Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тіршілік қауіпсіздігі ОҚУ ҚҰРАЛЫ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.9 Mб
Скачать

3Iлзала (авария, апат) болған ауданда күш пен құралдарды ұйымдастыруды басқару

АҚ басқармасы әрдайым ауданның және оған қарасты органдар мен күштердiң қызмeтiнiң басқаруымен.

Басқарманың негiзi АҚ бастығының шешiмi болып табылады.

Басқарма үздiксiз, қатаң, тұрақты және жасырынды түрде (арнайы кезеңде) болу керек.

Құтқару және жедел жұмыстар

Құтқару және шұғыл жұмыстары зақымданған ошақтарда адамдарды құтқару және зардап шеккендерге көмек көрсету, аварияны жою және авариялық - қалпына келтiру жұмыстарын жасауға жағдай жасау максатында жүргiзiледi.

Құтқapy жұмыстары -ТЖ болған аймақта адамдарды, материалдық және мәдени кұндылықтарды аман алып қалу бойынша ic-әрекет, қоршаған ортаны қopғay, ТЖ-ны жою немесе оның қауiптi факторларының әcepiн мүмкiндiгiнше аз деңгейге түcipy.

Құтқapy жұмыстарына мыналар жатады:

  • қозғалыс бағыты мен жұмыс учаскелерiн барлау;

  • қозғалыс бағыты мен жұмыс учаскелерiнде (нысандарда) болған өpттi жою мен өшiру;

  • уланған және түтiнденген үй-жайларда, басылып не камалып қалған орындарда, закымданған және жанып жатқан ғимараттан зардап шеккендердi iздеп, шығарып алу;

  • қираған, закымданған және қопарылған қopғaныc ғимараттарын ашып, сол жерде қалып қойған адамдарды құтқару;

  • сүзгi желдеткiш жүйесiмен зақымданған, копарылып жатқан қopғaныc ғимаратына ауа беру;

  • зақымданғандарға алғашқы медициналык және дәрiгерге дейiнгi көмек керсету, оларды емдеу мекемесінe көшiру;

  • тұрғындарды қауiптi жерден қауiпсiз аудандарға көшiру;

  • киiмдердi санитарлық өңдеу және залалсыздандыру, техниканы, көлiктi және қopғaныc құралдарын газссыздандыру және белсенсiздендiру, аумақ пен ғимараттарды, сату орындарын, тағамдық шикi заттар мен суды және жемдi залалсыздандыру.

Жедел жұмыстарға мыналар кiредi:

  • қираған және закымданған учаскелерге колонналық жолдар төсеу және жол құрылғыларын жасау;

  • құтқару жұмысының мүддесiндегi газ, энергетика, су құбыры, канализация және технологиялық жүйелердегi аварияларды жою;

  • құтқару жұмыстарына және қауiпсiз жүруге кедергi келтiрiп тұpғaн қирау қаупi бар құрылымдарды нығайту немесе қопару;

  • құткару жұмыстарын қамтамасыз ету мақсатында, зақымданған және құлап қалған байланыс торабын және коммуналды-энергетикалық торабын жөндеу және қалпына келтiру;

  • қарсыластың қайта болуы мүмкін ядролық соққысынан қopғaну үшiн, закымданған қopғaныc ғимараттарын жөндеу және қалпына келтiру.

Құтқару жұмыстарын еңгiзгенде қауiпсiздiк шаралары.

Қауiпсiздiк шаралары мақсатында құрылыс алаңшасында көтеретін крандар орналастырылады, өндiрiс үй-жайларынан басқа құрылыс-монтаждық жұмыстар ұйымдастырылады немесе тоқтатылады

Teмip жол станцияларында, өзен айлақтарында, министiрлiктердiң нұсқаулығы мен ережесi бойынша аэропорттарда жүктi тиеу-жүктi түcipy механизiмiн қорғау шаралары және басқада шаралар жүргiзiледi.

Коменданттық қызметтi ұйымдастыру

Коменданттық қызмет АҚ бастығының шешiмiне сәйкес жүргiзiледi.

Коменданттық қызметке мыналар жүктеледi:

  • көшiру мен орналастыруды жүргiзуде белгiленген тәртiптi қалпында ұстау;

  • жарық маскасын тұрғындар мен жеке құрамның сақтауын және зақымданған аумақта өзiн-өзi ұстау режимiн бақылау;

  • тұрғындардың уақытында жасырынуына көмек көрсету;

  • нысандарда, қажеттi жол ғимараттарында және басқа да нысандарда күзеттi күшейту;

  • аудандарда және жұмыс учаскелерiнде (нысандарда) көлiктiң жүруiн қалыпқа келтiру;

  • тұрғындарды көшiру шаралары жүргiзiлiп жатқан қала мен нысандарға, сонымен қатар зақымданған ошақтарға және құтқару жұмыстары жүргiзiлiп жатқан учаскелерге жiберуге жол бермеу.

Материалдың қамтамасыз ету - құрылымды техникамен, қорғану құралымен, байланыспен, радиациялық және химиялық барлау құралымен, мұнай және май материалдарымен, дәрi-дермектер мен медициналық мүлiкпен, ауыстыратын киiммен, төсек орын, аяқ киiммен, сатумен, құрылыс материалдары мен басқа да заттарды уақытында және толығымен қамтамасыз етудi ұйымдастырып, iскe асыру үшiн қолданылады.

Техникалық қамтамасыз ету - автотракторлық техниканың барлық түpi, инженерлiк және арнайы техника жөнделген қалпында болып, әр дайым әзiрлiкте түру үшiн ұйымдастырылады.

Техникалық дұрыс пайдалану, қызмет көрсету, техниканы жөндеу және пайдалануды ұйымдастыру және iскe асыру АҚ мiндеттерiн шешу үшiн назарға алынады.

Көлiкпен қамтамасыз ету уақытында жұмысшылар, қызметкерлер мен көшiрiлген халықты орналастыру, құтқарушыларды жылдам жұмыс орнына жеткiзу, қалалардан материалдық құндылықтарды әкету, АҚ күштерiн зақымданған ошақтарға тасымалдау, сонымен қатар солардың iшiнде зақымданғандарды көшiрудi ұйымдастыру мақсатында жүргiзiледi.

Дүлей зiлзала немесе ауқымды аварияның зардабын жою үшiн уақытында ұйымдастырылатын шаралар барлық дәрежедегi АҚ бастықтарына, олардың басқару органдарына және ТЖ мен АҚ қызметiне жүктеледi.