Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
oz_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
270.49 Кб
Скачать

12

1 Билет

1. Қоғамдық денсаулық сақтау ғылым және пән оқыту ретінде. Денсаулықтың әлеуметтік факторлары.

Қоғамдық денсаулық сақтау – халық денсаулығына әлеуметтік және экономикалық факторлордың тигізетін әсерлер заңдылығын зерттейтін, азаматтардың денсаулығын қорғау бойынша мемлекеттік, қоғамдық және медициналық шаралар жүйесін негіздейтін интегралдық теориялық қолданбалы ғылым болып табылады.

Осыдан, қоғамдық денсаулықты кең ауқымды әлеуметтік тұрғыдан қарастыруымыз керек. Ал, денсаулықты нығайту және сақтау мәселелері денсаулық сақтау ұйымдары мен органдарының жауапкершілігі шегінен шығуда және азаматтардан, жұмыс берушілерден, мемлекеттен жауапкершілікті талап етуде.

Барша дәрігерлер тең шамада, клиникалық дайындығының жоғарғы деңгейіне қарамастан, саланың барлық сыртқы және ішкі тиімділігінің тасымалдаушысы болып табылатындықтан, денсаулық сақтаудың мемлекеттік мақсаттары мен міндеттерін айқын көрулері тиіс.

Ол денсаулық сақтау мәселелерімен халық денсаулық сақтауды нығайтып жатқан болашақ дәрігерлердің қалыптастыруында маңызды роль алады. Қоғамдық денсаулық сақтау медициналық, социологиялық , экономикалық, философиялық және политологиялық мәселелермен шарттарды кең аймақта оқытып, олардың адам денсаулығымен нақты тарихи ортаға әсерін қарастырады. Қоғамдық денсаулық әлеуметтік, тәртіптік және биологиялық факторлардың комплексті әсеріне байланысты. Оларды қауып факторы деп атайды.

1. Әлеуметтік - экономикалық;

-Еңбек шарты;

-Демографиялық факторлар;

-Экономикалық факторлар;

- Әлеуметтік факторлар;

2. Әлеуметтік- биологиялық;

-Тұқым қуалайтын ауыртпашылық;

- Ата – аналардың жасы;

-Бала жынысы;

-Антенатальді периодтың ағымы және т.б

3. Экологиялық және табиғи- климаттық;

-Қоршаған ортаның ластануы;

-Орташа жылдық температура;

-Күн радиациясының деңгейі және т.б.

4.Ұйымдастырылған немесе медициналық;

-Медициналық көмектің көлемі;

- Медициналық көмектің сапасы;

-Медициналық көмектің тиімділігі және т.б.

- Квалифицирленген кепілдік және специализирленген медициналық көмек;

2. Қоғамдық денсаулық сақтаудың реформалары.

13 қыркүйекте 2004 ж №1438 ҚР Президентінің жарлығы бойынша 2005-2010 жж ҚР денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.

Бағдарламаның басты мақсаты болып мемлекет пен адам арасында денсаулық сақтау үшін ынтымақтасқан жауапкершілік принцптеріне, халық денсаулығын жақсартуға бағытталған бастапқы медициналық-санитарлық көмекті басым дамытуға негізделген медициналық көмек көрсетудің тиімді жүйесін құру қойылды.

Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы заң 1997 жылы 19 мамырда қабылданды

Осы Заң Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейді, мемлекеттік органдардың меншік нышандарына қарамастан жеке және заңды тұлғалардың денсаулық сақтау жөнінде азаматтардың Конституциялық құқығын іске асыруға қатысуын реттейді

ҚР азаматтардың денсаулығын сақтау туралы Заң 14 тараудан құралады

І - жалпы ережелер

ІІ – ҚР-да азаматтардың денсаулығын сақтауды ұйымдастыру

ІІІ - ҚР-да азаматтарға медициналық көмек ұйымдастыру жүйесі

ІҮ – Донорлық

Ү – Дәрі-дәрмектік және протездік ортопедиялық көмек

ҮІ – Мемлекеттік және жеке денсаулық сақтау ұйымдарының құқықтары мен міндеттері

ҮІІ –Денсаулық сақтауды қаржыландыру

ҮІІІ – Азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы құқықтары

ІХ - Азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы міндеттері

Х – Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың денсаулық сақтау саласындағы құқықтары мен міндеттері

ХІ – Денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз ету

ХІІ – Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің құқықтары, міндеттері, жауапкершілігі және олардың әлеуметтік қорғалуы

ХІІІ – Медициналық сараптама

ХІҮ – Қортынды ережелер

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі №310 Жарлығымен бекітілген Мемлекет Басшысының Қазақстан Халқына 2005-2007 жылдардағы жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспары;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 14 ақпандағы №535 Жарлығымен бекітілген Мемлекет Басшысының Қазақстан Халқына 2008 жылғы 6 ақпандағы “Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын арттыру - әлеуметтік саясаттың басты мақсаты” атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспар;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 ақпандағы №1019 Жарлығымен бекітілген Алматы қаласын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 ақпандағы №1096 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-иновациялық даму стратегиясы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі №1149 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ауылдық аймақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарына арналған мемлекеттік бағдарламасы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі №1438 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]