын  алу үшін ең алдымен құстаржы минералдық және ақуыздық қорекпен  жеткілікті деңгейде қамтамасыз  ету керек.  Және  құстың ұясына  гипстен жасалған  жұмыртқа муляжын  салып қоюға  болады.  Ол үшін жұмыртқаны теседі де, ішіндесін  құйып алады.  Сосын тесік арқылы ішке  гипс немесе алебастр салып, су құйып,  қатырады.  Мұндай муляж ұяда  жұмыртқа  әрдайым жату керек.  Тауықтар жұмыртқаны бірнеше рет  жарып көрмек болып, ол  әрекеттерінен ештеңе шықпаған соң,  жаман  әдеттерінен арылады.    5. Жыртқыштар: Құстардың жұмыртқаларын деуге дәніккен  жыртқыштар көп. Сол жыртқыштарды тауық қораға жолатпау  үшін  қолдан келген шараларды  қабылдау керек.  6.Тауық қораның тар болуы: Құстардың жұмыртқалауды  тоқтатуына  жайдың тарлығы да себеп болуы мүмкін.  Сол үшін мынадай көрсеткішті сақтаған жөн:  жұмыртқалайтын  тауық  тұқымдары үшін - 5−6 бас тауық/м2,  бройлер үшін-12−18 бас/м2, түйеқұстар үшін— 4,5−5,0 бас/м2, үйректер мен мускус аналықтар үшін — 8, украин мекиендері — 10 бас/м 2. т.б.   7. Ұяның орнын  өзгерту: Тауықтар  жұмыртқа салатын өз ұяларына тек үйренеді және  ұя орнын  ауыстыру  олардың  жұмыртқалауды сиретуіне себеп болуы мүмкін.  8. Құс аурулары: Жұмыртқалаудың төмендеуіне  құс аурулары  да себеп  болуы мүмкін.  Ең алдымен,  құстың  қандай аурумен ауыратынын  анықтап,  басқа құстардың ауруды  жұқтыруына жол бермеу керек.  Тұрақты вакцинация жасап тұрған  жақсы.  Оған қоса, құстардың  қоректену жағдайын  бақылап отырыңыз,  егер олар жем жеулерін азайтса,  араларында ауру тараған болуы мүмкін.  9. Ауа температурасының күрт  өзгеруі Құстар  жақсы жұмыртқалайтын  оңтайлы температура  17−20 ºС шамасында. Кейде  температура  күрт өзгеріп кетсе де,  олар жұмыртқалауды  сиретуі  ықтимал.  10. Қораның желдетілмеуі: Тауық  қораның желдетілмеуі  салдарынан  іште аммиак жиналып қалады, ал ол өз  кезегінде құстарды  түрлі тыныс жолы ауруларына шалдықтыруы мүмкін.  Нәтижесінде, олар жұмыртқалауды сирете бастайды. 11. Дұрыс қоректендірмеу: Құстарды  нашар, кейде  баланс сақтамай қоректендіру  де  жұмыртқалаудың сиреу себептерінің бірі.  Егер  құстардұрыс жұмыртқаласын десеңіз,  оларды  дұрыс  жемдеңіз.  12. Артық қоректендіру: Кейде  құстарды артық,  шамадан тыс қоректендіру де  жұмыртқалауды сиретуге  себеп болуы мүмкін.  Құстарды оларға қажет мөлшерден  артық жемдеудің  қажеті шамалы.  13. Су бермеу: Жұмыртқа құрамының  75%  су құрайтыны белгілі, сондықтан да құстардың алдында үнемі  таза су болуы керек.  14. Құстарды жаю: Құстарды  анда-санда сыртқа шығарып,  жайып тұру керек.  Бірақ бақылап отыруыңыз  керек.  Әйтпесе,  олар  жұмытқалаған жерлерін жасыруы мүмкін. Ең дұрысы оларға  жайлы  ұя жасап қойыңыз, сонда олардың қайда жұмыртқалағанын  іздеп, сабылмайсыз.   15. Құстың қартаюы: Құстардың өнімділігі  алғашқы жыл  екені  баршаға мәлім.  Екінші жылы, табиғи немесе жасанды  жолмен түлеген соң басталатын екінші жұмыртқалау маусымында  тауықтардың өнімділігі  былтырғыдан 15−20%  төмендейді. Осылайша,  жыл  сайын тауықтың жұмыртқалау көрсеткіші төмендей  береді, сондықтан  олардың қатарын біртіндеп  жаңартып отыру керек.  16. Стресс: Стресс  дегенді білмейтін  құстың,  басқа  мекиендерге қарағанда  көбірек және жақсы  жұмыртқалайтынын  біліп жүріңіз. Дереккөз: http://ptitcevod.ru

сыранды құстарды қолда өсіруді құс шаруашылығы деп атайды. Құс шаруашылығы – мал шаруашылығының тиімді саласының бірі.

 

Адамзатты нәруызды тағаммен қамтамасыз етуде құстан алынатын жұмыртқа мен еттің маңызы ерекше. Құс қауырсыны (мамығы) күнделікті тұрмыс қажетіне де пайдаланылады. Ал құс саңғырығы – сапалы тыңайтқыш. Сойылған құстың ішкі мүшелерінің қалдықтары үй хайуанаттарына қорек ретінде пайдаға асады.

 

Қолға үйретілген асыранды құстардың да арғы тегі өздеріне туыстас жабайы құстар. Қазіргі кезде қолға үйретілген құстардың 10-нан астам түрі белгілі. Тауықтектестерден – тауық, күркетауық, мысыр тауығы (цесарка), тауыс және жапон бөденесіҮйрек пен қаз да қолға үйретілген құстарға жатады. Кептертектес құстар отрядынан қолға үйретілгені – көгершін.

 

Құс шаруашылығын дамытудағы басты мақсат – олардың жұмыртқасы мен етін алу. Құйрық қауырсыны ұзын болып келетін тауықтың – феникс қолтұқымы бар. Мұндай тауық қолтұқымы Жапония мен Қытайда өсіріледі. Тауыс, көгершін және баққунақ (канарейка) әсемдік үшін арнайы торда қолдан өсіріледі. Yй құстарынан ең алғаш қолға үйретілгені – асыранды қаз.

 

Бұдан 7 мың жылдай бұрын Еуропа мен Батыс Сібірде – жабайы сұр қаз, Қытай мен Ресейдің қиыр шығысында жабайы қутұмсық қаз бір мезгілде қолға үйретілген. Асыранды қаздың жабайы арғы тегі сұр қаз бен қутұмсық қаздар. Олар бірінен-бірі дене тұлғасы, қауырсындарының түсі арқылы ажыратылады. Сондай-ақ өзара жұптасып, ұрпақ бере алады.

 

Асыранды қазды негізінен еті үшін арнайы құс фабрикаларында қолдан өсіреді. Асыранды қаз жылына орта есеппен 30–50 жұмыртқа береді. Арнайы шаруашылықтарда жылына 50–80 жұмыртқа алуға болады. Қолда өсірілетін атақаздардың орташа салмағы 5–8 кг. Аналық қаздар 4–7 кг салмақ тартады. Қаз өсіретін фабрикаларда 2,5–3 айлық қаздарды союға жібереді, оның әрқайсысы 3,5–4,5 кг ет береді.

 

Қаздардың кубань, қытай, холмогор, италия, рейн, үлкен сұр қаз деп аталатын қолтұқымдары көп өсіріледі. Еуропа елдерінде (Франция, Венгрия, Польша, т.б.) қаздың бауырын пайдалану мақсатында да арнайы өсіреді. Ондай қаз қолтұқымдарына тулуз, ланд, италия, рейн қаздарыжатады.

 

Қолға үйретілген құстардан дүние жүзінде ең көп өсірілетіні –үй тауығы. Тауық мүшелді жыл санауда 10-жылды иеленген. Асыранды тауықтың арғы жабайы тегі – Азияның оңтүстік-шығыс аймағында кездесетін банкив тауығы. Бұл тауық Үнді дерінде, Ява, 

  Банкив тауығы

  

Құс шаруашылығы

 

Yй хайуанаттарын жіктеу кезінде жүйелік бірлік ретінде қолтұқым (порода) ұғымы қолданылады. Ұзақ уақыт қолдан сұрыптау нәтижесінде алынған бір түрге жататын үй хайуанаттарының тобын қолтұқым дейді. Әрбір қолтұқым белгілі бір мақсатқа сай (мысалы, жұмыртқа алу, немесе дәмді ет үшін, т.б.) өсіріледі. Қолтұқымның дене құрылысында, тіршілік әрекетінде өзіне тән белгілері болады. Ондай белгілер тұқымқуалап, ұрпақтарына беріліп отырылады.

 

Yй тауығының қолтұқымдары негізінен мынадай бағытта өсіріледі:

 

Жұмыртқалағыш тауық қолтұқымдары. Мұндай тауықтың қолтұқымдары жылына 220–250, кейде одан да көп жұмыртқа береді. Леггорн, минорка, андалуз, орыстың ақ тауығы, орлов, павлов, воронеж осындай қолтұқымдарға жатады. Қолтұқымдар арнайы ірі құс фабрикаларында өсіріліп, оларға ерекше күтім жасалады. Ондағы барлық жұмыстар (тауықтарды қоректендіру, жұмыртқаларды арнайы инкубаторда шайқау, т.б.) техника күшімен жүргізіледі.

 

Етті бағытта өсірілетін тауық қолтұқымдары. Тауық еті жеңіл, әрі сіңімді. Оның құрамында адам ағзасына қажетті нәруыз, витаминдер, химиялық элементтер көптеп кездеседі. Бұл бағытта виандот, род-айленд, шантеклер, доминикан, дисерсей, корниш, плимутрокқолтұқымдары өсіріледі. Етті бағытта өсірілетін тауық қолтұқымдарының балапандары тез жетіледі, қарқынды өседі. Ондай 7–8 апталық балапандар орташа 1,5–1,8 кг салмақ тартады.

Балапандарды бройлер деп атайды және осы кезде оларды жаппай сойып, сатуға шығарады. «Бройлер» – деген ағылшын сөзі, оның қазақша мағынасы «отқа қақтау» деген ұғымды білдіреді. Олардың еті жұмсақ әрі дәмді болады. Етінің құрамында өте бағалы нәруыз мол. Оларды өсіруге шығын аз жұмсалатындықтан, шаруашылық үшін тиімді.

 

Бройлер балапандарын өсіру үшін арнайы жабдықталған құс фабрикалары жұмыс істейді. Әйнегі жоқ кең бөлмелердегі еденге қалың төсеніш жасап, сапалы құрама жеммен қоректендіреді. Тәулік бойы жасанды жарық пен қараңғылық үнемі алмастырылып тұрады.

 

Әрі етті, әрі жұмыртқалағыш бағытта да өсірілетін тауықтың қолтұқымдары (мысалы, ақ плимутрок) бар.

 

Төбелестіру мақсатында малай, үнді, ағылшын қолтұқымдары өсіріледі. Ондай тауықтардың аяқтары ұзын, сіңірлі келеді. Денесі мығым, шоқысуға, тепкілесуге бейім.

 

Қолға үйретілген үйректің арғы тегі – жабайы барылдауық үйрек. Үй үйректері бұдан 6–7 мың жыл бұрын Месопотамия аймағында және Қытайда қолға үйретілген. Оны да еті, мамығы үшін өсіреді. Қолға үйретілген үйректің тағы бір түрі – мускусты үйрек. Ол алғаш рет Оңтүстік Америкада қолға үйретілген. Оның да еті жұмсақ әрі дәмді, майы аз болады.

 

Қолға үйретілген үй құстарының ең ірісі – күркетауық. Ол алғаш рет Мексика және Американың оңтүстік өңірінде жабайы түрінен қолға үйретілген. Оның еті сіңімді, құрамында нәруызы мол. Орташа салмағы 9–12 кг.

 

Африканың батыс, солтүстік аймағында қолға үйретілген тауықтектес құстың бірі – цесарка(мысыр тауығы деп те атайды). Оны да дәмді еті үшін өсіреді. Қазіргі кезде цесарканы Еуропа елдері, АҚШ және Австралияда көптеп өсіреді.

Рентабельность

Куры-несушки – это одна из наиболее распространенных разновидностей кур в птицеводстве. Как понятно из названия, птиц этих пород разводят с целью получения хороших яиц. От других пород яичные отличаются тем, что у их представительниц менее развит инстинкт продолжения рода, и они откладывают яйца не с целью дальнейшего их высиживания. Такие куры обладают хорошей яйценоскостью. В среднем за год одна курица может давать около трехсот яиц.

В качестве кур-несушек используются кроссы, яйценоскость у которых на 10-15% выше, нежели у чистопородных кур. Единственный недостаток: это свойство теряется при выведении потомства. Поэтому следует при разведении кроссов нужно принимать во внимание тот факт, что каждый раз вам придется покупать новых цыплят. Также стоит отметить, что по размеру и массе на первом месте идут яйца коричневых кроссов, но при этом яйценоскость коричневых кроссов все же ниже, чем белых.

В настоящее время выделяют несколько наиболее популярных видов кур-несушек. К таковым относятся, к примеру, Белая русская, Леггорн, Брама, Кучинская юбилейная, Хайсекс браун и т. д. также существуют мясояичные породы: Виандот, Мрокс, Род-айленд, Московская, Австралорп, Полтавская глинистая и т. п. Из яичных пород очень популярны в нашей стране белые леггорны. Куры этой породы не питаются мясной пищей, поэтому набирают небольшой вес – до двух килограмм. Петухи породы леггорн также некрупные. Их вес редко превышает два с половиной килограмма. Однако леггорны отличаются высокой производительностью. В возрасте 17-18 недель у цыплят наступает половая зрелость, в период которой несушка способна снести в среднем 220-300 яиц в год. При этом масса яйца составляет 55-58 г, что немного ниже, чем у породы ломан браун. Наибольшая яйценоскость отмечается в первый год наступления яйцекладки, затем леггорн истощается и количество снесенных яиц резко уменьшается. Цвет скорлупы – белый.

Часто можно встретить в сельском хозяйстве и такую птицу, как легорка. Но она уже требует определенного ухода, так как в плохих условиях кладка яиц заметно сокращается. С другой стороны, уже к 52 неделе куры начинают нести примерно 300 яиц за год.

Кросс тетра Сл относится к самым высокопродуктивным породам кур. Уже с 17 недели эти куры показывают 90% яйценоскости. В год приносят примерно 300-310 яиц. Эти куры дают яйца, которые имеют бурый окрас скорлупы.

Порода кур Изобраун появилась благодаря работе селекционеров из Франции. Они очень распространены сегодня, так как достаточно быстро могут приспособиться разнообразным условиям содержания и к разному климату. С 21 недели куры начинают нестись и показывают первые несколько недель только 50% яйценоскости. Но немного позже средняя несушка начинает давать в год около 320 яиц.

К одной из лучших пород кур-несушек относится и Ломан Браун. Достижение половой зрелости у цыплят этой породы происходит в возрасте 135 дней. Именно с этого периода начинается увеличение количества снесенных яиц. Так, уже через две недели их яйценоскость достигает 50 %, а спустя месяц она составляет 90 и более процентов. В среднем, в период половой зрелости (около 52 недель) несушка породы Ломан Браун производит приблизительно 300-310 яиц коричневой окраски. Масса яйца может достигать довольно высоких показателей – 62-64 г.

Порода Кучинская юбилейая была выведена на Кучинском госплемптицезаводе. Представительниц этой породы отличает способность нести более 180 яиц в год. При хороших условиях содержания этот показатель может увеличиваться до 250 штук в год. Масса яиц колеблется в пределах 58-61 г, цвет скорлупы – светло-коричневый. Период яйценоскости у несушек начинается в возрасте около пяти месяцев.

Одним из лучших кроссов отечественного направления яичных пород считается

Хайсекс Браун. Средний период яйцекладки у данной породы наибольший. Он составляет 80 недель, а количество снесенных яиц может достигать 360 штук в год. Также эти несушки отличаются и высокой массой яиц (70 г). Поэтому именно этот кросс и предпочитают многие любители-птицеводы и крупные фабрики.

Технологический процесс производства яиц

При организации производства куриных яиц даже на небольшой птицеферме необходимо стремиться к выполнению двух условий: обеспечению максимальной продуктивности птицы и равномерному поступлению продукции в течение круглого года. Достичь этого можно при соблюдении следующих условий: использование современных высокопродуктивных кроссов птицы; содержание птицы в безоконных птичниках для соблюдения микроклимата; круглогодовое производство яиц; многократное комплектование стада; работу по замкнутому или открытому циклу производства; применение новых ресурсосберегающих технологий. Эти правила стандартны и подходят для работы не только крупных птицефабрик, но и небольших подсобных хозяйств.

На продуктивность птицы влияют несколько основных факторов. К таковым относится световой фактор, температура окружающей среды, влажность воздуха и его чистота. Как известно, свет оказывает значительное воздействие на организм птицы. От степени и характера освещения зависит развитие половых желез и их деятельность. Температура воздуха в помещении, где содержится птица, влияет на тепло- и газообмен, на обмен веществ и интенсивность окислительно-восстановительных процессов в ее организме. Оптимальная температура для содержания взрослых курс – 16-18 градусов Цельсия. Высокая влажность воздуха может привести к снижению переваримости питательных веществ корма и к уменьшению содержания гемоглобина в крови. Если температура воздуха в помещении ниже рекомендуемой, а влажность воздуха слишком высокая, это может привести к простудным заболеваниям. Оптимальная влажность воздуха в помещении, где содержатся куры, составляет 60-70 %.

Большое значение имеет не только температура и влажность воздуха, но и содержание в нем вредных газов (например, диоксида углерода, аммиака, сероводорода). Эти газы выделяются при разложении помета и подстилки в курятнике. У птиц более высокая интенсивность газообмена, нежели у животных. Повышенное содержание диоксида углерода в воздухе приводит к снижению аппетита у кур, к общей слабости и вялости и, как следствие, к снижению продуктивности. Предельно допустимая концентрация диоксида углерода в воздухе составляет 0,25 %, аммиака – 15 мг/мз, сероводорода – 5 мг/мз. Значение имеет и степень запыленности воздуха в птичнике. Она повышается в том случае, если птица содержится на подстилке. Пыль бывает как органическая (мука, древесная пыль, пух, шерсть и т. д.), так и неорганическая (металлическая, минеральная). Допустимое содержание пыли в воздухе в помещении, где содержатся курсы, составляет 5-6 мг/мз.

В летнее время птичник необходимо оборудовать хорошими вентиляторами (объем 7000 куб. м/час), так как птицам, которые содержатся в закрытом помещении, требуется свежего воздуха 11 куб. метров/час.

Наконец, на продуктивные качества кур влияет плотность посадки птиц. Чем больше птиц в помещении, тем чаще они болеют и тем ниже будет их жизнеспособность.

Куры-несушки содержатся в типовых птичниках без окон. Птицы размещаются в клеточных батареях различной конструкции. Наиболее популярны среди птичников комплекты оборудования с клеточными батареями КБН-1, КБН-Ф-4, БКН-3, БКН-3А, К-П-12. Для облегчения ухода за птицей используются кормораздатчики (оптимальный вариант – бункерный со шнеками-питателями) и ниппельные поилки. Степень освещенность в зоне кормушек должна составлять 10-15 лк. Специалисты советуют также установить в клеточных батареях медикаторы, которые используются для выпаивания птиц вакцинами, ветеринарными препаратами и витаминами. Клеточные батареи также оборудуются яйцескатами и переходными участками от ленты яйцесборника на стол-накопитель яиц. Самое трудоемкое в обслуживании курятника – удаление помета. Полная автоматизация этого процесса стоит довольно дорого, поэтому без ручного труда вряд ли удастся обойтись.

Плотность посадки кур в клетках зависит от породы. Так, на одного леггорна должно приходиться не менее 400 кв. см, на представительницу породы род-айланд – минимум 500 кв. см.

Промышленное стадо комплектуется здоровым и примерно одинаковым по живой массе молодняком. Причем специалисты советуют заполнять птичник курами одного возраста и в максимально кратчайшие сроки (до пяти дней). Нельзя держать в одном помещении птиц разных возрастов.