
- •1. Кедендік сараптамада қолданылатын техникалық құралдар, жұмыс істеу принциптері, метрологиялық сипаттамалары.
- •2. Кедендік техника туралы түсінік. Кедендік техниканың түрлері және қолданылуы
- •3. Кедендік бақылау құралдарының классификациясы
- •6) Бірдейлендірудің техникалық құралдары, оларға:
- •4. Рентгендік бақылау комплексі (шмель 90/к), жұмыс істеу принципі, сипаттамалары
- •5. Радиоактивті материалдарды анықтайтын стационар қондырғы (янтарь).
- •6. Контрабанданы іздеу детекторы. (buster).
- •7. Қымбат материалдарды, металдарды іздейтін техникалық құралдар. Метрологиялық, техникалық сипаттамалары.
- •8. Кеден органдарында, жедел жұмыстарда кедендік бақылаудың техникалық құралдары қолдану түрлері мен тәртібі.
- •9.Кеден құжаттарын жедел диагностикалауға арналған техникалық құралдардың техникалық, метрологиялық сипаттамалары.(1б)
- •10. Көзбен шола қадағалау, аудио, бейне ақпаратты анықтайтын техникалық құралдар.(1б)
- •11.Кбтқ – ң жіктемесі, Кеден Органдарының олардың қолданылуын қажет ететін негізгі жедел міндеттер(1б)
- •12. Кедендік іздеу мен тексерудің сонымен қатар кб объектілерінің құрамын диагностикалаудың техникалық құралдары.(1б)
- •Әкелінген тауарлар мен мәлім бағасы бойынша
- •II блок
- •Әкелінген тауарлар мен мәлім бағасы бойынша
- •6. Жеке бақылау өткізу кезеңдері, жеке бақылауға қатысатын тұлғалар
- •7. Сарапшының құзыреті, жеке қасиеттері, білімі және арнайы білімдері
- •8. Кеден сарапшыларының іс жүргізу құқықтары мен міндеттері
- •9. Кедендік сараптаманы ұйымдастыру. Орталық, аумақтық зертханалардың міндеттері мен жұмыстары
- •III блок
- •3. Кеден саласы. Жалпы ережелер
- •4. Кеден саясаты ішкі және сыртқы саясаттың құрамдас бөлігі.
- •5. Кеден ісі, түсінігі, құрылымы.
- •6. Кеден құқығы институттары.
- •11 Сұрақ. Кедендік мәселелер бойынша қабылданған халықаралық конвенция.
- •13Сұрақ. Кеден органдарының функциялары.
- •14 Сұрақ. Кеден органдарының лауазымды адамдарының құқықтық мәртебесі.
- •20 Тауарлардың кедендік құнын декларациялау
- •22 Кедендік тасымалдаушы
- •23.Тәуекелді бағалау мен басқару.
- •24.Интелектуалдық меншік обьектілерінің құқығын қорғау.
- •25.Кедендік статистика.
- •26.Сыртқы экономикалық қызметтің тауар наменклатурасын жүргізу.
- •27.Кеден ісі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
- •28. Әкімшілік құқық бұзушылық жүргізілетін жұмыстар
- •1.2 Кеден ісі саласындағы әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді жүргізудің құқықтық тәртібі
5. Радиоактивті материалдарды анықтайтын стационар қондырғы (янтарь).
«Янтарь» жүйесі – гамма және нейтронды сәулелендіруді анықтауға арналған және екі тіркеу (мониторлар) мен ПВЦ басқару тетігінен (немесе дербес компьютерден) тұрады. Әрбір тіреуде гамма және нейтронды сәулелерді анықтайтын көрсеткіш, объектінің қатысу көрсеткіші, ЖҰМЫС сәуле индикаторы, сонымен қатар аккумулятор орналасқан. ПВЦ басқармасы (монитор ДК) жүйенің ақпараты мен параметрлер тапсырмасына арналған.
Жүйе тәулік бойы электр желісіне қосулы болуы тиіс, тіреудегі ЖҰМЫС сәуле индикаторы үздіксіз жасыл түсті болып жанып тұруы керек, қуат кернеуі тоқтаған кезде аккумуляторлар жүйенің 10 сағат ішіндегі жұмыс қабілетін қамтамасыз етеді.
«ЯНТАРЬ – 1А», «ЯНТАРЬ – 2А».
Автомобиль арқылы тасымалданатын жүктерді үздіксіз автоматты бақылау кезінде радиоактивті және ядролық материалдарды анықтауға арналған.
Қолданылуы:
Теміржол көлігінің қозғалмалы құрамындағы кедендік өткізу бөлімшелері;
Атом электр станциялары;
Ядролық материалдарды өндіру мен қайта өңдеу.
«ЯНТАРЬ – 2Л»
Мақсаты – автомобиль және теміржол көлігімен тасымалданатын жүктерді үздіксіз автоматты бақылау кезінде радиоактивті және ядролық материалдарды анықтау.
Қолданылуы:
Металлургиялық және қоқыстарды қайта өңдеу комбинаттары;
Атом электр станциялары;
Ядорлық материалдарды өндіру, сақтау және қайта өңдеу комбинаттары;
Әскери ядролық қондырғылар және қоймалар.
«ЯНТАРЬ – 1С», «ЯНТАРЬ – 2С»
Жолаушылар мен багаждарды үздіксіз автоматты бақылау кезінде радиоактивті және ядролық материалдарды анықтауға арналған.
Қолданылуы:
Кеден қоймалары мен уақытша сақтау қоймалары;
Атом электр станциялары;
Ядролық материалдарды өндіру және қайта өндіру және қайта өңдеу комбинаттары;
Әскери ядролық қондырғылар және қоймалар.
6. Контрабанданы іздеу детекторы. (buster).
К910В «BUSTER» контрабанда детекторы – қол жетуі қиын жерлердегі, мысалы: көліктердің отын бактеріндегі, есіктердегі, автопокрышкалардағы, жүк автокөліктерінің қабырғаларындағы, т.с.с. жерлердегі контрабанданы анықтау үшін қолданылады. К910В аспабы күдікті объектінің үстіне қойылып, іске қою түймесін басу арқылы ол «қосылып», (ON) жағдайына келтіріледі де күдікті объектіден жұқа сәуле түрінде энергия сәулеленеді. Егер объект үстіндегі кеңістікте қандай да бір масса немесе тығыз материал болмаса, сәуле энергиясы объект арқылы өтіп, кеңістікте шашырайды.
Егер шағылысып, детекторға қайтқан энергия саны аз болса, сұйық кристалды дисплейде аз сан көрсетіледі және керісінше.
Егер К9101В аспабын бірнәрсенің үстімен ақырын жылжытса, онда осы үстіңгі беттің астындағы материалдың тығыздығы дисплей бетіндегі өзгеріс сияқты шағылысады.
Энергия көзі оны кездейсоқ сәулелендіретінін ескеру керек, сондықтан дисплей көрсеткішінің шамалы өзгерісінің өзі де қалыпты болып табылады.
К910В аспабы 6мм (1/4 дюйм) қалыңдықтағы болаттың арғы бетін көре алады және оның астындағы аймақ тығыздығының өзгергенін сезе алады.
Тексерілуі мүмкін әр түрлі материалдар қалыңдығының ең жоғары мәндері:
болат – 6 мм (1/4 дюйм);
алюминий – 12,5 мм (1/2 дюйм);
ағаш – 40 мм (1/4 фут);
қорғасын – әр түрлі қалыңдықта болса да дабыл қағылмайды (бұл жерде заңсыз заттың болғанын көрсетеді).
Егер контрабандашы қорғасынның көмегімен автокөлік есігінде жасырылған контрабандалық тауарды жасырып қалмақшы болса да, К910В аспабы есіктің қалыңдығына қарамастан өзгеше төмен көрсеткіш көрсетеді. Бұл ретте ішкі бөлшектердің, әйнектерді түсіру тетіктерінің, т.с.с. болуына қарай көрінетін дағдылы көрсеткіштер болмайды, ал бұл тәжірибелі инспекторды алаңдатып, мұнда күдікті бірдеңе болу керек дейтін ойға қалдыруы тиіс.